Алтынемел тауының етегігіндегі Найзатапқан арасаны ежелгі табиғи киелі орындардың ішіндегі ең танымалы қола, сақ кезеңдерінде ежелгі шипажай қызметін атқарған. Ол Панфилов ауданындағы Ынталы ауылының батысында 15 шақырым қашықтықта Алтынемел (2928м) тауының Қоңырөлең ойысына ұласатын тектоникалық жарықтар аймағында орналасқан. Географиялық координаты 44º 20′ с.е., 78º53′ ш.б., теңіз деңгейінен биіктігі һ=1550м. Онда мал, аң және кездейсоқ адамдар кірмес үшін сыртын қоршаған тас қоршаулардың ізі, табиғи ғибадатхана қызмтін атқарған рәсімдік орындар, жартастағы суреттер бар.
Шамамен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Найзатапқан арасанының оңтүстік шетінде шағын шаруасы бар адамдар тұрған.
Киелі арасанның маңынан жаугершілік заманнан қалған найзаның ұшы табылған содан Найзатапқан аталған. Тағы бір мәлімет бойынша 1643 жылы Салқам Жәңгір бастаған қазақтың 600 сарбазы Сатылы және Қоянтау тауларының аралығындағы Орбұлақ (Тасбұлақ) өзенінің сол жақ бекейіндегі жалда ор қазып білітелі мылтықпен жоңғарлардың 50 000 әскерімен соғысқан “Орбұлақ” шайқасында жараланған сарбаздары “Найзатапқан” арасанында минралды суды, емдік батпақты пайдаланып емдліп жазылған десді. Осыдан Найзатапқан аталса керек.























