Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Әскери қызмет мәселесі

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Әскери қызмет мәселесі

«ОРЫНБОРСКОЕ СЛОВО» газетi   

Немиров жазады:

Басы: Қазақты әскерге алу мәселесін айтып отырғанымыз жалғыз бұл емес. 1883 жылы ІІІ Александр Патшаның тәжі киген тойына барған қазақ өкілдері, қазақ халқын казак-орыс қызметіне алуды өздері өтінген. Бірақ ол кезде Министр Ванновский қазақты әскерге алу әлі ерте деген еді. Бұл мәселе, орнынан түскен Соғыс Министрі Сухомлинов заманында да көтерілді. Қазақты әскерге алуды бұл да қаламады. Бірақ бұның пікірін, қазақ жайын білетін Министрліктің кісілері дәлелсіз деп тапты. Мұсылман депутаттары Сухомлиновтың мұнысын қазақ халқын және өздерін кемсіту деп өкпелесті. Мұсылман – депутаттар, кейбір Yкімет басшыларының қоштауымен, бұл мәселенi қайта қозғады. Ықтимал, бұл мәселе алдағы уақытта Дума мәжілістерінде шешіліп те қалар.

Бұрын да және қазір де қазақтан әскер алуға қарсылардың көрсететін себептері: қазақ надан, мәдениеті жоқ, орыс тілін білмейді,орыс тамағына шыдай алмайды, деген сөздер еді.

Бұлардың мұнысы дәлелсіз. Дәлелсіздігін айғақтау үшін тереңге кетпей-ақ, осы соғыстан мысал алуға болады. Осы соғыста Франциянын қол астындағы, қазақтан да наданырақ, озге халықтар әскерлікке алынды. Бұларда француз тілін білмеуші еді. Франция мәдениеті біздікінен кем бе? Франциядағы жұрттар біздің қазақтан артық па? Француздар, олар өте пайдалы әскер болды, деп мақтап отыр. Олардан тағы бір миллиондай әскер жинап отыр.

Бұл соғыста біздің қазақтар азаматтық көрсетті. Соғысқа берген есепсіз көп көмектерінен басқа, өздері тіленіп соғысқа кеткендері де көп болды.

Бідің Министрлердің кейбіреулері қазақтан әскер алуға қырын қараулары, – қазақ жайын білмегендігі. Қазақ жайын білмейтіндігін мынадан да білуге болады: Осы күнге шейін бізден ешкім қазақ халқының анық есебін білмейді. Қайсы бір «біледі» дегендер, қазақты 6 миллион, кейбіреуі – 10 миллион, бір сыпыралары тіпті 16 миллион деп айтады.

Біз қазақ халқын сонша надан деп ойлаймыз. Қазақ әдебиеті бай, көркем. Қазақ арасында мектеп көп, өздерінше оқыған қазақтар да аз емес. Сондықтан қазақ халқы надан, жауыз деген пікір қате.

Орыс тамағы қазаққа жақпайды деген де бекер. Қалаларда, интернатта жатып оқушы, қазақ балалары көп. Олар орыс тамағын тамақсынады. Дендері сау болады.

Рас, қазақ момын, тыныштықты сүйетін халық. Бірақ біреу намысына тисе, кек алуды біледі. Бірлігі бар, дұшпанынан кек алуға келгенде ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын тәсілдерді табады.

Олардың тағы бір артықшылығы, бастарына қандай бір ауыртпалық түссе де, аспай-саспай, әдіспен, ақыл-айламен іс қылады. Антқа берік, шыдамды, қырағы, жершіл, жағдайдың өзгерісін сезгіш.

Осы айтқандарға қарағанда, қазақ халқынан жақсы әскер құрауға болады. Әсіресе, барлаулыққа қандай лайықты.

Ал енді қазақтан әскер алу дұрыс болғанда, шешілуі қажет бір мәселел бар: жаяу әскерлікке, әлде, атты әскерлікке алу мәселесі.

Қазақ халқының жайын, салтын анық білетін әркімге мағлұм. Қазақ ат үстінде ғана қызмет етуге жарайды. Сондықтан бұларды атты әскер қылу және казак-орыс положениесіне түсіру жөн. Мұның мысалы – қазақ сияқты қалмақ халқында болды.

Бұлай болғанда біз түйіні шиеленген бір мәселеге келіп тірелеміз. Онымыз жер мәселесі. Бұл мәселені инесінен жібіне дейін тексермей-ақ, төтесінен айтайық: қазақ жерінің топырағына,  ауасының ретіне қарай , қазақ қалпына, салтына қарай, қазақ халқының мемлекетке зор пайдалы мал шаруасын удетуін, оның үшін кең қоныс, ұзын өріс керектігін есімізге алып, казак-орыс ретінде жер бергенде, оларға екі есе де емес, үш есе де емес, төрт есе, тіпті бес есе артық жер беру керек.

Сөз аяғында соны да айтып кетелік. Қазақты әскери қызметке алу ісін тәртіпке салу қиындығын байқасақ та, қазақ халқының зор күшімен бұл соғыста пайдаланып қалмасақ, зор өкініш болар.

Россия адам күшіне қанша бай болса да, кемуде. Қазақ даласынан жаңадан миллиондап әскер жиюға болады. Бұларға орысша тіл үйретуге уақыт жетіспейтіндіктен, өз алдына лек-лек әскер қылу керек. Қазақтан бір миллион әскер алу үшін, қазақ даласынан тегіс жинамай-ақ, Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарының Солтүстік уездерінен жинасада болады. Бұл қазақтар өзге жердегілерінен, қай жағынан болса да артығырақ.

«Қазақ» газеті, №166, 3-бет. 24 январь, 1916 жыл, жексенбі.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

Жалғасы бар…

 

ПРИЗЫВ КАЗАХОВ НА ВОИНСКУЮ СЛУЖБУ

ГАЗЕТА “ОРЕНБУРГСКОЕ СЛОВО”

 

Немиров пишет:

Вопрос призыва казахов на воинскую службу поднимается не впервые. В 1883 году, представители от казахов приглашенные на празднование коронации Царя Александра ІІІ, сами просили о том, стобы казахов привлекали к казацкой службе. Но, тогда Министр Ванновский сказал, что еще рано брать казахов на воинскую службу. Этот вопрос поднимался и в бытность бывшего Военного Министра – Сухомлинова. Он тоже отрицательно отнесся к такому предложению. Однако, люди из Министерства, знающие жизнь казахов, сочли его мнение необоснованным. Депутаты – мусульмане обвинили Сухомлинова в том, что этим он унижает казахский народ, также и мусульман. Депутатами-мусульманами, при поддержке начальства некоторых государственных органов, этот вопрос вновь был затронут. Возможно, что этот вопрос, в скором времени будет  решен на заседаниях Государственной Думы.

Раньше, да и сейчас, у тех кто противится призыву казахов на воинскую службу, причины одни и те же: казахи невежественны, нет культуры, русский язык не знают, не терпят русскую еду, и т.п. Эти высказывания – бездоказательны.

Чтобы доказать обратное, не будем далеко углубляться, а приведем пример из этой же войны. В этой войне, во Франции, из подвластных ей народов были призваны на службу народы, еще более невежественные,безграмотные чем казахи. Они тоже не знали французский язык. Так, что же, культура Франции ниже нашей? Или другие народы Франции лучше казахов?

Французы отзываются о них хорошо? “Из них получились выносливые солдаты, и полезная Армия”. И собрали еще одну Армию в миллион человек.

В этой войне наши казахи показали настоящий патриотизм. Кроме непосильной помощи оказанной фронту, сами казахи добровольцами идут воевать.

Некоторые наши Министры, косо смотрящие на призыв казахов на службу, не знают казахов. Незнание ими жизни и положения казахов можно понять и из этого: До настоящего времени никто из нас не знает точной  численности казахского народа. Некоторые “знатоки” говорят, что казахов – шесть миллионов, некоторые – десять миллионов, а множество “знатоков” называют цифру аж в шестнадцать миллионов.

Мы думаем, что казахи – безграмотный,невежественный народ, но казахская литература очень богата, художественна. У казахов много школ, немало казахов получивших самообразование. Потому, мнение о безграмотности казахов – ошибочно.

Утверждения о том, что казахи не переваривают русскую еду – необоснованны. В городах, в интернатах живут и учатся казахские дети. Их много, и они питаются русской едой, никто из них не болеет, все живы, здоровы.

Правда, казахи – скормны, спокойны, любят тишину. Но если кто-нибудь заденет их честь, они знают как отомстить. Они дружны, сплоченны, а когда нужно отомстить врагу, они найдут такие способы, которые никому даже в голову не придут.

И еще одно их преимушество – если попадут в какое-нибудь трудное положение, не рубят с плеча, а спокойно обдумают, примут правильное решение и преодолевают трудности, решат проблему. Они верны данной клятве, выносливы, метки, любят свою землю (всегда готовы защитить ее), тонко чувствуют изменчивость положения дел.

С учетом сказанного, из казахского народа можно создать хорошую Армию.

Казахи будут, даже очень, кстати в разведывательном деле.

А теперь, при положительном решении вопроса призыва казахов, есть один вопрос который необходимо решить: в пешие войска или конные войска.

Каждому, кто хорошо знаком с жизнью, бытом и традициями казахского народа, известно, что казахи могут служит только в конных отрядах. Поэтому, из них нужно создавать конные отряды, и применять в отношении казахов такое же положение, как “положение о казаках”.

В пример можно привести решение такого же вопроса в отношении калмыцкого народа.

Далее, мы сталкиваемся с одной трудноразрешимой проблемой. Это – вопрос земли. Не будем всесторонне исследовать этот вопрос, а скажем прямо! Обследовав жизнененное прастранство казахов, то есть, землю, воду, воздух, также учитывая уклад жизни казахов, их традиции, и для обеспечения развития скотоводства, которое будет приность большую пользу государству, при отведении земель казахам, нужно понимать, что для ведения хозяйственной жизни им нужны большие просторы, и выделить им землю не  в два  раза, не в три, не в четыре, а в пять раз больше чем казакам.

В заключение надо сказать, что хоть вопрос призыва казахов на воинскую службу – труднорешаемый, в этой войне необходимо воспользоваться большими силами казахов, в противном случае мы об этом сильно пожалеем.

Россия, как бы ни была сильна в живой силе, но все – таки слабеет. С казахских степей можно собрать миллионные войска.

Из-за нехватки времени на обучение их русскому языку, нужно создавать самостоятельные, казахские отряды. Чтобы собрать миллионное войско, необязательно привлекать людей со всех казахских земель, достаточно собрать их из северных уездов Семипалатинской, Акмолинской, Тургайской и Уральской областей. С какой-бы стороны не посмотреть, пользы от них будет поболее нежели от казахов с других регионов.

Газета “Казах”, №166, стр.1, 24 января 1916 год, воскресенье.

Қажет Андастың аудармасы бойынша

 орысшалаған Сабыржан Қалиев.

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz