Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

admin
2025/02/13
Жартас суреттері
0

Ағымдағы жылдың күзінің соңғы айы – қараша. Күздің соңы, қыстың басы десек те күн шіркін шуағын аямай төккен тамылжыған уақыт. Шіркін, біздің жаз дидарлы Жаркент өңірінің ауа райы керемет қой, о дүниені білмедім, бұл дүниенің жұмағы дерсің…

Осындай киелі жердің адамдары да дархан мінез, жомарттығында шек жоқ, ел мен жерге деген жанашырлықтары бір төбе. Туған жер тарихы десе елеңдеп тұратын, елжанды, ұлтжанды қарапайым жандардың әр елді мекенде бар екендігі көңілге қуаныш ұялатып, жаныңды жадыратады.

Сондай азаматттың бірі – Сарыбел ауылының тұрғыны Қазықанұлы Тоқтасын бауырымыз. Елге, жерге, спортқа қатысты қандай да болмасын іс-шараның әрдайым басы-қасынан табылатын ерекше ақкөңіл жан. Жақында сол бауырым хабарласып, өзі тұратын Сарыбел ауылының батыс жағындағы сайларда көне заман петроглифтерінің бар екендігін сөз етті. Содан маза болмай көруге асықтым. Қарашаның бүгінгі жайма шуақ жадағай берекелі күнінде ыңғайы келіп жол талғамайтын УАЗ-ті ауыздықтап, бес жастағы немересі Қайсар үшеуміз өлкетанулық саяхатқа шықтық.

Содан, Сарыбел ауылынан солтүстікті бетке алып, етегіне жетсең көк майсасына жата кетіп еркелегің келетін Жетісу Алатауын бөктерлеп батысқа жол тарттық. Жолай жекеменшік жерлерді қоршаған тіреу ағаштар мен тікенек сымдардың біразын кинофильм лентасындағы кадрлар сияқты зырылдатып артқа тастадық. Қол созым жерде шыңдары көкке шаншылған асқақ тау, сап түзеген әскердей қаз-қатар өскен қарағайлар.

Ойдым-ойдым жасыл желек пен енді бірде қызғылт, сарыала көрпе жамылған күзгі табиғаттың әсемдігі көз сүйсінтеді. Сылдырап аққан мөп-мөлдір тау суы, бір-бірімен іргелес жайылып жүрген айнала толған төрт түлік мал. Көлікте мін жоқ, жолды-жолсызбен жүйіткіп келеді. Сол екпінімізбен Көлденең тартылған Р-1 цемент тоғанына (канал) жеткенде кілт төмен бұрылып сол тоғанды жағалай оңтүстікке тіке тарттық.

Төбе үстінде екі малшы жігіттің сұлбасы көрінді. Тоқаң рульді жолдан бұрып жолсызбенен сол төбеге қиялай турасынан тартты. Пах, шіркін, УАЗ-ик дегеніңіз көліктің төресі ғой, төбе басына ышқына шығып әлгі жігіттердің қасына келіп тоқтадық. Амандық біліскен соң жөн сұрастық, Бақтығали, Нұрқат деген жігіттерге мені таныстырды.

Әй, айналайын қыр қазағы шіркін ақжүрек қой, қаланың тымырайған, шікірейген пенделері сияқты емес, бірдемде шүйіркелесе кеттік. Бақтығалидың тау-тас, жер-су, жайлау аттары, қорған, обалар тағы басқа қашан және қалай барғандары туралы айтқан әңгімелері мені бірден қызықтырды. Әсіресе, тау басындағы Үйтас өзені жағасындағы Мешіттас туралы айтқандығы қатты әсер етті.

Оның айтысына қарағанда: Кеңестік зұлым саясат кезіндегі дінге қатаң шектеу қойғанда заманда дініне адал аталарымыз тау басында тастан қалап мешіт тұрғызыпты. Сол айналадағы барлық ағайындар жұма намазын сонда жиналып оқыған екен. Демек, бұл дегеніңіз өткен ХХ ғасырдың 25- 40 жылдарына сәйкес келеді. Иә, коммунистік қызыл үкімет жергілікті дін өкілдерін, би-болыстарды, байларды қудалау, тәркілеу науқанын бірінен кейін біріне жалғап, соңында 1931-1933 жылдары қолдан ашаршылық жасап қазақты қынадай қырғаны тарихтан мәлім. Осынау қызылдар қырғыны туралы қазіргі кезде зерттеулер жүргізіліп, архив құжаттары жарияланып, бұқаралық құралдарда айтылып та, жазылып та жүр. Кинофильмдер де түсірілді.

– «Тастан қаланған қабырғасы, ортаға қойған діңгектері әлі тұр» дегенде, менің шыдамай:

– «Барсақ қалай болады..?» – деген сөзіме,

– «Ол жерге апаратын жалғыз аяқ жолды қәзір қар басып қалды, жазда болмаса» – деп, қысқа жауап қайырды.

Өкінішке орай мешітті салған адамның аты-жөнін білмейтін болып шықты.Тағы біраз туған өңірге қатысты біраз әңгімені тілге тиек еткен соң, олармен қоштасып көлікке беттедік.

Сонымен цемент тоғанды жағалап еңіске қарай құлдилап отырып Оспан сазға да жетіп басып өттік. Екі жағымыз да биік төбе, беткейдегі қап-қара болып күнге күйіп майласқан қара тастарға көз тігеміз. Сөйтіп, не керек алғашқы петроглифті Тоқаң батыс беткейден тауып суретке түсіріп әкелді. Қасымыздағы Қайсар батыр да бізден қалысып жатқан жоқ. Тастағы суреттерді бізден бұрын көрсе:

  • «…Міне таптым!..-деп, айқайлап, екі қолын шапалақтап шаттанып мәз болады.

  • «Охо, мынаны Қайсон тапты!» – деп, сол үшін тастағы петроглифпен

бірге суретке түсіріп едік, тіпті көз жанары мақтаныштан күлімдеп, қуанышпен нұрланған балғын жүзі бал-бұл жанды.

Сонымен олжамыз туралы айтар болсам, мынадай петроглифтерді тауып суретке түсірдік:

  1. Беймәлім жануарға садағын шірене тартып, кезеніп тұрған аңшы
  2. адам;
  3. Енді бірі мүйізі арқасын жапқан таутекелердің суреті;
  4. Келесі бір таста бір топ болып жайылып жүрген тәуешкілер тобы;
  5. Жабайы арқарлар сұлбасы бейнеленіпті.
  6. Тағы бір тапқан олжамыз аяғы мен қолын ұстап, шеңбер жасап билеп
  7. тұрған бақсының суреті;
  8. Ендігі бір таста қатарынан тұрған үш аң бейнеленіпті, мысық тұқымдас аңға ұқсайды (Қандай аң екенін ажырата алмадық, тау барысына ұқсайтын сияқты), тағы біршама таңбаларды таптық.

Жалпы, суреттердің көнелігі мен ебедейсіз салынуына қарағанда сол ерте темір дәуіріндегі аңға шыққан суретшінің қолтаңбасы болар деп топшыладым. Өйткені, бұл кезеңге тән суреттердің басым көпшілігі осындай аңшылық көріністері мен жабайы аңдардан тұрады. Оған алыс-жақын айналадағы үйілген тас обаларды қосыңыз. Тағы бір ерекшелік, бұнда үй жануарларына жататын – жылқы, түйе, қой, ешкі бейнелері мүлде кездеспеді.

Міне, осылай петроглифтердің қызығына түсіп Оспан сазымыз жоғарыда қалып, Сұлусайды басып өтіп Жаңа тоғаннан бірақ шығыптық.

Сай бітіп, ат шаптырым жәйдақ жазыққа ұласып жатыр. Айнала толған егістік жерлер, тоқтап демалдық. Қайсар батыр қарны ашқан-ау, шамасы:

  • «Ата құрт берші..» – деп, аузын бұртитып Тоқаңа қарады.

Атасы құрттан бір сындырып беріп еді сонымен мәз болып отырды. Қылығы тәтті бүлдіршін бізден қалмай ол да әңгімесін айтуда… Көлік орындығының қалташасынан тауып алған картасы қолында, ұртындағы құрты бұлт-бұлт етіп, маған:

  • «…Кел, Әли карта ойнайықшы…» деп қояды, тәтті балапан…

Сонымен сәл тыныстап алған соң, Тоқаңа қарап:

– Алдымызда тарихқа қатысты тағы не бар? – дедім.

Ол сәл ойланды да:

  • Шойнақ батырдың бейіті бар – деді.

– Алыс па, қанша шақырым-деген сұрағыма.

  • Шамамен он шақырымдай, артық болмаса кем емес-деп жауап қатты.

– Көліктің жанар майы жете ме, айдалада қалып жүрмейік-дедім, күліп.

Көліктен түскен Тоқаң арнайы өлшеуіш таяғын жанар май багына салып шығарды да, жетіп қалар – деді, сенімсіздеу кейіпте.

– Қой онда үйге қайтайық дедім, қысқа қайырып.

Бірақ, баруымыз керек, мақаламыз аяқталмай қалатын болды дедім, өзіме іштей. Әй, Тоқаң да зерек қой, бірден түсіне қойып:

– Бұйырса, ертең түскіге барып қайтайық – деді.

Мен, қуана келістім. Не керек, ертесі Тоқаң, шопыры Ерсұлтан үшеуіміз Шойнақ батыр бабамыздың бейітіне жол тарттық. Жаркенттен шығып Тұрпанға барар жолдағы Қарадөңнен асқан соң алғашқы бұрылыстан батысқа қарай бұрылып алып, тағы бір дөңнен асқан соң әскерилердің жаттығу полигоны «Танкадромды» жағалай өтіп, жоғары тау жаққа бет түзедік. Көп ұзамай-ақ, Кесік деген жердегі батыр бабамыздың зиратына да келіп жеттік. Жалпы, қарсы беткейдегі Кесік деген жерді естігенім болмаса бірінші рет көруім. Зер салып қараған ақыл иесіне ұядай ғана – жанға да, малға да жәйлі құтты қоныс екені бірден байқалады екен.

Батыр бабамыздың зираты кезінде алты немесе төрт қанатты үлкен кесене болғандығы байқалады. Биіктігі 2-3 метрдей болып үйілген топырақтың төбесінде шикі кірпіштердің қалдығы көрінеді. Сырты айнала темір қоршаумен қоршалған. Ақ мрамордан биіктігі кісі бойындай, ені бір метрге жуық үлкен белгітас қойылыпты. Онда: «Батыр, әулие. Алданұлы Шойнақ, 1800 – 1870 жыл, Руы – Суан, оның ішінде Әбсүгір. 1995 жылы Үш Арал ұжымының атынан қойылды» деген сөздер ойылып жазылған.

Іргелес өлшемі 20х20 адым болатын сырты кезінде соқпамен қоршалған бейіт тұр. Соқпа қабырға мүжіліп жермен жексен болыпты. Шығыс жағындағы 20 м жерде дәл қасындағыдай тағы екі қоршалған бейіттер шоғыры бар екен. Шамамен қоршалған қорым ішінде бір әулеттің адамдары жерленген болуы керек. Ешқандай адам аттары жазылған белгітас таба алмадық. Аралап шығып, суретке түстік, кесенені де суретке түсіріп адым.

Жалпы, Шойнақ батыр туралы аңыз әңгімелерді бала кезден атам Рамазаннан, анам Күләйханнан көп естіген едім. Бірақ, әулие бабамыздың басына барып құран бағыштаудың сәті бүгін түсіпті. Өзі батыр, өзі әулие Шойнақ атамыз есімі аңызға айналған ерен тұлға ғой.

Сонау, 9-10 жасынан бастап-ақ, ат жарысқа құнанын қосып «Шойнақ!», «Шойнақ!» – деп өз есімін ұрандап бәйге алған күннен бастап ел аузына іліккен әулие адам. Албан Шормақ байдың қырғыздар барымталап әкеткен малын қайтарысқанда, қырғыздардан олжаға келген екі Сүлік қара жүйрік аттарды алып, кейін Үйсін мен Найман арасын татуластыру үшін найман досына атап тұрып:

— «Бұл қолқа сенікі емес, бүкіл Наймандардың Суанға салған қолқасы» деп білемін деп, ағайынды татулыққа, бірлікке шақырған ғибратты сөзі кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Кезінде Түрген қорғанын күшпен басып алып, айналасындағы қазақтарға күн көрсетпеген сібе Сарамбынының үрейін ұшырып жүз түйе, екі жүз атқа артқан мал-мүлкімен бір түнде Қорғастың өзенінен асырып жіберген батырлығы әлі де ұрпақ жадында.

Және де тосыннан ауылын шауып, өзін байлап-матап тұтқынға алып бара жатқан қытай шеріктерінен әйгілі Ұлы Жүздің сұлтаны, Тезек төрені қалай босатып алғаны туралы ғажайып ерліктері сонау ХІХ ғасырдан аңыз болып бізге жеткен айбарлы, жаужүрек батыр.

Бірде атаң даңқына қанық болған қытайдың Эжен деген ұлығы Шойнақты қонаққа шақырып құрметтеп күтіп отырып, дастархан басында:

– Өзің іштей жаратпасаң да Тезекті біздің шеріктердің тұтқынынан босатып алдың, бұныңызды қалай түсінуге болады батырым..?-деген сұрағына.

– Мен Тезекті емес, қазақтың төресін, яғни, қазақтың ар-намысын тұтқыннан босатып алдым – деп жауап қатқан екен.

Міне, қарасаңыз өзі батыр, әулие, толағай ақылдың кені, сөзге шешен және елім, жерім деп соққан жұдырықтай жүрегі бар, осындай дара тұлғаның өмірі кейінгі ұрпақ үшін мәңгі өлмес өнеге ғой, ағайын!

Ердің арысын, елдің намысын ойлап, басқыншы – қалмақ, сібе, қытай секілді басқыншы жауға тоқымдай жерді таптатпаған жаужүрек бабабаларымыз неткен сұңғыла еді..!..

Сөзімізді қорыта келе, сонау ерте темір дауіріндегі тастағы таңбалар, суретттерден бастау алып, ХІХ ғасырдың дара тұлғасы Шойнақ батыр Алданұлының бейіті басындағы тасқа басқан жазулар, елдің, жердің мәңгілік тарихының айшықты белгісі емес пе..?! Біздің Жаркент өңірінің өткенінен хабар беретін өшпес тарихының құпиялары ашылып әлі де талай ұрпаққа рухани азық, үлгі, өнеге болары сөзсіз. Демек, тасқа басылған тарих, мәңгілік тарих..!!!

Қали Ибрайымжанов

Қазақстан журналистер одағының мүшесі,

Өлкетанушы, Жаркент қаласы.

Қаралым 48
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

March 19, 2026
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI
Жартас суреттері

NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI

May 30, 2025
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz