Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Біртұтас рухани орта

admin
2026/08/31
Қажет ақпарат
0
Біртұтас рухани орта

Қазіргі таңда экономикалық сұраныстың  алға шығып,  рухани дүниенің кенжелеп бара жатқанын жасырмаймыз. Сондықтан, дамыған елдерде өнер саласының  майталмандары бір-бірімен етене араласып,  қоғамдық мәселелерге  ықпал жасауға көшті. Ал бізде әр сала – әдебиет,  музыка, театр, кино өз қазанында өзі  қайнайды. Зиялы қауым ортасында бір-бірімен  қоян-қолтық араласып, қызу талқы өрістету жағдайы  жоқтың  қасы.

Әрине, мемлекет қуатты болса, білімі, өнері де қуатты. Қуаттылық-оның жерінің байлығы, сол байлықты игеріп, халықтың әл – ауқатын күннен күнге арттырып, әлемнің озық елдерінің қатарына көтерілуімізден көрінеді. Демек, экономикамыз өркендесе, басқа саланың да бітеліп қалған арналары аршылып, түлері сөзсіз. «Қыран қыранды  қиядан көреді» демекші, Қазақстан Кеңестік құрылыстың үйіндісінен пыр етіп көтеріліп еді, АҚШ, Германия , Англия, Индонезия, Сингапур, Малайзия, Жапония, Қытай тәрізді дамыған елдер қолтығынан сүйеп, шылбырынан тартып, инвестиция  құя бастады.

Қазір еліміз Самұрыққа, Орта Азияның барысына айналып, төрткүл дүниеге ішкі байлығы, рухани құндылықтары, саясат сахнасындағы орны, дипломатиялық алғырлығымен танылып үлгерді. Кемеңгер Елбасымыз ата-бабамыздан мұра болып қалған асты-үсті кенге, ырысқа кенен жеріміз ғана емес, кешегі отарлық жүйе есеңгіретіп тастаған, жартылай мәңгүртке айналдырып,  лайлана бастаған асыл қанымызды тазартты. Жауынгер, батыр, өр, тәкәппар рухымызды тірілтіп, замана көшінің алдына шығару үшін «Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынды. Соның нәтижесінде 100 томдық «Бабалар сөзі» жарыққа шығып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатыр. «Жұлдыздар отбасы» журналының бетін ашып қалсаңыз, қаптап жүрген жаңа жұлдызды топтардың есебінен жаңыласың. Құрылып жатқан оркестрлер, ашылып жатқан театр, қысқасы, көзі ашылған бұлақтар қаншама. Қазақ өнерінің күндері Германия, Франция, АҚШ, Қытай т.б. алпауыт елдерде өтіп, олардың тәкәппар сахнасында сахараның саумал самалын естіргенде зал қопарыла көтеріліп, қол соққаны – ойы да, жаны да, ниеті, пиғылы, өнері де жомарт халқымыздың құдіретті екенін мойындағаны емес пе?.. Демек, мемлекет кемелденуінің басты белгісі – демократияның берік орнығуы саналса,  «Ұлттық рухсыз демократия  дегеніміз – ұлттың барып тұрған қас жауы» (Т. Медетбеков). Рухсыз мемлекет – тұғыры әлсіз ғимарат тәрізді, сәл сілкініске шыдамай, үйіндіге айналады.

Халық өте талғампаз. Олар заман талабына сай қуатты да шуақты көрермені мен тыңдарманы, оқырманының кірпияз талғамынан шықпаса көзге қамшы тигендей сырт айналып, безіп кетуі, басқаның отына жылынуы ғажап емес. Уақыт талабына жауап беру үшін әдебиет, сөзөнері, сурет, өлең, кино, музыка, театр өз қазанында ғана қайнап қоймай, бірін бірі жебеп, байытып, ортақ арнамен шірене, толқи ағатындай күйді бастан кешсе ғана қолдан жасалған бөгет жойылып, самғау басталады.

Жетісу жұрты – Хантәңірі,  Алатауға арқа тіреген таумінезді халық.  Оның қай өнерінен  де сол қасиет айқын сезіліп тұрады. Тек табиғаттың жасандылыққа, жартыжанды-жартыкеш, болбыр,  шалажансар  өнер туындысына қаталдығынан сабақ алып, ірілікке,  тектілікке, мәртікке құштар ұлылығынан танбайық. Ұлылық деген –  өзіңмен өзің күресу,  өзіңмен-өзің күресу-адамдық, адамгершілік, әділеттілік,  ізгілік, дарынға жомарттық,  ұлылық үшін күрес. Ол біздің арғы тамырымыздан  дарыған қасиет: «Көк түркілерді сөзіне берік, ең ақылды, жаңалық атаулыны жасаушы,  тәртіпсізді түзейтін ұлт ретінде жаратқан» (Махмұт Қашқари). Генетика ғылымы заңына жүгінсек, сол қасиеттер  Жетісулықтардың бойында бар, мәселе – соны өнер тілімен иесіне жеткізе алмай жатуымызда. Ел тұтқасы зиялы қауым осы жағын  қабырғасымен кеңескені абзал.

Бірақ кейінгі кездері өнер адамдары арасында ию-қю талас-тартыс пен бірі-бірінің етегінен тартып, жағасына жармасқан, «Менікі-сенікі» деген безбұйрек даулар қаптап кетті. Бабаларымыз: «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деуші еді. Біздің елдің жігіттері бірін-бірі жарға итеруге әбден машықтанып барады. Алдымен қалың оқырман екі Мұхтардың талас-тартысына куә болды. «Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде», «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дейтін қағиданы ұстайтын қазаққа не жетті деп жағасын ұстағандар көп болды. Ара ағайындық танытып, дауды ұшықтырмайды дегендер жерден алтын тапқандай желпілдетіп жібергенін де біліп жүрміз. Бірі, бірін ұтар. Бірақ, қазақы қасиет ұтылады ғой. «Мен жеңдім», – деп әлдекімдер жеңісін тойлар қазақтың ұяты жерге кірмей ме сонда. «Қытайдың ойыншықтары балалардың денсаулығына зиян», – деп кез келген баспасөз, телеарна жұртты даурықтырып жүр. Ал қазақша ойыншықтар жасап, кәдімгідей бедел жинаған әнші, продюсер Қыдырәлі Болманды  қисынын тауып, қиялай шаппадық па? «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге ұрынар» деген осы шығар. Егер бүгінгі театр, кино, сурет, саз әлемі туралы теріп жазсақ, талай дәлелді тауып шығуға болар еді. Бірақ, біздің айтпағымыз бұл емес. Осы дау-дамайдың дабырайып кетуінің себебі мен салдары.

Қысқасы, мұның бәрі өнер саласындағы біртұтас ортаның болмағандығын аңғартады. Қазақтың өткен тарихында да тағдырымыз талай рет  додаға түскені анық. Десе де, біз білетін кешегі Тұныкок, бертінгі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, кешегі Мұхтар Әуезов пен Ахмет Жұбановтай данышпандар селге аққалы тұрған қаншама жәдігерді жанымен, арымен қорғап қалды. Ал білмейтініміз бұдан көп. Физикалық заңдылық бойынша біз олардан парасатты, ақылды, алғабасар болуға тиіс едік. Өкінішке орай, бола алмай-ақ келеміз. Неге?

Әлбетте, бүгінгі жағдай өткенмен салыстыруға келмейді. Экономикалық жағдайымыз, әлеуметтің әлеуеті, өмірге көзқарас әлемдік деңгейге көтерілді. Төрт құбыламыз тең деуге әбден болады. Бірақ, бір нәрсе жетпей тұрғаны анық. Әрбір басты: «Неге, біз ұсақталып бара жатырмыз?», – деген сұрақ жиі мазалайды. Оның жауабын да білеміз. Бірақ, біле тұра білместікке салынамыз.

Қазір жаһандану процесін бастан кешудеміз. Рухы, өнері, экономикалық қуаты әлсіз шабақтар шортандардың  көмейіне жұтылып, өзін – өзі құрдымға батырады. Сондықтан, рухани байлық тұғырымызды қалаушылар өз тағдырын ұлт, мемлекет тағдырынан бөлек қарамай,  «Қазақ қазақ ісіне қазақ боп кіріскенде ғана ісі оңға басады.  Шортан тұрмақ, кит те өңешіне сыйдыра алмайды. Ең бастысы, сөзөнері, театр, кино, сурет өнеріне тамызық, нәр, мазмұн, серпінді қанат бітіретін әдебиет жер бауырлап, жорғалап қалмай, парлап ұшатын күнін жоғалтып алмауын тілейік.

Біздің өскен ортамыз халықы да көп, байлығы да, ұшан-теңіз, іске аспай жатқан резервтері мол, жері сұлуы, жер жаннаты – Жетісу. Тарихы – терең, халқы – мәрт, өнер кеніші. Жеріне екі Франция сыйып  кететіндігіне тек мерейіміз өсуі қажет. Сонда мұнда екі Францияның өнері гүлдеп, жұпарын шашып, жемісін үздіретін мүмкіндігі асып төгіледі. Бірақ Жетісу әдебиеті, саз өнері, театр, киносын табанынан тік тұрғызып, бір-бірінен нәр алғызып, қолдатып, қоламтаны үрлеп, өршіген өртке айналдырар ұйытқы әлсіз. Ортақ өгізден оңаша бұзау артықтығын жақсы көретін, енжарлық психология үстемдік құруда. Облыстық білім басқармасы, тілдерді дамытудың облыстық басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, Жетісу телеарнасы, облыстық газеттер «жеке княздіктер құрып», тар арнадан аса алмай жатыр.

Ал ең басты қасиетті борыш – Жетісу руханиятын бірлесіп жасап, өңірдің атағын аспандатуға бірлескен күш әлі жұмыла қоймай отыр. Керек десеңіз, жүзге таяу Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі бар облыстық бөлімше Алматы қаласында өмір сүріп жатыр, мұнда оның шаруасы да жоқ. Санда бар, санатта жоқ. Бізше,  бөлімше облыс орталығына көшіп келіп, жазушы-ақындарды оқырмандарымен табыстырып, оларды Жетісудың томырылып жатқан бай тарихына бойлатып, бүгінгі Тәуелсіздік таңы атқаннан бергі жерлестеріміздің  әрбір күні тарих, тұңғиық болмысына үңілдіріп, облыс ақын-жазушыларының жаңа шығармасын насихаттап, Жетісу өнеріне жеті өзеніндей бұлқынта ағуына  шарапаты тиетін  қоғамдық әдеби журнал ашатын  күн баяғыда туған.  Ал Қазақстан Жазушылар, Суретшілер, Журналистер, Театр одақтарының облыстық бөлімшелерінің де тілге алуға татырлық тиянақты ісін көріп отырған жоқпыз.

Қысқасы, қазір өзіміздегі кемшілікті нарықтық қатынастың қалтарысынан іздеуді әдетке айналдырдық. Әлбетте, бәріне нарықтық қатынас кінәлі емес. Осы тұста ойыма бір мысал оралды.

Бірде Серуантес басында жыртық малақайы, олпы-солпы киіммен көше бойлап келе жатып, қалталы танысына жолығады.

Сонда танысы:

– Серуантес мырза, басыңыздағы немене, бас киім бе?, – деп қағытады.

Серуантес болса:

– Апыр-ау, сіздің бас киіміңіздің астындағы бас па? – деп жауап беріпті.

Әрине, өнер адамдары әр нәрсені бас киіммен емес, баспен өлшеуі керек. Тағы бір жағынан, «Төртеу түгел болса төбедегінің келетінін» есімізден шығармайық. Сондықтан барлық өнер саласы бірін-бірі қолдап, бағасын асырып, кемшілігін жасыратын жағдайға жетпей, өнер көші алға жылжымайды. Айтыс-тартыста бітпейді. «Алла не берсе де ниетке береді» демекші, ниетіміз дүзік болсын, ағайын.

 

 

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz