Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Жансарбай Ұлтарақұлының даналықтары

admin
2025/10/09
Андас Омарақын ізімен
0
Жансарбай Ұлтарақұлының даналықтары

Жапсарбай Сасанұлы Солтанкелді руындағы Жансарбай емшінің қырман алып жатқанында үстінен түседі:

– Ассалаумағалейкум, Жансарбай,

Тамыр ұстағанда жүрсің алдыңа жан салмай.

Қырмандағы қызылға көзім түсті, япырай,

Келіппін-ау, қап салмай,

Танырсың, атым – Жапсарбай,

дегенде Жансарбай:

– Ой, Жапсарбай екенсіз ғой, дағар мұнда бар,

деп, бір дағар тарыны толтырып, алдына өңгертіп жіберіпті.

1) Жапсарбай Сасанұлы – ақын, шешен, күлдіргі.

2) Жансарбай Ұлтарақұлы – емші, қазақтың ежелгі емдеу әдісін жалғастырған балгер. Қазақы ем тәсілдерін қолданып, қылтамаққа (қатерлі ісікке) ем қылған деседі. Өкінішке қарай, топалаң жылдардың кесірінен рецептісі сақталмаған.

Солтанкелді Шәкіл деген рудан Тұрғанбек деген өлеңқұмар, пысықтау жігіт шығып, ел аралап, өлең қуып жүреді екен. Бұның еліне кейбір көреалмастар «Ұры Шәкіл» деген лақап ат қойыпты. Бірде Жансарбай емші бір ауылға науқас емдеуге барғанда жанына Тұрғанбекті ертіп алады. Жансекең сырқаттың емін қарап жатқанда сол ауылдың азаматтары Тұрғанбекке қарсылас қылып, өздерінің бетке ұстары Тұрдықан деген өлеңші келіншекті әкеледі. Көп отырмастан Тұрдықан:

– Айт дегенде айтайын, Шәкіл құда,

Қозы-лақты қоймаған, кәпір құда.

Нендей құлық бойыңа бүгіп келдің,

Бола алмаспыз оныңа мақұл, құда,– деп салыпты.

Тұрғанбек бұл әйелдің халін алдын ала біліпті: Тұрдықан тұрмысқа шыққан жылы жүкті болып бір бала көтергенімен, көп өтпей шетінеп кетіп, содан бері он неше жыл баласыз жүрген екен.

Мұны ұққан Түкең қарымта қайтарып:

– Елеу болып, ендеше елеу болып,

Қағыр жерге шөп шығар селеу болып.

Тұңғыш тапқан балаңды Шәкіл сойып,

Содан кейін қалып па ең бедеу болып?

дейді. Келіншек сөзге шыдамай жылап, орнынан тұрып кетіпті.

Бұған қызынған ауылдың адырақбай жігіттері шу шығарып, айтысты бұзбақ болғанда, Жансарбай емші:

– «Сөз тапқанға – қолқа жоқ». «Сөзге сөз келгенде айтпаса, сөздің атасы өледі». Босқа көпсімеңдер,

– деп басу айтып, жігіттерді тоқтатыпты.

 

Жансарбай емшінің түйінді сөздері

– Қайырымсыз жаздан, қайырымды қыс артық,

Көрінбеген алтыннан, көрініп тұрған мыс артық.

Пара жеген билерден, қасқыр алған ит артық,

Ауру іздеп сандалғаннан – ауырмаған мың артық.

 

Қаракерей ауылындағы қағыс

Жансарбай емші бір жолы Қаракерейдің бір ауылына кісі емдеуге барады. Бірақ ол кісінің емшілігіне сенбеген сол ауылдың шала сауаттылау емшісі:

– Құм жиылып тас болмас,

Құл жиылып бас болмас.

Қолдарыңнан не келеді?

деп қағытыпты.

Сонда Жансекең:

– Ит тамағын жылдам ішем деп, ыстықтығын білмей тамағын күйдіреді.

Адамның ақымағы – қолы дуалы адамға тіл тигізеді.

Адамның басы – Алланың добы.

Әйтсе де, жүрегі таза емші ғана сырқаттың дертіне дауа кіргізеді.

 

ЖЫЛ АТТАРЫ (көне атаулармен)

Мұш – дегенің мәнісі тышқан болар,

Жігітке тәкаппарлық дұшпан болар.

Көңілге шайтан кіріп семіртеді,

Біреуі іштен, біреуі тыстан болар.

 

Бахар – дегеннің мәнісі сиыр болар,

Жыл қайыруды білмегенге қиын болар.

Әділдікпен патшаңыз басқарғанда,

Күнде той, күнде қызық жиын болар.

 

Фалың – дегенің мәнісі барыс болар,

Жақын жер көрмегенге алыс болар.

Халықтың бірінде бар, бірінде жоқ,

Жас санап жыл қайыру қалыс болар.

 

Қаркүш – дегеннің мәнісі қоян дейді,

Жасыңда үлгі алып, оян дейді.

Жыл қайырып, жас санау – бұл бір өнер,

Бұрынғы ата жолды қоям ба енді?

 

Мәхи – дегеннің мәнісі балық болар,

Ұлы десе балықты қанық болар.

Бұл балықты «ұлы» деп таласады,

Балықтың үлкендігі қанық болар.

 

Мәр – дегеннің мәнісі жылан екен,

Барында аяғы жоқ, сылаң екен.

Бұрынғы-кейінгі өткен ата жолы,

Жыл қайырып, жас санап тұрады екен.

 

Әсіп – дегенің мәнісі болар жылқы,

Жылқыдан құтылмайды қашқан түлкі.

Ат мініп, қымыз ішіп көк жайлауда,

Салады сауық-сайран әнші-жыршы.

 

Күшпанды – дегеніміз қой болады,

Терісі бір ішікке бой болады.

Жүнінен тоқылады асыл бөздер,

Қойдың да қасиеті зор болады.

 

Һамдуна – дегеніміз мешін еді,

Ежелгі «маймыл» деген осы дейді.

Марихы – дегеніміз болар тауық,

Оның да нағыз атын қойған тауып.

Ол шіркін ұзақ таңға көзін ілмей,

Намазға оятады ауық-ауық.

 

Сәк – дегеннің мәнісі болады ит,

Тұра жүрген абзал ғой нәпсіні тыйып.

Парсы тілден аудардым қазақшаға,

Бар болған білімімді ойға түйіп.

 

Қок – дегеннің мәнісі болар доңыз,

Ғылым-білім, ақыл-ой болады егіз.

Асыл сөздер інжудей тізбектелсе,

Болады бағасы да ұшан-теңіз.

 

АУШАДИЯР (санамақ-тақпақ)

Аушадияр бір болар,

Малын баққан би болар.

Ақсақалдан бата алған,

Ақ шалмалы бай болар.

 

Аушадияр екі,

Қопа толдың шеті.

Шытырман көйлек, он түйме –

Ақ сұлудың көркі.

 

Аушадияр үш болар,

Ұшып жүрген құс болар.

Бағы тайған жігітке

Бақыты қарт дос болар.

 

Аушадияр төрт болар,

Қыздың қойны – өрт болар.

Екі жаман қосылса,

Қол-аяғы мерт болар.

 

Аушадияр алты,

Ақ найзаны қарпы.

Ойнап-күліп жүрелік –

Бұрынғының салты.

 

Аушадияр жеті,

Қыздың қызыл беті.

Қызыл беттен бір сүю –

Ер жігіттің серті.

 

Аушадияр сегіз,

Су аяғы – теңіз.

Қашайық та кетейік,

Екі торы ат – семіз.

 

Аушадияр тоғыз,

Жорғалайды қоңыз.

Ата-анасын бақпаған

Ақыретте – доңыз.

 

Аушадияр он болар,

Қара мақпал тон болар.

Ата-анасын сыйлаған

Етек-жеңі кең болар.

 

Аушадияр он бір,

Даңғыраған жол бір.

Қашайық та кетейік,

Екі торы дүлдүл.

 

Аушадияр он екі,

Жаман адам – дөрекі.

Қашалық та кетелік,

Таңдап бірін – жол екі.

 

Жансарбай бақсының ұшық сарыны

Ау, Бисмилләһи-рахмани-рахим,

Иә, Қауыс, Қияс, Қызыр-Ілияс.

Он екі имам, қырық сұлтан,

Бабай-текті, шашты Әзиз.

Шайқы, бұрқы, дуана –

Кет, пәлекет,

Кет, пәлекет!

 

Жын-шайтанды қуала.

Жеті өлікке жан берген,

Жеті пірге қол берген,

Әуеден от түсірген,

Қайнатпай темір пісірген,

Ұлы жоққа ұл берген,

Қызы жоққа қыз берген.

Қолдасаң – қолда,

Қолдамасаң – қал жолда.

Әй, батпақ, ұшық, ұшық!

 

Ар жақта да ел бар,

Бер жақта да ел бар,

Бұл момында нең бар?

Буын-буын – қамыстан,

Пәле қайдан жабысқан?

Әй, батпақ, ұшық, ұшық!

 

Ұшыныпсың көп ішіп,

Лә иләһә иллаллаһ.

Шайқы, бұрқы, дуана –

Кел, пәлекет,

Кет, пәлекет!

Жын-шайтанды қуала.

Айт – су.

 

Жансарбай бақсының жын шақыруы

Кереге бойлы кер бұғым,

Шақырғанда кел, бұғым.

Үкілі балақ, сексен тон,

Бірің келдің, бірің жоқ.

 

Перінің қызы – сары Айман,

Келе ме деп қараймын.

Кереге бойлы кер жылан,

Шақырғанда кел, жылан.

 

Ұзын сарыны (аруаққа жалбарыну)

Әуелі бастан айтамын – жаратқан жалғыз Құдайды,

Аруағын шақырып жылайын – жар болсын анам Қызайды.

Қайырбер сұлтан, шайқы, бұрқы, дуана,

Оңына келсе ауруды – Қызыр шалып, қолдайды.

 

Безгек болып жабысқан, су пері болып қағысқан,

Бақсы, молда жиналса – ауыздықпен алысқан.

Ойласа да жақтаған, алыстан келіп табысқан,

Емшілердің емдерін – ем қылмайды намыстан.

 

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,

Қасірет тартып зар шектім – оңдар мені бір Құдай.

Жалғыз туған Жаңғабыл, көп пері-жыным бір жатыл,

Құдайдан мен сұрайын – ауыртпауға ем табыл.

 

Тәңірберді аруағы, Тілеуберді – қолбасшы,

Төрт Қызайдың аруағы – өзің келіп қолдашы.

Ағарыс пен Бегарыс, қолдасаңшы Жанарыс,

Ұрпағыңды сақтап қал – кетпесеңші тым алыс.

 

Әулие Қызай анамыз, Есенгелді бабамыз,

Ғарып болған мүсәпір – емін қайдан табамыз?

Албан, Суан, Дулатым – сен едің ғой қуатым,

Емін табар аурудың күн болар ма туатын.

 

Арғын менен Керейім – осы аурудан сен айыр,

Уақ пенен Қоңырат, Шапырашты мен Жалайыр.

Қырғыз, Қыпшақ аруағы – берерсің бойға қуатты,

Алшын, Жаппас, Шектінің пірі келіп уатқышы.

 

Тана, Тама, Серке – шіркін, болар ма қабыл бұл ісім,

Адай, Жағалбайлы – сен едің ғой тынысым.

Омар, Оспан, төрт Шамар, Әзірет Әлі, Әубәкір,

Аруағы қолдап болса – жар жеті әулие, әнбия.

 

Асқабыл, Кәп, Уәйіс, Аппақ қожа аруағы –

Болар ма екен бір тыныс – Мекке, Мәдине, Қағба.

Жаратқан Ием жар болса, айтушы ием бар болса,

Ауруға ем тауып, ақылмен елді емдейік.

Түсініксіз сөздер

Ассалаумағалейкум – амандасу, «Сәлем бердік».

Қырман – астық бастырылатын/үйілетін орын; қызыл – бастырылып, тазаланған дайын астық.

Дағар – ірі кенеп қап (эпонж), астық салатын үлкен қап.

Қап салмай келу – қапсыз келіп қалдым, яғни «жеткізе алмай тұрмын» деген мысқыл.

Өңгерту – жүкті жануардың сауырын ала асып салу (бір жағына).

Лақап ат – бүркеншік ат, қосымша ат.

Адырақбай – даңғаза, ұрыншақ, шалт мінез жігіт.

Қарымта – қарым жауап, жауап өлең.

Бедеу – бала көтермейтін әйел (не ұрықсыз еркек).

«Сөз тапқанға – қолқа жоқ» – тапқыр жауап айтсаң, ренжімейді деген мәтел.

«Сөзге сөз келгенде айтпаса, сөздің атасы өледі» – дер кезінде жауап қайтарылмаса, сөздің қадірі қашады,

Емшілік – халықтық дәстүрдегі ем-дом кәсібі; балгер – емші-көріпкел.

Шайқы / дуана – сопылық-дала дәстүріндегі діндар, дәруіш.

Ұшық – көз-тиім, сырқат пәлесін сөзбен-Ырғақпен үркітіп аластау салты; «Айт – су» – дем салып, суға «оқып» іштіретін ишара.

Бабай-текті, шашты Әзиз – исламдық аңыз-әпсанада аруақ иесі ретінде аталатын киелі есім.

Қызыр-Ілияс – халық аңызындағы пір-қамқоршы (Хызыр мен Ілияс).

Кереге бойлы кер бұғым/кер жылан – бақсылық сарындардағы тұрақты гипербола (ұзын-алып бейнелер).

Мұш, Бахар, Фалың, Қаркүш, Мәхи, Мәр, Әсіп, Күшпанды, Һамдуна, Марихы, Сәк, Қок – парсы-араб текті көне жыл атауларының қазақша дыбысталуы:

Мұш – тышқан, Бахар – сиыр, Фалың – барыс, Қаркүш – қоян,

Мәхи (махи) – балық, Мәр (мар) – жылан, Әсіп (асб) – жылқы.

Күшпанды – қой, Һамдуна – мешін (маймыл), Марихы/Мүрғи – тауық.

Сәк – ит, Қок – доңыз.

Аушадияр – көне тақпақ-санамақ үлгісіндегі шумақ атауы (құт, ырыс тілейтін формула).

Қызай – Найманның Қызай аталығына қатысты киелі ана-атау (рулық мифоним); Төрт Қызай – Қызай бөліністері туралы ұғым.

Ағарыс, Бегарыс, Жанарыс – аңыздағы арыс-атаулар (ұрпақ тарату мотиві).

Мүсәпір – пақыр, қорғансыз жолаушы.

Жағалбайлы, Албан, Суан, Дулат, Арғын, Керей, Уақ, Қоңырат, Шапырашты, Жалайыр, Қыпшақ, Алшын, Жаппас, Шекті, Тана, Тама, Адай – қазақтың ру-тайпа атаулары (аруақ, бата контексінде аталады).

Әзірет Әлі, Әубәкір – мұсылмандық тұлғалар (хазіреттер). Әнбия – пайғамбарлар (арабша көптік).

Қағба – Меккедегі қасиетті үй.

Топалаң жылдар – ел ішіндегі дүрбелең, ашаршылық, індет аралас ауыр кезеңді мегзейді.

Айтып берген Тұрдыбек Сәрсеұлы,

жазып, реттеген – Андас Омарақынұлы.

Дереккөз:Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.]. https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 57
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz