Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Балапан ұяда не көрсе…

admin
2026/04/21
Тұлғатану
0
Балапан ұяда не көрсе…

Алакөл ауданының Үшбұлақ ауылындағы Тоқпановтар әулетінің ұрпақ тәрбиесіндегі үлгілі тұстары ауыл тұрғындары арасында жиі айтылады. Бүгінде қара шаңыраққа ие болып отырған Зылиха Жүсіпбекқызы 87 жасқа келіпті. Белі еңкіш тартып, жүзін әжім торлағанымен денсаулығы жақсы, әлі күнге сиыр сауып, май шайқамаса, кілегей тартып, сөресіне құрт, ірімшік кептірмесе көңілі көншімейді. Өйткені Айып Тоқпанов пен Зылиха Жүсіпбекызы 11 баланы өмірге әкелген. Бүгінде Еркін, Ардақ, Дидар, Дәурен, Мәулен, Рауан, Раушан еліміздің әр өңірінде қызмет етіп жүр. Олардан 30 немере, 8 шөбересі бар.

– Немере, шөберелерім атасының үйіне келгенде ең алдымен сөреден құрт алып жеуге жүгіретіні әдет болып қалған.  Солардың көңілін қалдырмайын деп белім бүгіліп, аяғым ауырып жүрсе де сиырымды сауып, сөрені құр қалдырмай құрт, ірімшік жайып қоямын, – дейді кейуана.

Білген адамға бұл да қазақы тәрбиенің қаймағы бұзылмайтын үлгісі. Ауылдан алысқа кеткен азамат ең алдымен даланың жусан иісін сағынса, қара шаңырақтың алдындағы сөредегі құрттың дәмін есіне алып тамсанады. Ауылға деген махаббаттың сөредегі құрт пен ірімшікке құштарлықтан басталатынын апамыз осы қарапайым әдетімен сақтап келеді. Бұл әрбір ананың үйінің төріне жазып, іліп қоятын тәрбиенің таптырмас тәсілі деуге болады.

Апамыздың айтуынша, Айып атамыз балаларын қатаң тәрбиемен өсіріпті. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі» деген қазақы тәрбиенің тәсілі болса керек. Шын мәнінде өзі де шыншыл, көңілі жұмсақ адам болыпты. Бірақ әкенің қатал тәрбиесін көріп өскен балалар  еңбектің қадірін білетін, асын адалынан тауып жеуге әдеттенген ұрпақ болып ержетті. Апамыздың үйіне бізді ертіп барған Үшбұлақ ауылының бас маманы Дулат Әбілбеков үлкендерден естіген бір тағылымды естелігімен бөлісті.

– Айып атамыз өтірік айтып, жұртты алдауға бейім тұратын өрескел қылықтарды өмір бойы жек көріп өтіпті. Сондықтан балаларын шыншыл, екі сөйлеп, елді бүлдіретін әрекеттен сақтандыру үшін оларға жастайынан сөзбен емес, әдіспен тәрбиелейді екен. Кешке балаларын ат суаруға жұмсап, қолына су таситын торсығын қоса беріп, бастаудың басынан су ала келуді тапсырады екен. Әрине, жылқы да тіл жоқ қой. Суардым деп жарты жолдан қайтып келуге болады. Бірақ бастаудың басынан су алу үшін сол жерге бармаса болмайды. Балаларын осылай шыншылдыққа тәрбиелепті, – дейді ол.

Бұл Айып Тоқпановтың бала тәрбиесіндегі өнегелі ісінің біреуі ғана. Оларды мейірімді, қайырымды, тәрбиелі етіп өсірудің басқа жолдары көп екен. Атамыз осыдан біраз жыл бұрын мәңгілік мекеніне аттанып, Зылиха апамыз қарашаңырақта қалады. Ал балаларының бірі Алматыда, енді бірі Талдықорғанда қоныстанып, өздеріне тиесілі мамандығы бар. Басында балалары апамызды  қалаға көшіріп, өздерімен бірге тұрғызғысы келеді. Бірақ «қара шаңырақтың отын сөндірмеймін» деген кейуана қара шаңырақта жалғыз тұра беруге шешім қабылдайды. Анасының шешіміне қарсы келмеген балалары содан бері кезектесіп 15 күннен анасының жанында болып, үй тірлігіне көмектесіп, шешелерін жалғыз қалдырып көрмепті.

Расында, бүгінде ата-анасын қарттар үйіне өткізіп, зейнетақысы түскенде айына бір амандаса баратын жандар көп. Соларға қарағанда алыс ауылда қалған аналарын жалғызсыратпай, қаладағы қат-қабат тірлігін қайырып қойып, кезектесіп қарайласып, көңілін көтеріп, өмірін ұзартып тұру басқаларға өнеге болатын іс.

Қажет Андас,

 «Жетісу» газеті, №128, сенбі, 12 қараша 2024

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Тұлғатану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

May 26, 2026
Тағылымды тағдыр
Тұлғатану

Тағылымды тағдыр

May 13, 2026
«Апа, сен болмасаң»
Тұлғатану

«Апа, сен болмасаң»

May 12, 2026
Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи
Тұлғатану

Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи

May 12, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz