Кешке Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы, халықаралық «Алаш» әдеьи сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін, жазушы Наурыз Қылышбай және саланың ардагер мамандары қатысты. Сахна төрінде үздік қызметкерлер марапатталып, Д. Рақышев атындағы филармония әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.
Кітапханашылар күні – тек кәсіби мейрам емес, руханият пен білімге деген құрметтің мерекесі. Қоғамдық сана өзгеріп, цифрлық дәуір күшейсе де, кітапханашы – адам мен ақпарат арасындағы дәнекер, ұлт жадының сақшысы болып қала береді.
Осындай шаралар кітапқа деген құрметті арттырып қана қоймай, мәдениет қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, жастарды оқу мәдениетіне баулуға серпін береді.
Qandas.kz пікірі:
Бүгінгі кітапханашы – архив пен шаң басқан кітап емес, ақпараттың бағыттаушысы, қоғамның мәдени кодын сақтаушы тұлға. Талдықорғандағы бұл шара – аймақтың рухани тынысын сезіндірген, еңбегі еленбей жүрген жандарға құрметтің нақты көрінісі болды.
Талдықорған қаласы.
Qandas.kz үшін арнайы материал
Мақаласын жазған:Ләззат Мұхамеджан
Сурет және бейне материалды түсірген Наргиз Ибраймова.











