Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

Аманбөктер тауларындағы петроглифтер

ежелгі өркениет мұрасы

admin
2026/09/21
Конференция, Қажет ақпарат
0
Аманбөктер тауларындағы петроглифтер

Аңдатпа. Бұл жұмыста Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының маңызды бөлігі – Аманбөктер петроглифтерінің өзектілігі мен тарихи маңызы қарастырылады. Қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі кезеңді қамтитын бұл тастағы суреттер бабаларымыздың дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін және рухани мәдениетін көрсететін бағалы дереккөз болып табылады. Жұмыста ескерткіштің жалпыұлттық мәдени құндылығы сараланып, табиғи және адами факторлардың кері әсерінен қорғау, сақтау, сондай-ақ жас ұрпақтың тарихи санасын жаңғырту мақсатында бұл мұраны насихаттау мәселелері сөз болады.

Түйін сөздер: Аманбөктер петроглифтері, тарихи-мәдени мұра, тастағы суреттер, қола дәуірі, мұраны қорғау, тарихи сана.

Тақырыптың өзектілігі

Қазақстан аумағында орналасқан ежелгі петроглифтер — халқымыздың терең тамырлы мәдениеті мен рухани дүниетанымының көрінісі. Солардың ішіндегі ең ірілерінің бірі — Аманбөктер петроглифтері, ол тек еліміз үшін емес, бүкіл адамзат тарихы үшін ерекше құндылыққа ие.

Аманбөктердегі тастағы суреттер — қола дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі кезеңдегі адамдардың өмір салтын, діни наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Бұл деректер Аманбөктер ауылының ежелгі өркениеттер аймағы болғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, петроглифтердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі — олардың халықаралық деңгейдегі тарихи және мәдени маңызын көрсетеді.

Бүгінде бұл ескерткіштің сақталуы мен насихатталуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қоршаған орта әсері, адам қолымен бүлдіру, назардың жеткіліксіздігі сияқты факторлар Таңбалы тас сияқты мұраларымызға қауіп төндіреді. Сондықтан бұл тақырыпты зерттеу — тарихи сананы жаңғыртуға, жас ұрпақты ұлттық мұраға деген құрметке тәрбиелеуге зор үлес қосады.

Зерттеудің мақсаты:

Таңбалы тас петроглифтерін тарихи-мәдени мұра ретінде зерттеу арқылы олардың мазмұнын, маңызын, дәуірлік ерекшеліктерін анықтау және бүгінгі күндегі сақталу жағдайына баға беру.

Кіріспе

Петроглифтер – бейнелеу тасты ою, тасты қию, бір тегіс жартастарға сызу, қойтастардағы сызбалар жіне сызбалалардың жекелеген  бөліктері болып табылады. Тастың беріктігінің арқасында бізге жеткен тастағы суреттер көне дүниенің ерекше көрінісі, рте кездегі адамдардың ішкі жан дүниесі қажеттілігінен шыққан көркем обрыздармен сюжеттер.иБұл бейнелердің мағынасын біз әлі толық түсіне алмасақта Аманбөктер таңбалы тастарына салынған суреттердің ерекшеліктері әсер қалдырады.

Ежелгі заманда ғибадатханаларды  тау шыңдарында, асуларда немесе көрікті жерлерде салған, шоғырланған. Аманбөктер ауылында Балтасап сайының жартасында орналасқан  петроглифтер дәл осындай көрікті жер тау шатқалында орналасқан. Онда салынған суреттерде діни рәсімдер сипатында болған сияқты. Аманбөктер ауылындағы Қарашоқы, Балтасап  қойнауында қола дәуірінен бастап,  археологиялық ескерткіштердің 100-ден астам  суреті бар. Ол жердің табиғи ландщафтары петроглифтердің орналасуымен өте үйлесімді тізбектелген тастағы аңның мүйізі келесі шоғырланған суреттерге бағыт бағдар іспеттес орналасқан. Қола дәуірінің адамдары желден қорғануға ыңғайлы, жайылымдары, бұлақтары және алқаптары бар әдемі жерлерді таңдаған. Сатылы жартастардың мүсіндік нысандарын табиғат ана қолмен қалағандай, қабат-қабат орналасқан ерекше жерлар болған.

Аманбөктер таңбалы тас суреттері қола дәуірінің эскиздері және аяқталмаған суреттері болып табылатын, жануарлардың жеке кескіндері өте үлкен мөлшерде, 60-70 см дейін болатын 100 астам жартас суреттерінен құралады. Ол суреттер негізінен қола дәуірі кезеңінде салынған жан-жануарлар бейнесі толықтырады. Атап айтқан да: тау ешкі, құлан, жыртқыш аңдар, т.б. бейнелерді көруге болады.

Балтасап жартас суреттері–ең анық сымбатты, көрікті. Мұнда ежелгі  жартас суреттері орналасқан. Қола дәуірінің суреттері өте ірі, терең және мұқият қашап салынған. Тек осы жерден ғана  аспанға немесе айға табынып тұрған  адам бейнесін көруге болады.

Бейнелердің көлемі орташа алғанда 25-30 см. Ал ең ірілері 70-100 см. құрайды.

Қашап салған суреттер тереңдігі 3-5мм.

Сурет салу өнерлері әртүрлі.

Жартас суреттерінің негізгі бөлігі зооморофтық яғни жабайы бұқа, түйе, құлан, ат, марал, ешкі, шошқа, қасқыр, ит. т.б. бейнелеген.

Қарашоқы суреттері қола дәуірі, ертедегі темір дәуіріне, орта ғасырларға  жатады алайда олардың елеулі бөлігі келесі ғасырларда жаңаланған.  Композициялардың көпшілігі ерте темір және орта ғасыр кезеңінің петроглифтары мен толықтырылған.

Тасқа ойып, қашап салу өнерінің ең үздік туын­дысы ретінде күн басты құ­дай­лардың және буаз сиырдың бей­нелері болып табылады. Сақ ке­зе­ңіне жататын аң стиліндегі жан­уар­лардың бейнелері бейнеленген.

Аманбөктертер петроглифтерітопографиясы бойынша Ешкіөлмес  суреттеріне ұқсайды: оларда жартас  құздарына тек азғана бөлігі шатқалдарда орналасқан. Бұндай сертетер біздегі сияқты Ешкөлместеде бір неше шақырымдарға созылып жатыр.

1855 жылы Шоқан генерал Г.Гасфорттың Орталық Қазақстанға, Жетісуға және Тарбағатайға жасаған үлкен сапарына қатысуы барысында жазған жлд эазбаларында Жетісу өңірінің қола, ерте темір, түркі кезеңдеріне жататын Арқанаты (751м), Қысқаш (755м), Алмалы (1362м), Марқа (2201м), Баянжүрек (2079м), Ешкіөлмес (1054м), Матай (2822м) тауларының  жартастағы суреттерін, «Үйгентас», «Бес шатыр», Қапал,  Орта Көксу, Қоғалы тау аралық ойысындағы  сақ қорғандары туралы мол мәліметтер береді.

Кейіннен оларды ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тарих ғылымжарының докторлары З.С. Самашев,  А.Н.Марьяшев, тарих ғылымдарының кандидаты А.Е.Рогожинскии т.б. танымал археолог ғалымдар зкрттеді.

Солардың ішіндегі туристер мен өлкетанушылар үшін қолжетімділері Щоқан Уәлиханов өз зерттеулерінде сипаттап, археолог ғалымдар зерттеген Алмалы (1362м), Марқа (2201м), (2079м), Ешкіөлмес (1054м),  тауындағы  жартастағы суреттер.

«Суреттас»  кешені Сарқан ауданындағы Алмалы тауының солтүстік-батыс беткейіндегі ежелгі мұз басулардың бұзушы әрекетінен жұмыртанған малтатастарда , ал Марқа тауындағы суреттер беті жыотыр әпі икніч биік эартастарда шоғырланған.

Суреттер негiзiнен судың, желдiң ауа температурасының эрозиялық

әрекетiне берiк ұсақ кристалды қара тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып салынған жартастағы суреттердің негiзгi бөлiгiн садақпен аң атып тұрған аңшылардың, iрi қараның, тауешкiлердiң, қола дәуiрiнiң екi дөңгелектi атқа жегiлген  әскери арбасының, демалып жатқан құлжаның, жыртқыш аңдардың арпалысының бейнелерi құрайды (1-кесте).

1-кесте. Алмалы тауындағы «Суреттес» кешені мен  Марқа тауындағы жартастағы суреттерін жіктеу

Қола, сақ түркі кезеңдерінің жартастағы суреттері
 Жұп тұяқты ұсақ жануарлар мен жырт-

қыштардың суреттері

Жұп тұяқты ірі жануарларының

суреттері

Үй жануарларының

суреттері

Антроморфты суреттер
Тау ешкінің қозғалыстағы бейнелері Тұрған және қозғалыс үстіндегі бұғының кескіні Жылқыныңң бедерлі бейнесі Садақ атқан адамның бейнесі
Құлжа мен арһардың бедерлі бейнелері   Екі дөңгелекті әске-

ри арба жегілген аттың бейнесі

Ат мінген адамның бейнесі
Аңға шабуыл жасап жатқан қасқырлар мен иттердің бейнелері   өгіздің, түйенің  бедерлі бейнесі  

Археолог ғалымдар жартастағы суреттердiң салынған уақытын анықтаудың төменде көрсетiлген бес тәсiлiн ұсынады:

–  сурет салынған тастардың күнге күю қарқындылығына қарап анықтау;

тастағы бейнелердiң бетiне қыналардың өсу жылдамдығына есептеуге негiздеген ғылыми-жаратылыстанулық тәсiл;

– жартастағы суреттерге жақын орналасқан қорғандарды қазу барысында табылған металдардан жасалған ыдыстағы бедерлi бейнелердi тастарда кескiнделген аң-құстармен салыстыру;

– суреттердiң тасқа бедерлеп салу тәсiлдерi мен мақамдарына, сюжетiне талдау жасау тәсiлдерi (1-кесте).

Жоғарыда аталған тәсiлдердiң iшiнде соңғы үшеуi қазіргі кезде суреттердің салынған уақытын анықтауға жиі қолданылады [12; 35].

Жүргізілген зерттеулер Алмалы тауындағы «Суреттас» кешенi мен Марқа тауындағы жартастағы суреттер үш түрлi әдiспен салынғанын анықтауға мүмкіндік берді. Олардың біріншісі билеп тұрған адамдар  тесемен ұрып, үшіншісі тау текенің суреті тастың бетiне қашап сызып, екінші алып күш иесі саналатын бұқаның суреті жоғарыдағы екi әдiстi қатар қолдану тәсiлiмен салынған бедерлі бейнелер болып табылады (1-сурет).

      1-сурет.  Аманбөктер акылдық округі аумағындағы сызып. Тесемен ойып және екі әдістң бірдей пайдаланып салынған сақ.тұреі кезеңдерінің аң бейнелі суреттері:

  1. Ашық аспан астындағы табиғи ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы билеп тұнған адамдар; 2-үй жануарының; 3 тау текенің бейнелері

 Ұсақ түйіршікті қатты әрі биік жартастың жылтыр бетіне салынған суреттердiң негiзгi бөлiгiн садақ пен аң атып тұрған аңшылардың, iрi қараның, тауешкiлердiң, қола дәiрiнiң екi дөңгелектi атқа жегiлген  әскери арбасының, демалып жатқан құлжаның, жыртқыш аңдардың арпалысының бейнелерi құрайды. Алмалы және Марқа тауларындағы  ежелгі  қорыстарда қазба жұмыстарын жүргiзiп жатқан археолог-ғалымдардың пiкiрiне сүйенсек әскери арба қазақ даласында алғаш рет бiздiң жылсанауымыздан 2500-3000 жыл бұрынғы қола дәiрiнде дүниеге келген. Ғалымдардың ой-пiкiрiне сүйенсек жоғарыда аталған тарихи ескерткіштер Жетiсу өңiрi ата-бабаларымыздың бағзы заманнан бергi қонысы болғанын дәлелдейдi.

Аманбөктер, Абай ауылдарының маңындағы Алмалы, Марқа тауларында жиi кездесетiн жартастағы суреттердiң мән-мағынасы мен салынған уақыты жөнiнде жан-жақты тарихи ақпараттар берудiң, бұрын көрмеген өзiне бейтаныс өңiрдiң бiрегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристердiң рухани қажеттiлiгiн өтеуде жартастағы суреттердің салынған уақытын анықтаудың маңызы зор.

Археолог ғалымдар жартастағы суреттердiң салынған уақытын анықтаудың төменде көрсетiлген бес тәсiлiн ұсынады:

–  сурет салынған тастардың күнге күю қарқындылығына қарап анықтау;

тастағы бейнелердiң бетiне қыналардың өсу жылдамдығына есептеуге негiздеген ғылыми-жаратылыстанулық тәсiл;

– жартастағы суреттерге жақын орналасқан қорғандарды қазу барысында табылған металдардан жасалған ыдыстағы бедерлi бейнелердi тастарда кескiнделген аң-құстармен салыстыру;

– суреттердiң тасқа бедерлеп салу тәсiлдерi мен мақамдарына, сюжетiне талдау жасау тәсiлдерi.

Жоғарыда аталған тәсiлдердiң iшiнде соңғы үшеуi қазіргі кезде суреттердің салынған уақытын анықтауға жиі қолданылады.

Табиғаттағы жылдан-жылға қайталанып отыратын ырғақшы құбылыстардың үйлесiмдiлiгiн бұзбай сақтау үшiн жылдың әрбiр маусымдарында көзден таса биiк жартасты тау шатқалдарында немесе басқа орындарда от жағып, құрбандық шалып, өздерiнiң тұрмыс-тiршiлiгiн табиғат жөнiндегi танымдық түсiнiктерiн қасиеттi  саналатын орындардың маңындағы жартастарға бейнелеп отырған (1-сурт).

Бұрын көрмеген өзiне бейтаныс өңiрдiң бiрегей тарихи мұраларымен танысу мақсатында келген туристар мен оқушылардің рухани қажеттiлiгiн өтеуде петроглифтердiң салынған уақытын анықтаудың маңызы зор. Археолог ғалымдар тастағы суреттердiң салынған уақытын анықтаудың төменде көрсетiлген бес тәсiлiн ұсынады:

  1. сурет салынған тастардың күнге күю қарқындылығына қарап анықтау;
  2. тастағы бейнелердiң бетiне қыналардың өсу жылдамдығына есептеуге негiздеген ғылыми-жаратылыстанулық тәсiл;
  3. жартастағы сурттрге жақын орналасқан жақын орналасқан қоныстар мен қорғандардың хронологиясын оқып-үйрену;
  4. суреттердiң тасқа бедерлеп салу тәсiлдерi мен мақамдарына, мағанасына талдау жасау тәсiлдерi.

Жоғарыда аталған тәсiлдердiң iшiнде соңғы үшеуi қазіргі кезде суреттердің салынған уақытын анықтауға жиі колданылады қолданылады.

Мифологиялық өнерге жақын болғандықтан алыстан қарағанда петроглифтердегi бейнелер түкке тұрғысыз болғанымен суреттердiң салынғана мақамы мен мазмұнына терең үңiлiп қарағанда қозғалыс үстiндегi аңдар мен үй жануарларының бейнелерiнен Жетiсу өңiрiнде мекендеген тайпалардың арасындағы талас-тартысты көрсететiнiн аңғаруға болады.

Археолг ғалымдар тарих ғылымжарының докторлары З.С. Самашев,  А.Н.Марьяшев, тарих ғылымдарының кандидаты А.Е.Рогожинскиидің зерттеулеріне жасалған талдауларға сәйкес Баянжүрек, Ешкіөлмес, Матай, Үлке және Кіші Қалқан, Малайсары, Арқарлы тауларында, Бесшатыр патша қорғандарының маңындағы Қызылауыз  қонысында кездесетін жартастағы суреттер салыну мақамдарына, бейнеленген нысандары жағынан жоғарыда  аталған аң бейнелі суреттерге ұқсас болуымен ерекшеленеді.

Оны археолог ғалымдар қола, ерте темір кезеңдерінде мәдениеттері, салт-дәстүрлері, дүниетанымдары  бір-бірінен ұқсас сақтардың, ғұндардың, түркілердің мекендеуімен түсін түсіндіреді.

2025 жылы 12 маусымда Көктерек, Ақсу, Қапал ауылдарында, Жансүгіров кентінде «Жетісудағы Шоқан ілдерімен…» ғылыми-танымдық экспедициясының мүшелері жергілікті тұрғындармен, мұғалімдермен, мектеп оқушыларымен кездесіп ғұлама ғалымның өнегелі өмірін, өңірдің табиғатын, тарихын, мәдени мұнраларын насихаттап, Ақсу, Сарқан аудандары аумағын зерттеуге сіңірген еңбегі, өмірі мен қызметі жөнінде құнды мәліметтер жиналды.

Ақсу ауданыны аумағын зерттеу барысында Шоқан Уәлихановтың

сіңірген еңбектерін айғақтайтын маңызды нысан 1855 жылы Батыс Сібір генерал губернаторы Густав Гасфорттың есімі берілген асу болып табылады. Жергілікті халықпен тіл табысып жақсы қарым-қатынас орнатқан генерал  губернатордың құрметіне сол жылы Қазіргі Жансүгүров кентінің оңтүстігіндегі Қаракүңгей тауындағы жергілікті көшпелі халық  жаз жайлауға шығарда көш көп жүретін «Қисықауыз» асуы қазір  «Гасфорт» деп аталады.

Қола, сақ, түркі кезеңінен бастап өңірде халықтың қоныстанғанын, асу арқылы ежелден сауда керуендерінің өткенін зерттелетін нысандағы сақ, түркі кезеңінің аң бейнелі және түйенің аң бейнелі суреттері айғақтайды (2-сурет).

                       2-сурет. Қазіргі Жансүгіров кентінің оңтүстігіндегі Қаракүңгей тауындағы «Гасфорт» («Қисықауыз») асуындағы сарқырама мен сақ, түркі кезеңдерінің аң бейнелі суреттері.

Аманбөктер негізгі орта мектебі «Таңбалы тас» жобасы  аясында туған өлкенің тарихи-мәдени мұраларын зерделеу бағытында жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, Аманбөктер ауылдық округінің аумағында Балтасап, Қарашоқы жерлерінде орналасқан Таңбалы тастар кешеніне байланысты материалдар жинақталуда. Өлкенің тарихи-мәдени мұраларын зерделеу барысында аудандық 1 семинар, облыстық 2 ғылыми танымдық семинар өткізіп ауылымызда орналасқан таңбалы тас  тарихымен облыс метептерінен келген 30 тарихшы 20 өлкетанушы танысып қайтты. Өлкетану зерттеу жұмыстарын жүргізуге  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты Тоқпанов Еркін Айыпұлы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Адамқұлов Нұрәлі Мерекебайұлы,  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-әдіскері,  PhD тарих ғылымдарының докторы Калиева Бекзат Тынысбекқызы, Жетісу облысының тарихи мұраларды қорғау орталығының директоры Оспанов Ғалымжан Айданақұлы, «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, “Jetisy” газетінің тілшісі, өлкетанушы  Қажет Аңдас, әуесқой археолог, «Петрофлиф ізшілері» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гумирова Ольга Николаевна өз үлесін қосып көмек көрсетуде. Сонымен қатар «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесімен, «Сарқан ауданының тарихы музейімен», «Жетісу»  облыстық өлкетанушылар орталығымен, Сарқан көпсалалы колледжімен    4 мың жылдық тарихы бар петрогливтерді терең зерттеп, туризим саласын дамыту мақсатында өзара меморандумдар жасалып, біріккен жұмыстар жүргізілуде.  Бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар әлуметтік желілерге (https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MDU1MDI1MDI3MTM5MzQ3?story_media_id=3585930596977372721_21523394419&igsh=MWc2b3NlM2V6NXFnag==) amanbokternom салынып, газет беттеріне мақала болып шығуда.

Зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар:

Аманбөктер тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалу және оның әлеуетін арттыру үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

  1. Тіркеу және қорғау (Заңнамалық шаралар) – Кешеннің нақты аумағын белгілеп, оған «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші» мәртебесін беру жөнінде облыстық Мәдениет басқармасына ұсыныс енгізу.
  • Тарихи аймақты табиғи және адами (вандализм) факторлардың кері әсерінен қорғау үшін шарбакпен қоршап, бақылау жүйесін қарастыру.
  1. Ғылыми-зерттеу және сандық архивтеу – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты сияқты ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, петроглифтерге толық археологиялық паспорттау жүргізу.
  2. Ғылыми сандық архив (3D-сканерлеу): Жартас суреттері уақыт өте келе мүжілмес үшін олардың жоғары сапалы 3D фотоархивін жасау.
  3. Туристік-танымдық инфрақұрылым: Ескерткіш басына ақпараттық тақталар мен QR-кодтар орнату (келушілер суреттің тарихын телефонынан оқи алатындай етіп).
  4. Мектеп туризмін дамыту: Жергілікті мектеп базасында «Өлкетану» үйірмелерін жандандырып, оқушылардың жазғы археологиялық-экологиялық экспедицияларын жүйелендіру.

Қорытынды

Аманбөктер петроглифтері — тек бір ауылдың немесе ауданның ғана емес, бүкіл еліміздің баға жетпес тарихи қазынасы. Бұл ескерткішке «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші» мәртебесін беріп, оны сандық форматизациядан (3D-сканерлеу) өткізу, заңнамалық тұрғыда қоршау және өлкетану туризмін дамыту — ұлттық мұрамызды келешек ұрпаққа аманаттап жеткізудің басты кепілі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. A57 Қажет АНДАС, Еркін ТОҚПАНОВ, Қали ИБРАЙЫМЖАНОВ
    Жетісу жартас суреттері I кітап: – Талдықорған, «Travel ЖК» 2024 ж. – 163 бет. ISBN 978-601-7833-18-3

Бөхөн Ж.

Жетісу облысы Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі «Аманбөктер негізгі орта мектебі»

bzhansierik@mail.ru

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz