Иә, береке-бірліктің, ынтымақтың, ағайынның хал-қадірінше демеуінің нәтижесінде бой көтерген ғалымның ескерткішін тұрғызу туралы бастаманы әу баста республикалық “Үш бәйтерек” қоғамдық қоры көтерген болатын.
“Көп түкірсе көл болады” демекші, көптің демеуімен бой көтерген естелік бүгінде сол көпшіліктің рухани ләззат алатын орнына айналып отыр. Кейінгі жылдары қаламызда өткен қандайда бір мәдени, танымдық, мерекелік ісшаралар барысында көпшілік алдымен Қадырғали би Жалайыр ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етіп, перзенттік борышын өтеп барып, мақсаттың жұмысты қолына алады. Ал жаңадан шаңырақ көтерген жас жұптар, баласын болашақ бақытты сапарға аттандыруға жабдынған ата-аналар міндетті түрде баба рухына тағзым етсе, жаңа жоспарға кіріскен жастардың да алдымен баба алдынан өтіп, жұмысын бастайтынын жиі көріп жүрміз. Демек, осыдан біраз жыл бұрынғы көптің тілегі міне, осылай өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Ескерткіштің сәулеті мен сәні де қаламызға келген қонақтарға бұл өңірдің ұлылыққа иіліп, тарихқа үңіліп тұратын парасатқа бай жұрт екенін түсіндіріп тұрады. Сондықтан сөз тізгінін алғандар бабаның суретін салған суретші Марат Нүсіпке, содан кейін Қазақстан Сәулетшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қаби Баулықов пен мүсінші қайрат Сұраншының еңбегіне ризашылығымызды білдіре кеткеніміз жөн. Сонымен бірге, баба мүсінін құюға бар ынта-ықыласын арнаған қарағанды қаласындағы қазақстан Сәулетшілер одағына қарасты Досмұхамбетов атындағы комбинат пен құрылыс жұмысы мен ескерткішті абаттандыруды сапалы аяқтаған “Ақ жол” ЖШС-нің құрыш қолды жігіттері.
Мұрағат деректері бойынша Қадырғали Жалайыр Ресейдің Рязань облысына қарасты қасымов қаласына жерленген. қазақстандық бір топ ғалым баба жатқан қаладағы ескі қорымға туған жерінің бір уыс топырағын апарып, белгі орнатып қайтқан еді. Осы орайда, сол экспедиция құрамында болып, баба қабіріне тәу етіп қайтқан заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Жалаири сияқты азаматтарды әңгімеге тартып көрдік:
– Біздің ең алдымен ұлыларымызды ұлықтап, олардың қадірін танып, ескерткіш орнатып жатуымыздың өзі тәуелсіз ел болып, іргемізді бекітіп жатқанымыз дер едік. Егер осы күн болмаса біздің бүгінгі қуанышымыз болмас та еді ғой. Сондықтан әрбір қазақ перзенті осыны терең түсінуі керек. Баба қабірін іздеп тауып, оның аруағына тәу етіп, еліне оралуына жағдай туғызуымызға да осы тәуелсіздік сеп болды. Біз 2005 жылы қазан айында “қадырғали би” қорының тапсырмасымен төрт адам Мәскеуге аттандық. Осы жерде бір нәрсені ашық айта кету керек. Бізден төрт жыл бұрын да арнайы экспедиция осы мақсатпен Мәскеуде болған. Бірақ оларға Ресей үкіметі еш құжатты көрсетпей қайтарған болатын. Сондықтан біз алдымен Сыртқы істер министрлігі арқылы Ресей сыртқы істер министрлігіне шығып, рұқсат алдық. Сонымен алғашқы сапарымызды Мәскеудегі мұрағаттардан бастап іздестірдік. Кейін Рязань облыстық өлкетану мұражайындағы мұрағаттарды ақтарып, өзімізге керекті мәліметтер таптық. Тарихшы, өлкетанушы орыс ғалымдарымен қоян-қолтық жұмыс жасаудың нәтижесінде қадырғали бабамыздың бұрынғы қасымов хандығында істеген жұмыстарының көшірмесін алдық. Жатқан жерін де анықтадық. Енді осында бізді тағы бір жағдай қинай бастады. Біз жоспар бойынша бабаның басына орнату үшін Алматыдан арнайы құлпытас жасата барған едік. Бірақ қасымов қаласындағы көне зираттардың басына ақ тас орнатылады екен. Сондықтан жергілікті зауыттарға қайтадан тапсырма беріп, ақтастан құлпытас жасатып, басына араб әрпімен “қадырғали би” деп атын жазып, оның астына кирилицамен сол жазуды қайталай көшіріп орнатып қайттық. Ал бабамыз жатқан қабірден арнайы әкелінген топырақты ескерткіштің тағанына көмдік. қысқасы баба аруағы туған ерімен осындай үндесіп, баба болашағы ұрпақтарымен осылай тілдесіп жатыр,
– деген жауап алдық олардан.
Қадырғали бабамыз өз заманындағы озық ойлы тұлғалардың бірі. Оның шежірелер жинағы халқымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін құнды мұрағат. Аталған жинақ жайында өз кезінде орыс ғалымдарымен қоса, Шоқан Уәлиханов, бертінде Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Манаш Қозыбаев сияқты дара тұлғалар өз бағасын берген болатын.

Біздің арғы ата-бабаларымыз қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті», – деп жазғандай, біздің заманымыздан бұрын VII-II ғасыр аралығында өмір сүріп, Афрасияп – Алып Ер Тұңға атанған бабамыз алғашқы Түрік мемлекеті, Енисейден – Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан ұлы империяны құрып, Тұран елін қуатты ел қылды. Ал Кирдің кеудесін басып, басын қанға бөктірген Тұмар ханымның (б.з.д. VI ғ.) аңызға бергісіз ерлігі де елдіктің асқақ өрлігі емес пе? Махаббатын халқының азаттығы жолына құрбан еткен Зарина анамыз, құмырсқадай құжынаған табғаш жұртын табанына жаншыған Мөде тәңірқұт, «Түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қызыл қанын төгіп, қара терін ағызған» Білге, қапаған, Күлтегін (VII-VIII ғасыр) қағандардың ерлік істері кімнен кем. Иә, айбарынан дұшпаны именген, прасаты бай өлкенің ерлік-даңқына үлгі болған талай патшалар мен хандар бүгінгі ұрпақтың мақтанышы емес пе? Олар қазақ халқына адал, беріле қызмет етіп, елдің тәуелсіз болуына үлесін қосты. Осы тұста сол етженді тарихты бүгінгі ұрпаққа жазып қалдырған парасатты ғалымдардың еңбегі де елдің алғысына бөленіп келеді. Сол қатардың басында қазақ тарихының шындығын сүзген Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» тұр.
Расында, жаһандану дәуірінде жұтылып кетпес үшін ең алдымен өткен күнге көз салған абзал. Өйткені, тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Сондай-ақ, мылтықсыз майдан күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Ол үшін қазақ тарихының көкжиегін кеңейту арқылы қазақтардың Еуразия аумағындағы байырғы халықтардың бірі екенін және кейінгі жиырма жылдағы тәуелсіздік тарихын толық пайымдау қажет. Расында, қазір мемлекетіміз қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды осы заманғы ғылымның биігінен пайымдауға және ұлттық тарихтың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыруға тиіспіз. Тәуелсіздік жылдары Елбасының қамқорлығымен тарихи сананы қалыптастыру, «ғылыми қазына» сияқты мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, қаржылар шешілді. Мұрағат беттері ашылып, тарих беттері толығуда. Талай қазақстандық ғалым шетелдерде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Бірақ та, кемдемсоқ саясаттың кесірінен кенде қалған тарихи сана көкжиегін көрсетпеді.
Айтпақшы, 2003 жылдан бастап «Мәдени мұра», сосын «ғылыми қазына» сияқты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қаржыландыру мәселесі шешілді. құпия саналатын мұрағат қорлары ашылып, тарих беттері тың деректермен толықты. «Сындарлы он жыл», одан кейінгі «Жасампаздық пен бейбітшілік жылдарын» қамтитын тәуелсіздік тарихының маңызды оқиғалары жүйеленіп, ғылыми айналымға енді. Елбасы Жарлығымен 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл «ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының жылы», – деп жарияланып, көптеген мұрамыз түгенделіп, жоғымыз табылды. «Халық тарих толқынында» айдарымен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігі бірлесіп үлкен ғалымдар тобын шетелдердегі мұрағат қорларына жұмыс істеуге жіберуді дәстүрге айналдырды. ғалымдар көршілес қытай мен Ресей және Иран, Түркия, Араб елдері, Моңғолия, Ұлыбритания сияқты елдерде болып, көптеген ғылыми нәтижеге қол жеткізді. Сол қатарда қытайдан қазақ хандығының тарихына қатысты Цинь империясының мұрағат құжаттарының көшірмелері әкелінді. 283 томды құрайтын бірегей мұрағат құжаттары өз кезегінде көптеген дүдәмал сұрақтарға жауап табуымызға жол ашты. Сол игілікті істердің жалғасындай қадырғали би қосымұлының тарихи еңбегі қайта парақталып, оның құпиясы мен бізге беймәлім шындығы қайталай зерделене бастады.
Осы тұста Қадырғали би Қосымұлының еңбегін насихаттаудың маңыздылығы қаншалық? Деген заңды сұраққа да нанымды жауаптар берілді. әлбетте, біз қашанда бүгінгі жетістігіміздің олқы болмағанын дәлелеу үшін өткен тарихқа үңілетініміз анық. Өйткені, бүгіннің ізі кешегі бабалар салған сара жолда сайрап жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, қадырғали бидің қазақ тарихына қосқан үлесінің өзін тарихи сабақтастықтың санадағы жаңғыруы ретінде түсінген абзал. Шынымен Қадырғали мұрасын насихаттау еліміздің тәуелсіздік тарихы және саяси жағдайымен біте қайнасқан шара екендігін мойындауымыз керек. Тарихшалардың пікірі бойынша, «Жылнамалар жинағы» атты Қадырғали би еңбегі 1600 – 1602 жылдары жазылып біткен. ХІХ ғасырдан бастап ғалымдардың назарына іліне бастаған қадырғали би шығармасын сақтап, танып-білуде туысқан татар халқының оқыған азаматтарының, ғалымдарының сіңірген еңбегі ерекше болды. Бұл ретте олардың барлығының атын атап шығудың қажеті шамалы. Десек те, алғаш рет татар ғалымы Ибрагим Халфин еңбектің көшірмесін қазан университетінің кітапханасына тапсырғанын айтпай кетуге болмайды. Ресей ғалымы Х. Френ қасым хандығының ханы Онданұлы Оразмұхаммедтің сандығында сақталған қосымұлының өз қолымен жазылған тұпнұсқасымен танысқан. Ал аталмыш еңбектің ғылыми айналымға түсуі үшін көп еңбек еткен шығыстанушы И. Березин болса, «Жылнамалар жинағындағы» деректерді өз зерттеуіне мол пайдаланған тарихшы Вельяминов Зернов болды. Жалайыр Қадырғали би ХVІІ ғасырда таза қазақ тілінде тұңғыш тарихи шығарма жазған тарихшы ғалым, оны қазақ тілінде тарихи жазба шығармаларының бастаушысы деуге болады. Шоқан Уәлиханов Қадырғали бидің қолжазбасы туралы: «Бұл кітаптың әбілғазы шежіресімен және «Шайбанинамамен» салыстырғанда аңыздан гөрі ақиқаты молырақ. Тілі қазіргі қазақ тілі сияқты» деп жазады. қадырғали биге жоғары баға берген ұлы ғалымдарымыздың бірі – академик әлкей Марғұлан. 1ұ81 жылы «қазақ әдебиеті» газетінің 1-нөмірінде жарияланған «Күміс сандық құпиясы» атты көлемді мақаласында ол былай дейді: «Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі – өзіне дос болған серігі әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 15ұ8 жылы жазылып біткен, әуелгі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен…». Ал Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің бабамыз туралы пікіріне көңіл бөлейік. «қадырғали би Жалайыр – түркі әлеміндегі үлкен тұлға. Ол ірі қоғам қайраткері, тарихшы, философ жазушы ғана емес, Сібір жерінде Ермак бастаған орыс отаршыларына қарсы күрескен әскербасы «баһадүр қолбасшы» – деген ол. Десе дегендей-ақ, баяндамашылар еңбегінде көрсетілген бабамыз туралы саңлақтар мен жайсаңдардың ой-пікірін көптеп келтіре беруге болады.
Бұған қарап, қазақта Қадырғалидан бұрын тарихшы болған жоқ деген ұғым тумауы керек. Алайда, ол қазақтың тарихын қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан зерттеген бірінші ғалам. қысқасы, осындай салмақты себептер ғалымның еңбегін қайта ақтарып, жұртқа жаңа қырымен насихаттауға негіз болып отыр.
Түйін
Құс қалықтай алар еркін биіктен қараған баба ел жұртын бүгінгі тәуелсіздіктің кепілі болған ынтымақ пен береке-бірлікке шақырып тұр. Ал бабаның еңбектерін насихаттау жұмысының да қарқын алғанына куә болдық. Осыдан біраз жыл бұрын “Үш бәйтерек” қоғамдық қоры “Армысың, әз баба” деген кітап шығарған. Үш бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімі бабаның еңбегіне арналса, екінші бөлімде баба жайында жазған өзге ғалымдардың еңбегі жинақталған, ал соңғы бөлімінде жыр мүшәйрасында баба рухын асқақтатқан ақындардың өлеңіне орын берілген еді. Аталмыш кітап содан бері оқу орындарындағы жастардың өз тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйренетін тағылымды оқулық болып келді.
Қажет Андас.
Q-Andas ақпарат агенттігі.











