Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Одаман ақын

Туған, өлген жылы белгісіз (ХІХ-ХХ ғасыр). Жаркент өңірінің тумасы.

admin
2025/09/24
Андас Омарақын ізімен
0
Одаман ақын

Қазақтың айтыс өнерінің өкілі ретінде аты аталып, жыры жатталып жүрген тұлғалар жетерлік. Десе де, еңбегі елге жетпегендер де көп. Соның бірі – Одаман ақын.

Ежелден қазақ халқында жер мен жесір дауы бітпеген, барымта мен сырымта тоқтамаған. 1882 жылы Ресей-Қытай арасындағы «Іле шекараны ажыратып, бекіту» келісімі жасалғаннан кейін де шекараны жағалай қоныстанған рулар арасында келіспеушілік жиі орын алып тұрды. Осыған орай, екі елдің өкілдері әр екі жылда бір рет съезд ашып, ел арасындағы дау-шарды шешіп отыруға келіседі.

Сол съездердің ішіндегі ең іргелісі – албан, суан, қызай рулары арасындағы 1889 жылы өткен «Кеген съезі» еді. Съезде дау ұзаққа созылып, екі жағы да жеңістік бермейді. Осы тұста орыстың ояздары мен қытай тарабының мансаптылары дауды қазақтың дәстүрлі ақындар айтысы арқылы шешуді ұйғарады. Қай жақтың ақыны жеңсе, сол жаққа жеңісті бермек болады. Сонымен Ұлы жүз, Орта жүз руларына бұл бекімді жеткізіп, жаушы аттандырады. Албан, суан жағы Одаманды алдырады. Одаман – адамның сөзгері, асқан ақын, «алысқанын алмай қоймайтын арыстан» деген дақпырты бар, тек үйсін еліне ғана емес, арғын, найман, меркіт, қоңырат, қыпшақ, тобықты елдеріне аты кең таралған ақын. Одаманның атақ-даңқынан хабардар қызайдың атқамінерлері онымен айтыстыратын ақын таппай қиналады. Осы кезде Оразәлі Жанпейісұлы Одаманмен айтысуға өзі сұранады.

Сол тұста өзін мақтап, қарсы жағын даттау, шымбайына батар шындығын дәл тауып айту, сол арқылы қарсыласын сүріндіру айтыстың басты шарты болып есептелетін. Сөз сайысында Оразалы сол жылы Одаманның әкесі Кезеңқара бұрын жайлауға көшкенін естіп, соны алға тартып, жүйеден ұтады. Өйткені, Қытай қазақтарының арасында «Кезеңқараның көші» деген көш осы күнге дейін айтылады. Кезеңқара – Одаманның әкесі, ал атақты Мұқа болыс та осы ауылдан шыққан. Кезеңқара ауылы көшкенде аттарына таққан алтын-күмістен айнала жалт-жұлт еткен сағымға оранып жүреді екен. Оның салтанатынан именген басқа ел Кезеңқара ауылы жайлауға көшпей, көшті қозғамайтын болған. Сол жылы Одаман әкесінің үйінен бұрын жайлауға көшіп шығып алған екен.

Жүйеге жығылған Одаман жеңілгенін мойындап, азаматтар Оразәліні ақ киізге көтеріп, жеңісін тойлайды. Ең бастысы, бұл айтыс қазақ тарихында ақындар айтысы арқылы елдің дауын шешкен алғашқы және ең соңғы жағдай ретінде аңыз болып қалды.

Ақынның шөбересі, танымал әнші, сазгер Бақберген Асқарбеков былай дейді:

– Одаман атамды көрмесем де, жиі еститінмін. Әкем Нұршабек, атам Асқарбек, ары қарай Одаман болып жалғаса береді. Үлкендердің айтуынша, бұл кісі суырыпсалма ақын, шебер күйші болған екен. Атам жайлы бала кезімізде үлкендер: «Төрде отырып күй шерткенде бөксесімен сырғып, далаға шығып кететінін білмей қалатын» деп жиі айтатын. Дүние күйіп бара жатса да күй біткенше басқаға назар аудармайды деседі. Әбілхақ Шапахатов атамыз тірлігінде Одаманның шығарған әнін, 98 күйін біледі екен. Құнттамай жүріп, қайран қазынадан айырылып қалдық.

Әлі есімде, 1983 жылы Дәнеш аға, Төлепбай Байысов, Білісбек Қонысбаев бар, 7-8 әртіс Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылына концерттік сапармен бардық. Ол кезде кешке үй-үйге бөлініп, қонып шығамыз. «Дәнеш аға келді» десе, елдің бәрі елеңдеп тұрады ғой. Біз қонатын үйдің ауласына адам толып алыпты. Бір кезде ақ самайлы әже Дәнеш ағаға келіп амандасып, бәріміздің аты-жөнімізді  шетімізден сұрай бастады. Маған жақындап келді де: «Мынау ұзын шаш бала кім?» – деп сұрады. «Асқарбектің немересі» деп жатты біреулер. «Е, онда Одаманның шөбересі екен ғой», – деп арғы атамның атын атады да, жаныма келіп жайланып отырып, әңгімесін бастады:

– 1928 жылы атаң Одаман Жаркент-Арасанда 19 жасар қызбен айтысып еді. Сол айтыс ел арасында біраз жылға дейін тарап жүрді.

Жылқының тоқтағаны аңырғаны,

Ақынның тоқтағаны жаңылғаны.

Шырағым, жап-жас қана бала екенсің,

Арасанға келіп едің не қылғалы.

 

Кел, қашалық, қашалық қашар болсаң,

Арқама сап көтерейін нашар болсаң.

Алтын-Емел асқанша көтерейін,

Одан ары қарай аяғыңды басар болсаң, – деп басталатын айтысты толығымен айтып шықты. Ол кезде сөзді таспалап алатын құрылғы жоқ. Есімде осы жолдары ғана жатталып қалыпты…

P.S. Одаман ақын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұсында арғы бетке өтіп, мәңгілік мекені сол жақтан бұйырды. Қазір ҚХР Қорғас ауданы Кеген ауылының тұсындағы Шөлжота деген дөңеске жерленген. Бүгінде жұрт оны «Одаманның бейіті» деп атайды. Халқымызда: «Ат аунаған жерде түк қалады» деген нақыл бар. Шындап кіріссек, ел ішінде әлі де талай қазына жатыр. Оны елеп-екшеп, тәптіштеп іздесек, әлі талай қазынаға жолығарымыз анық.

 

Дереккөз: А. Омарақын. «Дода» -Талдықорған: Офсет

баспаханасы. 2022. -304 б.-116–117 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 78
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz