Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы

1 бөлім Әртістердің қабырға суреттерді көріп кектенуі Лу Ян

admin
2025/09/17
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы

20 ғасырдың 80 жылдарының алғашқы күзі.

Ішінде отыздан астам жолаушысы бар бір автобус Шыңжаң ұйғыр автономиялы районының оңтүстік бөлігіндегі Бай ауданының Қызыл мың үйіне келеді.

Бұлар басқа өлкеден келген ән-бишілер үйірмесінің әртістері мен әсемөнершілері еді. Жас шамасы үлкендеу үйірме бастығы мен екі тәрбиешіден басқасының барлығы жиырманың айналасындағы жастар болатын. Бұлардың алыс жолды басып бұл араға келуі мынау жанға жайлы алтын маусымда осы бір атақты саяхат орнында болып, аруақтарға сәлемдесу, байырғы заман ескерткіштерін көру немесе айыздары қанғанша тамашалап ойнау үшін емес, қайта тас үңгірлердегі Күшар қабырға суреттерін арнайы экскурсиялап, ерте заманға Жібек жолындағы өмірді бейнелейтін бір балет құрастыру үшін еді.

Сол кезде Гансу өлкелік ән-би үйірмесі Дуньхуан қабырға суреттері ішіндегі тамаша би көріністеріне қарап шеберлікпен құрастырған “Жібек жолындағы гүл шоқтары” атты ірі балет театр бүкіл елді дүр сілкіндірген. Десе де дүниеге әйгілі Дуньхуан мың үйі – ерте заманғы Жібек жолы сынды осынау көрініс көз тартатын лентадағы жарқыраған інжу-маржандардың біреуі ғана. Ал ерте заманда Шығыс пен Батысты байланыстырып тұратын жалпы ұзындығы 7000 км асатын осынау маңызды жолда онымен көрік таласатын көркемөнер асылдары көптеп табылады. Әйгілі Күшар қабырға суреттері міне, осылардың ішіндегі бірі есептеледі.

Тарихта айтылатын Күшар дегеніміз бүгінгі Күшар ауданын орталық еткен, қазіргі Бай, Шинхы, Шаяр аудандарын қамтыған бір ел болатын. Шамамен жаңа эраның 1 ғасырында осы өңірге будда діні таралған. Кейін келе Күшардың жер-жеріне пұтханалар көптеп салынған. Жаңа эраның 3 ғасырынан 10 ғасырына дейін пұтхана ретінде жартастардан толып жатқан үңгірлер қазылған. Бұл үңгірлер Күшар, Бай қатарлы жерлердегі тау аңғарларынан кездеседі. Қызыл мың үйі осы үңгірлердің ең ертеде салынған және біршама бүтін сақталғаны болып табылады, оның аты ел іші-сыртында Дуньхуан, Луңмың, Юнган тас өңірлерімен тең аталады. Алайда, ол өз көркемдік даралығымен ұзақ жылдардан бері сансыз саяхатшыларды, тарихшыларды, көркемөнершілерді өзіне баурап келеді. Қазір бұл жерде әлі де 236 тас үңгірі бар. Тас үңгірлердің іші қабырғасынан тартып күмбезше келген төбесіне дейін алуан түсті көркем қабырға суреттерімен айшықталған. Мұндағы суреттер негізінен Будданың өмір жөніндегі аңыз-әңгімелерін, будда дінінің таралу жөніндегі хикаялар мазмұнында болып келеді, осымен бірге сол кездегі күшерліктердің өмірін бейнелейтін суреттер де кездеседі. Ең бағалысы – осы қабырға суреттерді сызған ерте заманғы аты-жөні белгісіз әсемөнершілердің сөз суреттерін бүтіндей сол кезде Үндістаннан таралған “қалып” бойынша емес, қайта жалпы алғанда сол кездегі Күшардың рөлі мен өміріне негізделіп, сансыз ғажайып әрі жан тебірентерлік көріністерді суретке сызып шығып, қазір бұл қабырға суреттерді көргенімізде бізді көне ерте замандағы күшерліктердің қимыл-қозғалысын көріп тұрғандай сезімге келтіреді. Бұл бір топ жас әріптестер дәл осы қабырға суреттерден байырғы Күшар биін үйренді.

Ерте замандағы Күшардың би музыкасы да атақты болған. Сонау 2100 жылдан астам бұрын осы Жібек жолын тұңғыш рет ашқан Батыс Хан патшалығының елшісі Чжан Цянь мың бір қауіп-қатерді бастан кешіре отырып Чан-Әннен Күшарға барғанда оның би музыкасына қатты құмартып қалады. Кейін ол Хан патшалығының астанасы Чан-Әнге қайтқанында Күшардың қобыз, барабан, били (түтікше музыкалық аспап), пипа (бес ішекті пипа, ал Қытайда ежелден бар үш ішекті пипадан бөлек) қатарлы музыка аспаптарын ала қайтып, ішкі өлке халықтарының қызу қарсы алуына бөленеді. Кейін келе Күшар және басқа да Батыс өңір елдері Жұңхуа ұлттарының ұлы отбасына кіреді. Күшар музыкасы еліміздің музыкалық мәдениетінің бір бөліміне айналады. Таң дәуіріндегі тоғыз бөлімді би музыкасының (кейін он бөлімге өзгертілген) бір бөлімі міне осы Күшар би музыкасы болатын. Бұл би музыкасы патша ордасында үнемі ойналудан тыс, қала, ауыл-қыстақтарға дейін таралып, бірсыпыра әйгілі…

Ақындар осы би музыкасына арнап тартымды өлең жолдарын жазып қалдырған. Өкініштісі сол – замандардың ауысуына байланысты Күшар би музыкасы дерексіз жоғалып кеткен.

Жылысып өткен тарих дариясынан жол ортада жоғалып кеткен осы би музыкаларын қайта тауып алу мүмкін болар ма? “Жібек жолындағы гүл шоқтарының” сәтті шығуы Қызыл мың үйіне экскурсиялай келген осы бір топ әртістерге ертедегі күшерліктердің жетім би өнерінен ләззат алатын есік ашып берді. Олар қабырға суреттерден жоғалып кеткен сол билерді тауып алмақ болды.

Жас әртістер таңданған, қастерлеген, әсерленген сезіммен және күшті іздену тілегімен тас үңгірлерге кіре бастады. Олардың көз алдына әсем де айшықты қабырға суреттер тартыла кетті. Әртістердің бар назары қабырға суреттердегі сансыз ойнақы перизаттарға ауды. Бұл перизаттардың көпшілігі Күшардың керімсал балғын бикештері еді, қол-аяқтарын жартылай жалаңаш қойып, үстілеріне жұқа жамылғы жамылған олар экскурсияшыларға Күшардың атақты билерін көрсетіп тұр. Олардың басы, белі, бөксесі, аяқтары, білектері, білезіктері және саусақтары тал-шыбықтай иіліп-бүгіліп, алуан түрлі әсем биге басып тұрғандығы көрінеді. Кейбірі түрегеліп, кейбірі жүрелеп, кейбірі бұралып, кейбірі секіріп, көз тартарлық көркем тұлғалар қалыптастырған. Тағы кейбірі аспанға тік көтеріле секіріп билеген көріністері бейне жел мініп бара жатқандай тәрізденсе, ал абақ ішінде тұрғандары құдды ұршықша үйірілгендей көрінеді.

Қабырға суреттерін құмарта түскен жас әртістер Күшар бикештерінің әрекетіне еліктеп билей жөнелді. Тас үңгірдің ішін ауық-ауық шыққан көңілді күлкі үні кернеді. Әртістерге қабырға суреттердің би көріністерін көрсетіп жүрген тәрбиеші би әрекетінің өзгеру ыңғайына жорамал жасап, би жүйесін құрастыруда еді.

Әртістер енді ғана рөл алуға кірісіп, қабырғадағы күшерлік бойжеткендермен ойлары тоғысып, құмарта үйреніп жатқан кезде аяқ астынан олардың көз алдыларында бір түсініксіз жайт пайда бола кетті. Япыр-ау! “Қабырғадағы ұстаздың” басы қалайша жоқ? Өңдегі өзгеріс би қимылымен қалай сәйкесе алады? Осы бір жайт өтіп кеткен соң, артынан көп өтпей тағы бір түсініксіз жағдай кезікті. Енді “қабырғадағы ұстаздың” жарты денесі жоқ болып шықты, тек екі аяғы ғана қалыпты, екі аяғы шіріп, бейне балет әртісі сияқты тік тұр. Бұл жай көпшілікті Күшар биінің бір ерекшелігі екен деген ойға келтірер еді, бірақ мұндай “аяқ шіру әрекетін” қабырғадағы суреттердің барлық жерінен кезіктіруге болатын. Әртістер бұл ерекшелікті үңгірге кіре сала аңғарып қойған, тіпті бір әртіс:

– Мынаған қараңдаршы! Міне, шығыс балет, тағы Жұңгоша балет! – деп айқайлап та жіберді.

Бұларға қарап тұра бермек пе, кейінгілерін де көріп шығу керек қой. Аздан соң әртістердің алдынан түсініксіз жайттың үлкені шықты. Қабырғада қоңырқайланып, қабырға суретінің орны ғана қалған, суреттің ойып әкетілгені айқын білініп тұр. Ол ол ма, қабырғада пышақ іздері де қалыпты. Үңгірге кірген соң Күшар бойжеткендеріне терең сүйіспеншілік орнатып қалған жастар бейне бір киелі дүниесін көшеге шығарып, онысын бір жексұрын…

Содыр былғап кеткендей ашулана бастады, сабырласқаннан кейін Яныт былай деді:

– Нағыз жексұрындық! – Бұл араға келіп бүлік салып кеткен қай қолың кесілгір екен?
– Әттеген-ай!..

Бірақ тас үңгірлерде мұнан да тамаша қабырға суреттер бар екенін байқаған әртістер басқа бір үңгірге кіріп, қабырға суреттеріндегі адамдардан би көріністерін үйреніп, аяқтарын би әрекетіне көңілдене келтіріп жатты.

Бұл бір топ жас неше күннен бері осындай қуаныш пен реніш, қызу шаттық пен аңтарылу, масайрау мен қарғап-сілеу қабаттасқан көңіл күйде болды. Бүлінген қабырға суреттердің барған сайын көбейіп келе жатқанын көріп, жауабын табу қиын болған күмән бейне бір кесек қара тастай оларды еңселерінен баса берді. Бұл үңгірлердегі көз тартарлық қабырға суреттерін кезек-кезегімен қопарып әкеткен кімдер? Бұны істеп жүргендер кім? Бұл мәдени мұраларды қорғауды осы жұрттың білмегені ме?

Бір күні әртістердің төзімі ақыры таусылды. Олар үйірме басшыларына келіп, көңілдеріне алған күмәндарын айтып, осы жайттарды түсіндіріп беруді өтінді. Үйірме бастығы күліп тұрып былай деді:
– Бұл мәселені ортаға қоюларың өте дұрыс болды. Сендер сияқты жас ұрпақтың мәселеге ой жүгірте алатындығын көріп, мен өзім қатты қуанып отырмын. Алайда бұл мәселенің басын екі-үш ауыз сөзбен аша салу қиын. Бағымызға орай осы жерде бір тілші жолдас бар екен, ол осы байырғы Жібек жолындағы құнды мәдени мұралардың талан-таражға түсу барысын жазбақшы көрінеді. Сол тілшіні сендерге түсінік жасауға ұсынып көрсек қалай? – деді.

Сөзін аяқтаған үйірме бастығы әлгі тілшіні көпшілікке таныстырды.

Бұл тарихи әңгімелер мен деректерді оқырмандардың да тыңдағысы келіп отырған болар, олай болса, бәріміз бірге тыңдайық.

Жалғасы бар….

 

Редакциядан: Бұл кітап 1989 жылы 8-айда Шың Жаң халық баспасында Базархан Өгізбайұлының аудармасымен  басылған нұсқа бойынша төтешеден аударылып дайындалды.

 

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

 

4.5 2 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 63
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz