Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

Уу Чи (吴起) (б.з.д. шамамен 440–381 жж.) - соғыс дәуіріндегі Қытайдың Лу, Уэй, Чу патшалықтарында қызмет еткен, ежелгі заңшылдар мектебінің (фа-цзя) көрнекті өкілі әрі әйгілі әскери стратег. Ол Чу патшалығының билеушісі Дао-ванға уәзір болған кезеңінде жаңадан күшейіп келе жатқан шаруалар мен төменгі таптың мүддесін қорғап, саяси және экономикалық бағытта ауқымды реформалар жасап, елдің күш-қуатын арттыруға зор үлес қосты.

admin
2025/11/21
Елтану
0
Қытайтану негіздері Уу Чи

Реформалар жүргізуге дейінгі Чу мемлекетіндегі негізгі билік құл иеленуші ақсүйектердің қолында болды. Олар елдің саяси  жүйесін ірітті, экономиканы әлсіретті, халықты күйзелтті. Уу Чи осы жағдайдың түп-тамыры ақсүйектердің шектен тыс билігінде екенін түсініп,  мемлекет дамуы үшін батыл өзгеріс қажет деп санады. Оның ойынша:

«Уәзірлердің құқығы шектен тыс үлкен, бектердің саны тым көп. Олар жоғарыда патшаны қыспаққа алып, төменде халықты езеді. Мемлекеттің кедейленуінің және әскердің әлсіреуінің басты себебі – осы».

Уу Чидің Чу мемлекетіндегі реформалары:

  1. Мұрагерлік лауазымдар мен жалақыны жою. Ақсүйектердің шендері мен мұрагерлік артықшылықтары жойылып, мемлекет пайдасына қайтарылды.
  2. Ақсүйектердің ықпалын әлсірету. Қуатты ақсүйектер алыс өңірлерге жер игеруге жіберілді.
  3. Мемлекеттік аппаратты қайта құру. Жарамсыз шенеуніктерді қысқартып, олардың орнына қабілетті әкімдер қойылды.

Уу Чидің реформалары Чу мемлекетін саяси және экономикалық тұрғыдан күшейтті.  Ол Жанго дәуіріндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды.

Ақсүйектер реформаларға қарсы шығып, патша Дао-ван қайтыс болғаннан кейін бүлік ұйымдастырып, Уу Чиді садақпен атып өлтірді. Сөйтіп оның реформалары тоқтады, Чу әлсіреді.

Атақты заңшыл Хань Фэй: «Чу елі Уу Чиді қолданбағандықтан әлсіреді» – деп оның қазасына қатты қынжылған.

 

Қытай мемлекеттігіне ықпалы

Уу Чи – Жанғо дәуіріндегі аса ірі реформатор, заңшылдар мектебінің көрнекті өкілі және әскери ойшыл. Оның реформалары Қытайдың саяси, әлеуметтік және әскери жүйесінің қалыптасуына терең ықпал етіп, кейінгі 2 мың жылдық өркениеттік дамуда шешуші рөл атқарды.

Ол мұрагерлік лауазымдарды шектеп, шенді еңбекпен алу принципін енгізді. Бұл кейін Шан Ян реформаларына, Цинь империясының құрылуына және мемлекеттік қызмет емтихандарына негіз болды.

Уу Чи «заң бәріне ортақ» қағидасын алға тартты. Бұл Қытайдағы орталықтанған мемлекеттік тәртіптің, салық және әкімшілік жүйенің тұрақтануына әсер етті.

«Уу Цзы» трактаты Сунь-Цзыдан кейінгі ең ықпалды әскери еңбек саналады. Ол Хань, Тан, Сун дәуірлерінде әскери академияларда міндетті оқулық болды.

Ақсүйектердің артық құқықтары шектеліп, қарапайым халыққа жоғары қызметке көтерілуге мүмкіндік берілді. Бұл Қытай қоғамындағы әлеуметтік көшудің негізіне айналды.

Уу Чи реформалары орталықтандырылған бюрократиялық мемлекеттің алғашқы үлгісін жасады. Бұл модель кейінгі мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды.

Ол халықшыл реформатордың символына айналып, кейінгі әулеттердегі барлық реформалардың рухани негізіне айналды.

Уу Чи реформалары Қытайдың мемлекеттілігін нығайтып, әскери қуатын арттырып, әлеуметтік құрылымын жаңартты. Ол Қытай өркениетінің даму бағытын мыңжылдықтарға анықтап кеткен ұлы реформатор.

 

Бүгінгі Қытай қоғамына ықпалы

Уу Чи – Жаңго дәуірінің ең ықпалды реформаторларының бірі. Оның мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, әскери тәртіп, әлеуметтік құрылым туралы идеялары қазіргі Қытай мемлекетінің әкімшілік-құқықтық жүйесіне тікелей ықпал етті. Қазіргі ҚытайдағышШенеуніктерді бақылау,  емтихан арқылы мемлекеттік қызметке қабылдау  жүйесі Уу Чи қағидаларының тікелей жалғасы. «Уу Цзы» әскери трактаты әлі күнге дейін әскери академияларда оқытылады. Армияның кәсіби дайындық стандарттары Уу Чидің тәртіп ережелеріне негізделген.  Қытайда жер мемлекет меншігі. Саналады.  Әкімшілік реформалар Уу Чидің басқару үлгісімен үндеседі.

Қытай қоғамының қазіргі моделінде Уу Чи реформаларының ізі айқын көрініс тапқан. Заң үстемдігі, меритократия, орталықтандырылған билік, жер реформасы және әскери тәртіп – оның реформаларының бүгінгі жалғасы.

 

Уу Чи ұстанымының Қазақстан–Қытай қатынасына  ықпалы

Уу Чидің саяси-әкімшілік реформалары мен мемлекеттік басқару туралы ұстанымдары қазіргі Қытайдың мемлекеттік моделінің негізіне айналған. Осы қағидалар бүгінгі Қазақстан–Қытай қарым-қатынасына да жанама әрі тікелей түрде ықпал ете алады.

Уу Чи “Мемлекет мүддесі – ең жоғары құндылық” принципі  екі ел арасындағы инвестициялық жобаларға, энергетика және инфрақұрылым саласына, “Бір белдеу – бір жол” бастамасының жүзеге асуына тікелей әсер етеді. Уу Чи мемлекеттің қуатын оның ішкі тұрақтылығымен байланыстырған. Қытай Қазақстанның ішкі тұрақтылығына ерекше назар аударады.

Уу Чи реформалары заңның бәріне ортақ болуына негізделді. Қазіргі Қытай ұзақ мерзімді құқықтық міндеттемелерге сүйенеді, Уу Чи мұрагерлік билікке қарсы шыққан, мансапты қабілетпен алу идеясын енгізген. Қазіргі Қытай дипломатиясы жоғары кәсіби мамандарға сүйенеді. Өкінішке қарай,  Қазақстанда қытайтанушы мамандар тапшы. Ал Қытайда Қазақстан танушы мамандар арнайы дайындалуда. Бұл екіжақты саясатта теңсіздік тудыруы мүмкін.

Уу Чи әскери тәртіп пен қорғаныс стратегиясын күшейтті. Қытай Қазақстанмен шекара қауіпсіздігі, су ресурстары, аймақтық тұрақтылық мәселелерін стратегиялық деңгейде қарастырады. Бұл Іле және Еріс өзендерінің мәселесін шешуде маңызды саналады.

Уу Чи философиясы бойынша, ел іші берік болмаса, сыртқы саясат та әлсіз болады. Қытай Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне аса мән береді. Олар экономикалық бәсекелестікке ден қоюы мүмкін, бірақ ішкі тұрақсыздықты тудыратын әрекетке өте сақтақпен барады.

Уу Чи реформалары Қазақстанға мына стратегияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Меритократиялық кадр жүйесін дамыту, заң үстемдігін күшейту,  стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сыртқы саясатта прагматизмді арттыру,  экономикалық қауіпсіздік тетіктерін нығайту.

Уу Чи Қытайдың мемлекеттік басқару дәстүрін қалыптастырған тұлғалардың бірі. Оның реформалары бүгінгі Қытайдың әкімшілік, құқықтық, экономикалық және дипломатиялық саясатына негіз болған. Сондықтан Қазақстан–Қытай қатынастары Уу Чи идеясымен тікелей байланысы бар стратегиялық, прагматикалық және ұзақ мерзімді сипатқа ие.

Бірақ саясат қанжардың екі беті сияқты. Кез келген уақытта күнді шағылыстыра алады. Бұл да ойда жүретін дүние…

Қажет АНДАС,

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 30
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 20 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 20 бөлім

October 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz