Бүгін ұжымымызда жас маман, халықаралық тәжірибесі мол Алтынай Қожабекпен мазмұнды кездесу өтті. Алтынай Қожабек – Сәтбаев университетінің түлегі. Ол білімін жетілдіру жолында Қытай мен Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарында оқып, халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша грант иегері атанған. Шетелде алған білімі мен тәжірибесі оның кәсіби дамуына үлкен серпін беріп, жаңа көзқарас қалыптастырған.
Кездесу барысында шетелде білім алу мүмкіндіктері, халықаралық гранттарды ұтып алу жолдары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және өзін үздіксіз дамыту туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ жастарға өз мақсаттарына сенімді қадам жасап, тіл үйренудің және халықаралық тәжірибе жинаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазіргі таңда Алтынай Қожабек «Сәуір» ағылшын тілін оқыту орталығының жетекшісі ретінде еңбек етіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына үлес қосып келеді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жастардың шет тілін меңгеруіне, әлемдік білім кеңістігіне жол ашуына қолдау көрсетіп жүр. Кездесу еркін сұхбат форматында өтіп, жас мамандао өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шетелде оқу, грант жеңіп алу және мансаптық даму бағытында пайдалы кеңестер алды.
Сонымен қатар, Алтынай Қожабек Қажет Андас ағамыздан алған білімін, тәлім-тәрбиесін ерекше ықыласпен еске алып, шәкірттік кезеңдегі әсерлі естеліктері мен қызықты сәттерімен бөлісті. Ол ұстазының бағыт-бағдары мен қолдауы өзінің кәсіби қалыптасуына зор ықпал еткенін айтып, сол жылдардағы тағылымды кездесулерді жылы лебізбен баяндады Алтынай. Бүгінгі жетістіктерінің негізі сапалы білім мен үздіксіз ізденістің нәтижесі екенін атап өтті. Ол білімге құштарлық, еңбекқорлық пен табандылықтың кез келген жасты биік белестерге жетелейтінін айтып, өз мүмкіндіктеріне сенуге және үнемі дамуға шақырды. Осындай тағылымды басқосулар жастарды білімге, ізденіске және үлкен мақсаттарға ұмтылуға шабыттандырады.
Айдана Аманжолқызы
Әмина Саяхатқызы
Динара Нарымбай
Q-Andas ақпарат агенттігінің тілшілері.











