Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Қазақ жалқау халық па?

admin
2026/08/31
Қажет ақпарат
0
Қазақ жалқау халық па?

Тәубе, тәуелсіздік алдық. Жалқаулықтан құтылып, жайлы тірлік кешетін орай келді. Осы ретте, мемлекет құрушысы қазақ ұлтының өкілдері дарынымен, іскерлік-икемділігімен танылуы керек еді. Жағдай басқаша болып тұр. Қала мен далада жұмыссыз қазақ жетерлік. Әрине, байлыққа белшесінен батып жүргендер жоқ дей алмаймыз. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әлемдегі байлардың қатарын толықтырған қазақстандықтардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны шындық. Ал, қазақ неге жұмыссыз? Осы сауал төңірегінде талай білікті жандармен пікір бөлістім. Олардың айтқан уәждерін тізіп берудің қажеті жоқ шығар, бәрі «қазақ жалқау, сондықтан жұмыссыз» дегеннен арыға бармайды.

Қазақ жалқау ма? Мен бұл пікірге келіспеймін. Басқасын айтпағанның өзінде қазақтың қолынан іс келмейтін болса, Римді жаулап, кешегі Тәжмахалды, бүгінгі Астананы салмас еді. «Алма піс, аузыма түс» деп отыра беретін берекесіз болса, осыншама ұлан-ғайыр өлкеге иелік ете алмас еді. Басқалардың айдауына көніп, барына қанағат ететін бейғам болса, қытайға қорған соқтырып, іргесі сөгілмейтіндей болған империяны тас-талқан етіп (16-желтоқсанды айтам), тәуелсіздік ала алмас еді. Тексіз болса Төле, Қазыбек, Әйтекені тудырмас еді. Көркемдікке құштар болмаса, әжелер Қызжібек пен Төлегеннің жырын  немересіне жаттатпас еді… Қысқасы, бұдан шығатын қорытынды  – қазақ ешқашан жалқау болмаған. Оны қор қылған – бейбітшілік сүйгіш бейқам елге жасалған байлыққа құныққан безбүйректіктің барымтасы мен сайқал саясаттың кесірі. Жүрегін алып, жұлынына дейін жеткен қорқыныштың кесапаты. Бұл әлі де жалғасып келеді.

Ойымызды өрбітпес бұрын алдымен жалқаулықтың қазақ даласына қалай енгендігін зерделеп алайық. Жалқаулық қазаққа жоңғарды жоюмен бірге қона бастады. Жоңғар 1630 – 1760 жылдары аралығында өмір сүрген моңғол ақсүйектерінің шығыс Түркістанда құрған феодалдық мемлекеті. Оны мемлекет ретінде қарастырғаннан гөрі қытай мен орыстың орта Азияны жаулау мақсатында көтеріп шыққан қолшоқпарлары деген орынды. Міне, осы жоңғар басқыншылары 1640 жылдары қазақ даласына басып кірді. Осыдан бастап 100 жылға созылған қазақ-жоңғар қақтығысы басталды. Атақонысы өзіне бұйырмаған қазақ ұландары Қаратауды паналап жан сақтаса да, айналып келіп орыстың отқаруымен қаруланып,  қытайдың азық-түлігімен қамтамасыз етілген жоңғарды жермен жексен етті. Бұл қазақ даласына сілекейі шұбырып отырғандардың төбесіне жай түсірді. Керісінше,  қаншама қарашаңырақтың оты өшсе де, қазақ ұландары білекке келсе, мыңды жығатынын дәлелдеді. Бірақ осыдан кейін соғыстан қалжыраған халықты зымиян саясатымен алдай бастады. Мүмкін болса, жігерін жаншуды қарастырды. Бұл туралы жасалған талай жобаларды көзімізбен көрмесек те, сол елдердің шаң басқан архивтерінде жатқаны анық. Саудагер етіп, жансыздарын жіберді. Алыс-жақын шет елдерге қазақ баласын аттап бастырмады. Келісіліп істелген дипломатиялық қатынастар тек қана саясат жүзінде орындалып жатты да, шаруашылық пен техника жағына қатаң тыйым салынды. Мұның өзі отаршыл елдердің ұзақты көздеген саясаты екеніне бүгін көз жеткізіп отырмыз. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бір ғана мысал айта кетейік, қытайлықтармен сауда жасасқан Қабанбай батырдың адамдары тек қана жылқы өткізіп, жібек, шәй өнімдерін сатып алумен шектелген. Оны өндірудің техникасын үйренуге жол қойылмаған. Орыстар да осы тәсілді қолданғаны анық. Жоңғарға қару берген орыс пен жыл сайын өндіріс техникасын меңгерген мамандарын жоңғар жеріне жіберіп отырған қытайдың қазақтарға келгенде тарыла қалуы қазақ баласын ғылымнан жұрдай етіп, жалқаулыққа баулу емей не? Ол тұста екі империяның қыспағында қалған бабаларымыздың басқа жол табуы да мүмкін емес еді. Бұл қазақтың кінәсі емес, опасыз империялық жүйенің қылмысы. Сондай-ақ, тарихи дерек көздеріне сүйенсек, Кенесары көтерілісінен Амангелді көтерілісіне дейін 3 мыңға жуық Ұлт азаттық күресі болған екен. Бұл қазақтың тентектігін білдірмейді, қайта, ел мен жер үшін қалжырап жүрген бабалардың өнер мен ғылымға мән беретін уақыты болмағанын аңғартады. Соның салдары халқымызды «Барға қанағат, жоққа салауат ететін» бойкүйездікке тіреді. Бұл – бірінші себеп.

Бірақ қазақ бәрінен айырылса да, ақыл-парасатынан, ұлағатты ұландарынан ажырап қалған жоқ. Соның нәтижесінде, Ыбырай, Абай бастаған алғабасар перзенттері мен Алаш зиялыларын тудырды. Кезінде хакім Абай халқын мәдениетке шақырып, орысша үйреніп көкірегін оятса деп армандады. Онысы орысты ұлағатты дегендік емес, «Уды умен қайтару» қағидасына саяды. Тіпті, «Есектің артын жусаң да мал тап» деп тым болмаса, қалтасын қалыңдатса, жан-жағына барлап қарап, бағасын асырар деп үміттенді. Әрине, ол тұста ұлтты ұйытатын идеология болмағандықтан, Абай ақылиясын ағайынның терең түсіне алмағаны анық еді. Ал, осы Абай рухани арқау еткен Алаш орданың ақырғы тағдырын қазіргі ұрпақ анық біледі. Олар болымысты нақтылап, не істеу керектігін жұртқа түсіндіре алғанымен тағы да сайқал саясаттың құрбаны болып кете берді. Дерек көздеріне сүйенсек, патша үкіметінің 1989 жылғы санағында қазақтың саны 4 миллион 300 мың адам деп көрсетілсе, 1916 жылы Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш ордашылар қазақтың санын 6 миллионға тұрақтастырған(көпте болуы мүмкін). Бұл әлемдік аренада тәуелсіз ел болуға, тым болмағанда автономия құруға негіз болады деген сөз. Әлихан Бөкейхановтың күн көсеммен(Ленин) жолығып, автономия құруды талап етуіне  осы сан себеп болғаны анық. Өйткені, сол тұста саны мен салмақты идеологиясы жағынан да қазақ тәуелсіз елдің тізгінін ұстай алатын еді. Тағы бір жағынан, бұл сан Мұстафа Шоқайдың Түркістан қырғыздарының автономиясын құруына негіз қалады. Ағайынды қырғыз бен өз ағамыз, алашапанды өзбекті біріктірсе, Орталық Азияда тағы бір исламдық мемлекеттің іргесін қалауға мүмкіндік бар болатын.  Бірақ, бұл стратегия  қазақты жоюдың тактикасын күн тәртібіне шығарды. Мұны қазір Голощекиннің «Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген кербақпа байламына теліп жүрміз. Анықтап қарайтын болсақ, бұл қанішер Голошекиннің емес, Кремльдің саясаты екен-ау! Сол саясаттың салдарынан ақсүңке болған қазақ ауылдарын санап бере алмасақ та, 1939 жылға келгенде  қазақтың саны 2 миллион 800 мың адам болып жазылғанын анық білеміз. Ал, дүниежүзілік екінші соғыстан кейін бір жарым миллион болып қалыппыз. Дарвин: «Тіршілік бір клеткалыдан, көп клеткалыға қарай дамиды», –  десе, Маркс: «Сан үздіксіз өсе түседі де, сапа өзгерісіне әкеледі», – деп дәлелдейді, математика, физика, химия, биология, экономика, қайсыбір ғылымды айтсаңыз да, бәрі үздіксіз арту мен көбеюдің үстінде құрылады. Ал, қазақ баласы осы заңдылықтардың біріне де бағынбайтын сыңайлы. Бас-аяғы 40 жылда адам саны өсудің үстіне төрт есеге кеміген. Десе де, Хрущев пен Брежневтің дәуірінде қазақтың көзі біраз болса да ашылды. Мұны Кеңес саясатының жылымығынан деуге болмайды. Қазақтың бағына Дінмұхаммед Қонаевтың билікке келгендігінен. Басқасын айтпағанның өзінде, қойдың басын 50 миллионға жеткізем деген Қонаевтың бастамасы қазақ баласын техниканың басына апаруға жол ашты. Былайша айтқанда Қонаев мұны қазақты қойшы жасайын деп немесе қойдың санын молайтып, Мәскеудегілерге құйрық майын сорғызайын деп жасаған жоқ. Біріншіден, бөлшектеніп кеткелі тұрған қазақ жерінің бірлігін сақтап қалды. Әрине, қойдың басы 50 миллион болу үшін оны бағатын жер болуы керек қой. Оңтүстік өзбекке, солтүстік үлкен көршіге кетсе, қазақ малды қайда жаяды. Мәскеуді осылай иландырған ұлы тұлға жеріміздің бүтіндігін бекемдесе, енді бір жағынан, қазақтың әлеуметтік жағдайын жақсартып алды. Малшы ауылға жол барды, мектеп салынды, Мәдениет үйлері бой көтерді, инфрақұрылым жаңарды. Қаладағы өмірді, далаға орнатуға тұра келді. Санымыз да кәдімгідей өсіп қалды. Даланың қазағы техниканың тілін меңгере бастады. Ғылым мен білім саласында қанша дарын өсіп шықты. Қонаев міне, осылай отыз жылда қазақтың үш ғасыр бойы жіберген есесін түгендегенімен, бұл бұлқыныс қазақты жалқау деп қарайтын идеяны өзгертіп кете алмады. Тағы да сол көзтүрткі мен кемсітудің салқынын сезіп, іштей тынып жүре бердік. Әрине, осыдан жиырма жылдың алдында «Біз қаладан келдік», – деп мақтанатын қазақтың саны санаулы ғана болатын. Қызығына қараңыз, осыдан жеті-сегіз жылдың алдында Алматыға қонаққа барған бір әжеміз: «Мен, Алматы толған орыс па десем, қазақтар екен ғой», – деп таң-тамаша болыпты. Әрине, таңданатын жөні бар. Қазақты жалқау жасаған екінші себеп міне, осы. Былайша айтқанда, өз басының амандығына өзі иелік ете алмағандығы.

Жоғарыда қазақты жалқаулыққа баулыған тарихи себеп-салдарға хал-қадірімше тоқталып өттім. Жарайды ол тарихтың еншісінде қалды делік. Десе де, тарихтың қайталанатынын ескерсек, біз өзімізді өгейсіткен зорлықты емес, кердаланың төсінде дүбірлетіп жүрген күндерімізді қайта оралту үшін ойланатын кез жетті. Өткен ата-бабаларымыздың ерлігіне мақтануға тиіспіз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары азын-аулақ тиын-тебенімен жалғыз сөмкесін арқалап  Алматыға келген қазақтың жігіті бүгін банкир болып жайлы орындықта отыр. Хан сарайындай үй тұрғызып, алыс-жақын шет елдерде үлкен шаруа тындырып жүрген қаракөз қандасымыз қаншама!  Олар біреуді барымталаған жоқ, банк тонаған жоқ. Өз еңбегімен жол тапқан жандар. Қысқасы, қазақ жалқау емес. Әлемдегі ең төзімді әрі жағдайға бейімделгіш алғыр халық. Әрине бір кезде: «Сауданың ығын еврей мен өзбек біледі», «Көкөністі кәрістен артық ешкім өндіре алмайды», –деп имандай сеніп келгенбіз. Қазірше, Қытайдың бір газетінде: «Қазақтың саудагер азаматтары экономиканың қыры мен сырын меңгеріп алды. Енді біраз жылда, былайша айтқанда, 2030-жылы олар аяқ киімін алтыннан киетін болады», – деп жазғанындай, бизнесте әлемді таңғалдырғанымыз анық. Көкөністің  түр-түрін қазақ та өсіре алатынын сөрелерден-ақ көре аласың. Десе де, бүгінгі қазақ қоғамындағы жұмыссыздық мәселесіне көз жұма қараудан аулақпыз. Оған қазақтың жалқаулығы себеп болып тұрған жоқ. Қазақстан уран мен мұнайға бай ел бола тұра соның тізгінін шет елдіктер ұстап отыр. «Жат жарылқамайды», –  деп тегін айтылмаған. Олар қазақты жарылқайын деп отырған жоқ. Мүмкіндігінше қаракөздерімізді жұмыстан шеттетіп, өз мақсатын орындауға тырысуда. Оның сыртында, қазақты орысқа оңтайлы, қытайға жұмсақ, Еуропаға қолайлы жасағысы келетін саясаткерлер биліктің де, кәсіпкерлердің арасынан да табылады. Олар өз саясатын «Қазақ жалқау» деген желеумен жүргізіп келеді. Егер сауда заңдылығына сүйенсек, «Жүз адамның оны аларман, тоқсаны сатушы». Америкада да, Африка елінде де, тіпті, оңтүстік үйектеде солай. Сонда біз тоқсан адамды напақасынан айырып, он адамның мүддесін қорғап отырмыз деген сөз. Әлемдік сауда ұйымына кіруге дайын емеспіз деп даурығып жүргендер,  кедендік одақтың пайдасы мен зиянын енді сезінген сыңайлы. Мұнан шығатын қорытынды, Қазақстан халқынын 67 пайызын қазақ құрайтынын ескерсек, кімнің мүддесіне балта шауып отырғанымыз айтпаса да түсінікті. Бұл қазақты тағы да «жалқау» жасаудың ХХІ ғасырдағы тапқырлығы ма деп ойланып қаласың.

Әрине, қоғам болған соң, түрлі келеңсіздіктің етек алары анық. Америкада да жұмыссыздар өріп жүр. Алайда, оларды америкалықтар «жалқау» деп жар салмаймыз. Қытайлардың 80 пайызы кедейшілікте өмір сүреді,  сөйтсе де «қытай кедей» дегенді желеу етпейді. Бізде саяси ұстанымдарды есепке алмағанда, бір адамды жұмысқа алуға тура келсе «жалқау емес пе екен» деген күдіктен арыла алмаймыз. Қазақ байыса – «Жеп қойды ма екен» деп күмәнданамыз. Инвестиция тарту, тендер өткізу, жұмыс күшімен қамтамасыз етуге де міне, осы кедергі болып тұр. Сондықтан біз  «Қазақ жалқау емес, оның қолынан бәрі келеді», – деген ұстанымға келмей, жұмыссыздық мәселесін де шеше алмаймыз. Ол үшін батыл қадам, байыпты идеология керек. Оны әрбір қазақтың баласы өз ісіне деген қажырлықпен ғана орната алады.

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz