Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Естен кетпес екі күн

Семейде өткен журналистер отырысы

admin
2026/11/16
Қажет ақпарат
0
Естен кетпес екі күн

«Ырыс алды – ынтымақ» дейді қазақ. Елдің өркендеуі де осы ынтымақтан басталады. Түрі басқа болса да, тілегі бір әр алуан жұрт бір-бірін құрметтеп, ортақ іске жұмылғанда, қоғамда сенім орнайды. Сенім бар жерде елдің дамуына жол ашылады. Сол сенімді сақтауға журналист те қалам қуаты арқылы үлес қосып жүр. Оның таратқан дерегі, байыппен таңдаған сөзі, әр тарапқа құлақ асуы қоғамдық пікірге ықпал етеді. Осы тұрғыданк елгенде республикалық Журналистер клубы өңірлердегі әріптестердің басын қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп келеді. Семей қаласында өткен клубтың кеңейтілген отырыста осының айғағы.

Бірінші күн: Семейдің жаңа тынысы

Еліміздің әр өңірінен келген журналистер мен медиа мамандары Семейдегі алғашқы күнін қаламен танысуға арнады. Абай облысының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Өрлеубек Ерсінбек қонақтарға Бейбітшілік алаңын, Ертістің екі жағасын жалғаған аспалы көпірді көрсетіп, шаһардың тарихынан сыр шертті.

Бірнеше жыл бұрын Семейге келгенімізде, қаланың жүдеу көрінісі көңілімізге кірбің түсірген еді. Бұл жолы Ертіс жағасындағы шаһарды аралап жүріп, оның біраз түрленгеніне, тіршілігі жандана түскеніне куә болдық. Кезінде көңілімізге қаяу салған қаланың ажарлана түскенін көру бізді қуантты.

Сапар Алаш арыстарының мұрасымен танысуға ұласып, одан әрі Абай музейіне бардық. Алаш қайраткерлерінің ел болашағы үшін атқарған қызметін еске алып, Абайдың өмірі мен мұрасына үңілдік. Алаш тарихын осы қалада отырып қайта парақтағанда, арыстардың елге қызмет ету мұраты бүгінгі ұрпаққа да жақын екенін сезіндік.

Түрленген Семейді аралап жүріп, бір сәт Алаш арыстарының рухы қайта оянғандай әсерде қалдық. Ертіс үстіндегі аспалы көпірден басталған әңгіме осылайша елдік мұрат пен ұрпаққа қалған аманат жайына ойысты.

Екінші күн: Көңілге жылу, кәсіпке бағдар

Семейдің төріндегі Абай кітапханасында  «Этносаралық қатынастар саласының жаңа архитектурасы: БАҚ рөлі» тақырыбында өткен  отырыстың беташар сөзін Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев сөйледі. Әлеуметтік желілер дамыған сайын жалған ақпаратпен қатар дипфейктердің де таралып келе жатқанын айтты. Ол өз өнімін немесе пікірін сторителлинг арқылы әсерлі жеткізуге ұмтылған кейбір желі қолданушыларының сөзі кейде өздері аңғармай-ақ қоғамда түсінбеушілік пен өшпенділік туғызуы мүмкін екенін атап өтті.

– Мұның алдын алуымыз керек. Әсіресе әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Алишер Сатвалдиев.

Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы қатысушыларға құттықтау сөз арнап, жиын жұмысына сәттілік тіледі. Ал «QOSTANAI» телеарнасының директоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай қазақ тілінің қоғамдық және ақпараттық кеңістіктегі орнына тоқталды. Ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөліне назар аударды. «Ұйғыр авази» (Ұйғыр ауазы) қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Әсматов бірліктің тұғыры, елдіктің мыңымдығы туралы жүрекжарды ойымен бөлісті.  Сондай-ақ, халыққа жетпеген сөздің қадірі болмайтынын тілге тиек етіп, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Отырыстың алғашқы тренингін 24KZ телеарнасы жаңалықтар қызметінің, «Prime Time» және «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының продюсері Қайнар Егізбаев өткізді. Ол журналистік идеяның эфирге дейінгі жолын тарқатып, әр кезеңде продюсердің қандай шешім қабылдайтынын, тәуекелді қалай бағалайтынын және ақпараттық өнімге кім жауап беретінін түсіндірді.

Жалған ақпараттың таралуы да осы талқылауға арқау болды. 24KZ мәліметінше, жыл басынан бері елімізде интернетте жалған ақпарат таратқан 124 азамат жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында әлеуметтік желі қолданушылары, блогерлер және көпшілікке арналған парақшалардың авторлары бар. Жиынға қатысушылар жаңалықтың шынайылығын қалай қамтамасыз етуге болатынын және этносаралық тақырыптарды жариялауда қандай кәсіби ұстаным қажет екенін талқылады.

Кәсіби әңгіменің арасында «MEDIA ДОДА» зияткерлік сайысы өтті. Сайысты Қызылорда облыстық Журналистер клубының төрағасы Елена Рыбина мен өңірдегі «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Әсел Абзал ұйымдастырды. Төрт топқа бөлінген журналистер түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Сайысқа серпін берген осы бәсекеде «Алға» мен «Бірлік» топтары үздік шығып, арнайы марапаттарға ие болды.

Одан кейін «Қоғамдық келісім» РММ-нің жетекші сарапшысы Наргиз Шотбай «Медиасауаттылық – қауіпсіз болашақтың кепілі» тақырыбында тренинг өткізді. Ол ақпаратты саралау, жалған мәліметті ажырату және желіде тараған хабарға сыни тұрғыдан қарау жолдарын түсіндірді. Ақпаратты бөлісер алдында оның қайдан шыққанын анықтаудың маңызын атап өтті.

Түстен кейін Абай облыстық телеарнасының директоры Нұрбек Бекен жасанды интеллектінің журналистикаға ықпалы туралы сөз қозғады. «Жасанды интеллект және журналистика: жаңа құралдар, жаңа жауапкершілік» тақырыбындағы тренингте ол технологияның журналист жұмысына ашатын мүмкіндіктерін және оны қолданған кезде туындайтын кәсіби жауапкершілік мәселелерін ортаға салды.

«Abay Media Group» ЖШС директорының орынбасары Думан Кенжеғазин этносаралық тақырыптарды жариялаудың кәсіби тәсілдері өзегінде материалда сөзді дәл қолданудың, деректі мұқият тексерудің және бейтараптық сақтаудың маңызын талдады. Қатысушылар ақпараттың қоғамға қалай әсер ететінін ескеріп, этносаралық қатынастарға қатысты оқиғаларды байыппен жариялау жөнінде пікір алмасты.

Соңында Алишер Сатвалдиев журналистер арасындағы кәсіби байланысты нығайтудың маңызына тоқталды. Семейдің тарихымен танысудан басталған екі күндік басқосу журналистің күнделікті жұмысына қатысты нақты әңгімемен түйінделді. Бір хабарды жариялар алдында дерегін анықтау, тақырып қойғанда сөздің салмағын ескеру, ал қоғамға сезімтал мәселе көтерілгенде әр тарапқа құлақ асу – журналистің ел ынтымағына қосатын үлесі осындай күнделікті шешімдерден көрінеді.

Медиа форум, семинар мен тренингтер әр өңірде, әр уақытта, түрлі тақырыпта өтіп тұрады. Семейдегі осы басқосудың ерекшелігі қатысушылардың жаңа адамдармен танысып, ойы озық, көңілі жарқын жандардың пікірінен нәр алғанында еді. Әріптестердің тәжірибесін тыңдап, медиа саласындағы жаңа бағыттардың мәніне үңілді. Әрқайсысы өміріне ой азығын, кәсібіне жаңа бағдар алып қайтты.

Қоштасар сәтте «Көңілге ізгілік ұялатқан осындай кездесулер жалғасын тапса екен» деген ортақ тілек айтылды. Бір-бірін қимай қоштасқан әріптестер қайта жүздесер күнді тілеп, өз өңірлеріне аттанды.

Қажет Андас,

Семей қаласы,

Абай облысы.

 

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 10
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Естен кетпес екі күн

Естен кетпес екі күн

November 16, 2026

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz