Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

admin
2026/08/30
Елтану
0
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

Ли Сы (б.з.б. ? – 208 жж.) – Қытай тарихында орталықтанған мемлекеттің идеологиялық және институционалдық негізін қалаған ірі реформатор. Ол Чу бектігінің Шанцай уезінде (қазіргі ҚХР-дың Хэнань өлкесі) дүниеге келіп, әйгілі заңшыл ойшыл Шун Куанның шәкірті болды. Ли Сының саяси қызметі Цинь әулетінің күшеюімен және Қытайдың тұңғыш рет бір орталыққа бағынған мемлекет ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты.

Ли Сы Қытайды бытыраңқы патшалықтардан тұратын әлсіз кеңістіктен қуатты біртұтас мемлекетке айналдыру үшін қатал, бірақ жүйелі реформалар қажет екенін түсінді. Осы мақсатта ол Цинь бектігіне келіп, сол дәуірдегі ең жоғары лауазымдардың бірі «қонақ уәзір» қызметін атқарды.

Цинь сарайында сырттан келген уәзірлерге қарсы «қонақтарды қуалау» саясаты күшейген тұста Ли Сы Цинь Шихуанға өзінің әйгілі «Қонақтарды қумау туралы хатын» ұсынды. Онда ол Шан Ян сияқты сырттан келген реформаторлардың Цинь мемлекетін күшейтуге қосқан үлесін мысалға келтіріп, қабілетті кадрларды қуу мемлекеттің өзіне зиян екенін дәлелдеді. Нәтижесінде бұл жарлықтың күші жойылып, Ли Сының ықпалы арта түсті.

Б.з.б. 221 жылы Цинь Шихуан Қытайды тұңғыш рет біріктірген соң, елді қайтадан бектіктерге бөліп басқару туралы ұсыныстар айтылды. Ли Сы бұл идеяға үзілді-кесілді қарсы шығып, Жауласушы патшалықтар дәуірінің тарихи сабақтарын алға тартты. Оның бастамасымен феодалдық бектік жүйеден бас тартылып, бүкіл елге ортақ әкімшілік-аудандық басқару жүйесі енгізілді.

Қытай аумағы орталыққа тікелей бағынатын 36 аймаққа бөлініп, саяси тұтастық пен басқару бірізділігі қамтамасыз етілді. Бұл шешім Қытай мемлекеттілігінің мыңжылдық даму бағытын айқындады.

Заңшылдар мектебінің өкілі ретінде Ли Сы мемлекеттің тірегі – жазбаша заң мен тәртіп деп білді. Ол басқаруда жеке әулеттік ықпалға емес, ортақ құқықтық нормаларға сүйенуді ұсынды. Бұл тәсіл биліктің беделін күшейтіп, қоғамда тұрақтылық орнатты.

Идеологиялық алауыздықты мемлекеттің тұтастығына қауіп деп бағалаған Ли Сы өткенді асыра дәріптеп, қазіргі билікті жоққа шығаратын ағымдарды шектеу қажет деп санады. Осы саясат аясында тарихта «кітаптарды өртеу» оқиғасы орын алды. Қатал болғанымен, бұл қадам сол дәуірде жаңа мемлекеттік жүйені бекемдеуге бағытталды.

 

Ли Сы мұрасының қазіргі Қытай саясатына ықпалы

Ли Сы қалыптастырған орталықтандыру, заң үстемдігі және прагматизм қағидаттары қазіргі Қытайдың ішкі және сыртқы саясатында сақталған. Бүгінде Қытайдағы ірі экономикалық бастамалар мен халықаралық жобалар орталық деңгейде жоспарланып, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға бағындырылады.

Бұл сабақтастық «Бір белдеу – бір жол» бастамасынан айқын көрінеді. Инфрақұрылым арқылы экономикалық ықпал ету – Ли Сы заманынан бастау алған мемлекеттік ойлау жүйесінің заманауи көрінісі.

 

Қазақ-қытай экономикалық қатынастарындағы тарихи із

 

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әріптестік Қытайдың осы орталықтанған және прагматикалық басқару дәстүріне негізделіп дамуда. Қазақстан аумағында іске асқан көлік-логистикалық жобалар, теміржолдар мен шекара маңы инфрақұрылымы Қытайдың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауының нәтижесі.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, өңірлік саудадағы рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.

Ал Қытай үшін Қазақстан тұрақты шикізат көзі, Еуразиялық транзиттік дәліз, Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде маңызды.

Ли Сы – Қытайды біріктіру идеясының сәулетшісі ғана емес, мемлекеттік ойлау жүйесін түбегейлі өзгерткен тарихи тұлға. Оның орталықтандыру, заң үстемдігі, кадр саясаты және экономикалық прагматизмге негізделген көзқарастары бүгінгі Қытайдың халықаралық мінез-құлқында, соның ішінде Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасында да айқын байқалады.

Осы тарихи сабақтастықты терең түсіну Қазақстан үшін қытайлық серіктеспен қатынаста теңгерімді, ұлттық мүддеге негізделген және ұзақ мерзімді стратегия қалыптастырудың маңызын көрсетеді.

 

Қажет Андас
Q-andas ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
Цин Шихуан – Ин Чжэн
Елтану

Цин Шихуан – Ин Чжэн

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz