Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

«Қаражорға» болмаса…

admin
2026/08/31
Қажет ақпарат
0
«Қаражорға» болмаса…

Өткенге зер салсақ, атқа мініп садақ тартуды сақтар ойлап тауып еді. Үйсін хандығы тұсына келген де мұны меңгерген қытайлар сайлауыт ат мініп, әскерін жасақтап үлгерді де Азиядағы ең мығым елге айналды. Атқа мінуге ыңғайлы шалбар мен шолақ етек шапандарды ғұн дәуіріндегі аналарымыз тігіп еді. Ұзын шапанды қытайлар оны да иемдене қойды. Қытайдың Таң патшалығы дәуірінде екі жарым мың ақын болған. Соның ішіндегі ең шоқтығы биігі Ілебай (Ли Бай) еді. Қазақ даласынан Қытай асқан қандасымыздың кім екенін біз енді біліп жатқанда, олар осыдан мың жыл ілгері рухани ұстазына айналдырып алды. Ілебай қазақ еді деп қанша дауырыққанымызбен қытайлардың өзі құдайындай табынатын ақынын қазаққа бере салмасы анық. Қысқасы, басқаның мәдениетін тез игеріп, өз қажетіне жаратуда қытайлардан асқан шебер халық жоқ. Олардың бүгінгі мәдениеті міне, осындай өзге жұрттың озық жетістігінің жиынтығы. Алайда, олар өзгелер тапқырлап, тарих қойнауына лақтыра салған жәдігерлерді сақтап, дамытып, бүгінгі күнге жеткізгенін мойындайсың.

Ал, таяудан бері Қытайда қазақтың «Қара жорға» биі қолдау тауып, оқу орындары үзілісте оқушылардың бой сергітетін гимнастикасына айналғанын біздің ақпарат көздері жазып келеді. Тіпті, Қытайдағы  қандастарымыздан құралған он мың адам осы биді билеп, Гиннес Рекордтар кітабына енді. Әрине, қазақтың биін әлем таныды деп мақтануға, оны қытайлар оқу орында қолдана бастады деп шаттануға да болар. Бірақ, ертеңгі күнді ойласаң денең түршігеді. Себебі, қытайда 56 ұлт өкілі тірлік кешеді. Оның ішінде ұйғыр, қазақ, мүңген, доңган, заңзу (тибет), жуаңзу сияқты ұлттарға автономиялы құқық берілген. Яғни, саяси жақта өзге ұлттардың өзін-өзі басқаруға мемлекет тарапынан жағдай жасалған. Бірақ, Қытайдағы жер және өнер, мәдениет, ғылым, тағы басқа саладағы тапқырлықтар ұлтқа бөлінбейді. Оның бәрі мемлекет меншігі болып саналады. Бұл олардың салиқалы заңдарында ашық жазылған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ биі енді қазаққа емес, қытайға қызмет етеді деген сөз.

Осы жерде қытайлар қара жорғаға неге қызығады деген заңды сұрақтың туатыны хақ. Әрине, Қытайда бәрі бар, тек ұлттық би ғана жоқ еді. Енді олар көрген жанды елең еткізіп, делебесін қоздыратын қасиетті биді қанатының астына алды.

Біз тарихта көшпенділер мәдениет жаратқан ұлттың өкілі болсақ та қолда бар қымбатына ие бола алмаған ұрпақ болып бара жатырмыз. Болмай не, көкпар қырғызға, қымыз неміске, бесбармақ жапонға кетті, тағысын тағылар. Енді келіп қазақша күреске өзбек таласып жатыр. Бірді-екілі жанашырлардың жан-айғайы болмаса басқамыз қамсыз жүрміз. Өткенде «тоғызқұмалақ» турасында қазақ-қырғыз ортасында дау ұшығып, халықтық сұрақнама болғанда Қырғызстандағы  барлық адам бұл ойынды білеміз деп жауап берген. Ал, Қазақстанда тек 20 пайыз адам ғана білетін болып шықты. Енді бұл ойын қырғыздікі болу қаупі күшті. Қаражорға қытайға кетсе сонда бізге не қалады. Бәлкім, бәрі қазақтікі деп кеудемізді қағатын шығармыз. Бірақ, құнды қағаздар үстемдік құрған мына заманда құрғақ сөзге ешкім иланбайды.

Біздің азаматтар қайда жүр. Олар әлемдегі көп қалталының қолы жетпеген Түркияның курорттық аймағы Анталиядағы 700 мың долларлық құнға ие алқаны, шетелдердегі ең қымбат ғимаратты сатып алумен, Дубайдағы бір түні 3 мың доллар тұратын қонақүйлерде демалумен, сондай-сондай істермен мұрындарына су жетпей жүр. Әрине, мұны жазыла, жазыла жауыр болған тақырып дерсіз. Кәперіңізде болсын  «Ешқандай құндылығы болмаған ұлттың құдіретті ел болуы да күмәнді». Бұл менің сөзім емес, Қытай философы Кунфуцийдің тағылымы.

 

 

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 50
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz