Q-Andas
No Result
View All Result
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Home Кажет информация

Священные места и познавательный туризм

на территории национального парка «Жонгарский Алатау»

by admin
2026/09/20
in Кажет информация
0
«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркі аумағындағы

Аннотация. В статье рассматриваются основные типы сакральных мест, служивших святилищем под открытым небом на территории Государственного национального природного парка Жонгар-Алатау, и значение их особой охраны как объектов историко-культурного наследия и для развитии познавательного туризма.

Для раскрытия содержания темы определены функции памятника природы «Аулиетас» в юго-восточной части села Екиаша и наскальных рисунков святилище под открытым небом в поселении Карашоки на горе Маркатау.

Актуальность исследования обусловлена необходимостью особой охраны наскальных рисунков как объектов уникального историко-культурного наследия, а также отсутствием информации в трудах историков и краеведов относительно изучаемых памятников природы и археологии на территории государственного национального природного парка Жонгар-Алатау.

Ключевые слова: святилище, «Аулиетас», храм, петроглиф, историко-культурное наследие, археологический памятник.

Кіріспе

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тарихи-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін қола, ерте темір түркі кезеңдерінде ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметтерін атқарған қасиетті орындар бар. Олардың қатарына ежелден жергілікті тұрғындар қасиетті санайтын Екіаша ауылының оңтүстік-шығысында 5 шақырым қашықтықта орналасқан ежелгі төрттік мұзбасулардың бұзушы әрекеттерінен жұмырланған «Әулиетас» табиғат ескерткішін, Марқатау тауының оңтүстік беткейіндегі Қарашоқы қонысындағы ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметін атқарған ежелгі тас шырағдандардың орны бар жартастағы суреттерді жатқызуға болады.

Тарихшы және археолог ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы «Әулиетас» табиғат ескерткіші, «Қарашоқы» қонысындағы ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметтерін атқарған жартастағы суреттер мен шырағдандар қасиетті орындар ретінде жергілікті тұрғындарды біріктіруші, бітімгерлік, қарым-қатынастық (коммуникативтік), емдік және табиғат қорғау қызметтерін атқарған [1].

Жергілікті халық қастерлейтін жоғарыда аталған қасиетті зиараттық орындар табиғатқа тәуелді қола, ерте темір, түркі кезеңдерінде ашық аспан астындағы діни ғибадаттық маңызы бар болғандықтан, құдіретті күшпен байланыстырушы нысанның қатарына жатады.

Қасиетті кеңістіктің уәжі біршама әсерлі дүниені қабылдау болып табылады. Көк тәңірді пір тұтатын түркі халықтары ғибадатты жұмаққа ашылатын қақпа және ерекше күш-қуат алатын, тазаратын киелі орын санайды.

Еуразияның тәңірлік дінді ұстанатындар табынатын орынды жоғарғы (аспан), төменгі (жер асты) әлеміне апаратын жол санайды.

Зиарат ететін жауласқан араз топтардың басын қосып өкпе араздықтарын жойып татуластыру міндеттері негіз болады және ол біршама тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қасиетті орындардың уақыт өте келе қоғамдық маңызы жойылғанымен халықтың есінде ұзақ сақталады [2; 3].

Мұндағы ашық аспан астындағы ғибадатхана зиарат етушілерді өзіне тартатын қасиеттілікке қатысы бар мешіттердің, діни заттар, тарихта аты қалған, көріпкелдігімен көзге түскен ата-бабаларымыздың кесенелері, ыстық және салқын минералды су көздері, Жоғарыда аталған орындарға баратын зиарат етуші адамдарға әсер ететін          емдік нәтиже көбінесе емдеумен қатар психологиялық факторларға негізделген.

«Әулиетас» табиғат ескерткіші, «Қарашоқы» қонысы сияқты палеомәдени қасиетті орындарға зиарат етуге баруға дайындалу барысында науқастың ағза күшінің белсенділігі артып, назарын аурудан басқа жаққа бұруға итермелеп, емделуді қамтамасыз ететін зиарат шараларға аударады. Нәтижесінде қасиетті орынға барған адамдар ауруынан құлантаза айығып кетуі мүмкін [4].

Қасиетті орындар адамдарды ғана емес, сол маңдағы барлық тіршілікті қорғайды. Ғибадатханаларда жүргізілетін ғұрыптық рәсімдер топырақтың құнарлылығын арттыруға, адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге, салауатты өмір сүруіне, жануарлардың өсіп-өнуіне бағытталады [4].

Сакралды орындардың табиғат қорғау қызметі бастапқы тәңірлік діндерге тән болған. 2025-2026 жылдар аралығында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы «Әулиетас» табиғат ескерткішінде, Марқатау тауының оңтүстік беткейіндегі Қарашоқы қонысындағы ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметтерін атқарған жартастағы суреттер мен қорғандар әлі толық зерттелмегенін және ғылыми басылымдарда жарияланған зерттеу мақалалары аз екенін көрсетті.
Сондықтан 2026 жылы 154-30 шілде аралығында жүргізілген далалық экспедициялық зерттеулердің негізгі міндеттерінің бірі ежелгі палеомәдени қасиетті орындарда шоғырланған жартастағы адам бейнелі суреттерді, зерттеп зерделеу негізінде олардың атқаратын қызметтерін анықтау ерекше қорғауға алу және танымдық туризмді дамыту мақсатында ұтымды пайдалану болып табылады.

Бастапқы мәліметтер мен зерттеу әдістері.

2026 жылы 14-30 шілде аралығында жүргізілген далалық экспедициялық зерттеулер мен жинақталған мәліметтерді камералық өңдеу кезеңдерінде атқарылған жұмыстарға жасалған талдаулар Екіаша ауылының оңтүстік-шығысындағы 5 шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 1121 м биіктікте орналасқан «Әулиетас» табиғат ескерткіші (45⁰21′ с.е., 80⁰10′ ш.б.) мен Аманбөктер ауылының солтүстік-батысындағы теңіз деңгейінен 1840 м биіктіктегі қола, ерте темір кезеңдерінен бастау алатын «Қарашоқы» қонысында шырағдан мен жартастағы суреттер ежелгі ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметтерін атқарғанын анықтауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген далалық экспедициялық зерттеулер барысында жинақталған мәліметтерге жасалған талдаулар қола, сақ, түркі кезеңдерінде ашық аспан астында жергілікті тұрғындар ғибадат ететін, аспан денелерін бақылайтын «Әулиетас» табиғат ескерткішін, «Қарашоқы» қонысындағы шырағдандар мен жартастағы суреттер анықталды.

Далалық зерделеу және жинақталған мәліметтерді жүйелеп жинақтау барысында кезеңдерінде экспедициялық зерттеу, сипаттау, салыстырмалы талдау, жинақтау, бағалау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері мен талқылаулар

2026 жылы 14-30 шілде аралығында жүргізілген далалық зерттеулер барысында Екіаша ауылының оңтүстік-шығысында 5 шақырым қашықтықта орналасқан ежелгі төрттік мұз басулардың экзарациялық (бұзушы) әрекетінен жұмырланған сұр гранитте түзілген оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа бағытталған жергілікті халық қасиетті санайтын «Әулиетас» табиғат ескерткішінің ұзындығы 10-12м, биіктігі 3-3,5 м. Қазақ даласының көшпенді тайпалары қола, ерте темір дәуірлерінен бастап аспанға, отқа, жануарларға, ата-баба аруақтарына, жауынгер батырға табыну сияқты уақыт өткен сайын жаңа ғұрыптамен толығып отырды.

Күн мен ай сияқты негізгі аспан денелеріне тән жылдан-жылға қайталанатын ырғақты құбылыстарды зерделеу, сонымен қатар, алыс қашықтыққа көшу, әскери жорықтар барысында «Темірқазық», «Үшарқар» т.б. «Сүмбіле» шоқ жұлдыздардың арқылы кеңістікте бағдарлау аспан денелеріне тұрақты түрде астрономиялық бақылау жүргізуді қажет етті.
Көшпелі тайпалардың мәдени-шаруашылық әрекеттері қоршаған ортаға тәуелді болғандықтан әсіресе көктемгі, күзгі Күн теңелу, жазғы және қысқы Күн тоқырау кезеңдерінде ірі аспан денелері мен шоқ жұлдыздардың орнын анықтаудың маңызы зор болды [1; 2].

Өздерін қоршаған басым табиғи ландшафттарға байланысты «Әулиетас» сияқты астрономиялық бекет және ғибадатхана қызметін атқарған қасиетті орындарға геомагниттік өрістері күшті арнайы жерлер таңдалған.

Қола, сақ кезеңдерінің қоныстарында қазба жұмыстарын жүргізген археолог ғалымдардың пікіріне сәйкес көктемгі және күзгі Күн мен түн теңелуінде, «Сүмбіле» шоқ жұлдызы көрінетін 11 тамызда таң алдында ерте темір кезеңіндегі жұлдызды бақылайтын адамдар шоқ жұлдыздардың орналасу ерекшеліктеріне негізделіп жылдың төрт мезгіліндегі ауа райына болжам жасаған.

Сонымен бірге аспан астындағы әлемді, Күннің батысы мен шығысын ғана емес, жұлдыздардың қозғалысын, Ай мен басқа да ғаламшарларды бақылауға да арналған нысан екенін көрсетті (1-сурет).

1-сурет. Екіаша ауылының оңтүстік-шығысындағы ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметі атқарған «Әулиетас» қасиетті орны.

«Әулиетас» қасиетті орындарында жүргізілген зерттеулер барысында жинақталған мәліметтерге жасалған талдаулар ол ежелгі төрттік
мұзбасулардың әрекетінен жұмырланған бірінің үстіне бірі шыққан ірі кристалды сұр граниттердің жинақталуынан түзілген. Ол негізінен қасиетті орын ретінде қола, ерте темір, түркі кезеңдерінде жергілікті халықтың ғибадат ететін, аспан денелерін бақылау, тасаттық беретін қасиетті орын ретінде қолданылған [4; 5].

Жетісуда мекендеген халықтар жұлдызды аспан денелерінің орны мен қозғалысын, жылдың әр түрлі мезгілдерінде ауа райын болжау мақсатында қолданған. Мұндай ежелгі обсерваторияның арқасында ауа райына алуан түрлі дәстүрлі болжам жасаған. Халық арасында ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін болған жұлдыздарды бақылап болжам жасайтын адамдарды Жетісу халқы қырақшы деп атаған.

Табиғаттағы жылдан-жылға қайталанып отыратын ырғақты құбылыстардың үйлесімділігін бұзбай сақтау үшін жылдың әрбір маусымдарында көзден таса биік жартасты тау шатқалдарында немесе басқа орындарда от жағып, құрбандық шалып, өздерінің тұрмыс-тіршілігін табиғат жөніндегі танымдық түсініктерін қасиетті саналатын орындардың маңындағы жартастарға бейнелеп отырған (1-2 суреттер).

2026 жылы Аманбөктер орманшылығы аумағында жүргізілген далалық зерттеулер барысында «Қарашоқы» қонысының маңынан билеп тұрған адамдардың, қолында асатаяғы бар бақсының суреттері, ғибадат барысында шырақ жағатын ойылған шұңқырлары бар жалпақ тас анықталды (2-сурет).

2-сурет. Қарашоқы қонысындағы ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметтерін атқарған жартастағы суреттер мен шырақ жағатын шырағдан.

Ескерту: 1-2 билеп тұрған адамдар мен бақсының суреттері; 3-шырақ жағатын тастағы шырағдан; 4 қола, ерте темір түркі кезеңдерінен бастау алатын қоныстар.

2-суретке жасалған талдаулар табиғатқа тәуелді қола сақ, түркі кезеңдерінде адамдар ойлаудың аңыздық сатысында болғандықтан аспан денелерін, жануарларды пір тұтқан. Олар көктемдегі күн теңелуден соң жер жыртып, егін егіп, мал төлдетіп, күзде өнімдерін жинап алып, қыс қамына кіріскенде бүркеніштік қасиеттері бар оқшауланған аумақтарда би билеп, алып күш иесі ретінде жылқы атасы «Қамбар атаны», ешкі атасы «Сексек атаны», сиыр атасы «Зеңгі бабаны», қой атасы қошқар атаны пір тұтып, қасиетті орындарға барып, би билеп, шырақтар жаққан. Көк тәңірден тілеу тілеп құрбандық шалған.

Оны «Қарашоқы» қонысындағы билеп тұрған адамдардың, Күн басты адамның, қолына аса таяқ ұстаған бақсының жартастағы суреттері, Сарқан өңірінде бүгінге дейін сақталған құрғақшылық жылдары тасаттық беру, жыл сайын мүмкіндігі бар тұлғалардың құрбандық шалу дәстүрлері, наурыз мейрамында жеті түрлі тағамнан әзірленетін наурыз көже жасау, қасиетті орын ретінде ағашқа ақтық байлау рәсімдері айғақтайды.

Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы біз танысқан жартастағы суреттердің ішіндегі мазмұны мен тартымдылығы жағынан ең құндыларының қатарына бағзы замандардан бастау алатын «Билеп тұрған адамдардың», «Асатаяғы бар билеп тұрған бақсының», діни әдет ғұрыптарды айқындайтын бейнелерді жатқызуға болады.

Қасиетті орындар ретінде сақтап болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін зерттелетін аумақтарда жиі кездесетін жартастағы суреттердің мән-мағынасы мен салынған уақыты жөнінде жан-жақты тарихи ақпараттар берудің, бұрын көрмеген өзіне бейтаныс өңірдің бірегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристердің рухани қажеттілігін өтеуде жартастағы суреттердің салынған уақытын анықтаудың маңызы зор.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар қола, сақ, түркі кезеңдерінде жергілікті халық ежелгі обсерваторияларды Күнге, басқа аспан денелеріне табынуды көздейтін ғибадатхана ғана емес, астрономиялық бақылаулар жүргізу, айдың, Күннің тұтылуын анықтау қызметтерін де атқарған [5; 6].

Ғылыми жазба деректерге жасалған талдаулар Жетісу өңіріндегі ежелгі «Әулиетас» обсерваториясына, «Қарашоқы» ғибадатханасына тән бірнеше белгілерін анықтауға мүмкіндік берді.

Біз танысқан ежелгі «Әулиетас» обсерваториясына, «Қарашоқы» ғибадатханасы жұлдызды аспан денелерінің қозғалысын, аспан кеңістігіндегі орнын бақылау мақсатында құрылған [7; 8].

Қазақстандағы ежелгі астрономиялық бекет қызметтерін атқарған палеомәдени қасиетті орындар Күн мен айға бағытталған. Оларда жүргізілген бақылаулар нәтижесінде Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпаларда Жердің өз орбитасынан айнала қозғалу барысында Күннің түсу бұрышының өзгеруінен туындайтын жыл мезгілдері, 30 (31) тәуліктен тұратын ай, 24 сағатты қамтитын тәулік, апта түсініктері қалыптасты деген қорытынды шығаруға болады.

Екіаша тау аралық ойысындағы қазақ жерінде кең таралған ежелгі мегалиттік және обсерваториялық кешенде жүргізілген ізденіс жұмыстары Жетісу өңірінде таралған астрономиялық бақылау қызметтерін атқарған мегалиттерді бес топқа бөлуімізге мүмкіндік берді.

Қорытынды

  1. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы «Әулиетас» табиғат ескерткіші мен Аманбөктер ауылының солтүстік-батысындағы «Қарашоқы» ғибадатханасында жүргізілген далалық экспедициялық зерттеулер төменде көрсетілген бірқатар қорытындылар шығаруға мүмкіндік берді:

Ашық аспан астындағы ғибадатханалардағы жартастағы суреттерді, шырағдандарды атқаратын қызметіне жіктеу тұрғысынан жасалған талдаулар нәтижелері қола, сақ түркі кезеңдері мен ерте орта ғасырларда ғибадатханалар, мешіттер қоныстардың орталық бөлігінде орналастырылып, құлшылық ету, сонымен қатар, халықтың рухани және әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін ағарту қызметтерін атқарғанын көрсетті.

Ерекше қорғауға алынған аумақтағы қасиетті орындар саналатын ежелгі отырықшы және көшпелі мәдениеттің материалдық мұралары саналатын сакралды ландшафттар жүйеленіп, табиғи, палеомәдени және тарихи сакралды ландшафттарға жіктелді.

  1. Жүргізілген экспедициялық зерттеулерде жиналған нақты мәліметтерге жасалған талдаулар нәтижесінде ерте заманда ғибадат еткен, халықты біріктіру, бітімгерлік, қарым-қатынас қызметін елдің береке бірлігін, ынтымағын сақтаудағы ерекше рөл атқарған. Сондықтан оларды тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде қорғауға алып, оларды танымдық туризмді дамыту мақсатында тиімді пайдалану қажет.
    Ашық аспан астындағы ежелгі ғибадатханалар талаптардың қатаң сақталуы халықтың береке бірлігін ғана емес, табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауды да қамтамасыз етті.

3.Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы табиғи және мәдени ортаның тұтастығын сақтауда ерекше орын алатын палеомәдени, тарихи және емдік киелі орындарының түрлері, таралу ерекшеліктері, қазіргі сақталу жағдайлары және оларды қорғау, қайта қалпына келтіру, ұтымды пайдалану, танымдық маңызы бар материалдық мұра ретінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі, жат діни ағымдардың әрекетінен сақтаудағы алатын орны айқындалды.

Сондықтан кез-келген аумақтағы тарихи-мәдени мұра нысандарына жататын киелі орындарды қорғау бұрын өмір сүрген бабаларымыздың мәдениетін, өнерін, шаруашылық әрекеттерін жақсы түсінуге, оларды жаңғырту арқылы танымдық туризмді дамытуға қолайлы жағдай тудырады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Баймырзаев Қ.М., Е.А. Тоқпанов Өңірдің сакралды ландшафттарын зерттеу әдістері Университеттің 45 жылдығына арналған «Заманауи ғылымның басымдықтары: теориядан тәжірибеге» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында Талдықорған, 27-28 қазан 2017 жыл. 303-3085б.
  2. Байпаков К.М., Подушкин А.М. Археологические памятники древне-земледельческой культуры Казахстана. – Алматы. Ғылым, 2010.-265с.
  3. Баймырзаев Қ.М., Ғ.Тұрсынбай.,Т.Қ. Қасымберкебаев Алматы облысының республикалық, өңірлік және жергілікті маңызы бар киелі орындары. Монография.- Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің баспа бөлімі, 2020.-160б.
  4. Баймырзаев Қ.М., Тоқпанов Е.А. Талдықорған өңірінің сакралды ландшафттарын қорғау және ұтымды пайдалану: монография – Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің баспа орталығы, 2017.-152б.
  5. Павлов С. Общественно-географические аспекты исследования религиозной сферы // Гилея: научный вестник, 2013. № 75. С. 356–358.
  6. Марьяшев А.Н., Рогожинский А.Е. «Көксу өзені аңғарындағы жартасқа салынған суреттер». А.: 1990. 170 б.
  7. Кадырбаев М. К., Марьяшев А. Н. Наскальные изображения хребта Каратау. Алма-Ата, 1977. 232 с.
  8. Тоқпанов Е.А., Сламбеков З.С., Мазбаев О.Б., «Талдықорған өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары»: оқу құралы – Талдықорған: ЖМУ.2010.197б

Токпанов Е.А.¹, Андас К.², Жексембай И.А.³

¹Жетысуский университет имени И. Жансугурова; ²Общественное объединение «Жетысуский центр краеведов»; ³Жетысуский университет имени И. Жансугурова, образовательная программа 6В01509 — «География», студент 4-го курса.

5 1 голос
Рейтинг статьи
Қаралым 24
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Кажет информация

История родного края – наследие будущим поколениям

23 октября, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Кажет информация

Что изменилось в порядке содействия занятости?

12 октября, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Кажет информация

Основы перевода краеведческих статей сайта Qandas.kz на английский язык

8 октября, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Кажет информация

Археологическое и сакральное наследие Жетысу и Прииртышья

30 сентября, 2026
Ұлттық парк мұражайы: табиғатқа танымдық саяхат
Кажет информация

Музей национального парка: познавательное путешествие в мир природы

29 сентября, 2026
Марқа тау таңбалы тастары
Кажет информация

Вопросы изучения, датировки и охраны

28 сентября, 2026
Подписаться
авторизуйтесь
Уведомить о
guest
guest
0 комментариев
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
ЖАНСАРБАЙДЫҢ САРЫ АЛА ҚАМШЫСЫ

ЖАНСАРБАЙ И ЕГО СВЯЩЕННЫЙ ЖЁЛТО-ПЁСТРЫЙ КНУТ

9 ноября, 2026

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ЛЕТОПИСЬ КРАЯ В ТРУДАХ ПИСАТЕЛЯ

9 ноября, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: книга о служении искусству

7 ноября, 2026

ҰЛТАРАҚТЫҢ АҒАШ ТЕГЕНЕСІ

Деревянная тегене Ултарака-батыра

30 октября, 2026

ҰЛТАРАҚ БАТЫРДЫҢ ОЮЛАНҒАН КӨН ТОҚЫМЫ

ОРНАМЕНТИРОВАННАЯ КОЖАНАЯ ПОДКЛАДКА ПОД СЕДЛО БАТЫРА УЛТАРАКА

30 октября, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «Болашақ» шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • ruРусский
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Elementor #11329

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz