Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Әскери қызмет мәселесі

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Әскери қызмет мәселесі

Басы: Қазақты әскерлік қызметке алу хабары шыққан кезде ол туралы газетімізде жазылған пікірлер оқырмандардың есінде шығар. Бұл хабардың рас-өтірігі бұл күнге дейін айқындалған жоқ. Алдымыздағы ақпан айында Гос.Дума жиылысы ашылмақшы. Егер ол хабар рас болса, Думаның осы мәжілістерінде қаралып та қалар. Сондықтан, Әскерлік мәселесі туралы кейбір пікірлерді жазып өту, артық болмас деп ойлаймыз. Осы нөмірде қазақ даласының әр тұсынан келген төрт кісінің мақаласын (қазақ пікірін) басамыз. Осы нөмірдің «Оренбурское слово» да жазылған «Немиров деген кісінің, қазақты әскерге алуды құптап жазған мақаласын да басамыз. Әрқайсысын оқырмандар жіті қарап, салыстырар.

І

САЛМАҚБАЙ КӨСЕМІСҰЛЫ ЖАЗАДЫ:

         25-ші наурызда 1891-ші жылы шыққан, осы күнге дәуірі жүріп тұрған, <<Степное Положениені>> шығарған Гос.Советтің үкімі бойынша «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарының қазақтары әскери қызметтен, ілгергі заманда бұйрық болғанша, босатылады» деген еді. Бұған қарағанда, қазақты әскерге алмайды деyге болмайды. Бұл мәселе қаралатын болса, Кеңесте қазақтан кісі болса пайдалы болар еді. Бізге шешетін мәселе: қазір, осы соғыс үстінде қазақты аскери кызметке алу мүмкін бе? Лажысыздықтан алынатын болса, жаяу қызмет яки атты әскерлікке алынуы ма? Осыны баяндап, халыққа жайлырақ жағын қалау, үкіметке тиянақты дәлелдерімен жеткізу, халық білісшісі болған адамдардың міндеті.

Қазақ халқы керекке жарай қалса, түрлі мұңымызды айтып, халық тілегін тиісті орындарға жеткізу қажет. Кейінгілер, әттеген-ай, бұрынғылар ізденсе бұлар боларма еді деген күйге қалмауымыз керек.

Біздің ойымызша, қазақтың жыр-мұңы, депутаттықтың жоқтығы әскери қызмет мәселесімен бірге қолға алынса, кешігу болмас еді.

ІІ

АХМЕТ ЖАННАТҰЛЫ ЖАЗАДЫ:

Бүкіл дүние жүзіндегі жұрттарға шалығын тигізген соғыс, қазаққа мал құрбанынан басқа ауырлық келтірмей кетсе, қазақ оған құл еді. Бұл соғыстан қазақ аянып тұрған жоқ. Мыңдаған, миллиондаған ақша көмегі, соғыс майданына қазақ атынан жіберілген лазарет, киіз үйлер және басқалары бұған айғақ. Бірақ соңғы кездегі, әскерге алу хабары шығын жалғыз малға емес, басқага да жақындағандығын сездіріп тұр.

Қазақ халқы әскери қызметтен бұл күнге дейін аман болып, оған үйренген жоқ еді. Әскерлікті мойындарлық болса да, дәл осындай тығыл-таяң кезде алар деген ойында жоқ еді. Сондықтан бұл күтілмеген хабар қазақ халқын біраз әуреледі. Бұлай болғанда, бізге үйде қарап отыру болмас, Думада ол мәселе өзімізге пайдалырақ қалпында шешілуіне қам қылуымыз керек. Қазақтың өз көзі осындай қиын, үлкен мәселеде болмағанда, қайда болмақ. «Өз көзін өлгенді тірілтпесе де, қисайғанды түзетеді» деген бар емес пе?

Бұл туралы, біздің пікірімізше, тезірек қимылдап, бұл мәселе қараларда әр облыстан бірер кісі Петроградқа өкіл жіберу, бұлар үкіметке және депутаттарға қазақ жайын, тілегін білдіруі керек.

Қазақ тілектері мыналар:

  • Қазақты әскерге алатын бола қалса, оның тіршілік қалпы ойсырап, зиян көрмеуіне және түрлі шаралар қылып, бұрыннан әскер беріп үйренген жұрттардан гөрі жеңілдікке жетісу.
  • Қазақты «Казак орыс» қылу. Казак орыс положениесімен жер алу.
  • Қазақтан алынған әскерді өз алдына жеке ұйыстыру, бастықтарын өзінен қою.
  • Депутаттық сұрау.
  • Земство және жалпы оқу кіргізу.

Бұлар жалпы қазақ халқының тілегі. Бұларды тиісті орындарға жеткізіп, айта білуіміз және бұл жолда шабандық қылмай тез қимылдауымыз керек.

ІІІ

МЫСТЫҚИМ МАЛДЫБАЙҰЛЫ ЖАЗАДЫ:

«Әскер алу» деген хабар шыққалы бері ауылдағы ақсақалдар, атқа мінгендердің пікірі мынау:

  • Бүгін заң шығарып, ертең аскерге ала бастаса, қазаққа ауыр тиеді.
  • Екі мың қазақтан бір кісі орыс тілін білмейді. Қазақты әуелі даярлап, земство ашып, мектеп көбейтіп, сонан соң алса, мемлекетке де, халықтың өзіне де пайдасы зор болар еді.
  • Осы күні метрика жоқтығынан қазақ жасын білу өте қиын істің бірі. Әуелі бұл жағын тәртіпке салу үшін, қазақ метрикалы болуы керек,.
  • Қазақтан әскер алына қалған халда, жаяу әскер бола алмайды. казақ-орыс қылмаса, казақ-орыс қылғанда мемлекеттік айбынды әскері боларлық, жұрттың тіршілік-шаруа жағын да уайымсыз қылып, жерінің жақсысын казак-орыс ретінше беруге лайық. Өзге іргелі жұрттармен қатар құқықты болуын тілейді.
  • Қазақ халқы Үкіметтің қаулысынан бас тартпайды. Бірақ осы соғыстың үстінде қазақтың әскерге алынбауын тілейді.

IV

МӘДІ АҒЫСҰЛЫ ЖАЗАДЫ:

Осы соғыстың үстінде қазақтан әскер алу керек деген мұсылман депутаттары, қазақ жайын жете білмегендіктен айтады. Депутаттар қазақ арасын араласа, хал-жайын байқаса, бәлки, бұл пікірлерінен қайтар еді. Қазақтың өзінен Думада депутат болмаудың кемшілігі осындайда көрінеді. Әрине қазақ халқы Патшаға қызмет көрсетеміз деп ойлайды. Қамсыз жатқан халық. Бұдан кейін үкіметіміз қазақ халқының ағаруын өте ескеріп, ағаруына ілгергі жұрттар қатарлы құқықтар беріп, Дума секілді жоғарғы орындарда заң шығарысқанда, қазақ мұңын жеткізе білетін, қазақты үркітпей ноқтаға кіргізетін депутаттар шақырса ғана бұл іс сәтіне айналар еді.

«Қазақ» газеті, №166, 1-бет. 24 қаңтар, 1916 жыл, жексенбі.

Тұп нұсқа араб харпінде.

Аударған Қажет Андас

 

ВОПРОСЫ ПРИЗЫВА НА ВОИНСКУЮ СЛУЖБУ

Возможно, наши читатели помнят, что мы освещали и высказывали свое мнение по вопросу призыва казахов на воинскую службу. До сегодняшнего дня достоверно неясно решение этого вопроса. В скором времени, в феврале месяце, намечается заседание Государственной Думы. Возможно, вопрос призыва будет рассмотрен на этом заседании. Поэтому не лишним будет опубликовать некоторые мнения по данному вопросу.

В этом номере мы опубликуем четыре статьи (мнений казахов), поступивших к нам с разных регионов степи.

В этом же номере  мы  приведем статью некоего Немирова, поддерживающего призыв казахов на воинскую службу, которое было напечатано в газете “Оренбургское слово”. Думаем, что наши читатели рассмотрят и сравнят каждое мнение.

 

І. Салмакбай Косемисулы:

Согласно “Степному положению” принятому Государственным советом 25 марта 1891 года и имеющую силу в настоящее время: Казахи Акмолинской, Семипалатинской, Семиреченской, Уральской и Тургайской областей освобождаются от воинской службы, до особого приказа (указа) в будущем.

Из этого следует, что нельзя однозначно утверждать, что казахов не будут брать на воинскую службу.

При рассмотрении этого вопроса, было бы полезным иметь в Государственном Совете представителя (члена) от казахов.

Нам нужно решить вопрос: В данное, военное время возможно ли призывать казахов на службу? Если призывать их от безысходности, то в какие подразделения – пешую службу или же только в конную? Уважаемым народом, деятельным людям,  нужно обдумать,- как будет лучше для народа и с убедительными доказательствами доложить правительству – это их обязанность.

По нашему мнению, все беды и желания кзахского народа в отсутствии депутатсва, если наряду с проблемой призыва казахов на воинскую службу, решался бы вопрос депутатства, не было бы волокиты.

 

ІІ. Ахмет Жаннатулы:

Если бы война, принесшая большие беды многим народам мира, не приносила бы других бед и невзгод, кроме потерь в скоте, казахи не так уж роптали бы и не выражали бы недовольства. Казахи не против  оказывать России непосильную помощь в этой войне. Многомиллионные финансовые средства, военные лазареты отправляемые на фронт, юрты, и многое другое, этому доказательство.

Но сообщения, о призыве казахов на службу, подразуемевают не только потери в скоте, но и многочисленные расходы.

Казахи до настоящего времени не призывались на военную службу и  к нему они не привыкши. В случае принятия решения о призыве казахов на службу, казахи не готовы к нему потому, что не думали, что будут призваны именно в такое неспокойное, смутное время. Почему эта неожиданная новость сильно взбудоражила казахский народ? В таком случае нам нельзя молча отсиживаться, надо решать этот вопрос в Думе, чтобы решение было для нас приемлемым. При решении такого важного, трудного вопроса, в Думе должен быть наш человек (представитель). А где-же ему быть-то?

У нас говорят: “Родной человек хоть и не оживит мертвого, но выправит кривого”.

Наше мнение: При рассмотрении этого вопроса, безоглагательно направить в Петроград представителей с разных областей, чтобы они донесли до депутатов истинное положение казахов и их пожелания.

Пожелания казахов таковы:

  1. В случае призыва казахов на воинскую службу, принять необходимые меры во избежание трудностей и невзгод казахского народа, создать условия и дать сравнительно большие льготы, чем тем народам, которые и ранее призывались к воинской службе.
  2. К казахам относиться как и к казакам. Отводить земли также как и казакам, по “Положению о казаках”.
  3. Из призванных казахов создавать отдельные отряды (подразделения), их командирами назначать самих казахов.
  4. Восстановить депутатство в Гос.Думе.
  5. Решить вопросы земства и всеобщего обучения (грамоты).

Это – пожелания всего казахского народа. Это все нужно донести до соответствующих органов, суметь доказать их необходимость. Это дело не должно затягиваться и требует безоглагательного решения.

ІІІ. Мыстыхим Малдыбайулы:

С тех пор как стало известно о  “призыве казахов на воинскую службу” мнения аксакалов и уважаемых людей в аулах таковы:

  1. Сегодня принять закон, а завтра начать призывать на службу – для казахов это очень тяжело.
  2. Из двух тысяч казахов ни один не знает русский язык. Сперва казахов надо подготовить – дать земство, открыть школы, только потом призывать на службу. И это принесло бы большую пользу как для государства, так и для самого народа.
  3. На сегодняшний день из-за отсутствия метрик определить возраст казаха – очень трудное дело. Чтобы привести в порядок эту проблему каждый казах должен иметь этот документ (метрику).
  4. Если все – таки начнут призывать казахов на воинскую службу, казах не может стать пешим солдатом, если же будут служить как и казаки, то казахи стали бы сильной Армией государства.

Нужно решать вопросы жизнедеятельности, жизнеустроения казахского народа, сделать ее необременительной, так же как и казакам, выделять лучше земли.

Дать казахам равные права с правами других народов России.

  1. Казахский народ признает Постановления правительства. Но против того, чтобы казахов призывали на службу в это военное время.

 

IV. Мади Агысулы:

Депутаты-мусульмане ратующие за призыв казахов на воинскую службу, в это военное время, недостаточно хорошо знакомы с истинным положением казахского народа. Если бы депутаты пошли в народ, ознакомились бы с жизнью и бытом казахов, возможно, изменили бы свое мнение. В таких случаях особенно чувствуется отсутствие в Думе депутатов от самых казахов.  Конечно, казахский народ думает, что будет служить Царю. Но в эти дни в государстве – из “двенадцати частей тела ни одна не цела”. Необустроенный народ. После всего этого, только в том случае, когда правительство очень позаботится о ликвидации безграмотности казахов и предоставит им равные с другим народами права, даст депутатские места в таких высоких государственных органах как Государственная Дума, направит к казахам своих депутатов, знающих жизнь казахского народа их желания их чаяния, и только тогда эта проблема может стать разрешимой.

Газета “Казах”, №166, стр.1, 24 января 1916 год, воскресенье.

Қажет Андастың аудармасы бойынша

 орысшалаған Сабыржан Қалиев.

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 21
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz