Coca-Cola Belesteri («Өсу баспалдақтары») – Қазақстандағы бастаушы кәсіпкерлерге арналған білім беру жобасы. Өткен жылы «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Ол онлайн-оқытуды, грант алу мүмкіндігі қарастырылған бизнес-идеялар байқауын және бизнес-акселератор бағдарламасын қамтиды. Жоба алған басталғаннан бүгінге дйеін Қазақстан бойынша 150000-нан астам әйел тегін білім беру курстарынан өткен. Жобаның практикалық нәтижесі ретінде 10 100-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 13 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарлама ең алдымен әйелдер мен жастарға идеядан бастап өз бизнесін іске қосуға дейінгі жолдан өтуге жан-жақты қолдау көрсетеді. Былтыр бұл мақсатта 1600-ден астам өтінім түсіпті.
13-маусымның қорытынды форумында 19 жартылай финалист тәуелсіз қазылар алқасының алдында өз жобасын қорғады. Нәтижесінде 11 қатысушы өз бизнесін іске қосу және ауқымын кеңейту үшін 1 млн.теңгеден 1,8 млн. теңгеге дейінгі грант сертификаттарына ие болды. Жеңімпаздардың қатарында 9 әйел және 2 ер адам бар, ал финалистердің шамамен жартысы 30 жасқа толмаған. Айта кетерлігі, былтыр бизнестің тиімділігін арттыруға арналған жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану бойынша арнайы курс енгізіліпті.
Аталған жоба өнімді жұмыспен қамтуды, орнықты дамуды және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте кәсіби және мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл оның шағын бизнесті қолдау саласындағы ең нәтижелі бастамасының бірі.
Алматы қаласы.
«Q-andas» ақпараттық агенттігі.






