Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Қыз бен жігіттің айтысы

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Қыз бен жігіттің айтысы

ЖІГІТ:

 

  • Ақынның жолықсам деп сарасына,

Қиырдан келіп едім мен асыға.

Өлеңнің кең өрісін кезейікші,

Іргелі еліміздің арқасында.

 

ҚЫЗ:

 

  • Өлеңді баста десең басы былай,

Мені аңсап келіпсің-ау асылым-ай.

Алдымен амандасып таныспаған,

Қайтейін құдакеңнің жасығын-ай.

 

ЖІГІТ:

 

  • Алдыға тәтті дәм боп тартылатын,

Жебедей көмекейден атылатын.

Өлеңді айта отырып танысармыз,

Құдаша жөнің жоққой асығатын.

 

ҚЫЗ:

 

  • Өлеңді баста десе бастағаным,

Жөн болмас сыр сандығын ашпағаным.

Көңілімді желпіндірсең ақын құда,

Шығандап көтерілер асқақ әнім.

 

Құда еке қарақат көз қиылған қас,

Домалар елді ойласам көзімнен жас.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Аман ба ауыл-аймақ, тау менен тас.

 

ЖІГІТ:

 

  • Келгенде сөз кезегі тартынбаған,

Ақынмын даусым көкке саңқылдаған.

Жақынға қуанышын жария еткен,

Көзіңнен айналайын жарқылдаған.

 

ҚЫЗ:

 

  • Айта түс ақын құрбым, өлеңіңді,

Көрсетіп топ алдында өнеріңді.

Жан болсаң жақын көріп жай білетін,

Табасың өлеңіңнен керегіңді.

 

ЖІГІТ:

 

  • Сау тұрғанда басыңда заманың бар,

Таң нұрындай жайнаған ажарың бар.

Ондай болса өлеңмен ықылас бер,

Өлеңнің шыңына өрлер талабым бар.

 

ҚЫЗ:

 

  • Талап қылып еліне өнер шашқан,

Ақыл жастан емес пе, асыл тастан.

Үстем болсын мерейің, ақын құда,

Сәтті болсын талабың өрге басқан.

 

ЖІГІТ:

 

  • Өлеңдерің Іледей ағындаған,

Жан екенсің жаманға табылмаған.

Сөзің сөзге тұтанып, ұшқын атқан,

Жанарыңнан айналдым жалындаған.

 

ҚЫЗ:

 

  • Өлеңіңіз ұнады ақын аға,

Нағыз бір жан боларсыз бара-бара.

Болсам деймін өзімше мен де Сара,

Оза шауып жүлде алған жеке дара.

 

ЖІГІТ:

 

  • Жас күнімнен өлеңге қойдым қадам,

Ескі досын ұмытар кейбір адам.

Бір сөзім бар сақтаған айтар едім,

Болмағанда қасыңда бөтен адам.

 

ҚЫЗ:

 

  • Мен де өзіңдей өлеңге құрдым дүкен,

Бөрі жортар қой аңдып бөкең-бөкең.

Бұйымтайың бар болса оңаша айтар,

Түнде кел де түйе боп үйге сүйкен.

 

ЖІГІТ:

 

  • Түнде ұйқымды сен үшін бөлемін де,

Торшаменен түн қатып желемін де.

Түйе түгіл боздаған бота болып,

Табылармын қасыңнан керегінде.

ҚЫЗ:

 

  • Айта салсам желп еттің келемін деп,

Қару қылып айтқан бір өлеңің жоқ.

Мен үшін бота болып боздамашы,

Келмей-ақ қой қасыма керегің жоқ.

 

ЖІГІТ:

 

  • Келеді қыздар суға шелек алып,

Ойнайды суда балық белең алып.

Өзіңмен оңашада кездесер ем,

Тілекті тағдыр біздің бере салып.

 

ҚЫЗ:

 

  • Барады қыздар суға шелек алып,

Ойнайды суда балық белең алып.

Қауқарың біздей қызға жете ала ма,

Қасыңа келмесең бір көмек алып.

 

ЖІГІТ:

 

  • Ендеше шыбар туша, шыбар туша,

Көрінер қыздар сұлу белін буса.

Алдына есігіңнің су төгіп қой,

Жығылсын әкең тайып мені қуса.

 

ҚЫЗ:

 

  • Етеді арба жолда салдыр-сұлдыр,

Жүзіп-ақ көл үстінде үйрек қалғыр.

Сен менен не сиқыңмен дәметесің,

Ит тұмсық, бұқа жауырын адыра қалғыр.

 

ЖІГІТ:

 

  • Сені мен жұмсақ десем сірі екенсің,

Шық бермес Шығайбайдың бірі екенсің.

Өлді деп Қарынбайды естуші едік,

Орнына өзің тірі жүр екенсің.

 

ҚЫЗ:

 

  • Үстімде ақ көйлегім ноқаланған,

Жүрмейді сай жолымен жоталаған.

Өнерің, өнеріме сай келмесе,

Төр түгіл сығалатпан босағадан.

 

ЖІГІТ:

 

  • Құдаша өзің қандай, сөзің қандай,

Базардан алып келген бөзің қандай.

Қалыпты қайран назым бұраң тартып,

Алуға бір түзетіп тезің қандай?

 

ҚЫЗ:

 

  • Қаптаған жол бойы ну қара ағашты,

Біздің көш сіздің көшпен араласты.

Айтпасаң арызыңды кемпірлерге,

Бұрауың қыз тезіне жарамасты.

 

ЖІГІТ:

 

  • Сенімен айтыспаймын тоның жаман,

Секілді қарға тұяқ тоның жаман.

Өзіңді күтіп құрбың таза жүрмей,

Неңді алған жігіттерге қырындаған.

 

ҚЫЗ:

 

  • Айналайын жаратқан несібе бер,

Тозаң отын су сеуіп өшіре көр.

Жастық кезде албырттық болады екен,

Ойнап, күлген жайымды кешіре гөр.

 

ЖІГІТ:

 

–  Құдаша сәлемет пе қалың қалай,

Аман ба ауыл-аймақ бәрің қандай.

Ақын деп сыртыңыздан құмар едім,

Жігерің кеудеңдегі жалын қандай?

 

ҚЫЗ:

 

  • Құдеке, жүрдіңіз бе сау-саламат,

Аман ба жұрағат-жегжат бар жамағат.

Меніңдағы сыртыңнан естуім бар,

Айтысуға жүруші ем қылмай тағат.

 

ЖІГІТ:

 

  • Жүрегім қуанады сені десем,

Ешкімге кеткені жоқ сөзден есем.

Өлеңмен өнерімді көрсетейін,

Сіз мұнда бар екенсіз іздеп келсем.

 

ҚЫЗ:

 

  • Жүрегім сіз дегенде ала қашқан,

Талаймен мен де топта жағаласқам.

Сайысып талай-талай ақындармен,

Жерім жоқ күні бүгін жаза басқан.

 

ЖІГІТ:

  • Қанеки сынасын жұрт сөзімізді,

Құдайым келтіріпті кезімізді.

Несіне жігітпін деп айта аламын,

Бұл тойда жеңе алмасам өзіңізді.

 

ҚЫЗ:

 

  • Келіпсің әдейі іздеп арғы жақтан,

Ат жүйрік деген сөз бар жалғыз шапқан.

Өзіңмен кезім келмей жүруші еді,

Кезіктім, құда бала, енді сақтан.

 

ЖІГІТ:

 

  • Іліндің ей, құдаша, шеңгеліме,

Нақ түстім үстіңізден келгеніме.

Қанеки бекем байла беліңізді,

Талайлар қалып жүрген желгенімде.

 

ҚЫЗ:

 

  • Құдеке сөзің қиын көрінеді,

Көңілім саған қарай бөлінеді.

Айтысып бүгін сізбен сайыспасам,

Ақын деп айта ма жұрт тегі мені.

 

ЖІГІТ:

 

  • Жарайды құдашаның жауабын көр,

Айтысып сыналатын осы бір жер.

Жарысып сіз сияқты сан жүйрікпен,

Болған жоқ күні бүгін еш арам тер.

 

ҚЫЗ:

 

  • Байқасам көрінеді сөзің қиын,

Жақсының кім жек көрсін берген сыйын.

Жарысып талай топта сан адаммен,

Көргем жоқ зиян тартып, жалғыз тиын.

 

ЖІГІТ:

 

  • Байқасам жан екенсіз тиын қуған,

Жол алмай қалғаным жоқ ұлы дудан.

Жарысқан талай-талай саңлақтармен,

Майданда өнеріммен тілін буғам.

 

ҚЫЗ:

 

  • Байқасам жан емессің қарапайым,

Менің де атым мағлұм елге жайым.

Сан жігіт шаңыма да ілеспеген,

Жаңылып отырмасам жазатайым.

 

ЖІГІТ:

 

  • Кезіктім өзіңменен әрең зорға,

Мінеки, түстім дей бер біздің торға.

Еркіміз қалай айтсақ екеуміздің,

Жұрт сынар екендігін кімдер жорға.

 

ҚЫЗ:

 

  • Болар деп ойламаймын сізден қауіп,

Құдеке жүрдің бұрын жеке шауып.

Жеңбесем бүгін сізді жібермеймін,

Кездестім зар боп жүріп әрең ауып.

 

ЖІГІТ:

 

  • Өзіңмен кезім келді тамашада,

Белгілі сөз ырғағын қараса да.

Кім мықты, кім осалын жұрт сынасын,

Сөйлесіп отырғам жоқ оңашада.

 

ҚЫЗ:

 

  • Құдеке, байқағанға сөзің мықты,

Көтерер жан екенсің ауыр жүкті.

Толамын жұрт сынына қайтсемдағы,

Әйтеуір жеңілмеймін сізден тіпті.

 

ЖІГІТ:

 

  • Құдаша демеймін мен ақылым кем,

Сөйлесер сеніменен терезем тең.

Өзіңді өзің мақтама ел мақтасын,

Ел алдында сыпайы болғаның жөн.

ҚЫЗ:

 

  • Көрерсіз сізден озып аттамасам,

Бола ма ел қадірін сақтамасам.

Ел-жұртым қастерлеп ақын дейді,

Бола ма ел үмітін ақтамасам.

 

ЖІГІТ:

 

  • Мақтансаң ел қадірін біле алмайсың,

Сөзіме менің неге тіл алмайсың.

Қаншалық шоршығанмен ақ шабақтай,

Құдаңыз салған аудан шыға алмайсың.

 

ҚЫЗ:

 

  • Құдеке, сала алмайсың аумен құрық,

Қалай десем жүретін өзімде ұқ.

Ілініп көргемін жоқ еш нәрсеге,

Тазамын сүттен аппақ, судан тұнық.

 

ЖІГІТ:

 

  • Секем алма, құдаша, бөтен сөз жоқ,

Жақсы ісіне әркімнің көңілі тоқ.

Ешбір қауіп-қатерге ілінбейсің,

Не қылады жел сөзбен тигізген оқ.

 

ҚЫЗ:

 

  • Жел сөзбенен көңілді қандырайын,

Ақтығыма өзімнің нандырайын.

Махаббаттың жалыны осы емес пе?

Жүрегіңді деп едім жандырайын.

 

ЖІГІТ:

 

  • Ісіне бұл жалғанның кім нанады,

Кейбіреу дұрыс айтсаң тұлданады.

Өтірік айтқанменен құры бекер,

Тегіне маған әйтеуір шын жағады.

 

ҚЫЗ:

 

  • Құдеке, сөзіңізге қосыламын,

Несіне бұл сөзіңе тосыламын.

Шынға сен өтірік сөз қала берсін,

Шындыққа жанасады осы жағың.

 

ЖІГІТ:

 

  • Құдаша енді келдің дұрысыңа,

Қосайын көмегімді жұмысыңа.

Сөзімнің негізін ұқ, артын байқа,

Ешнәрсе іле алмайсыз уысыңа.

 

ҚЫЗ:

 

  • Айтыстық осы тойда екеуара,

Құдеке, кейбір сөзге көңіл жара.

Сен мені жеңе алмайсың еш уақытта,

Іздеп тұр құдашаңды болса шара.

ЖІГІТ:

 

  • Мені жеңсең бәйгеге өзіңді ал,

Үш қайтара қалың мал қолқаңды сал.

Жеңе алмасаң, құдаша, сен қайтесің,

Жөнің келді осыған уағда қылар.

 

ҚЫЗ:

 

–  Уағдаңа мықты бол құда бала,

Оқыс істер болады болса шала.

Көп алдында екеуміз уағдаластық,

Қалған жәйді өзің де байқап қара.

 

ЖІГІТ:

 

  • Бара жатыр жауабың бейімделіп,

Ұғысармыз ендеше кейін келіп.

Осы болса уағдаң тездетейік,

Өмір өтіп барады аттай желіп.

 

ҚЫЗ:

 

  • Махаббаттың белгісі әзілдескен,

Барлық адам біздей боп жастан өскен.

Өзіңменен әріптес боп отырмын,

Осы болсын уағдаңыз құдай дескен.

 

ЖІГІТ:

 

  • Шықтым озып мен сізбен жарысқанда,

Қуанып ем өзіңмен танысқанда.

Құдайды айтып ендеше уағдаластық,

Мына отырған көп қауым, қалыс барда.

 

ҚЫЗ:

 

  • Басқа сөзді біз теріп қуыспалық,

Бір-бірімізді алдық қой дұрыс танып.

Топ ішінде серттестік айдан-ашық,

Енді екеуміз қағыспай жуықтайық.

 

ЖІГІТ:

 

  • Ал, қалқатай, ендеше мен де дайын,

Жаман екенсің білетін істің жайын.

Дәл осындай тілегің болса сен де,

Шын жүректен беріліп қосылайын.

 

 

Жоғарыдағы айтысты Тілеуқабыл Әлілғазыұлынан жазып алып, сақтаған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 180
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz