Оның айтуынша, биылғы мал қыстату науқанына дайындық жұмыстары жалғасуда. Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының үйлестіруімен аудандық бөлімдер мен стансыялардан құралған жұмыс топтары 13–29 қазан аралығында қыстақтарды аралап, жағдайды зерделеуде.
Бүгінгі күнге Көксу, Ескелді, Ақсу және Сарқан аудандарындағы қыстақтар тексерілді. Қалған өңірлерде бұл жұмыс белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Шаруашылықтар мал азығын қора-қопсыға жеткізіп, қыстақтарға тұрақтауда. Қазіргі таңда мал өсіретін қожалықтардың шамамен 60–70 пайызы қысқы қонысына орнығып үлгерген.
Алайда 50–70 пайызға төмен. Сондықтан алдағы қыс маусымында жемшөп тапшылығы байқалуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты жергілікті әкімдіктер мен жауапты мекемелер мал қыстату барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Қыстақтарды аралау аяқталған соң, жиналған мәліметтер негізінде аудан және қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілетін болады.
Ляззат МҰХАМЕДЖАНОВА,
«Q-Andas” ақпараттық агенттігі.









