Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Малайдың Наурызбаймен айтысы

(Наурызбай ақсақ адам екен)

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Малайдың Наурызбаймен айтысы

НАУРЫЗБАЙ:

Жылқы болсаң қаражал, қара құйрық сары екенсің,

Түйе болсаң қайыспас нар екенсің.

Сексен жігіт келсе де серпілмейтін,

Қанды қара қақпандай бар екенсің.

 

МАЛАЙ:

Тауға тастап келемін таяғымды,

Тағы бастап келесің баяғыңды.

Қақпан, қақпан дейсің де еш қоймайсың,

Қақпан жазым қылдыма аяғыңды.

 

НАУРЫЗБАЙ:

Бірің қара, біреуің сары екенсің,

Түйе болса қос өркеш нар екенсің.

Тоқсан жігіт келсе де былқ етпейтін,

Қанды қара қақпандай бар екенсің.

 

МАЛАЙ:

 

Тойға ұстап келіпсің таяғыңды,

Қақпан қырқып кеткен бе аяғыңды.

Сәлем айтсам қақпан деп зар жылайсың,

Аша берме мен үшін араныңды.

Ауылымды жайлаған бес кермедік,

Арттың жауыр боларын ескермедік.

Өкпелейтін қайын аға жөнің бар-ау,

Біржапырақ арт жақтан ет бермедік, – деп Малай жеңіп кетіпті.

 

 

БЕРДІКЕ:

Сәлем де Малайжанға өзі келсін,

Жақсы-жаман іс болса көзі көрсін.

Найзам бар қарағайдай қажып жүрген,

Бір түзетіп алуға тезін берсін, – деп Бердіке болыс Малайға хат жазып жібергенде МАЛАЙ:

 

Жүргенім Бердікемен құдайға анық,

Деуші едің ауылыңа жүрем барып.

Келмек тұрмақ қарамды бір көрмедің,

Сен бір ит, мен бір бұта кеткен сарып, – деп жауап қайтарыпты.

 

 

ӘЛПИЯ:

Мен де түріп отырмын құлағымды,

Жайдың Малай ортаға тылағыңды.

Қайта-қайта көтіңді көп мақтайсың,

Ішіне қыстатқандай бір ауылды.

 

МАЛАЙ:

Ауылымның қонғаны Талдыбұлақ,

Көк шоқыдан көрінер біздің тылақ.

Тылағымның бір бұрышын кесіп берсем,

Әлпияға шығады кәжекей, пешпет, шапан, жекей тымақ.

 

 

МАЛАЙ МЕН ҚЫСТАУБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ

 

ҚЫСТАУБАЙ:

Айт дегеннен, айтайын Малайыңнан,

Малай ақын атандың талайыңнан.

Тәттібике, Қонақбай бір туысса,

Екеуі қыз алысқан қалайынан.

 

МАЛАЙ:

Рас айттың Мұңқылдық Малайымнан,

Малай ақын атандым талайымнан.

Таста тамыр,  әпіште бауыр жоқ деп,

Екеуі қыз алысқан солайынан.

 

ҚЫСТАУБАЙ:

Ауылың сары бұлақты асар ма еді,

Сіңлің Байтұлақпен қашар ма еді.

Екі елді егер қылған оңбағанның,

Құйрығына сексеуілді басар ма еді.

 

МАЛАЙ:

Өлеңімнің басы еді айда сайда,

Мектеп көрген баланың тілі майда.

Қағынған көт ойлашы қай елде жоқ,

Кешегі Ақбай менен Тоқбай қайда.

 (Ақбай мен Тоқбай Мұңқылдықтың аталас тустары екен. Жақын туыстарының қызымен шатағы болып, ел ортасында ұятқа қалып, басқа жерге көз жаздырып көшіп кеткен делінеді).

 

ҚЫСТАУБАЙ:

Малайға қанша айтсаң да сөз ұқпайды,

Наукем шал ептеп жүріп бір мықтайды.

Астыңа алты қадақ тары салсам,

Көтіңнің оппасы бар дым шықпайды.

 

МАЛАЙ:

Апинның ішінде арала бар,

Шұғынықтың ішінде сары ала бар.

Көтке салған ақ тарың пысып кетті,

Нұржан, Салпық жиылып қаралап ал.

(Қыстаубай Бегімбет ішіндегі Андас руынан шыққан адам екен. Андас руы Нұржан және Салпық деген екі атадан құралады. Ақын осыны мезгеп соғыпты).

 

 

МАЛАЙ МЕН ЖАПСАРБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ

 

ЖАПСАРБАЙ:

Басымдағы кигенім ақ қалпағым,

Малай салды ортаға жап-жалпағын.

Бұл не деген япырмау үлкен көт деп,

Әлгі айтқан сөзіне қайран қалдым.

 

МАЛАЙ:

Жапсеке-ау, басыңдағы ақ қалпақ па,

Қалпағың менікіндей жап-жалпақ па.

Кигенде төңірегі жымырылса,

Жапсеке, қалпағыңды сонда мақта.

 

 

ТІЛЕУҚАБЫЛ АБЫЛҒАЗЫҰЛЫ МЕН ГҮЛЖАННЫҢ АЙТЫСЫ

 

ГҮЛЖАН:

Шығатын күн болар ма арманнан да,

Опасыз сеніп жүрміз жалғанға да.

Арманға жететін күн болар ма екен,

Кетерем Қызай тұрмақ Албаннан да.

(Гүлжан Қызайға ұзатылған Албан қызы екен)

 

ТІЛЕУҚАБЫЛ:

Жүрегім жүрегіммен келіскенде,

Іздедім үйің тұрмақ өрістен де.

Арманға қол жетер күн болар ма екен,

Кетсем де Бегімбет пен Дербістен де.

 

ГҮЛЖАН:

Қайтесің өткен істі ауызға алып,

Не болды көрген күнің менен қалып.

Жастағы бастан өткен істі ойласам,

Мен бір бұта, сен төбет кеткен сарып.

 

 Жоғарыдағы айтыстарды айтып берген Тілеуқабыл Әлілғазыұлы, жазып алған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

 

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 39
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz