Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес.
Мысалы таза ағаштан салынған Жаркент мешіті – қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы «Вознесенск кафедралды шіркеуі» де – айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады.
Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді.
Соның бірі – қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді.
Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын.
Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын», – деген еді.
t.me/aqorda_resmi
Өркениеттер тоғысындағы бірегей мұра

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында сөйлеген сөзінде ел аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды халықаралық деңгейде тану мәселесіне ерекше тоқталып, Жаркент мешітін таза ағаштан салынған, қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей тарихи ескерткіш ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы мұндай нысандардың ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуге әбден лайық екенін айтып, құзырлы органдарға нақты тапсырма берді.
Бұл пікір – кездейсоқ айтылған сөз емес. Соңғы жылдары Жетісу өңірінде жүргізілген ғылыми-зерттеу, өлкетанулық және мәдени жобалар Жаркент мешітінің тек аймақтық емес, жалпыұлттық әрі жаһандық деңгейдегі құндылық екенін айқын көрсетті. Әсіресе «Жетісу» өлкетанушылар орталығы қоғамдық бірлестігінің өлкетанушылары мен зерттеуші Қажет Андастың «Жерұйық мекен», «Жетісудың қасиетті жерлері», «Жетісу жартас суреттері», «Жаркент – киелі мекен» атты еңбектерінде Жаркент мешітінің тарихи, сәулеттік және рухани маңызын кешенді түрде ашып көрсетіледі.

Қажет Андастың «Жерұйық мекен», «Жетісудың қасиетті жерлері», «Жетісу жартас суреттері», «Жаркент – киелі мекен» атты зерттеу еңбектерінде Жетісу өңірі тұтас бір тарихи-рухани кеңістік ретінде қарастырылады. Автор бұл еңбектерінде Жаркент мешітін тек діни ғимарат ретінде емес, Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттер тоғысының, этносаралық татулықтың және сәулеттік ойлау мәдениетінің жарқын үлгісі ретінде сипаттайды.
Жаркент мешітінің басты ерекшелігі – оның шегесіз, таза ағаштан тұрғызылуы, шығыс сәулет өнеріне тән нәзік өрнектер мен жергілікті табиғи ортаға бейімделген құрылымының үйлесім табуы. Бұл нысан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы Орталық Азиядағы сәулет өнерінің сирек сақталған үлгілерінің бірі саналады.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін нысанның әмбебап құндылығы, бірегейлігі, түпнұсқалық сақталуы және мәдени-тарихи маңызы дәлелденуі тиіс. Қажет Андастың зерттеулері осы талаптардың барлығына дерлік жауап береді.
Атап айтқанда, «Жаркент – киелі мекен» еңбегінде мешіттің архитектуралық ерекшеліктері, құрылыс техникасы, шеберлер мектебі, тарихи кезеңі және бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі ғылыми тұрғыда жүйеленген. Сонымен қатар, нысанның көпэтносты қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың символы ретіндегі рөлі де кеңінен талданады.
Бұл ғимарат – әртүрлі мәдениеттер мен діни дәстүрлердің бейбіт үндестікте өмір сүре алатынын дәлелдейтін тірі мұра.
«Жетісудың қасиетті жерлері» мен «Жетісу жартас суреттері» атты еңбегі Жетісу өңірін тек жеке ескерткіштер жиынтығы емес, тұтас мәдени ландшафт ретінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Бұл тәсіл ЮНЕСКО-ның қазіргі мәдени мұраларды қорғау концепциясымен толық үйлеседі.
Жаркент мешіті – сол киелі кеңістіктің маңызды тірек нүктелерінің бірі. Ол жартас суреттері, көне қоныстар, тарихи жолдар мен рухани орталықтарды байланыстыратын мәдени желінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, мешітті жеке нысан ретінде ғана емес, Жетісудың тұтас тарихи-мәдени кешенінің құрамында ұсыну – халықаралық деңгейде мойындалу мүмкіндігін арттыра түседі.

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723884

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723879
Сонымен қатар «Жетісу жартас суреттері» мен «Жетісудың қасиетті жерлері» еңбектерінде өңір тұтас киелі кеңістік ретінде қарастырылып, Жаркент мешіті осы рухани желінің маңызды бөлігі ретінде бағаланады. Бұл тәсіл ЮНЕСКО-ның мәдени ландшафт ұғымымен де үйлеседі.
Сарапшылардың пікірінше, Жаркент мешітін ЮНЕСКО тізіміне енгізу – тек бір ғимараттың мәртебесін көтеру емес. Бұл Жетісу өңірінің тарихи-мәдени әлеуетін әлемге танытып, Қазақстанның көпэтносты, бейбіт және рухани бай тарихын халықаралық деңгейде насихаттауға жол ашады.
Жаркент мешітін ЮНЕСКО тізіміне енгізу бастамасы – тек ғылыми ортадағы мәселе емес. Бұл – ұлттық мәдени саясаттың, өңірлік дамудың және тарихи сананы жаңғыртудың маңызды бөлігі. Мұндай мәртебе Жетісу өңірінің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын күшейтуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді.
Алдағы кезеңде ғылыми құжаттаманы толықтыру, халықаралық сарапшыларды тарту, қоғамның кең қолдауын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі болмақ. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Жаркент мешітінің әлемдік мәдени мұралар қатарына қосылуына нақты мүмкіндік береді.
Осы тұста «Жетісу» өлкетанушылар» орталығы қоғамдық бірлестігі мен зерттеуші, өлкетанушы Қажет Андастың еңбектеріне назар аударылса нұр үстіне нұр болар еді.
«Q-andas» ақпараттық агенттігі.











