Спикердің сөзінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға белгілі бір мерзім ішінде айыппұлды төлеген жағдайда оған заңда көзделген жеңілдік қарастырылған. Алайда, мұндай жеңілдік барлық құқық бұзушылыққа бірдей қолданылмайды. Сондықтан әрбір азамат өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша заң талаптарымен алдын ала танысып, қандай жағдайда рақымшылық немесе жеңілдік қарастырылатынын нақтылап алғаны жөн. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында әкімшілік айыппұлдарды өндіру тәртібі, төлем мерзімін сақтау, айыппұлды уақытылы төлемеген жағдайда туындайтын құқықтық салдарлар жөнінде жан-жақты айтылды.

Айыппұл белгіленген мерзімде өтелмеген жағдайда іс жеке сот орындаушыларына жолданып, қосымша өндіріп алу шарасы қолданылуы мүмкін екені айтылды. Сондықтан азаматтарға мұндай жағдайға жеткізбей, айыппұлды уақытылы өтеу ұсынылды. Баяндамашы бүгінгі таңда азаматтардың әкімшілік айыппұлдарын тексеру және төлеу бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдегенін де айтты.
Қазіргі таңда мемлекеттік электрондық сервистер мен мобильді қосымшалар арқылы айыппұл туралы ақпаратты бірнеше минут ішінде тексеріп, онлайн төлем жасауға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жиын барысында журналистер әкімшілік айыппұлдарға қатысты түрлі сауалын қойды. Олардың қатарында рақымшылықтың қандай құқық бұзушылыққа қолданылатыны, жеңілдікті пайдалану тәртібі, төлем мерзімі, заңнамадағы соңғы өзгерістер және өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасына қатысты сұрақтар қойды.
Спикер барлық сауалға нақты жауап беріп, заң талаптарына сәйкес толық түсіндірді. Осындай ақпараттық кездесулер халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Айдана Аманжолқызы
“Q-Andas” ақпарат агентігінің тілшісі.
Видио түсірген Динара Нарымбай.











