Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Сусарқанның өтірік өтірік әңгімелері 3 бөлім

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Сусарқанның өтірік өтірік әңгімелері 3 бөлім

ҰШАТЫН ОҚ

Басы Әскердегі кезім. Маған әскери аттарды бағу, баптау, соғысқа даярлау міндеті тапсырылған. Жау әскері өзеннің арғы бетінде, біздің партизандар бергі бетте теке тіресте тұрғанк ез. Бір күні әскери аттарды жайлымға жіберіп, өзім сәл мызғап кеткен екенмін. Аяқ астынан тарс-тұрс, шаңқ-шұңқ мылтық дауысынан ояна келсем, жау әскері оқ боратып басып келе жатыр екен.

Сасып қалдым. Қолға түссем өлім күтіп тұрғаны анық. Ақыл таппай абдырап тұрғанымда дәл желке тұсымнан бір оқ зұйылдап ұшып келе жатыр екен. Ойланып тұратын уақыт жоқ. Оқтың желкесінен шап беріп ұстадым да қарғып міндім. Жарықтықтың жайлысын-ай, зуылдап ұшқан беті өзеннің арғы бетіндегі партизандар арасына жетіп барды. Бірнеше серігім мені күтіп тұр еке. Оқтың үстінен жұлып алды. Оқ сол ұшқан беті үлкен қарағайды құлата барып тоқтады.

 

ҰЙҚЫШЫ БҰҒЫ

Ата-бабамыз төрт түліктің жайын ойлап судың тұнығы, шөптің шүйгінін қуалап, көшіп-қонып жүрген екен. Мен де жасымнан қойшы таяғын алып, малдың жайын біліп өстім. Мал бағып жүріп таудағы түз хайуандарының да сырын әбден біліп қалған едім.

Бір жылы Жасыл көл деген жерді қыстадық. Ол жерді бұғы көп болушы еді. «Бұғының еті дәмді болады», – деп үлкендер көп айтатын. Бірақ төрт аяқты жануар екі аяқты адамға ұстата қойсын ба? Бұғыларды көрген сайын мысым құрып жүрген еді.

Сары аяз сақылдап, қара суық бүріп тұрған бір күні таңертеңң ерте қорадағы қойды өріске шығарайын деп үйден шыға келсем, есік алдында бір марал тайыншасымен «қалш, қалш» етіп, үйді ықтап, желден паналап тұр екен. Көңілімне бір құлық сап ете түсті. Қайырылып үйге кірдім де, қара мешке толтырып қиды қалап, от тұтатып, есікті ашып тастап, қойды өргізіп, алысқа кеттім.

Қайтып келсем, байқұс жануар, ыстық мештің түбінде тайыншасымен балбырап ұйықтап кеткен екен. Үлкендер: «Ұйқы өлгенмен тең» деуші еді. Сары кездікті суырып алып, «маралды тайыншасымен бірге сойып алсам ба» деп ойладым да. Жаным ашып кетті де ақырын түртіп едім орындарынан қарғып, қарғып тұрдыда біреудің үйіне рұқсатсыз кіргеніне ұялдыма екі беті қып-қызыл болып, есіктен шығып жүре берді.

Көктем шыға бір күні далаға шықсам есіктің алдына бұғының мүйізі тау болып үйіліп жатыр. Сөйтсем әлгі бұғы маған деген ризашылығын осылай көрсетіпті. Сол мүйіздерде он жыл сатып, соңғысын кеше ғана бітірдім.

 

ЖАЛҚАУ БӨДЕНЕ

«Тары – астың атасы» деп тегін айтылмаса керек. Бала шақта әжеміздің сүтке бықтырып берген, жылқының қазысына жаншып беретін тарының дәмі әлі күнге тілімнің ұшында тұрады. Бір жылы Өрікті арал деген жерде тары егіп, жайлауға көштік. Тамыз айының сәтті бір күні тарыны жинап алу үшін қыстауға келдік.

Күн батып, қараңғылық түскен шақ еді. Атымды үйдің жанына арқандап қойдым да, шай қайнатайын деп үйдің айналасынан тезек тере бастадым. Әкелген тезегімді пешке қалап қойдым да от тұтатқаным сол еді. Әлгі теріп әкелген тезегім пыр-пыр етіп ұша бастады. Сөйтсем, тезек деп теріп әкелгенімнің бәрі бөдене екен.

Ертесі тұрсам арқандап қойған атым орнында жоқ. Тау-тасты кезіп, бір жеті іздеп таба алмадық. Сонымен аң-құс жеп кетккен шығар деп үмітіміз үзіліп, тарыны оруға кірістік.

Сол жылы тары да керемет шыққан екен. Оруға орақ шыдамай, балтамен бұтақтап шабуға тұра келді. Міне, қызық, тары еккен алаптың ортасына барғанда бітік өскен тарыға қамалып, шыға алмай жүрген атымды кездестірдім. Бір жеті тары жеп, әбден семірген жануарды үш күн, үш түн дегенде әудем жердегі үйге әзер жеткіздім.

 

СИҚЫРЛЫ КӨЗ ӘЙНЕК

Ежелден достықты қадірлеп өткен халықпыз ғой. Өзіміз аш қалсақ та досымызды тойдырып, жалаңаш қалсақ та соны киіндіретін кеңпейілділігіміз бар. Бір досым үйге іздеп келіп, қызыл күрең шайды сіміре отырып, бүйімтайын айтты:

– Сусеке, үйдің шатырын жабуға қамыс керек болып тұр. Көмектесіп жібересіз бе, – деді.

Мен келісісімімді бердім.

Ауылдың терістік жағында Саз деп аталатын қамысы бітік өсетін жер бар еді. Ертесі өгізімді ерттеп мініп, сол маңға бардым. Сол жылы жауын көп жауып, қамыстар өте ұсақ болып өсіпті. Ірі қамыс іздеп екі күн сенделсем де таба алмадым. Амалсыз екі құшақ қамысты орып алып, досымның үйіне қарай беттеп келемін.

«Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді» демейдей, қамыстың ұсақ болып қалғанына намыстанып келемін. Сол кезде ойыма бір құлық кіре қалды. Кішкентай затты үлкен етіп көрсететін көз әйнегім бар еді. Көзіме тағып қарап едім, әлгі ұсақ қамыстар бадырайып, бадырайып көрінді. Қуанып кеттім. Өгізімді қамшылап досымның үйіне келдім.

Менің келгенімді көріп, досым:

  • Келдің бе, төрлет, қамыс келді ме? – деп бәйек болып жүр.
  • Әкелген қамысыңды көрейік, – деп далаға беттедік.
  • Далада жел соғып тұр, мына көз әйнекті киіп ал, – деп көз әйнекті досыма кидіріп қойдым.

Досым қамысты көріп қуанып қалды.

  • Пай, пай Сүсеке-ай, мен бір ай іздеп мынадай үлкен қамыстарды таба алмап едім, сен қайдан таптың, – деп арқамнан қағып-қағып қалды.

 

ҚЫМЫЗДЫҢ КҮШІ

– Жайлау, шіркін, жанның рақаты ғой, – деп бастады Сусекең әңгімесін, – Балақтарыңды шаңға малып жүрген сендер не білесіңдер? Тай шаптыру, құнан жарыс, бәйге, көкпар тарту, қыдырып қымыз ішу, сал-серілік, қайсы бірін айтып бітесің.

Бір жылы жайлауда малды өріске жіберіп қойып, қыдырып қымыз ішіп жүргенбіз. Қатар-қатар тігілген қалың ақбоз үйдің біреуіне сау етіп кіріп келдік. Үй иесі де молқор адам екен. Барын алдымызға салып, жағалата қымыз ұсынып әлектеніп жүр. Бір уақытта ішіме қымыз жақпай қалды ма? Ішегім түйіп, асқазаным «Гүр» ете қалды. Аяқ астынан не болғанын білмей қалдық. Далада елдер шулап кетті.

Далаға шықсақ, көрші үйдегі әйел-бала-шаған бір-бір шөміш көтеріп:

  • «Сүт көп, көмір аз», – деп шұласып жүр.
  • Бұларың не қылық?, – деп сұрасам.
  • Сусеке, естімедіңіз бе? Күн күркіреді ғой. Биыл жаз бойы жаңбыр бір тамған жоқ. Жер кеуіп барады. Міне, бүгін күн күркіреді. Енді, жаңбыр жауатын шығар деп соған шөміш қағып, тілеу тілеп жатқанымыз ғой, – дейді жамырап.
  • Ой, ол күннің емес, менің ішімнің күркірегені ғой, – дедім қысылып.
  • Бәсе, аспанда теңгедей бұлт жоқ бұнысы қалай болғаны деп едік, – десіп бәрі тарап кетті.

«Сусарқанның іші гүрілдесе, жайлаудағы ел шөміш қағыпты» деген тәмсіз содан қалған еді.

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агентігі.

Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1727342

Жалғасы бар…

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz