Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Экология

Ынтымақтастықтың іргесі мығым

admin
2025/11/30
Экология
0
Ынтымақтастықтың іргесі мығым

«Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам экологиялық білім беруді дамыту үшін бірігуде» атты азаматтық форум аясында «ReStart» атты бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan компаниясы және «Жасыл экономика және G-Global дамуы үшін коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі қол қойды.

Бұл жоспар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес дайындалды.

Құжаттың басты мақсаты – мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, экологиялық білім мен тұрақты даму бастамаларын дамытуға арналған тұрақты платформа құру.

Жоба аясында студент жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «жасыл экономика» қағидаттарын жоғары оқу орындарының өміріне енгізу және экологиялық клубтар мен ғылыми қоғамдар желісін кеңейту көзделген. Сондай-ақ, қалдықтарды сұрыптап жинау, «жасыл кампус» бастамаларын енгізу және экологиялық стартаптарды қолдау жоспарланған.

Жаңа жоба CCI Kazakhstan компаниясының он жылдық табысты тәжірибесіне негізделген. Бұған дейін іске асқан «3.2.1. Start!» жобасы биыл жаңа форматқа өтіп, «ReStart» атауымен кеңейтілген миссияны қолға алды.

2024 жылы Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері (ҚазГАУ, КБТУ, Satbayev University, ҚазНАИУ, СҚУ және т.б.) 17 тоннадан астам пластик қалдықты жинап, қайта өңдеді. 2025 жылы жобаға 14 жоғары оқу орны мен 100 мыңнан астам студент қатысып, бір жыл ішінде 35 тонна пластик жиналып, ел бойынша 15 экосенбілік ұйымдастырылды.

– Биыл жоба өзінің он жылдық белесіне жетіп, жаңа кезеңге аяқ басты. “ReStart” – бұл тек атаудың ауысуы емес, ол тұрақты даму және экологиялық мәдениетке бағытталған кеңейтілген миссия. Мемлекет пен азаматтық қоғаммен серіктестік – экологиялық жауапты ұрпақ қалыптастырудағы нақты қадам, – дейді CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директоры Алима Исембаева.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Аппаратының басшысы Мадияр Кожахмет:

– Бұл бастама – жастардың экологиялық ойлауын қалыптастырудың тиімді жолы. Жоспарды жүзеге асыру елдің тұрақты дамуына нақты үлес қосады, – деп атап өтті.

Жоба жылдарында ондаған студенттік экоклубтар құрылып, көптеген экологиялық идеялар университеттердің тұрақты тәжірибесіне айналды. Мәселен, Satbayev University-де пластикалық қақпақтарды жинап, шағын сәулеттік нысандарға айналдыру жүйесі енгізілді. ҚазНАИУ-да «Жасыл кампус» жобасы табысты іске асуда, ал СҚУ студенттері қайта өңделген пластиктен кәдесыйлар желісін дамытып отыр.

«ReStart» жобасының түлектері арасында Rocket Plastic, Recycle Birge және EcoCashback сынды экологиялық стартаптар бар – бүгінде олар әлеуметтік кәсіпорындарға айналып, өз бағытында табысты жұмыс істеуде.

2013 жылы құрылған «Жасыл экономика және G-Global дамуы үшін коалициясы» еліміздегі экологиялық білім мен тұрақты даму идеяларын ілгерілететін жетекші қоғамдық ұйымдардың бірі болып саналады.

– Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның бірлескен еңбегі – Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жетуіндегі берік іргетас болмақ, — деді ұйым төрайымы Алия Рахимбекова.

«ReStart» бастамасы — Қазақстанның экологиялық білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығарып, жастарды табиғатты қорғау мәдениетіне баулуға бағытталған маңызды жоба. Бұл ынтымақтастық еліміздің тұрақты болашағына қосылған нақты үлес болмақ.

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агентігі.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 48
Мазмұн жоқ
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz