Басы: https://qandas.kz/aspanny%d2%a3-biikteui-11125/
Бұл ғаламда Күн мен Жер жаратылған соң, екеуі бір-біріне ғашық болыпты. Күн сәулесіне Жер құмар, ал Жер көркіне Күн құмар болыпты. Бірақ құдіреті күшті ұлы Тәңірім бұл екеуінің қосылуына жол қоймапты. Сонымен екеуі бір-біріне қауыша алмай, миллион жылдар зарығумен өткізе беріпті.
Екеуінің бір-біріне ғашық болғаны сонша, сарытап болып сарғайып, біржола өлермен болыпты. Сонан соң екеуі құдіреттен біржола жоғалтып жібермеуін өтініпті де, мұңның жасы көздерінен селдей жосылыпты. Бұларды көріп, мейірі түскен ұлы Тәңір:
– Екеуің бір-біріңе ғашық едің, солай болса да бір-біріңе қосыла алмайсыңдар. Бірақ бір-біріңе деген мейір-сүйіспеншіліктерің сөзсіз қосылады. Сөйтіп, дүниеде жасайсыңдар. Мен жаратқан бұл ғаламда қуаныш пен мұң егіз жаралды. Күн мен түн, қыс пен жаз, жақсы мен жаманды да егіз жараттым.
Себебі бұл егіз екі құбылыстың бірінсіз бірінің қадір-құрметі де болмақ емес, – депті.
Осыдан кейін Күн мен түн, қыс пен жаз алмасып тұратын болыпты. Жер Күннің мейір-шапағатын қабылдап, өз ұрпақтарын өсіріпті. Ал Күн қыс болса, Жерді ақ мамыққа орап, жаз болса, бір көзінен сәуле және бір көзінен тұнық жасын жер бетіне сеуіп тұрыпты. Ол көз жасы жер бетіне жаңбыр болып жауыпты. Жыл сайын жер құлпырып, жап-жасыл түске бөленіп, қаулап ағаш пен өсімдіктер өсіп, сансыз жан-жануарлар мекендеп, аспанды алуан құстар әнге бөлеп, жер сәніне келіп, кемелденіп тұратын болыпты.
Дереккөз : «Күнес ауданының аңыз-ертегілері». 1991 жыл. Ішкі таралым. Іле халық баспасы.
«Q-Andas» ақпарат агенттігі.
Жалғасы бар…
СОЛНЦЕ И ЗЕМЛЯ
После того как в этой вселенной были сотворены Солнце и Земля, они полюбили друг друга. Земля была очарована солнечным светом, а Солнце – красотой Земли. Однако всемогущий великий Тенгри не позволил им соединиться. Так они не могли встретиться друг с другом и миллионы лет провели в тоске.
Их любовь друг к другу была настолько сильной, что они пожелтели от печали и оказались на грани гибели. Тогда они попросили Всевышнего не дать им исчезнуть навсегда, и слёзы скорби хлынули из их глаз потоками. Увидев их, великий Тенгри сжалился и сказал:
– Вы любите друг друга, но, несмотря на это, не сможете соединиться. Однако ваши милосердие и любовь друг к другу непременно соединятся. Так вы и будете существовать в этом мире. В созданной мною вселенной радость и печаль рождены близнецами. День и ночь, зиму и лето, добро и зло я также сотворил парами.
Ведь без одного из этих двух явлений невозможно понять ценность и достоинство другого, – сказал он.
С тех пор день и ночь, зима и лето стали сменять друг друга. Земля, принимая милость и благодать Солнца, стала растить своих потомков. А Солнце зимой укутывало Землю белым пуховым покрывалом, а летом одним глазом посылало свет, другим – проливало на землю чистые слёзы. Эти слёзы выпадали на землю дождём. Каждый год Земля расцветала, покрывалась яркой зеленью, на ней буйно росли деревья и растения, обитали бесчисленные животные, а множество птиц наполняло небо песнями. Так Земля становилась всё прекраснее и достигала совершенства.
Источник: «Легенды и сказки уезда Кюнес». 1991 год. Внутренний тираж. Народное издательство Или.
Информационное агентство «Q-Andas».
(Продолжение следует…)
THE SUN AND THE EARTH
After the Sun and the Earth were created in this universe, they fell in love with each other. The Earth longed for the Sun’s light, while the Sun admired the beauty of the Earth. However, the almighty and great Tengri did not allow them to unite. Thus, unable to meet each other, they spent millions of years longing for one another.
Their love was so strong that they grew pale with sorrow and came close to perishing. Then they pleaded with the Almighty not to let them disappear forever, and tears of grief streamed from their eyes like a flood. Seeing them, the great Tengri took pity on them and said:
– You love each other, but even so, you cannot unite. Yet your compassion and love for one another will certainly come together. In this way, you will continue to exist in the world. In the universe I created, joy and sorrow were born as twins. I also created day and night, winter and summer, good and evil in pairs.
For without one of these two opposing phenomena, the worth and value of the other could not be understood, – he said.
From that time onward, day and night, winter and summer began to alternate. The Earth received the Sun’s mercy and grace and raised her offspring. In winter, the Sun wrapped the Earth in a white, soft blanket, while in summer it cast light from one eye and shed pure tears from the other upon the surface of the Earth. Those tears fell upon the Earth as rain. Every year, the Earth blossomed and became covered in lush greenery. Trees and plants grew abundantly, countless animals made their homes upon it, and many kinds of birds filled the sky with song. Thus, the Earth became beautiful and reached perfection.
Source: “Legends and Folktales of Künes County”. 1991. Internal publication. Ili People’s Publishing House.
Information Agency “Q-Andas”.
(To be continued…)











