Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Тағы әскерлік мәселесі

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Тағы әскерлік мәселесі

Әскерлік мәселесі туралы «Қазақ» және басқалардың пікірі көп жазылды. Бәрінің де пікірі қазақ «казак» болуын лайық көрді. Жалғыз «Қ» мырза солдат болу пайдалы дейді. Одан өзге ешкім солдат болу пайдалы деген емес. «Қазақ» басқармасында Астрахан-Бөкейлік қазақтарынан, әскерлік мәселесі туралы екі кісі , «Жоқшы» және«Бөкейлік» хат жазып, «Қ» пікірін қуптайды. Яғни, «казак» болу пайдасыз дейді. Ал екеуінің пікірінде «Қ» пікірінен басқа жаңа еш нәрсе болмаса да, екі түрлі пікір, аз-көп болса да, газет жүзіне бірдей шықсын, бүгіп қалмайық деп, қысқартыңқырап бастық.

«Жоқшы» жазады:

«Қазаққа «казак» болу жайсыз, рухын жоятын ауыр жұмыс, өйткені, «казак» болғанда қазақ баласы 18 жасынан бастап 33-ке шейін 15 жыл (3 жыл даярлану, 12 жыл анық қызмет) әскерлік әбігерінде сандалып жүреді. Жылдың 3-4 айын үйренуде өткізетін болған соң көбін де соған бару-қайту қайғысына шығын етіп, көңіл бөлініп шаруасына төселе алмайды. Бұл онсызда жалқау, надан, кедей біздің қазақ жұрты үшін қырсыздыққа үйретуге үлкен себеп.

1894-1900 жылдарда Орал облысына қараған Слонихино бекетінде тұрып едім. Ондағы орыстармен араласпасам да, мұсылмандармен араластым. Онда екі топ ноғай бар еді. Бірі сол жерлік ноғайлар, «атты казак» қызметіндегі «Орал ноғайлары» атанады. Екіншісі, келімсек ноғайлар, «солдаттық» қызметте «Қазандық» деп атайды. Бұл екі тобын салыстырып қарағанда, Орал ноғайлары Қазандықтан сан жағынан екі есе көбірек. Оқу-өнер, шаруа-кәсіп, мінез-құлық жағынан екі есе төмен. Кемдігіне себеп, Орал ноғайы кедей, надан, жас жігіттері шаруаға ыңғайсыз, Аталары ержеткен балаларының ат-тұрманын жиыстыру қайғысында жүріп жас балаларын оқытуға оралы болмайды. Сондықтан балалары оқусыз қалатыны белгілі. Қазандықтар шаруасына айналуғада, балаларын оқытуға да уақыт табады. Балалары тегіс солдатқа алынбайды. Алынғаны да 3-4 жылда қайтып келеді. Келген соң шаруасына кіріседі. Киім-тамақ қазынадан болған соң шығынға ұрынбайды, борышқа батпайды.

Қазақта байдан жарлы көп. Сол жарлылардың балалары 18-21 жасқа келгенде ат-тұрман түзеуге міндетті болса, ол өзі мұндай қымбатшылық есебінде 4-5 жүз сом тұрады. Кедей мұны қайдан табады. Бір баласына тапсын, 2-3 жылдан кейін екінші, үшінші балалары тұр. Оларға не жеткізеді. Казак болу «қазақ» шаруасына ауыр дейтініміз осы…

          «Қыр баласы» айтады:

«Казақ» мұжықтан құқытары артық. Оған себеп тарих жолы. Мұжық құл болған. «Казак» бостандық болған. құқығы артық болғанымен адамшылығы кем, еркін болғанмен, бағыты-жолы теріс. Бұған себеп надандығы, надандыққа себеп кедейлігі, кедейліке себеп бос уақыттарының кемдігі… Еркіндік құқығы жақсы айтып барып, қолға тимесе деп қорқамын.  «Алтын ерің атқа ауыр тисе, алтынын алда отқа жақ» дейді үлкендер.

Салдаттық жолы әркімге белгілі, анық жол. 21 жастан бастап 3-4 жыл белсеніп қызмет етеді де елге қайтады. Мұның шаруа, оқып-үйренуге анандай бөгеті жоқ, шығын қазынадан.Қазақ баласы казарма да жата алмайды, жүре алмайды дегенде қате. Жасы жетіп, қабырғасы қатып, қан-сөлі толып болған 21 жасты жігіттердің денсаулығын 8-10 жасынан сарғайып тар ауада шықпай отырған балаларға қияс ету жалған.

Енді жер жайынан бір-екі сөз. 179-ші нөмір «Қазақтың» бас мақаласында: Солдат болу мұжық дәрежесінде болу. Мұжық сыбағасы жақсы жерден 15 десятина, «каза»к сыбағасы жақсы жерден 30 десятина депті. Біздің түсінуімізше жер мәселесі бір басқа. Әскерлік мәселе екенші басқа.  Сен солдат болдың деп,  мал бағып, көшпелі күйде күнелтіп отырған алты миллион жұртты, өздері тілемесе, зорлап крестяндыққа кіргізіп 15-ке десятинага қамамайды. Мемлекетке мал керек. Малдық сүті-еті керек. Жүні-терісі керек. Малдық азаймай жетісіп тұруы үшін қоныс керек және ол малды бағып өсірудің жай-жапсарын жақсы білетін ел керек. Бұл шаруада түгел басқаруға, біздің «мемлекет» уағында, қазақтан лайықты ел жоқ екені даусыз. Солай болғанда, солдат болдың деп қазақ біткенді мұжық жасап, 15-ке қамап қоюға реті келмейді.

Осы күнгі қазақ жерін тілімдеп алып жатқан біздің «казак» болмағандымыздан емес. Қазақтың қалған жері де мал бағуға жетеді деп бастықтардың түсінуінен болмаса, өгей балаға есеп айтып, күшке таянып тұрған іс. Оған амал не?

«Казак» бол, қазақ бол, бәрі бір қашқанда күштінікі дірмен тартса керек деп «Жоқшы» сөзін аяқтайды.

Қазаққа «казак» болудан солдат болу пайдалы деген екінші жазушы «Бөкейлік» тің мақаласын басуға қажет көрмедік. Себебі пікірі, дәлелі жоғарғы «Жоқшы»-нікінен айырса танығысыз.

 

ЖАУАП ХАТ

 

181-ші нөмірде М. Жағырша хаты басылды.

Қырық үш үй қазақ өзі болмаймын деп отырғанда, зорлықпен отырықшы бола ма, жоқ па дейді?

Біздің қазақ Ақпатшаның астында, біздің мемлекет 17-ші қазан манифесінен бері «Конституциялық» мемлекет, мұның қазақша мағынасы: «заңға құл» болады. Үкімет заннан шыға жайылса, бұл қалай деп адасқан үкіметті қақпалап, түзу зан жолына салатын бізде Гос. Дума бар. Бұл Г. Дума күзеті саясат тілінде «запрос» яғни «Бұл қалай» деген мағынада.

43 үй ісі туралы, қазаққа шығып, жүріп тұрған заңды қарастырайық, заңда не бар екен?

«Көшпелі бұратана егін салғанымен өзі сұранбай еріксіз мұжық болмайды. Және өзге жағдайға да, тапқа да жазылмайды.

Бұл заң 1822-ші жылы шыққан, жасы 94-де.

«Мұжыққа жазылған қазақ қайта қазаққа жазыламын десе, бұған бөгет жоқ.  Бұл заң 25-ші наурызда 1891-ші жылы шыққан, жасы 25-те, осы күні қазақ даласына жүріп тұрған закон осы. Мұның жолынан үкімет шықса, Г.Дума жақтан «бұл қалай» аттан шықпақ.

.      * Свод Законов, том ІІ, Положение об инородцах,  примечание к статье 26. Издание 1892 года

Степное положение 25 марта 1891 года.

«Қазақ» газеті, №184, 1-бет, 9 мауысм, 1916 жыл,.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

 

СНОВА О ВОИНСКОЙ СЛУЖБЕ

 

Газета «Казах» много писала о воинской службе. Все мнения сходились к тому, что казах должен служить как «казак», и что это самый подходящий вариант. Только один господин «К» сказал, что служить «солдатом» выгодно, кроме него никто не говорит, что выгодно быть «солдатом».

Недавно, в редакцию газеты пришло письмо от казахов Астрахани –  Жокшы и Бокейлика, по вопросу воинской службы, где они поддерживают мнение господина «К», т.е. утверждают, что служить «казаком» невыгодно. В их мнениях нет нечего нового, кроме повторения слов господина «К». Все же мы решили изложить оба мнения и предлагаем их в сокращенном виде.

Жокшы пишет:

«Казаху служить «казаком» неприемлемо, это  – тяжелая работа разрушающая душу казаха, потому, что став «казаком», казахский юноша с 18-ти лет до 33-х, 15 лет (3 года  – подготовительная служба, 12 лет- настоящая служба) будет пропадать где-попало, на воинской службе. В году 3-4 месяца будет проводить на учебных сборах, большинство будут озабочены расходами на отправку – приезд с этих сборов, и не смогут в полной мере заниматься своим хозяйством.

Это «большая причина» для беспечности, и без того ленивому, невежественному, бедному народу.

С 1894-1900 годы, я проживал на станции Слонихино, что в Уральской области. Хоть я и не общался с тамошними русскими, но общался с мусульманами. Там есть две группы ногайцев.

Одни – местные ногайцы, находятся на службе как «конные казаки» их называют «Уральскими ногайцами».

Вторые – пришлые ногайцы, на «солдатской» службе, их называют «казандык».

Если сравнить эти две группы, «Уральские ногайцы» в два раза превосходят числом «казандыков». А по образованию, искусству, по профессионализму, по ведению хозяйства – в два раза ниже. Причина этого в том, что «Уральские ногайцы» – бедны, безграмотны, их молодые джигиты не приспособлены к хозяйственным работам. Их родители были озабочены поиском средств для службы своих подросших детей и не имели времени и сил для обучения своих детей.

Потому – ясно, что их дети  останутся безграмотными, «казандыкцы» же находят время и для занятия «хозяйством и для обучения своих детей. Не все дети призываются на службу. А те которых взяли на службу, возвращаются через 3-4 года и приступают к хозяйственным работам. Так, как одежда и питание за счет казны, расходов не несут, не лезут в долги.

У казахов, бедных больше, чем богатых. Дети этих бедняков, по достижении 18-21 года должны пойти на службу, но кто их подготовит к ней (обмундирование, коня и др), при нынешней дороговизне подготовительные расходы составят 400-500 рублей. Откуда у бедняка такие деньги. Пусть и найдет на одного сына, но через 2-3 года подрастут – второй, третий. Что он им даст. Служить «казаком» для казаха тяжело, говорим мы.

“Сын степи” пишет:

«У казака больше прав, чем у мужика. Причиной тому – путь истории. Мужик был слугой, а казак – свободным. Хоть и больше прав у казака, но мало человечности, хоть и свободный – пути – дороги неверны. Причиной тому – невежество, причина невежества – бедность, причина бедности – нехватка свободного времени… Я боюсь как бы эти права и свободы не попали к нам в руки. (Как бы мы не стали «казаками»).

«Если золотое седло тяжело для коня, сними и сожги его» говорят аксакалы.

«Солдатская» служба ясна и понятна всем. С 21-го года служить 3-4 года, возвращаться домой. И это никак не препятствует работе, учебе, расходы по службе за счет казны.

Мнение о том, что казах не может жить в казарме – ошибочное. Сравнивать совершеннолетнего, возмужавшего 21 – летнего джигита с 8-10-ти летними мальчиками, и говорить, что джигиты в казармах будут болеть как и детишки в городских школьных домах, нельзя.

А теперь несколько слов по вопросу земли. В основной статье газеты «Казах», №179 сказано: Быть «солдатом, значит быть в  категории «мужика». Мужик имеет право на 15 десятин плодородной земли, а казак – 30 десятин той же земли.

А по нашему пониманию –  вопрос земли это одно, а вопрос воинской службы – совсем другое.

Если казахи будут на «солдатской» службе, никто не будет шестимиллионному народу, занимающемуся скотоводством и ведущему кочевой образ жизни, насильно навязывать крестьянство и загонять в эти 15 десятин.  Государству нужен скот, нужны мясо, молоко, шерсть, шкура. Чтобы поголовье скота не уменьшалось, а всегда было в достаточном количестве – нужны пастбища, нужен народ хорошее скотоводческое хозяйство. В этом деле, заниматься всем этим хозяйством, в нынешнее время, лучше казахов никто не может. И это бесспорно.

Таким образом, призвав казахов в «солдаты», приравнять их к мужикам, и загнать в 15 десятин никак не получится.

То, что казахские земли урезают и забирают – не потому, что мы не стали «казаками», а потому, что «начальнички» думают, что у казахов достаточно оставшихся земель для скотоводства, потому, что к нам относятся как к пасынкам, потому, что с нами говорят с позиции силы то есть даже и не разговаривают. И мы ничего сделать не можем Каков выход?

«Да будь ты казаком, будь ты казахом, все едино – все принадлежит сильному», заключил свои слова Жоқшы.

Мы сочли необязательным опубликовывать второе письмо, присланное Бокейликом. Его мнение, доводы, о том, что выгоднее- служить «солдатом» или «казаком», ничем не отличаются от мнения и доводов Жоқшы, с которым мы вас ознакомили выше.

 

ОТВЕТНОЕ ПИСЬМО

 

М.Жагырша задает вопрос: Если 43 дома, то есть семьи казахов, не хотят жить оседло, могут ли их насильно сделать оседлыми или нет?

Мы, казахи находимся под покровительством белого Царя. Наше государство, после манифеста от 17-го октября –  «конституционное»   государство, это по  казахский будет: – слуга закона.

Если Правительство переступает закон, то у нас есть Гос.Дума, которая поставит его на рельсы закона. Этот надзор Гос.Думы на политическом языке означает – «Запрос» или «Что это такое».

По вопросу 43-х домов.

Обратимся к законам, принятым относительно казахов и действующим по сей день.

И что же там написано?

«Кочевые инородцы, хотя и будут заниматься земледелием, против своей воли не могут быть отнесены к «мужикам», к ним не могут применяться другие условия, также их нельзя приписывать к другим группам».

Этот закон был принят в 1822 году, 94 года назад.

«Если, добровольно записавшийся в «мужики» казах, снова захочет записаться в казахи, этому нет никаких препятствий».

Этот закон принят 25 марта 1891 года, ему 25 лет. Его никто не отменял. И он – поныне действующий закон. В случае его  нарушения правительством, со стороны Гос.Думы могут возникнуть вопросы –  «что это такое?», «как это понимать?».

Свод законов, том II, Положение об Инородцах,

примечание к статье 26, Издание 1892 года.

Степное положение, 25марта 1891 года.

Газета «Казах» №184, стр.1, 9  июня, 1916 года.

 

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 17
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz