Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Тағылымды тағдыр

admin
2026/05/13
Тұлғатану
0
Тағылымды тағдыр

12 мамыр – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, қазақтан шыққан алғашқы темір жол инженері, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күні.

Осы атаулы күнге орай М. Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Мұхамеджан Тынышбайұлы мұрасы» қорының ұйымдастыруымен «Мұхамеджан Тынышбайұлы және Алаш мемлекеті: ұлттық қазына мен тарихи мұра» атты жиын өтті. Оған тарихшылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, Талдықорған қаласындағы орта мектеп мұғалімдері, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері қатысты.

Басқосуда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жомарт Игіман, тарих ғылымдарының кандидаты Күлімкөз Сантаева, журналист, «Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажет Андас мазмұнды баяндама жасады. Олар Мұхамеджан Тынышбайұлының ұлт мұраты жолындағы елеулі еңбектеріне, Алаш идеясына адалдығына, қазақ жерінің тұтастығы мен ел болашағы жолындағы азаматтық ұстанымына кеңінен тоқталды.

Қажет Андас өз баяндамасында Мұхамеджан Тынышбайұлы мұрасының өзінің шығармашылық және зерттеушілік жолына тигізген ықпалы туралы айтты. Ол «Жерұйық мекен», «Қазақ журналистикасының жампозы», «Шалғай ауыл шырағы», «Ұлы дала шежіресі», «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті», сондай-ақ қазақша-орысша жарық көрген «1916 жылғы көтерілістің баспасөздегі көрінісі» еңбектерін жазу барысында Алаш қайраткерінің тарихи мұрасы бағыт-бағдар болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия құрамында зерттеу жұмысын жүргізген кезде де Мұхамеджан Тынышбайұлы еңбектерінің ықпалы ерекше болғанын жеткізді. Баяндама барысында Абай облыстық мемлекеттік архивінде сақталған «Сарыарқа» газетіндегі Мұхамеджан Тынышбайұлына қатысты мұрағаттық деректерді таныстырды. Сондай-ақ, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, М. Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Сарқан аудандық тарихи-өлкетану музейі және «Жетісу» өлкетанушылар орталығы қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, қайраткер туған өңірдегі тарихи ескерткіштер мен қасиетті нысандарды тізімге алып, олардың тарихын түгендеу жұмысын қолға алу туралы ұсыныс білдірді.

Жиында Алаш қайраткерінің немересі Елена Ескендірқызы Тынышбаева сөз сөйлеп, әулет жадында сақталған естеліктерімен бөлісті. Мұндай деректер тарихи тұлғаның қоғамдық қызметімен қатар, адами болмысын, отбасылық тәрбиесін, ұрпақ алдындағы жауапкершілігін тереңірек тануға мүмкіндік берді. «Мұхамеджан Тынышбаев мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы, кәсіпкер Саят Есімханов, Жетісу облыстық М. Тынышбаев қорының төрағасы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Болат Молдабеков, музей ардагері Төлеухан Битимбиев тағылымы мол естеліктерін айтып, тарихи деректерге тоқталды. Олар тұлғаның мұрасын зерттеу, сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселесіне ерекше назар аударды.

 

Жиын соңында қатысушылар Мұхамеджан Тынышбайұлының есімін ұлықтау, ғылыми мұрасын жүйелі зерттеу, жастар арасында Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ұлт тарихын ұлықтаған бұл басқосу өткенді еске алумен ғана шектелмей, елдік сананы жаңғыртатын, жас ұрпаққа тағылым беретін маңызды рухани шара болды.

«Q-Andas» ақпарат агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 34
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Тұлғатану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

May 26, 2026
«Апа, сен болмасаң»
Тұлғатану

«Апа, сен болмасаң»

May 12, 2026
Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи
Тұлғатану

Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи

May 12, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

May 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz