Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Тәжірибе алмасу сапары

admin
2026/10/23
Қажет ақпарат
10
Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Ауыл шежіресі, көне қоныстың орны, музейдегі жәдігер, архивте сақталған құжат туған жер тарихын танытады. Оларды іздеп табу, шынайылығын анықтау және көпшілікке жеткізу өлкетанушыдан табандылық пен жауапкершілікті талап етеді. Шелек тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Туған өңір өлкетануы: тарих, мұра және тағылым» атты республикалық семинар осы жұмыстың ғылыми негізі мен қоғамдық маңызына арналды.

2026 жылғы 21 қазанда өткен басқосу ғалымдарды, өлкетанушыларды және музей мамандарын ортақ тақырып төңірегіне жинады. Алматы облысы мен Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау тәжірибесін бөлісуге арналған кездесуде өңіраралық әріптестікті дамыту мәселесі көтерілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Іс-шара Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Жетісу облысының үкіметтік емес ұйымдары Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілді. Кездесуге «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ға қарасты Шелек тарихи-өлкетану музейі ұйытқы болды.

Семинардың ашылуында «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК директоры Талғат Құрманбекұлы Келимбетов құттықтау сөз сөйледі. Басқосуға шақырылған қонақтар қатарында Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих магистрі Рашид Ешенұлы Оразов пен «Жер-су» қоғамдық қорының жетекшісі Дүйсенбай Сығаев та болды.

Негізгі баяндамаларда өлкетанудың бірнеше өзекті бағыты қамтылды. «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қажет Андас ұйымның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын таныстырды. Бірлестік өлкетанушыларды, ғалымдарды, кітапхана, музей және архив мамандарын ортақ ізденіске жұмылдырып келеді. Оның қызметінде тарихи деректерді жинақтау мен зерделеу, зерттеу нәтижелерін кітап етіп шығару және оқырманға жеткізу өзара сабақтасқан.

Бірлестік мүшелері 2017–2023 жылдары бұрын тізімге алынбаған 500 нысанды анықтауға, олардың 69-ын жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қасиетті жерлер тізімдеріне енгізуге атсалысқан. Бұл зерттеулер 2023 жылдан бері бірлестік тарапынан жалғасып келеді. Осындай ізденістер жергілікті жерде сақталған мәліметтерді жинаумен қатар, әр нысанның тарихи орнын айқындаудың маңызын көрсетеді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерттеу де орталық мүшелерінің назарында. Олар құрбандарды толық ақтау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысып, архивтік ізденістер жүргізген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Архив құжаттарын зерделеу арқылы көмескі қалған өмірбаяндарды толықтыру, ел жадындағы деректерді нақтылау үлкен ұқыптылықты қажет етеді.

Қажет Андас таныстырған жұмыстардың бір арнасын баспа және ағартушылық қызмет құрайды. Меценаттардың қолдауымен және жеке қаражат есебінен бірлестік 64 кітап шығарған. Оның 35-і электронды кітаптар тізіміне енгізілген. Ал 2024–2026 жылдары «Кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының кітапханаларына 350 дана кітап тегін берілген. Музей қорларын құнды жәдігерлермен толықтыру, «Felt Book» кітап фестивальдерін, көрмелер мен ғылыми-танымдық кездесулер өткізу де осы жұмысты толықтырады. Зерттеу материалдары Qandas.kz сайтында тұрақты жарияланып келеді.

Өлкетану ізденістерінің ғылыми талаптармен ұштасуы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шамек Баянұлы Тілеубаевтың баяндамасына арқау болды. «Академиялық тарих ғылымы және өлкетану мәселелері: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» тақырыбы жергілікті зерттеулер мен кәсіби тарих ғылымының байланысын қарастыруға мүмкіндік берді.

Ауызша жеткен әңгіме мен жазба деректі салыстыру, мәліметтің қайдан алынғанын көрсету, тұжырымды дәлелге сүйеніп жасау өлкетану еңбегінің құндылығын арттырады. Сондықтан жергілікті зерттеушілер мен ғылыми мекемелер арасындағы байланыс деректерді толықтырып, зерттеулердің сапасын көтеруге көмектеседі.

Тарих магистрі, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының аға ғылыми қызметкері Алпамыс Жалғасұлы Абу Үшқоңыр маңындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қорғалуы мен зерттелу жағдайына арналған баяндама жасады. Бұл тақырып мұра нысанын анықтаумен бірге оның сақталуына, ғылыми тұрғыдан зерттелуіне де көңіл бөлу қажеттігін аңғартады. Ескерткіш туралы деректің жүйелі жинақталуы оны кейінгі ұрпаққа танытуға негіз болады.

Тарихшы-генеалог Нұржан Сәдірбекұлының «Әсет Темірғалиев: өлкетанушы, картограф» атты баяндамасы өлке тарихын зерттеген тұлғаның еңбегін танытуға арналды. Жекелеген зерттеушілердің жинаған мәліметтері мен қалдырған мұрасын зерделеу өлкетану ісінің сабақтастығын сақтауға көмектеседі. Әр буын өзіне дейінгі ізденістерді білгенде зерттеуді толықтырып, жаңа бағыттарға жалғастыра алады.

Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Меруерт Ермағамбетқызы Уржигитова өлке тарихын жас ұрпаққа насихаттаудағы музейдің орнына тоқталды. Музейдегі әрбір бұйымның артында адамның өмірі, тұрмыс салты, еңбегі мен дәуірінің ізі бар. Сол деректі балаға түсінікті тілмен жеткізу туған жер тарихына қызығушылық оятады. Осы тұрғыдан музей қызметі жәдігерді сақтаумен қатар, оның мәнін ұғындырумен де құнды.

Соңында «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қажет Андас  «Өлкетанушы» куәлігін, ал Талғат Келимбетов баяндамашыларға алғыс хаттар табыстады. Бағдарламаға естелік суретке түсу мен ортақ дастарқан басындағы жүздесу де енгізілген.

Шелектегі басқосу өлкетанудың зерттеу, сақтау және ағарту жұмыстарын тоғыстыратынын көрсетті. Ғалымның ғылыми тұжырымы, музей маманының тәжірибесі, өлкетанушының жергілікті дерегі бірін-бірі толықтырады. Осы байланысты тұрақты әріптестікке айналдыру тарихи мұраны бірлесе зерделеуге, музей қорларын толықтыруға және танымдық еңбектерді көпшілікке жеткізуге жол ашады.

Туған жерге құрмет оның тарихын білуге ұмтылудан басталады. Сол тарихты ұрпаққа сенімді дерекпен, түсінікті тілмен жеткізу аманаты бүгінгі зерттеушілер мен мәдениет мамандарына жүктелген.

Қажет Андас

Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары,

Алматы облысы.

 

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 39
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Ұлттық парк мұражайы: табиғатқа танымдық саяхат
Конференция

Ұлттық парк мұражайы: табиғатқа танымдық саяхат

September 29, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
10 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Кенжешал
Кенжешал
21 days ago

Редакцияға сәттілік!comment image

0
Reply
trackback
История родного края – наследие будущим поколениям — Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
trackback
Алып Сиверс алмасы – Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
trackback
Ölke tarihy ūrpaqqa amanat – Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
trackback
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді? – Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
trackback
Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
trackback
ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді» – Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
trackback
The History of Our Region – A Legacy for Future Generations – Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
trackback
Боксшы Бауыржан Али – Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
trackback
Марқа тау таңбалы тастары – Q-Andas
16 days ago

[…] Өлке тарихы ұрпаққа аманат […]

0
Reply
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz