Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА

Бүгінде арамызда қарапайым қалпымен ұлттық ұлылығына, өткеннің асыл қазынасына, ұрпақығының нұрлы болашағына еміреніп жүрген, егей аналар көп. Олар том-том кітап жазып, руханиятқа жаңалық ашпаса да, тапқырлық жаратып, ғылымды қыр асырмаса да, байлығын молайтып, айналасына қайырымдылық көрсетпесе де, ешкім де қайталай алмайтын жаңашылдығымен өмірге үлес қосып келеді. Әрбір қазақ қызының ең асыл қасиеті – алдымен әке-шешесінің тәлім-тәрбиесін санасына терең сіңіріп, оны болашаққа жалғау, сосын барған жерінің бағын ашып, сол әулеттің мәуелі бәйтерекке айналуына үлес қосу, ұрпақ тәрбиесіне ұқыппен қарап, перзенттерінің қазақы болмысқа ие, жұртқа сыйлы, елге қайырымды, адал жолмен ас табатын, білімді, білікті адам етіп тәрбиелеу. Осы міндеттерді абыроймен атқарған әрбір қазақ қызының беделі биік, мәртебесі үстем болмақ. Әуесхан Мажайқызы осындай ұлылықты бойына жиып ата-анасының үйреткен өнерін бүгінге жалғап,  тағдырдың талай тезіне ұрынған бір әулеттің бірнеше ғасырлық мұрасын сары майдай сақтаған ұқыпты жан. Ата дәстүр мен салт-санаға, әдет-ғұрыпқа аса бір ыждағатпен, құрметпен қарап, білгенін балаларының үлгі еткен кемеңгер ана.

admin
2025/07/28
Андас Омарақын ізімен
0

        Әкесі Мажай да, арғы аталары да он саусағынан өнер тамған қолөнершілер, жыршы-термеші, күйші болған. Мажай ақсақал өз кезінде жолбарыс, ілбіс, қасқар, бұғы, елік, қоян, тағы да басқа дала аңдарын қолда үйрекен әуестігімен қатар, он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері болса, шешесі Зинап та өркенді елдің қызы еді. Олардың көргені мен білгені, шеберлігі мен өнерін кейін ұлдары Бәйдібек мен Батырхан жалғастырып, өз тұсында өрмешілік, дәрігерлік, аңшылық кәсіппен айналысқан. Отбасында көрген тәрбиесін Омарақын зәңгінің ауылына келін болып түскеннен  кейін де жалғастырыпты.

          Бізге тұнып тұрған жәдігерлерден гөрі, апамыздың оны қалайша аялап сақтап, ауырсынбай елге жеткізгені қызықты сезілді. Жәдігерлердлің тарихы жайлы сұрай бастағанда Әуесхан Мажайқызы біраз тартыншақтап қалды. Өйткені, бала күнінен көргенді елдің тәрбиесін көріп өскендіктен қазақы қанға сіңген қасиет бойынша аталарының атын бадырайтып айту тым өрескел сезіледі екен. «Емші ата», «Зәңні ата», «Толқынның шешесі», «Үлкен абысын», «Мырза жігіт» деген сияқты жаңылдырып атаған есімдердің иесін ұл-қыздарына сұрап жазып отырдық.

          – Әке-шешем де қазақы кеңпейілділігінен алыстамаған, өнерлі адамдар еді. Бауырларым да солай болды. Отбасында көрген тәрбие менің ұлттық қолөнерге жақын жүруіме мүмкіндік берді. Кейін зәңгі атамыздың (Омарақын Жансарбайұлы) ауылына келін болып түскеннен кейін де көрген ісімді ары қарай жалғастырдым. Қазақ мың өліп, мың тірілген халық қой. Біз соның шетін көріп қалдық. Мен келін болып түскен ауыл ел билеген, оқу-білім, өлең-жырға әуес, думаншыл еді. Андас Омарақынұлымен 1969 жылы шаңырақ көтердім. Әкем Мажай мен атам жақын дос болған екен. Үйленуімізге осындай жақындық себеп болды.  Сол жылы Іле медициналық техникумінің дәрігер мамандығын жаңадан бітірген кезім. Ол кезде бұл оқу орны қазіргі медициналық университтер қатарында бағаланатын. Өкінішке орай, 1952-1976 жылдар аралығындағы түрлі қоғамдық жағдайға байланысты атам да, жұбайым да бай-манап, көнелікті дәріптеуші, сары өлең жазып, елді алжастыратын зиялы, тағы да басқа түрлі жала жабылып, көп құғын көрді. Мені де :«Бай-манаптың келініне қайдағы ақхалатты жұмыс, өндірісте істейді», – деді де шаруашылық жұмысына жіберді. Талай қиын күндер өтті ғой. Атамыздың: «Бастарыңа қандай қиын күн туса да арам өліммен өлмеңдер, өтірікке мойындамаңдар» дегені бойынша бәріне де шыдадық. Осындай қиындықтың кесірінен атамыз 1976 жылы қайтыс болды. Өмірден өтерден бір күн бұрын кешке үйге оралғанда мені жанына шақырып алып: «Енең қайтыс болғанда мен қоруыш болып едім. Мен кеткен соң қиналып қалатын шығарсыңдар. Өлімімді жөнелтемін деп көп шашылмаңдар. Өздеріңе мықты болыңдар», – деді. Ол кезде екі бөлмелі жер үйде тұратынбыз. Ауыз үйде атамыз өзі қолымен жасаған үлкен ағаш сандық болушы еді (қазірде бар). Соны жанына алдырды да мына дүниелерді (жәдгерлерді) сол  сандыққа салдырды да: «Кейінгі ұрпақтар мұның қадірін түсіне ме, түсінбей ме, білмеймін. Уақыты келгенде тапсыратын жеріне тапсырып берерсің, болмаса, өз қолыңмен бітіріп кет», – деп қадағалады. Ол кезде жаспын ғой өсиет айтып жатқанын қайдан білейін.

Ол кісінің сақтаған мұралары көптігімен де, көріктілігімен де, бізге беймәлім өткен күндердің тарихын түгендеп берген құндылығымен де бағалы. Ол жәдігерлердің арасында Соның ішіндегі ең бағалысы Шәкіл Ақтүбітұлынан қалған бүркіттің тұмсығы (XVII ғасыр) Солтанкелді бидің күмістелген ат әбзелдері (XVIII ғасыр) мен Жансарбай Ұлтарақұлының (XІХ ғасыр) емшілікте істеткен құрал-жабдығы, аңшылық бұйымдары, ХІХ ғасырда Ресейде жасалған самаурын өте бір ұқыптылықпен сақталған, Омарақын зәңгінің (ХХ ғасыр) торғауыттың атақты шебері Бадыманы шақырып әкеліп жасатқан ат-әбзелдерді, тағысын тағылар көздің жауын алады. Тұрмыстық бұйымдар мен шеберлер мұрасынан тартып, тұрмыстық бұйымдар мен шеберлер мұрасынан тартып, қолөнер, саятшылық, аңшылық, дәрігерлік, егіншілік, үй жабдықтары бүгінгі күннің болашақта жәдігерге айналар асыл қазыналары толып тұр. Айта берсек, қазан-ошақ, самаурын, келі-келсап, қазан, мосы, астау, тегене, қасық, шөміш, пышақ, қысқаш, тоқылған ши, аттың қылынан өрілген арқан, қазақтың қара сабыны, тағы басқа да тұрмыстық бұйымдардың түр-түрі көз сүріндіреді. Ал ер-тоқым, жүген, ноқта, құйысқан, өмілдірік, қамшы, кісен секілді ат әбзелдірінің өзі бір төбе. Төрт, алты, сегіз, он екі өріммен өріліп, күміс жалатылып, түрлі асыл тастардан көз салынып, безендірілген ат әбзелдері мен айыл-тұрманның шебердің қолынан шыққан сирек кездесетін өнер туындысы екендігі бесенеден белгілі. Бүркіт ұстайтын тор, жемсау, қолғап, тұғыр, сияқты аңшылыққа пайдаланатын құрал-саймандар да бүгінгі ұрпаққа таңсық дүниелер. Емшілікке қолданылатын қорғасын, кепіреш, дәрілік шөптерді үгітетін кішкентай келі, денедегі арам қанды тазалауға арналатын лоңқа, сиырдың мүйізінен оюлап жасалған бүлдіргі ата-бабаларымыздың халықтық медицинаны хал-қадірінше өркендеткенін аңдатады.

Қысқасы, Әуесқан Мажайқызы аса бір ұқыптылықпен аялап, сақтап, бүгінге жеткізген 500-ге жуық жәдігердің әрбірі халқымыздың өткен өміріне терең бойлап, тұғыры биік көшпенділер өркениетінен сыр шертіп тұр. Тағы бір айта кетерлігі, ол мұралардың әрбірінің өз тарихы, өткеннен сыр шертер құпиясы бар екен.

Басында бір өмір аялап сақтаған мұраларының тарихы жайлы сұрай бастағанда Әуесхан Мажайқызы біраз тартыншақтады. Өйткені, бала күнінен көргенді елдің тәрбиесін көріп өскендіктен қазақы қанға сіңген қасиет бойынша аталарының атын бадырайтып айту тым өрескел сезіледі екен. «Емші ата», «Зәңні ата», «Толқынның шешесі», «Мырза жігіт» деген сияқты жаңылдырып атаған есімдер біздің мақала жазуымызға кедергі келтіретінін түсіндіруге тырыстық. Сонда да кісі есіміне келгенде бәрі бір жаңыла берді. Бірақ біз оқырманға түсінікті болу үшін аты аталған аталардың есімін мақалада өз қалпында көрсетуге тырыстық.

Әуесхан Мажай қызы тіккен қыз жасаулары.

– Бабамыз Жансарбай Ұлтарақұлы өз дәуірінде ауруға жол бермеген емші, ауыздыға сөз бермеген шешен, елді ынтымақ пен берекеге бастаған, ел тізгінін ұстаған көреген кісі екен. Туғанда тым нәзік болған соң тұмаққа салып, төбеге іліп қояды екен. Соған қарап елдер Жансарбай атап кетіпті. Әулиелігі бір басқа, өз дәуірінің егейлерімен етене жақын болып өтіпті. Оның үстіне ауруға жол бермеген емші болған. Атамыз 1951 жылы туып, 1946 жылы 95 жасында өмірден өткен сүйегі асыл жан еді. Бұл мұралардың ішінде сол кісіден қалған 50-ден астам жәдігер бар. Соның ішіндегі ең бағалысы күмістелген ат әбзелдері мен емшілікте дәрі-дәрмек жасауға қолданылатын кішкентай келі. Атамыз ат-әбзелдерді Торғауыттардың атақты шебері Бадыма дегенді арнайы шақырып әкеліп, төрт, алты, сегіз таспалы қазақша өрім мен он екі таспалы қалмақша өрімді араластырып өргізіп, жасатқан екен. Бұл ой қазақ-қалмақтың бұдан былайғы өмірі  береке-берлікте өтсін деген асыл арманынан туындаса керек. Ал Жансекең қазақтың байырғы емшілік дәстүрі мен сол кездегі жаңаша емдеу жолдарын үйлестірген бүгінг тілмен айтқан да білікті дәрігер. Сол кездің өзінде «Жан қалса Жансарбайдан қалады» деген ел арасында аты аңызға айналып, ардақты есімі елге өнеге болғаны тағы бар. Осы мұраның ішіндегі дәрі-дәрмек жасауға арналған кішкентай келі-келсапты кезінде Мәскеуде медицинаны бітірген, 1938 жылы Сәбетте (ол кезде Қазақстанды Сәбет деуші еді) атылған, жаңаша емдеуде алдына жан салмаған татар досы Әлиев (атын ұмытып отырмын) естелікке ұсынған екен. Сол атамыздан қалған тағы бір мұра –  егіншілікте қолданылатын соқа мен шөп турауға арналған жады. Соқаны ноғай көпестерінен сатып алыпты да, жады мен самаурынды Андрей деген казак досы беріпті. Осы құралдармен Іле өзенінің алқабындағы шұрайлы жерге егін егіп, елді алғаш отырықшылыққа жетелеген жан.

Расында, тарихты Әуесқан Мажайқызы емес, ол кісі сақтап келген мұаралар сөйлеп тұрғандай сезілді маған. «Жібекті сақтай алмаған жүн етеді, қызды аялай алмаған күң етеді» дегендей, апамыз мұралардың арасынан алкүрең түсті ширатылған бір уыс жіпті алып шығып, «Бұл Қытай жібегі» деп таныстырды. Осыған дейін «Қытай жібегі» деген терминді кітаптардан оқып жүрсем де оның қандай болатынын көрмеген екенмін. Өте бір нәзік, қос саусақтың арасына салып, уқаласаң үгітіліп кететіндей биязы жіп қолға сусып тұрмайды екен. Сонда ғана Батыс Қытайдан – Батыс Еуропаға дейін жеткен әйгілі Жібек жолының қалыптасуына мұрындық болған «Қытай жібегінің» құндылығын азырақ түсінгендей болдым. Бір қызығы, жібек жіпті жақсаңыз күлі жерге түспей ауаға тарап, ұшып кетеді екен. Мұралардың ішіндегі тағы бір құнды зат – жүз жасаған бесік. Оның да естіген құлаққа жағымды, өзгеше тарихы бар екен:

 

«Атамекен» тарихи мәдениет орталығы мен Талдықорғандағы көрме.

Бірде көзіміз апамыздың қолындағы күміс білезікке түсті. Күміс талшықтардан өріп, өрнектеп жасаған білезіктің он саусағынан өнер тамған шебердің жасағаны белгілі.

– Бұл шешемнен қалған естелік. Кем дегенде екі жүз жылдан асқан дүние.  Шешем сексен жасқа жақындап қайтыс болды. Ол кісінің шешесі де тоқсан жасқа таяп барып қайтыс болған. Білезікті ұлы атам  Рақыбай бәйбішесіне арнап жасаған екен. Ол кісінің көп зергерлік дүниесі сақталмай қалды. Атамыз 1700 жылдары өмір сүрген, – деп  тағы бір тарихтың шетін шығарды.

 

 

Әуесхан Мажайқызы сақтаған жәдігерлер мен қолөнер бұйымдары жұрттың ықыласын аударуда.Орбұлақ шайқасының 350 жылдығына арналған көрме.

Әуесхан Мажайқызы биыл жетпіс жасқа келіпті. Өзі де сегіз баланы өмірге әкеліп, бәрін ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындатып өсіріп, «Алтын алқалы» ана атанып отырған жайы бар. 1970 жылдардың соңына ала Қытайдағы саяси жағдай орнығып, Ауесхан Мажайқызын ауылдық емханаға дәрігерлік жұмысқа шақырыпты. Бірақ, ол ұсыныстан бастартып,  жұбайы Андас Омарақынның қаламгерлік, зерттеушілікпен шұғылдануына жағдай жаратып, ұрпақ тәрбиелеп, оларды оқытумен айналысады. Бүгінде балаларының бірі дәрігер, енді бірі журналист, архитектор, құрылысшы, мұғалім, мемлекеттік қызметкер дегендей әр саланың маманы. Ауесхан Мажайдың ұрпақ тәрбиесіндегі осындай үлгілі істерімен ҚХР-да жүргенде «Мемлекеттік ұрпақ тәрбиелеудің үлгісі» деген марапатқа да ие болған екен. 1990 жылдары бизнеспен айналысып, тары, талған, жент, жарма, сүзбе, қатық, тары көже, боза сияқты қазақы тағамдарды саудаға шығарып, халықтың қолдауына ие болған. 1999 жылы ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдер жәрмеңкесінде алаша, ши тоқу өнерін, тарыдан жасалатын түрлі ұлттық тағам мен қазақтың қара сабынын жасаудан мастер-класс көрсетіп «Ұлттық өнімді сақтаған бірінші дәрежелі шебер» деген марапатта алыпты.

Ауесхан Мажайқызы ата мұрасын сақтаушы болумен қатар, он саусағынан өнер тамған шебер. Өзі тіккен түскиіз, жүк жапқыш, құрақ көрпе, қапшық дорба, қасқыр тұмақ, тақия, тағы да басқа тұрмыстық бұйымдар, сан түрлі қыз жасауы, тоқымалар, қолмен басқан киіз сырмақ, тоқыған алаша, бүгінге дейін жеткізген қазақтың қара сабынын жасау техникасы  өз алдына бір төбе. Бүгінде Әуесхан Мажайқызы сақтаған мұралар мен өзі жасаған қол өнер бұйымдары жұрттың ықыласын аударып жүр. Алтын Орданың 750, Орбұлақ шайқасының 365 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме мен Түркістан қаласында өткен «Turkistan: One way One histopyInternational forum – 2019» халықаралық көрмелеріне қатысып, жақсы баға алса, Талдықорған қалалық, Алматы облыстық қолөнершілер байқауында жүлдегер атанды. Өткен жылы ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының Алғыс хатына ие болды. Бүгінде Алматы облыстық ардагер әжелер ансамблінің құрамында ұлттық өнерді ұлықтап жүр. Сондай-ақ, жұбайы Андас Омарақынұлының басылым көрмеген өлеңдерін, айтыстарын, тарихи зерттеу еңбектерін жинақтап, баспадан шығару ісімен айналысуда.

 

Түркістан қаласындағы көрме.

Біз ғажайыпқа сенбейміз. Бірақ ата мұрасына адалдық таныту қай ұлттың перзентінің де асыл қасиеті. Ауесхан Мажайқызы сол өсиетті орындағанына қуанады.  Сол ізгілігіміздің жібі үзілмесін.

Апамыздың әрбір әңгімесі тұңған тарих. Ол туралы тағы бір орайы келгенде айта жатармыз.

Әуесхан Мажайқызы биыл жетпіс жасқа келіпті. Өзі де сегіз баланы өмірге әкеліп, бәрін ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындатып өсіріп, «Алтын алқалы» ана атанып отырған жайы бар. Бірақ апамыз көптен бері сақтап, қорғап, жоғалтпай ұстаған осы мұралардың елдің керегіне жаратар орайдың табылмай отырғанына сәл қиналатын көрінеді.

Қазақстан тәуелсіздік алған соң, атамекеніне алдымен балалары көшіп келді. 2016 жылы қонаққа келгенде жұбайы қайтыс болып, Талдықорған қаласына жерленеді. Осыдан кейін Қытайда жалғыз тұруға жағдайы келмей, елге өзі де оралады. Біраз мұраны Қытайдың Күнес аудандық музейіне тапсырады.Содан атасының өсиеті бойынша жәдігерлерді аз-аздан таси берген. Осы мұраларды елге жеткізу үшін Қазақ-Қытай шекарасынан тоқсан неше рет өтіпті. Расында, үлкендерден қалған мұраны көнерген, ескірген деп далаға лақтыра салатын жастар көп. Оның қасында бір әулеттің үш ғасырлық мұрасын сақтап қалу көпке үлгі болатын қасиет емес пе? Оны қойшы, мына тұрған алматыға жұмыспен барып қайтқанның өзіне шаршап қалатын жастар көп. Ал атасының өсиетін орындау үшін жетпіске таяп қалған шағында екі елдің шекарасынан зілдей ауыр сумкаларды сүйрелеп, тоқсан неше рет өту екінің бірінің қолынан келе бермейтін төзімділік. Бұл да нағыз еңбек адамына тән жақсы қасиет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуесхан Мажайқызы өнерін елге үлгі, ұрпақтарға өнеге етіп келеді.

«Бейнеттің зейнеті бар» дегендей, бүгінде Ауесхан Мажайқызы атасының өсиетін орындап, қиналған күндерінің рақатын көріп отыр. Өткен жылдан бері осы мұралардан хабар тапқан еліміздің жер-жеріндегі музей қызметкерлерінен сұраныс түсе бастапты. Өткен жылы жәдігерлердің 100-ге жуығын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Елбасының «Атамекен» тарих-мәдени орталығына тапсырды. Бүгінде ол мұралар мемлекеттік тізімге алынып, мемлекеттің қорғауына өтті. Қысқасы, ел байлығына айналды. С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұсынысмен кітапхананың бір бөлмесін этнографиялық кабинет етіп жабдықтап берді.

Әрине, Ауесхан Мажайқызының бұл еңбектеріне отағасының да үлесі бар. Бірақ жұбайы Омарақын Андас шығармашылық адамы болғандықтан отбасы тәрбиесіне көп  араласа бермейтін. Қайта отағасының алаңсыз шығармашылықпен айналысуына жағдай жасап, үлкен нәтижеге жетуіне жол ашты. Қытайда қазақ, қытай, ағылшын тілдерінде 15 кітабы жарық көрген Андас омарақын 2010 жылы тарих саласына қосқан үлесі үшін ҚХР-ның Мемлекеттік сыйлығын алды. Бүгінде Ауесхан Мажайқызы отағасының басылым көрмеген өлеңдерін, айтыстарын, тарихи зерттеу еңбектерін жинақтап, көптомдығын баспадан шығару ісімен айналысуда.

Қажет АНДАС

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 41
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz