Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

admin
2026/04/23
Тұлғатану
0
Ырысы тасыған әулет

Халқымыз ғасырлар бойы төрт түліктің сүті мен етін азық етіп, терісінен киім-кешек тігіп, жүнінен үй киіз басып, көрпе сырып, сүйегінен неше түрлі әсемдік бұйым жасады. Дегенмен, жаз жайлау, қыс қыстауда мал өргізген шаруаның бетпе-бет келетін қиындығы да аз емес. Тек соған төзе білген жандар ғана шопан деген құрметке, атаққа ие болады. Біз сөз еткелі отырған Алтынхан Қайранова биыл 81 жаста, зейнеткер, «Алтын алқа» төсбелгісі, «Еңбек ардагері», «Медаль материнства», ІІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері. Ол мұндай атақтарға көңіл жықпастықпен жеткен жоқ. Адал еңбегі мен маңдай терінің арқасында ие болды.

Алтынхан Қайранова 1944 жылы Алакөл ауданының Жайпақ ауылында дүниеге келген. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан шопандық қызметті атқарып, қажырлы еңбегінің арқасында бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ана.

– Біздің бала кезіміз соғыстан кейінгі қиын кезеңге тұспа-тұс келді. Күйреген шаруашылық пен бүлінген тағдырларды түзеу үшін үлкендер таяғына сүйеніп жүріп тынымсыз еңбектенді. Сол жылдары ержеткен біздерде балалық шақ деген болған жоқ. Үлкендермен бірге ауыл тірлігін түзеу үшін қолымызға күрек, айыр, шалғы ұстап еңбекке араластық. Мен өскен ауыл отарлап қой, табындап сиыр, үйірлі жылқы өсірген кеңшар болғандықтан күні бойғы тіршілігіміз үлкендерге көмектесе жүріп, төрт түлікті өсірудің қызығы мен шыжығының ортасында өтті. Сол жолда табандылықты, ұқыптылықты, бір беткейлікті үйрендік. Қиындық көргенімізбен еңбекке деген құштарлығымыз мол еді. Сол қасиет күні бүгінге дейін жетелеп жетті. Денсаулығымыз мықты болды. Балаларымызды да еңбекпен өсіріп, елге қызмет еттірдік, – дейді кейуана.

6 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген Алтынхан апа балаларынан 20 немере, 31 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Олар әр салада қызмет етіп, елінің өркениетіне, туған жерінің түлеуіне үлес қосуда. Айталық, үлкен ұлы Сәкен «Дәурен» шаруа қожалығының төрағасы ретінде егін және мал  шаруашылығымен айналысады. Теміржол торабында жұмысшы болған Сәбит бүгінде «Үшарал» мейрамханасында жұмыс істейді. Сәмет жеке кәсіпкер. Хамет көлік жүргізуші. Әсет әскери бөлімде қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Асқар құрылысшы. Отбасындағы жетінші қызы Әсемгүл  ауыл кітапханасында кітапханашы. Олар өз ісіне адал, өте еңбекқор жандар.

– Әулеттің берекесі де, мерейі де ата жолын қуып, алдыңғы буынның   тапсырған аманатын адалдықпен атқаруда деп түсінемін. Бала күнімізде әкем мен шешемнің тәрбиесінде еңбекке құштар болып ержеттік. Мектепте де жақсы білім алып, біліктілік жолында құлшындық. Бірақ үйлі-баранды болып, ес тоқтата бастаған соң әкеміздің жолын қуып, солардың мұратын кейінгі буынға жеткізу үшін шаруашылық жұмыстарына бел шеше кірістім. Қазір сол таңдауымның қате болмағанын сезіп жүрмін. Өйткені, атакәсібімізді ардақтап, шаруашылығымды дөңгелеттім. Қаншама ауылдасыма көмегім тиім, кәсіп ашып, нәпақа табуына жөн көрсеткенімді айтпай-ақ қояйын. Енді осы жұмысты балаларымыз ары қарай жалғастыратыны анық, – дейді Сәкен Әбілқасымұлы.

Алтынхан апаның келіндері де текті жерден шыққан, үлкенге ізетті, кішіге қайырымды. Бүгінде алтын құрсақты анамыз үлкен ұлы Сәкен мен келіні Күлжібектің қолында. Әсілінде, қазақтың салтында қара шаңырақ кенже ұлға қалуы керек. Бірақ Алтынхан апаның басқа балалары әртүрлі мамандық игеріп, ауылдан алыстап кетсе, ата кәсібін жалғастырған Сәкені қара шаңырақтың иесі атанып отыр. Қашанда қара шаңырақтың қадірін сол үйді ұстап отырған келінге де байланысты болатыны белгілі:

– Апамыз бізбен бірге тұрғаннан кейін бұл үйден қонақ үзілмейді. Құжа-жұраты, абысын-ажыны, басқа ұл-қыздары, немере-шөберелері жиі келіп тұрады. «Қонақ құтымен келеді» дегенмен, олардың бәрінің көңілін табу керек. Болмаса ағайын арасында өкпе-реніш туындайды. 17 жасымда келін болып түстім. Алғашында тамақ істеуді, кір жууды, үй жинауды да білмеуші едім. Соның бәрін апам үйретті. Қазір өзімде немере сүйіп, апа атандым. Бірақ апамның алдында әлі де жас келінмін, – дейді үлкен келіні Күлжібек Қайранова.

Апамыз 80 жастан асса да әлі жер таянып отырған жоқ. Мал жайғап, үй шаруасына араласпаса да құрақ құрап, көрпе тігеді, ұршық иіріп, киіз басады. Өнерін немерелері мен шөберелеріне үйретіп отырады. «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дегендей, әжелерінің тәрбиесін көрген жастар да шетінен он саусағынан өнер тамған шебер, өнер, білім жағынан да қатарластарынан мойны озық.

«Жазды күні бұл үй ду-думанға бөленіп жатады» дейді Алтынхан апаның көршілері. Бүгінде алдыңғы буынның ізгі қасиеті немере-шөберелеріне беріліп, олар да жазғы, қысқы демалыста егістік пен мал жайғауға көмектесіп, адал еңбекпен ас табудың қадір-қасиетін бала жасынан меңгеруде. Айта кетерлігі, биыл Қайрановтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2023» Ұлттық байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы, республикалық байқаудың лауреаты атанды. Бұл да еңбекпен келген жетістік.

 Қажет Андас,

 «Жетісу» газеті, №108, сенбі, 23 қыркүйек 2023.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 28
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Тұлғатану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

May 26, 2026
Тағылымды тағдыр
Тұлғатану

Тағылымды тағдыр

May 13, 2026
«Апа, сен болмасаң»
Тұлғатану

«Апа, сен болмасаң»

May 12, 2026
Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи
Тұлғатану

Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи

May 12, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz