СЫМАҒҰЛ:
Бәтеш-ау, сыртың сұлу алқызыл гүл,
Бақшада сайрап жүрген сен бір бұлбұл.
Көрген соң көңілім ауып отыр қалқам,
Аржағын айтқызбай-ақ енді өзің біл.
Қолға алдым домбырамды бұрайын деп,
Айтарымды ой мен теріп құрайын деп.
Айыпқа бұйырмаңыз Бәтеш сұлу.
Отырмын бір нарсеңді сұрайын деп.
БӘТЕШ:
Сымеке атың шыққан сен бір бала,
Жасыңнан өлең-жырға болдың дана.
Жанымау сенен аяп не қыламын.
Кәнеки мақсатыңды айтып қара.
СЫМАҒҰЛ:
Бәтеш жан мен білемін ақылыңды,
Өлең-жырға бір табан жақыныңды.
Өзің айт деп жұмсаған соң аянбаспын,
Сұрағалы отырмын тақымыңды.
БӘТЕШ:
Сымеке, бастырмаңыз тақымыңды,
Сөзіңнің бет-бейнесі аңғарылды.
Шркін-ау, тақым деген не деген сөз,
Сұрағалы отырмысың дамбалымды.
СЫМАҒҰЛ:
Бойынан Көкбектіні көбелейін,
Қос аттап артыңнан жебелейін.
Тақымыңа Нұрсалымды байып қойып,
Артынан қос қоржынмен төпелейін.
БӘТЕШ:
Сымеке, қойсаңыңшы соныңызды,
Білеміз өлеңге шын молыңызды.
Сендей жанға титтей де берілмейді,
Жетпес іске созбаңыз қолыңызды.
СЫМАҒҰЛ:
Сымекең, иелеп кембайлап жүр ғой,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрап жүр ғой.
Сенікінің берілмейтін неменесі бар,
Атікең баяғыдан айдап жүр ғой.
БӘТЕШ:
Сымеке, қоймадыңыз ерігіме,
Шын шырқасам келмейсің шерігіме.
Бәтештен садаға кет, ей Смағұл,
Тіл тигізбе құдай қосқан серігіме.
СЫМАҒҰЛ:
Қызыл тіл сөйлегенде қорынбасаң,
Ән тартып алуан түрлі жалындасам.
Еш адамнан көңілім қалмап еді,
Бәтеш жан айтқанымды орындасаң.
БӘТЕШ:
Жақы ғой ақынды ақын састырмаған,
Жүрегіңе өлең сыймай тасқындаған.
О жағын сұрап, Сымағұл, не қыласың,
Маңайымды ешкімге бастырмағам.
СЫМАҒҰЛ:
Кедейдің сараңдықпен түбі бірге,
Сен мені дәл осылай түңілдірме.
Тулағыңды көтеріп сонша мақтап,
Нұрсалыммен шығарсың бірме-бырге
Жоғарыдағы айтыстарды айтып берген Тілеуқабыл Әлілғазыұлы, жазып алған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ
Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.]. https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі











