Облыс мектептертері жаңа оқу жылына дайын ба? Әсіресе, оқу орындарының санитариялық жағдайы және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында қандай жұмыс атқарылуда. Бұл сұраққа облыстық санитариялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Махаббатұлы жауап берді.
Жиын барысында білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қолайлы жағдай жасау оқу процесін ұйымдастырумен ғана шектелмейтіні, мектеп ғимаратының тазалығы, ауызсудың сапасы, тамақтану орындарының жағдайы, желдету жүйесінің жұмысы және санитариялық талаптардың сақталуы да балалар қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні айтылды.
Көптен бері көрігі қызып келген тақырыптың бірі мектеп асханаларының жағдайы екендігі анық. Оқушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету үшін тамақ дайындау және сақтау талабының сақталуы, ас блогының тазалығы бақылаудан шықпағаны жөн.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жалпы, жаңа оқу жылына дайындық – мектептің оқу процесін бастауға әзірлігін ғана емес, оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды да қамтитын маңызды кезең. Сол үшін балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары, тиісті мемлекеттік органдар және мектеп ұжымы бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
Брифинкте журналистер тарапынан санитариялық талаптардың орындалуына және оқушылардың денсаулығын қорғауға қатысты бірқатар сұрақ қойылды. Сол қатарда біз де өзімізді толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын таптық. Оны төмендегі бейнефильмнен біле аласыз.
Айдана Аманжолқызы
Бейнефильмді түсірген: Жансая Жанарбекқызы
“Q-Andas” ақпарат агентігінің тілшісі.











