Аннотация. В статье рассмотрены научные основы применения биологических методов защиты яблони Сиверса (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.), произрастающей в дикоплодовых лесах Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка, от вредителей. В связи с ограниченным применением химических инсектицидов на особо охраняемых природных территориях использование естественных врагов вредителей является экологически эффективным решением. На основе анализа литературных данных рассмотрены преимущества применения одного из эффективных паразитоидов гусениц чешуекрылых – Bracon hebetor Say. Кроме того, описаны возможности комплексного применения средств биологической защиты на основе Trichogramma spp., Chrysoperla carnea и Bacillus thuringiensis. Научно обоснованное применение данных биоагентов в условиях Жонгар-Алатау позволит сохранить естественные популяции яблони Сиверса, обеспечить охрану биоразнообразия и устойчивость экосистемы.
Ключевые слова: Malus sieversii, государственный национальный природный парк, биологическая защита, Bracon hebetor, энтомофаги, биоразнообразие
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер биоалуантүрлілікті сақтауда ерекше орын алады. Солардың ішінде Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жабайы жеміс ормандары әлемдік маңызы бар генетикалық қор ретінде танылған Сиверс алмасының (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) табиғи популяцияларымен ерекшеленеді. Бұл түр мәдени алма сорттарының арғы тегі болып саналады және оның табиғи қорын сақтау өсімдіктердің генетикалық ресурстарын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады [1, 2].
Табиғи алма ормандары әртүрлі фитофаг жәндіктердің мекендеу ортасы. Мұнда қабыршаққанаттылар, яғни жапырақ ширатқыштар мен жеміс жемірлерінің жұлдызқұрттары және басқа да зиянкестер жапырақтарды, өркендерді және жемістерді зақымдап, ағаштардың физиологиялық жағдайына және табиғи жаңаруына кері әсер етеді [3]. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда химиялық инсектицидтерді кеңінен қолдану экожүйенің табиғи тепе-теңдігін бұзып, пайдалы жәндіктер мен басқа да нысаналы емес организмдерге теріс ықпал етеді [4].
Осыған байланысты зиянкестердің табиғи жауларын пайдалану арқылы олардың санын реттеу мемлекеттік ұлттық табиғи парктер үшін экологиялық тұрғыдан неғұрлым тиімді шешімдердің бірі болып табылады. Әсіресе қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарын паразиттейтін Bracon hebetor Say. перспективті биоагент ретінде ерекше қызығушылық тудырады. Бұл энтомофаг көптеген фитофагтардың санын табиғи жолмен төмендетуге қабілетті және биологиялық қорғау жүйесінде кеңінен қолданылып келеді [5].
Сиверс алмасының табиғи популяцияларында фитофаг жәндіктердің таралуы экожүйенің табиғи құрамдас бөлігі болып отыр. Алайда олардың жаппай көбеюі ағаштардың жапырақ аппаратының зақымдануына, өркендердің әлсіреуіне және жеміс салуының төмендеуіне алып келеді. Олар Сиверс алмасының табиғи жаңаруына жол бермеуде [2, 3].
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда зиянкестермен күресу кезінде химиялық инсектицидтерді кеңінен қолдану ұсынылмайды. Себебі олардың әсері тек зиянкестермен шектелмей, тозаңдандырғыш жәндіктерге, жыртқыш энтомофагтарға және табиғи биоценоздың басқа компоненттеріне де кері ықпал етуі мүмкін [7]. Сондықтан соңғы жылдары табиғи жауларды пайдалану негізіндегі биологиялық қорғау әдістеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Bracon hebetor Say. (Hymenoptera: Braconidae) – көптеген қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарын паразиттейтін эктопаразитоид. Аналығы иесін тауып, оны уақытша жансыздандырғаннан кейін денесіне жұмыртқа салады. Дамып шыққан дернәсілдер иесінің есебінен қоректеніп, нәтижесінде зиянкес толық жойылады. Мұндай паразиттеу зиянкестердің сан мөлшерін табиғи жолмен реттеуге мүмкіндік береді және қоршаған ортаға қосымша химиялық жүктеме түсірмейді. Паразиттің жұлдызқұртты паразиттеу сәті 1-суретте көрсетілген.

Жоңғар-Алатауы жағдайында B. hebetor-ды қолданудың негізгі артықшылықтарының бірі – оның нысаналы зиянкестерге қарсы тиімділігі жоғары. Сондықтан оны Сиверс алмасының табиғи популяцияларында зиянкестердің санын реттеуде перспективті биоагент ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің табиғи-климаттық жағдайлары энтомофагтардың табиғи популяцияларының сақталуына қолайлы орта қалыптасқан. Алайда соңғы жылдары климаттық өзгерістер мен зиянкестердің мерзімді жаппай көбеюі жабайы жеміс ормандарының фитосанитарлық жағдайына әсер етуде. Осындай жағдайда биологиялық қорғау тәсілдерін күшейтудің тиімді жоғары болып табылады. B. hebetor-ды қолдану басқа биологиялық қорғау құралдарымен үйлестірілген жағдайда тиімділігі арта түседі. Мысалы, зиянкестердің жұмыртқаларына қарсы Trichogramma spp., ал жапырақтарда ашық тіршілік ететін жұмсақ денелі зиянкестерге қарсы Chrysoperla carnea мен қанқыздар (Coccinellidae) табиғи реттеуші қызметін атқарады. Сонымен қатар Bacillus thuringiensis негізіндегі биологиялық препараттар жас жұлдызқұрттарға қарсы тиімді әсер көрсетеді. Осындай кешенді тәсіл зиянкестердің санын экономикалық зияндылық деңгейінен төмен ұстап, табиғи биоалуантүрліліктің сақталуына мүмкіндік береді.
- hebetor-дың зертханалық жағдайда оңай көбейтілуі, ұрпағының даму кезеңі қысқа болуына және белсенді іздеу мінез-құлқы оны биологиялық қорғау бағдарламаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қасиеттерін ескере отырып, оны Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Сиверс алмасының табиғи популяцияларында кездесетін жапырақ ширатқыштар мен басқа фитофагтардың сан мөлшерін реттеуде перспективті биоагент ретінде қарастыруға болады.
Биологиялық қорғаудың тиімділігі тек бір энтомофагты қолданумен шектелмеуі тиіс. Табиғи экожүйелерде зиянкестердің санын реттеу паразиттер, жыртқыш энтомофагтар және энтомопатогенді микроорганизмдердің өзара әрекеттесуіне негізделеді. Сондықтан B. hebetor-ды табиғи энтомофагтар кешенімен бірге пайдалану жабайы жеміс ормандарының экологиялық тепе-теңдігін сақтай отырып, зиянкестердің сан мөлшерін бақылауға мүмкіндік береді. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде B. hebetor-ды пайдалану мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан бағалау, оның жергілікті фитофагтарға қарсы тиімділігін анықтау және қолдану технологиясын әзірлеу болашақ зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Туреханова Р.М., Танабекова Г.Б. Важнейшие насекомые-вредители яблони Сиверса (Malus sieversii) в Казахстане в контексте устойчивого развития // Вестник КазНУ. Серия экологическая. – 2018. – № 4 (57). – С. 90-97.
- Ященко Р.В., Танабекова Г.Б. Насекомые, повреждающие дикие популяции яблони Сиверса (Malus sieversii) в Казахстане // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – 2019. – Vol. 298. – 012018. DOI: 10.1088/1755-1315/298/1/012018.
- Tanabekova G., Tursynkulov A., Jashenko R., Lu Z. Harmfulness of insects of the Sievers apple tree (Malus sieversii) in Kazakhstan // Biodiversitas. – 2024. – Vol. 25(9). – P. 3168-3178. https://doi.org/10.13057/biodiv/d250939
- Tegtmeier R., Švara A., Gritsenko D., et al. Malus sieversii: a historical, genetic, and conservational perspective of the primary progenitor species of domesticated apples // Horticulture Research. – 2025. – Vol. 12.
- Chen H.L., Opit G.P., Sheng P., et al. Maternal and progeny quality of Habrobracon hebetor Say (Hymenoptera: Braconidae) after cold storage // Biological Control. – 2011. – Vol. 58(3). – P. 255-261.
- Ismailov V., Agasyeva I., Nastasy A., Nefedova M., Besedina E., Komantsev A. The Application of Entomophagous and Acariphagous Species in Biological Protection Systems of an Apple Orchard (Malus domestica Borkh) // Horticulturae. – 2023. – Vol. 9(3). – Article 379.
7. Танабекова Г.Б., Ященко Р.В., Лю Ж. Доминирующие виды насекомых-вредителей, повреждающие дикорастущие популяции яблони Сиверса (Malus sieversii) в Илейском Алатау // 3i: intellect, idea, innovation. – 2024. – №2. С.
Агабек А.Б., Джубатова Э.А., Нусупбай Ж.Ж., Алпысбаева К.А.
ТОО «Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений имени Ж. Жиембаева»











