Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Күшік күйеу немесе қазақшамен нан тауып жей алмайсың?

«Күшік күйеу» өлмейтін туынды. Оның өлмейтіндігі – өзегінде ұлт тағдырын тәп басатын тіл мен ділге деген қамқорлықтың жатқандығы. Аталған қойылым сахнаға шыққалы ширек ғасыр өтсе де өзектілігін жоғалытпайтыны да сондығында. Спектакль облыстық театрда 1977 жылы бірінші рет қойылған еді. Сол күнді көзімен көріп, көкейіне түйгендерде бүгінде арамызда жүр. Ретін тауып, кезіндегі қойылымда рол сомдаған ақтер Мұса Әжібеков пен сол бір сәттің куәгері, ардагер журналист Болат Бисұлтановтан сыр суыртпақтап көрдік.

admin
2026/08/30
Қажет ақпарат
0
Күшік күйеу немесе қазақшамен нан тауып жей алмайсың?

Олардың айтуынша, сахна, ондағы актерлер, декларация қазіргі күнге тән бояумен жаңаша түске енген. Бірақ қазақ тілінің қадірі қашқан түйіткілге тіксіне қарайтын қасиет жоғала қоймаған сияқты. Спектакль кейіпкері Тюрянчиктің: «Қазақшамен нан тауып жей алмайсың?», – деген ащы ажуаны естігенде көрермендер бір сілкініп қалды. Осыдан отыз жыл бұрында осындай болған екен. Енді отыз жылдан кейін де осылай бола бере ме?

Бірақ, бұлай кете бермейтініне театр мамандары сенімді.

– «Күшік күйеу» спектаклі Ақтановтың жүректілікпен жазған туындысы. Ол тұста тіл төңірегінде үлкен ой айтудың өзі оңай болмайтын. Ал, шымшыма ойды сахнада өрнектеп, жүректен-жүрекке сіңірудің өзінде қандай батылдық жатыр. Отыз жылдың алдындағы тоқыныс осындай батылдыққа құрмет еді. Ал, бүгін тәуелсіз ел атандық. Біздің ендігі міндетіміз – ойран болған ұлттық құндылықтарымзды қайта жаңғырту. Сахна төріндегі тілге қатысты айтылған жанайқайдың жалпының қолдауына ие болғаны – ел болғанымыздың, мемлекет тағдырын белгілейтін тілдің өкілі екендігімізді сезіндірген толқыныс, – деді театр директоры Базарбек Тезекбаев.

Әрине, көрерменін осылай ширықтырып, ширақы ойға жетелеген қойылым жұрт көңілінен шықты. Өйткені, әрбір көрермен сахнадағы кейіпкерлер өмірінен, писихологиясынан, мінезінен өзіне бір ұқсастық тауып жатты. Қысылды, қымтырылды, ұялды, ойланды. Оның барысын былайша жинақтауға да болады.Тас қалада өсіп, тасбауыр болып кеткен Гүлжамал мен Биғайшаны да иліктірген бала жауапкершілігі, Бекболат пен Қабанбайға тән тірлік үшін жанталастырған жалған болмыс, көрген-баққаны билік пен атақ, өрлік пен өктемдікке толғанг Кубик пен Тюрянчиктің жалған өмірі, Ботқаның алаңғасарлығы, Алманың  ақылын ұшқалақтыққа жасырған, жағдайдың ыңғайына қарай бейімделе білетін бейнесі бірі-бірінен оқшау, дара, бірақ жымдасып, бөлінбес сюжет құрылған. Десе де, автор барлық қайшылық пен қақтығыстың бір ғана шындыққа бағынатынын, өмірде жалғандыққа, жалтоқойлыққа, арзан атаққа берілмейтін махаббат деген құдіретті күштің болатынын жоққа шығармайды. Сол пәк сезімнің ұлттық ділмен астарласып жататынын айшықтап көрсетеді. Қойылымның осылай өріледі.

Аталған спектакльді өзге де сахналардан тамашалағанымызды жасырмаймыз. Бірақ, біздің театрда ол жаңаша түс, заманға сай бояу, жалпыға бірдей ұнамдылығымен ерекшеленгенін мрйындайсың. Бұл «Қол ішіне қарай бүгіледі», –  деген жақындықтан емес, қойылымды сахналаған режиссер Серік Нұрхалықтың еңбегінің нәтижелі болғанын қадап айтқан жөн.  Тағы бір жағынан, 35 жыл артқа тастап, талай тәжірибе жинаған театрдың осындай биік деңгейге жеткенінің де куәсі болды.

Онда рол алған майталман актерлер М. Нұрмұханбетова мен Ғ. Темірбаева және А. Нұғмановтар, жастардан  М. Махмұт, Н. Тұрлыбекова, А. Саурықов, А. Бекманова, Ж. Мерсимова,  Г. Тілеуғабыл, Б. Мұнайтпасов, Ғ. Қырбасовтардың аз еңбең етпегені білініп тұр. Қоюушы суретші Қ. Шалабаева мен музыкамен көркемдеуші Б. Тоқымтаевке де жұрттың ризашылығы ерекше.

Жаңа қойылым міне, осылай бір белестен тағы бір белеске қарай беттеп кетті. Әрине, алдағы уақытта қойылымның бояуы, оны ойнайтын актерлер есімі жаңалана беретін шығар. Бірақ, бүгінгі қойылым өз биігінде қала береді.

P.S: Осы мақала жазылғалы 15 жыл уақыт өтіпті. Содан бері не өзгерді? Қазақ тілін төрге шығару емес, қазақ тілін қадірлеген азаматтарды қудалайтын деңгейге жеттік.

 

Қажет АНДАС

Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1524861

Фотолар автордың жеке қорынан алынды.

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 55
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz