Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Аяпберген Жансарбайұлының әзілдері

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Аяпберген Жансарбайұлының әзілдері

Екі бірдей атынан айырылған ақын Аяпберген Жансарбайұлы былай деп толғаған екен:

Өлді ғой жылан тиіп жирен жорға,
Алып ем жұртымнан әрең зорға.
Жанымдай көретұғын қайран атым,
Жүрістен танбаушы еді күндік жолда.
Тұтқиыл айырылдым-ау амал бар ма?
Залым – жыртқыш кез болдың біздің сорға.

Кең танау, жуан бақай, керім едің,
Керімбек құнанында беріп едің.
Жүруші ем бірін мініп, бірін түсіп,
Тұсында екі атымның көрім едім.
Екі атым, ары ойлаймын, бері ойлаймын,
Әсіресе торы атым – сені ойлаймын.
Жүретін жын соққандай бір бала еді,
Өлтірді-ау, зорықтырып деп ойлаймын.

Барушы ем кері мініп Алмалыға (1),
Ондайда қарамаушы ем жан-жағыма.
Қақпан бел, қамыс құлақ, қайран керім,
Меркінің (2) жотасында қалғаның ба?!

Басы еді өлеңімнің иғай-иғай,
Жаяу жүрген қылады жерді шимай.
Өлеңді басқа дертпен айтқаным жоқ,
Барады қапалығым ішке сыймай.

Айрылып қос керіктен жаяу қалдым,
Кеңсудың (3) жағасына таяу бардым.
Ат-тоны бар жайлауға көшіп кетті,
Екі көзім төрт болып, ояу қалдым.

Япырмай, мынау қандай заман екен,
Жігітке жаяушылық жаман екен.
Қанпия (4) бір құнанын беріп еді,
Өзі ақсақ, бір баспайтын шабан екен.

Кезінде кері атыммен аң қарадым,
Санақсыз қасқыр, түлкі – алған аңым.
Жан бағып жүрген қайран аттарым-ай,
Айырылып қалғаныма зар боламын.

1,2,3 – жер атаулары; 4 – досы.

 

***************************

 

Бір жылы Аяпберген жездесі Әміржан бар 4 адам саятқа шығады. Олар Адуынгерге (1) барғанда боран болып, қатты қысылады. Сонда Аяпберген жездесі Әміржанның сөзі қылып:

Бес-алты ұлым бар еді,
Алтауы бірдей ержетті,
Жүрген жерін еңіретті.
Ең кенжесі Мизамбай,
Мизамбайды көрмедім,
Үйге барып өлмедім, –

дей келіп, қасындағы ала атты Қожаққа қарап:

Нұрбиға берді аласын,
Адуынгерге саласың.
Адуынгерге салғанда,
Құдайым салды пәлесін.
Ит пен құсқа жем қылып,
Қандырдың дұшпан табасын, –

деп қайырып тастап, қасындағы Манатбектің қоштасуына қиыстырып:

Қатын дейтін қатын жоқ,
Бала дейтін бала жоқ.
Ақырып тұрған боранда,
Ықтайтұғын пана жоқ.
Аз күн жүріп көрмедім,
Ең болмаса, құдай-ау,
Үйіме барып өлмедім, –

деген екен.

 

Сол сапар үстінде бір күні Қожақ адасып қалғанда оны жоқтау ретінде:

Алма десем – өрігім,
Қожақ еді серігім.
Жоқтамай сені қайтейін,
Мезгілсіз ерте, жездеке,
Қағылып қалды-ау желігің.
Тоныңды тұлдап бөктердім,
Ер қасында бөрігің.
Иман берсін құдайым,
Қадырлы болсын өлімің.

 

Аяпберген сері, аңшы болғанымен қорқақтау адам екен. Түнде далаға түнегенде:

– Қожақ, сен қорықсаң – оң жағыма жат, Манатбек, сен қорықсаң – сол жағыма жат, –

деп өзі орталарына жатып алады екен.

 

Майеке су бастап жүріп іш киімін жоғалтып алса керек. Сонда Айекең:

Әуелі қыстың басы – ақырапты,
Тізесі шалбарыңның қақырапты.
Айырылып дамбалыңнан жалаңбұт қалып,
Бұтыңа орап кепсің жапырақты, –

деп әзілдепті.

 

Әліш молдамен Майеке аталас келеді екен. Әліште бір көк шолақ ат болып, екеуі өлім-жітімге бірге барып тұрады екен. Тұрдығұл руынан Смағұл деген кісі қайтыс болып, хабар келгенде Шәкіл руына айтпай Әліш пен Майеке барып, бір шапан, бір тайынша алып қайтып келе жатса, құрдасы Аяпберген жолығып:

– Қайдан келесіңдер? – деп сұрайды.

Сонда Майеке:

Шығып ек кеше үйден – құрбан күні,
Құтырып көк шолақтың тұрған күні.
Бір шапан, тайыншадан құры қалып,
Мысыңның, Аяпберген, құрыған күні, –

деп әзілдепті.

 

Қожақ жездесі қымызға мас болғанда Аяпбергеннің айтқан өлеңі:

Он бір тұяқ айдаған,
Кеңсудың бойын жайлаған.
Қымызға қашан жетем деп,
Қожақ ішін қайраған.
Шытыр талға барғанда,
Есекеңді аралап,
Қожақ аттан жайраған.
Жын қағып кеткен кісідей,
Тізгінмен қолын байлаған.
«Осы бөлем өледі», – деп,
Сауытбай маза қоймаған.
Елге хабар беруге,
Ағламбекті сайлаған.
«Ұйықтап кетсе – сауығар,
Бүркеп жауып қойыңдар», –
Деп Байжекем жатқызып,
Ақылмен толғап ойлаған.

Ертесі Қожақ сауыққан соң бөлесі Сауытбайға:

– Саукем, сары бөлем-ай,
Мен осындай өлем-ай.
«Қымыздан өлді» дегенге
Бегімбет, Мұрын сенер ме-ай, –

депті.

 

Әбікен руындағы жиені Керімбек зәңгіден алған кері атты «Кең танау керім» деп мініп жүреді екен. Бір жылы жиені Нұрсия Әміржанұлы сұрап мініп, зорықтырып өлтіріпті. Сонда:

Жануар кең танауым – керім еді,
Керімбек сұрағанда беріп еді.
Он түлкі, отыз суыр әкелгенде,
Майеке, Сауытбайлар көріп еді.
Нұрсия зорықтырып өлтіретін –
Жазықсыз жануарым не қып еді?
Жүретін жын соққандай арыныңнан,
Қызығып талай адам көріп еді, –

деп кері атты жоқтапты.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК (қысқа анықтамалар)

Жирен жорға – жорғалайтын жүрісі бар жирен түсті жүйрік жылқы.
Кең танау, жуан бақай, қақпан бел, қамыс құлақ – жылқының келбет-бітімін сипаттайтын халықтық теңеулер (жақсы тұқым белгісі ретінде).
Кер/кері ат – жылқының түс атауы (көбіне бурыл/ала-шұбарлау реңк).
Құнан – екі жастан асқан жас жылқы.
Зорықтыру – қатты айдап, шаршатып, титықтатып жіберу.
Күндік жол – бір күн жүретін қашықтық.
Иғай-иғай – ырғақты қайырма, «әннің басы» деген реңк.
Екі көзім төрт болды – тықыршып күттім, дөңгелектеніп тосумен болдым (идиома).
Жаяушылық – ат-көліксіз жүру (ауыр-кемсітпе мәнде).
Дерт, қапалылық – қайғы-мұң.

Ішке сыймау – шеріңді ұстай алмау.
Серi – өнерпаз, сәнқой, саятшы жігіт бейнесі.
Тұлдап бөктеру – жоқтау-жорада ер қасында тон/киім іліп қою (марқұм атына тұлдау салтымен сабақтас).
Дамбалы – ішкиім (көне-ауызекі).
Ақырап – қараша айының ескіше аты (кей өңірде қыстың басы деп айтылады).
Зәңгі – ел ішіндегі лауазым-атақ/шенеунік атауы (Шығыс Түркістан, Қытай қазақтары контексінде – ауыл старшинасы мағынасында қолданылған).
Майеке / Айеке – Майдың/Айдың құрметтіше айтылуы («-екең» қошемет жұрнағы).
Адуынгер, Алмалы, Меркі, Кеңсу – жер-су атаулары (өңірлік топонимдер).
Нұрби – кісі аты.
Ағламбек – кісі аты (хабаршы ретінде аталады).
Бегімбет, Мұрын – ру-аталар атауы (байырғы аймақтық ортадағы қауым атаулары).
Мизамбай – кісі аты; шумақта жездесінің «ең кенжесі» деп аталады.

 

Андас Омарақынұлы.

Дереккөз:Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.]. https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 51
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz