Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

admin
2026/04/24
Тұлғатану
0
Қайырымдылықтың қайыры мол

Талдықорған қаласынан жақын орналасқан Жарлыөзек деген ауыл бар. «Ауылын көріп азаматын таны» дегендей, бұл жердің адамдары көпке қайырымды, жұртқа сыйымды, бірімен бірі сыйласымды. Осылай сыр тартып отыруымның да өзіндік себебі бар. Кәсіпкер, қайырымдылығымен көптің ықыласына бөленіп жүрген, кәріс қызы Венера ХАННЫҢ адами болмысы, азаматтық істері осы айтқанымыздың ақиқатын  көрсетеді.

Кітапханашыдан кәсіпкерге дейін

Адам баласының қалай өсуі, нендей қадірлі жолды таңдауы және қандай адам болып ержетуі, ең алдымен, ата-ананың берген тәлімі мен тәрбиесіне тікелей қатысты. Сондықтан да: «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылды өміріміздің ұстанымы етіп келеміз. Венераның әкесі Хан Афанасийұлы, шешесі Тен Лена Александрқызы да ауылдың қарапайым шаруақор адамы. Асып-тасып жатқан байлығы болмаса да, ұрпағына адал термен игілік жаратудың тәрбиесіне бай жандар. Ол осындай еңбексүйгіш отбасында ержетеді.

Қалыпты өмірде байқалмағанымен жақыннан таныссаң әр адамның өмірінен қызығы мен қиындығы мол тарихы өріліп шыға келетіні анық. Біздің кейіпкеріміздің де сан тараулы тағдыры оның қажыр-қайратын шыңдап, бүгінгідей биікке шығарды. Еден жуушыдан елдің қамын жеген қайырымды жанға айналдырды. Айталық, Венера балалық, жастық шағын Жарлыөзек ауылында өткізіп, 1970 жылдардың соңында арман қуып Алматыға аттанып, алғашқы қадамын тігінші мамандығын оқумен бастайды. Оқуын бітіріп, еңбек жолын бастаған жылдары Ли Вячислав Константинұлымен танысып, отбасын құрып, Вадим, Георгий атты екі ұлды болады. Бірақ жолдасы өмірден өтіп, алматылық болып жүре беруді қаламаған ол шиеттей екі баласын алып, Жарлыөзек ауылына оралады.

Осындайда Абай дананың: «Есектің артын жусаң да пұл тап» деген тағылымды сөзі ойға оралады. Әрине, тарихтағы жетістікке жеткен адамдардың өмірін зерделеп көрсек, бәрі де алғашқы адымын креслодан бастаған жоқ. Екі баласын қолтығына қысып жүріп, қарымын талдыратын қара жұмыстың талайын істеді. Еден жуды, киім тікті, кітапханашы болды, шешесі өмірден өткен соң әкесінің тұрмысына қарайласты. Демек, тағдыр талайына қандай жұмыс істеу тура келсе, соның бәрін таза пейіл, адал жүрек, азаматтық белсенділікпен атқарды. Ала таңнан кеш батқанша тыным таппай жұмыс істеді. Одан жаман болған жоқ.  Қайта сол қиын күндер оның болашаққа деген арман-мұратын шыңдады. Күндер осылай тынымсыз тырбанумен өтіп жатқан тұста Кеңес одағы ыдырап, тәуелсіз Қазақстан өз алдына бөлініп шықты. Бағдар өзгеріп, шаруашылықтар күйреп, жұмыссыздық жұрттың мазасын қашырған 1990 жылдардың басында екі баласын алып, Талдықорған қаласына келіп қоныстанады.

Еңбекпен ержетіп, құлшыныспен игілік жаратып үйренген Венера енді кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Басында малдың терісі, қойдың жүні, темір-терсекті сатып алып, сатумен айналысты. Талдықорған қаласындағы «Қайнар» АКБ өндірген аккумуляторларды басқа өңірлерге тасымалдап, іскерлікпен іс бастады. Нәтижесі де жаман болған жоқ. Қаржысы молайып, ауқымды жұмыс атқаруға мүмкіндік туды. Келе-келе көрші елдерге отандық өнімдерді шығарып, ол жақтан тұрғындарға керекті тұрмыстық бұйымдарды жеткізіп, шекара саудасының да көрігін қыздырды. Осы тұста екі ұлы да ержетіп, жоғары оқу орнына түсті. Үлкен ұлы Вадим әлемнің 6 тілін жетік біледі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Моңғолояда оқып, еліне қызмет етті. Бүгінде шешесі жолын салып берген бизнестің тізгінін ұстап жүр. Кенжесі Георги заңгер мамандығын меңгерді. Бүгінде мұнай өңдеумен айналысатын компанияда жұмыс істейді.

2000 жылдардың басында Венера Хан Талдықорғаннан Өскеменге көшіп, сол жақтан нәсіп іздеуге кірісті. Ол кезде Өскеменде кәріс салаттарын дайындайтындар жоқ еді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін күніне 3-4 сағат ұйықтап, қалған уақытын асүйде өткізген оның қаржысы да молая түсті. Адал тердің арқасында тұтынушылары да көбейді. Оның қайсыбірін айтасың. Ең бастысы, Венера Өскемендегі кезінде адалдық және тынымсыз еңбектенген адам ғана ойлаған мақсатына жете алатындығын өзі ісімен көпке дәлелдеді.

Қос білегін талдырып бастаған кәсібі, істеген жұмысы өтелген Венера Хан бүгінде халықаралық бизнеспен айналысады. Әсіресе, Корея мемлекетімен денсаулық сақтау саласы бойынша іскерлік байланыстар орнатқан. Кейінгі жылдары «Бәрі денсаулық үшін» медициналық орталығының Астана, Алматы, Ақтөбе қалалрындағы филиалын ашып, 300-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Арасында шетелдік мамандар да бар. Осылай қазақстандықтардың саламатты өмір салтын жақсартуға үлес қосып жүр.

Тілге, дінге, дәстүрге құрмет

Кәсіптен нәсіп тапқандар арамызда көп. Алайда кәсіпкер Венера Ханның сол әріптестерінен даралап тұратын, айрықша айта кетітін бірнеше артықшылығы бар. Ең алдымен кейіпкеріміздің қазақ тіліне деген шынайы жанашырлығын өзгелерге өнеге етуге тұрарлық. Осы мақаланы дайындау барысында Венера Ханмен әңгімелескенде қазақ тіліне деген құрметін түсініп,  таза да ұғынықты сөйлегенін көріп, кез келген жерде өзге тілде сөйлеуді мақтан ететін қаракөз қыздарды ойлап қынжылдым.

– Жасыратыны жоқ, қазақ жастарына қазақша сөйлесең, орыс тілінде жауап қайтарғанын көргенде ойланасың. Мектепті орысша оқыдым, жұмыс барысында сол тіл жиі қолданамын. Бірақ бала жастан ауылда қазақ халқының дарқандығын сезініп өскендігім бұл тілді жетік меңгеруге себепші болды, – дейді.

Имандылық жайлы жиі айтамыз. Бірақ өзінің жүрек қалауымен қасиетті Исламға жан-тәнімен берілген Венераның тазалығына да тәнті болмасқа шараң жоқ.

– 1992 жылдан бастап Ислам дініне қатысты кітаптарды оқи бастадым. Жаратушы хақ екенін мойындаймын. Бірақ адами қасиетті қалыптастыру үшін қандай дінді ұстау ұлтына, тегініе қарамастан әр адамның жүрек қалауына байланысты. Ислам дінінің имандылық, тазалық, адамгершілік, қайырымдылық қағидаларына негізделгенін түсіндім. Ал 2003 жылдан бастап ораза ұстап, намазға жығылдым. 2019 және 2021 жылдары екі рет қажылыққа барып, мұсылман баласы өтеуге тиісті бес парыздың ең қастерлі бірін өтеп қайттым. Балаларымды да, немерелерімді де сүндеттеп, мұсылманшылықтың үлгісін көрсеттім, – дейді.

Жан-дүниесін имандылық нұрымен суғарған Венера ауылдастарының өмірін ізгі жолға жетелеуге ұмтылды. 2017 жылы туған жері Жарлыөзек ауылынан мешіт құрылысын бастап, 2018 жылы жұрттың игілігіне берді. Аналарының асқақ үмітін ақтау үшін балалары да барын сала көмектесті. 200 орынға арналған Алланың үйі бүгінде Жарлыөзек ауылының ортасында асқақтығымен көз тартып тұр.

Жалпы, қазақ пен кәріс ұлтының салт-дәстүрінде көптеген ұқсастық бар. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ата-анаы құрметтеу, елмен етене жақын болу, жақсылыққа құштарлық, жарлы-жақыбайға көмектесу, тағы да басқа жақтарда ортақтығы көп. Венера Хан екі ұлттың осы құндылығын бойына тұмардай тағынған. Бүгінде жұма сайын жеті шелпек пісіріп, аруақтарға құран оқыту, Наурыз мерекесінде наурыз көжені, қонақ келгенде бауырсық пісіріп, бесбармақты да өзі дайындайды. Қазақта: «Өзі болған қыз төркінін танымай кетеді» деген тыйым сөз бар. Сондай-ақ, өз ұлтының да ұлттық тағамдарын дастарқанынан үзбейді. Демек, екі ұлттың салты мен дәстүрін тең ұстағаннан ұтылған жоқ. Қайта айналасындағыларға, балалары мен келін, немерелеріне өнегесімен үлгі көрсетіп келеді.

Арамызда жұртқа тырнақтай жақсылық жасаса, мақтанышпен айтып жүретін адамдар бар. Бірақ Венера Хан осы күнге дейін жетімдерді жебеп, мүгедек жандарға қолдау танытып, жетіспей жатқан отбасыларға жәрдемдесіп, жебеп жүргенін бірде-бір рет айтып, мақтанбайды да:

– Әр күні таңертең оянып, телефонымды қосқанда көмек сұраған адамдардың өтініші ватсабыма толып қалады. Бәріне көмектескің келеді. Арасында еңбекке құлықсыз, басқаның көмегіне сүйеніп күнелтуді әдетке айналдырғандар да бар. Қайырымдылық жасаудан ешқашан қашқан емеспін. Өйткені, қайырымдылықтың қайыры көп болады, – дейді Венера.

Абай атамыз: «…Бірі ішсем, жесемнің өмірі, енді бірі нағыз өмір» деп адам баласының өмірін екіге жіктейді. Кейіпкеріміз Венера Ханның өмірі – нағыз өмір.

Қажет Андас,

«Жетісу» газеті, №142, сенбі, 24 желтоқсан 2022.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 22
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Тұлғатану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

May 26, 2026
Тағылымды тағдыр
Тұлғатану

Тағылымды тағдыр

May 13, 2026
«Апа, сен болмасаң»
Тұлғатану

«Апа, сен болмасаң»

May 12, 2026
Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи
Тұлғатану

Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи

May 12, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz