Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

ӘОЖ 632.937:502.4 БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

admin
2026/09/02
Конференция, Қажет ақпарат
0
ӘОЖ 632.937:502.4 БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 Аңдатпа. Мақалада Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жабайы жеміс ормандарында өсетін Сиверс алмасын (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) зиянкестерден қорғауда биологиялық әдістерді қолданудың ғылыми негіздері қарастырылған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда химиялық инсектицидтерді пайдаланудың шектеулі болуына байланысты зиянкестердің табиғи жауларын қолдану экологиялық тұрғыдан тиімді шешім болып табылады. Әдеби деректерді талдау негізінде қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарына қарсы тиімді паразиттердің бірі – Bracon hebetor Say қолданудың артықшылықтары қарастырылды. Сонымен қатар Trichogramma spp., Chrysoperla carnea және Bacillus thuringiensis негізіндегі биологиялық қорғау құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндіктері сипатталды. Жоңғар-Алатауы жағдайында осы биоагенттерді ғылыми негізде қолдану Сиверс алмасының табиғи популяцияларын сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Malus sieversii, мемлекеттік ұлттық табиғи парк, биологиялық қорғау, Bracon hebetor, энтомофагтар, биоалуантүрлілік.

Қазақстан аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер биоалуантүрлілікті сақтауда ерекше орын алады. Солардың ішінде Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жабайы жеміс ормандары әлемдік маңызы бар генетикалық қор ретінде танылған Сиверс алмасының (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) табиғи популяцияларымен ерекшеленеді. Бұл түр мәдени алма сорттарының арғы тегі болып саналады және оның табиғи қорын сақтау өсімдіктердің генетикалық ресурстарын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады [1, 2].

Табиғи алма ормандары әртүрлі фитофаг жәндіктердің мекендеу ортасы. Мұнда қабыршаққанаттылар, яғни жапырақ ширатқыштар мен жеміс жемірлерінің жұлдызқұрттары және басқа да зиянкестер жапырақтарды, өркендерді және жемістерді зақымдап, ағаштардың физиологиялық жағдайына және табиғи жаңаруына кері әсер етеді [3]. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда химиялық инсектицидтерді кеңінен қолдану экожүйенің табиғи тепе-теңдігін бұзып, пайдалы жәндіктер мен басқа да нысаналы емес организмдерге теріс ықпал етеді [4].

Осыған байланысты зиянкестердің табиғи жауларын пайдалану арқылы олардың санын реттеу мемлекеттік ұлттық табиғи парктер үшін экологиялық тұрғыдан неғұрлым тиімді шешімдердің бірі болып табылады. Әсіресе қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарын паразиттейтін Bracon hebetor Say. перспективті биоагент ретінде ерекше қызығушылық тудырады. Бұл энтомофаг көптеген фитофагтардың санын табиғи жолмен төмендетуге қабілетті және биологиялық қорғау жүйесінде кеңінен қолданылып келеді [5].

Сиверс алмасының табиғи популяцияларында фитофаг жәндіктердің таралуы экожүйенің табиғи құрамдас бөлігі болып отыр. Алайда олардың жаппай көбеюі ағаштардың жапырақ аппаратының зақымдануына, өркендердің әлсіреуіне және жеміс салуының төмендеуіне алып келеді. Олар Сиверс алмасының табиғи жаңаруына жол бермеуде [2, 3].

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда зиянкестермен күресу кезінде химиялық инсектицидтерді кеңінен қолдану ұсынылмайды. Себебі олардың әсері тек зиянкестермен шектелмей, тозаңдандырғыш жәндіктерге, жыртқыш энтомофагтарға және табиғи биоценоздың басқа компоненттеріне де кері ықпал етуі мүмкін [7]. Сондықтан соңғы жылдары табиғи жауларды пайдалану негізіндегі биологиялық қорғау әдістеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Bracon hebetor Say. (Hymenoptera: Braconidae) – көптеген қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарын паразиттейтін эктопаразитоид. Аналығы иесін тауып, оны уақытша жансыздандырғаннан кейін денесіне жұмыртқа салады. Дамып шыққан дернәсілдер иесінің есебінен қоректеніп, нәтижесінде зиянкес толық жойылады. Мұндай паразиттеу зиянкестердің сан мөлшерін табиғи жолмен реттеуге мүмкіндік береді және қоршаған ортаға қосымша химиялық жүктеме түсірмейді. Паразиттің жұлдызқұртты паразиттеу сәті 1-суретте көрсетілген.

Жоңғар-Алатауы жағдайында B. hebetor-ды қолданудың негізгі артықшылықтарының бірі – оның нысаналы зиянкестерге қарсы тиімділігі жоғары. Сондықтан оны Сиверс алмасының табиғи популяцияларында зиянкестердің санын реттеуде перспективті биоагент ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің табиғи-климаттық жағдайлары энтомофагтардың табиғи популяцияларының сақталуына қолайлы орта қалыптасқан. Алайда соңғы жылдары климаттық өзгерістер мен зиянкестердің мерзімді жаппай көбеюі жабайы жеміс ормандарының фитосанитарлық жағдайына әсер етуде. Осындай жағдайда биологиялық қорғау тәсілдерін күшейтудің тиімді жоғары болып табылады. B. hebetor-ды қолдану басқа биологиялық қорғау құралдарымен үйлестірілген жағдайда тиімділігі арта түседі. Мысалы, зиянкестердің жұмыртқаларына қарсы Trichogramma spp., ал жапырақтарда ашық тіршілік ететін жұмсақ денелі зиянкестерге қарсы Chrysoperla carnea мен қанқыздар (Coccinellidae) табиғи реттеуші қызметін атқарады. Сонымен қатар Bacillus thuringiensis негізіндегі биологиялық препараттар жас жұлдызқұрттарға қарсы тиімді әсер көрсетеді. Осындай кешенді тәсіл зиянкестердің санын экономикалық зияндылық деңгейінен төмен ұстап, табиғи биоалуантүрліліктің сақталуына мүмкіндік береді.

  1. hebetor-дың зертханалық жағдайда оңай көбейтілуі, ұрпағының даму кезеңі қысқа болуына және белсенді іздеу мінез-құлқы оны биологиялық қорғау бағдарламаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қасиеттерін ескере отырып, оны Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Сиверс алмасының табиғи популяцияларында кездесетін жапырақ ширатқыштар мен басқа фитофагтардың сан мөлшерін реттеуде перспективті биоагент ретінде қарастыруға болады.

Биологиялық қорғаудың тиімділігі тек бір энтомофагты қолданумен шектелмеуі тиіс. Табиғи экожүйелерде зиянкестердің санын реттеу паразиттер, жыртқыш энтомофагтар және энтомопатогенді микроорганизмдердің өзара әрекеттесуіне негізделеді. Сондықтан B. hebetor-ды табиғи энтомофагтар кешенімен бірге пайдалану жабайы жеміс ормандарының экологиялық тепе-теңдігін сақтай отырып, зиянкестердің сан мөлшерін бақылауға мүмкіндік береді. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде B. hebetor-ды пайдалану мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан бағалау, оның жергілікті фитофагтарға қарсы тиімділігін анықтау және қолдану технологиясын әзірлеу болашақ зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Туреханова Р.М., Танабекова Г.Б. Важнейшие насекомые-вредители яблони Сиверса (Malus sieversii) в Казахстане в контексте устойчивого развития // Вестник КазНУ. Серия экологическая. – 2018. – № 4 (57). – С. 90-97.
  2. Ященко Р.В., Танабекова Г.Б. Насекомые, повреждающие дикие популяции яблони Сиверса (Malus sieversii) в Казахстане // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – 2019. – Vol. 298. – 012018. DOI: 10.1088/1755-1315/298/1/012018.
  3. Tanabekova G., Tursynkulov A., Jashenko R., Lu Z. Harmfulness of insects of the Sievers apple tree (Malus sieversii) in Kazakhstan // Biodiversitas. – 2024. – Vol. 25(9). – P. 3168-3178. https://doi.org/10.13057/biodiv/d250939
  4. Tegtmeier R., Švara A., Gritsenko D., et al. Malus sieversii: a historical, genetic, and conservational perspective of the primary progenitor species of domesticated apples // Horticulture Research. – 2025. – Vol. 12.
  5. Chen H.L., Opit G.P., Sheng P., et al. Maternal and progeny quality of Habrobracon hebetor Say (Hymenoptera: Braconidae) after cold storage // Biological Control. – 2011. – Vol. 58(3). – P. 255-261.
  6. Ismailov V., Agasyeva I., Nastasy A., Nefedova M., Besedina E., Komantsev A. The Application of Entomophagous and Acariphagous Species in Biological Protection Systems of an Apple Orchard (Malus domestica Borkh) // Horticulturae. – 2023. – Vol. 9(3). – Article 379.
  7. Танабекова Г.Б., Ященко Р.В., Лю Ж. Доминирующие виды насекомых-вредителей, повреждающие дикорастущие популяции яблони Сиверса (Malus sieversii) в Илейском Алатау // 3i: intellect, idea, innovation. – 2024. – №2. С. 62-71. https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_62

Ағабек А.Б., Джубатова Э.А., Нүсүпбай Ж.Ж., Алпысбаева К.А.

«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Aidana-bagdat1995@mail.ru

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 52
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz