Басы: https://qandas.kz/k%d2%afn-men-zher-11170/
Жарық пен қараңғылық мәңгілік қайталанады екен.
Бір кезде жер дүние кемеліне келіп, кенеріне толықсып тұрыпты. Осы кезде жер дүниені перизат пен адамзат мекендепті. Перизаттар өнерге жетісіп, адамзатты сайқымазақ етуді қоймапты. Олар: «Жер-дүниені Құдайсыз-ақ өзіміз жаратып аламыз», – деп көпіртіпті.
Бұл күпірлікті естіген Тәңір қаһарына мініп, бар тірлікті бір тарының қауызына сыйғызыпты да, жер дүниені қараңғылық басыпты. Ақыр заман топан су қаптап, қараңғылық бүркепті, жер дүниенің осы қараңғы қапаста қанша уақыт тұрғанын бір Құдайдың өзі біліпті.
Бір мезгілдер болғанда, Тәңір қайтадан жарық әлем жаратпақ, қайта бір тіршілік дүниесін жасамақ болып, қараңғылық бүркеген күнге: «Сілкін!» – деп әмір беріпті.
Тәңірдің кереметімен күн қатты сілкінгенде қара құрсаулар күл-талқан болып, парша-паршасы шығып кетіпті де, олардың арасынан күн шұғыла шашып, жарқырап шыға келіпті. Әлгі шашыраған қара құрсаулар талқандалып, ұшқындап, аспан әлеміне шашырап, шашылып кетіпті де, жамырай орын алып, ақырғы сансыздаған жұлдыздар дүниесін құрапты. Сол шашыранды дүниелер түнде жұлдыз болып жымыңдап тұратын болыпты.
Айтып беруші: Мейірім Жабайұлы
Жазып алушы: Әлімсейіт Ұлдақанұлы
Дереккөз : «Күнес ауданының аңыз-ертегілері». 1991 жыл. Ішкі таралым. Іле халық баспасы.
«Q-Andas» ақпарат агенттігі.
Жалғасы бар…
СОЛНЦЕ И ЗВЁЗДЫ
Говорят, что свет и тьма вечно сменяют друг друга.
Когда-то земной мир достиг совершенства и был наполнен жизнью. В то время землю населяли пери и люди. Пери достигли большого мастерства, но не переставали насмехаться над людьми. Они хвастливо говорили:
– “Мы и без Бога сами создадим земной мир”.
Услышав это богохульство, Тенгри разгневался, поместил всё живое в оболочку одного просяного зёрнышка, и земной мир погрузился во тьму. Настал конец света: всё затопил потоп и окутала тьма. Только одному Богу известно, сколько времени земной мир находился в этом мрачном заточении.
Спустя некоторое время Тенгри решил вновь сотворить светлый мир и создать новую жизнь. Он повелел солнцу, скрытому тьмой:
– “Встряхнись!”
По воле Тенгри солнце сильно встряхнулось, и чёрные оковы разбились вдребезги. Из их среды появилось солнце, озарившее всё вокруг своим сиянием. Осколки чёрных оков разлетелись, рассыпались искрами по небесному пространству и, заняв свои места, образовали бесчисленный мир звёзд. С тех пор эти рассеянные частицы по ночам мерцают на небе звёздами.
Рассказчик: Мейирим Жабайулы
Записал: Алимсейит Улдаканулы
Источник: «Легенды и сказки уезда Кюнес». 1991 год. Внутренний тираж. Народное издательство Или.
Информационное агентство «Q-Andas».
(Продолжение следует…)
THE SUN AND THE STARS
It is said that light and darkness eternally follow one another.
Once, the earthly world reached perfection and was filled with life. At that time, the world was inhabited by fairies and human beings. The fairies became highly skilled in the arts, yet they never stopped mocking humankind. They boasted:
– “We can create the earthly world ourselves, even without God.”
When Tengri heard this blasphemy, He became enraged. He placed every living thing inside the husk of a single millet grain, and darkness covered the earthly world. The end of the world came: a great flood engulfed everything, and darkness enveloped the land. Only God knows how long the earthly world remained in that dark confinement.
After some time, Tengri decided to create a world of light once again and bring a new realm of life into being. He commanded the sun, which was covered in darkness:
– “Shake yourself!”
By the miracle of Tengri, the sun shook with great force, and the black chains shattered into countless pieces. From among them, the sun emerged, shining brightly and spreading its rays. The fragments of the black chains broke apart, sparked, and scattered across the heavens. Taking their places throughout the sky, they formed the countless world of stars. Since then, those scattered fragments have twinkled as stars in the night sky.
Narrated by: Meyirim Zhabayuly
Recorded by: Alimseyit Uldakanuly
Source: “Legends and Folktales of Künes County”. 1991. Internal publication. Ili People’s Publishing House.
Information Agency “Q-Andas”.
(To be continued…)
«Q-Andas» ақпарат агенттігі











