Басы: Мұсылман фракциясының ақсақалы Қ. Тевкелиев және Кавқаз депутаты М.И.Жипкеров Бас Министр Штруммерге мынадай хат жазған:
«25-ші маусым жария болған Патша жарлығы бойынша Кавқаз, Түркістан дала улаяттары, Сібір, Астрахан және Ставрополь далаларындағы бұратана халықтар, 19 дан 48 жасқа шейін, соғыс майданында ор қазу, жол салу және өзге, мемлекет қорғау жолындағы жұмыстарды істеуге шақырылды. Патша Жарлығының 2-ші бабында жұмысқа шақырылған бұратаналардың жасын айыру 3-ші тамыз 1914 жылғы Патша бекіткен әскери кеңес жағдайына лайықты келтіріп оларды қандай тәртіппен алу еркі Iшкі Iстер және Соғыс Министрлерінің қарауларына тапсырылған. Ал бұлардың өзара келісіп, тәртіп шығару ісінен бұратаналар өкілі болуымыз ретімен, бұл мәселелелер туралы әлі пікірімізді айтуға өзімізге борыш санаймыз.
Бұл Жарлықтың шығу тәртібінде де сөзіміз жоқ және болары болып, бояуы сіңіп қалған іс екеніне де тоқталамыз. Бірақ бұл істің өте елеулілігінен, бұған халықтың қабарсыздығынан және халықты даярлауға күн бұрын қам желінбегенінен, көңілімізге келген қүдікті жасыра алмаймыз. Біздің тағы бір құқығымыз, осы бұратаналарды жұмысқа алу ісі орындалғанда, көңілдегідей мемлекет пайдасы толық табылмай және халықтың да жай-күйі, шаруасына ауырлық келіп қалама, деп ойлаймыз. Біздің бұл құқымызды қуптайтын бір нәрсе, бұратаналарды жұмысқа алу ісі өте асығыс орындалғалы тұр және біздің естуімізше, бұл істі орындауға әкімдерге ерік артықша мол берілген. Сондықтан халықтың болмыс-тұрмысына ашына, біздер бұратаналарды жұмысқа алу шараларының қайсы бір жағын үкіметтің есіне саламыз. Біздің қарауымызша, бұл шараларды Ішкі Іс және Соғыс Министрлері кеңескенде ескеруі тиіс.
Артықша, біздің ұйғаруымызша, ескеретін нәрселер: 1) Жұмысшаларды алу туралы, жұмысшылар және олардың үстінен қараушылардың қызметі және құқығы туралы толық тәртіп шығаруға тиіс. 2) Қазір дәл егін-пішеннің кезі болғандықтан, бұратаналардың жеткілікті шаруа басқаратын адамдары қалуға тиіс. Сондықтан бұратаналарды жұмысқа бөліп-бөліп алу лайық болар еді. 3) Соғыс майданындағы жұмысқа алынған бұратаналардың қатын-балаларына соғысқа алынған салдаттардың қатын балаларына берілген секілді, қазынадан күнелтетін жәрдем-сыбаға берілуі тиіс. 4) Жасын және денсаулығын куәландыру ісі өте ескерілетін нәрсе. 5) Жұмысшылардың үстінен қарап тұратын бастықтары сол халықтың тілін білетін адамдардан сайлансын. 6) Бұл туралы әр жердің өз әкімдеріне ерік берілгендіктен, оларды бетімен қоя бермес үшін, істерін сынап, тексеруге жоғарыдан жетік әкімдер жіберілсін.
Бұл айтқанымыздан басқа, тағы бір айтуға тиіс көретін нәрсеміз мынау: Біздің көрсеткен жобамыз орындалмай қалу ықтималы бар. Егер мемлекет қорғау ісіне лек-легімен кіргелі тұрған бұратаналарға бұл туралы өз істерін басқаруға ерік берілмесе, біз ойлаймыз, бұратаналар да отан елдірі сол үшін бұларға да басқалар қатарында, өз істерін өздері қожалық етулеріне ерік берілуі керек.
Осы мақсаттарды көздеп, біз бұратана комитеттері ашылуды керекті деп білеміз. Бұл әікімдерге де көмекші болар еді. Өйткені, бұл жұмысқа кісі алынып жатқан елдерде, басқа губернаторлардыкі секілді соғысқа кеткендердің мұң-мұқтажын ескеретін, қатын-балаларына қарасатын земстволар жоқ.
Бұратана комитеттерінің қандай түрде ашылуын, олардың әкімдермен арасы, істейтін істері және құқытары қандай шамада болуын сөз қылмай,біз соны ғана айтамыз, бұл комитеттер әкімдердің тәртібіндегі кейбір кедір-бұдырды келтіруге себепкер болар. Бұратаналарды жұмысқа алу ісі, сол халықтардың дін, салт, тұрмысына лайықты тәртіп жарыққа шығарар. Мұндай комитеттер қоныс, ру яки облыс ретіне қарай ашылуға лайық. Халықтың басшы, толымды,өкілдері өзінде болғандықтан, комитеттер, үкіметпен бұратаналар арасында данекер болмақшы. Патша жарлығы халыққа пайдалы жолмен орындалуына себепкер болып, мал және рухани күштің көзі болмақшы.
Екі депутат, Тевкелиев және Жипкеров, бұратаналарды жұмысқа алу мәселесі туралы Соғыс Және Ішкі Істер Министріне барып жолыққан. Депутаттар Патша жарлығында кейбір көзделмеген уақ-түйек нәрселерді анықтаған және Министрлік өкілдеріне, бұратаналарды жұмысқа алу туралы жайлы тәртіптерді көрсетіп пікірлерін баян еткен. Жақын арада депутаттар бұл туралы Бас Министр Штруммерге де жолықпақшы.
БӨКЕЙЛІК ҚАЗАҒЫ
25-ші маусым жарлығы жұртқа жария болған соң
Шілденiн басынан жұрт шабылуда. Жұрт басшысы неше жерде жиылысты. Хан ордасына (орысша – ханская ставка) Астрахан губернаторы келіп, мұндағы уақытша кеңеспен мәжіліс құрды. Генералды қазақ нан-тұз алып, тарту етіп құрметтеп күтіп алды. Нан-тұзды жанаралға ұсынған Бақыткерей Құлманұлы. Бұл бірінші Г.Думада Астрахан қазағы сайлаған депутат. Генерал басшы болған мәжіліске кіріп Бақыткерей жұрт тілегін айтты. Бақыткерей айтқан жұрт тілегі мынау: Қазақ патша жарлығына құл. Қайда Патша айдаса жұрт сонда болады. Егін пісіп тұр. Пішен шабылып, көпенеде жатыр. Шошаққа салынған жоқ. Жігіттің бәрі әскер қызметіне алынса, шаруа күйзеледі. Осыдан әскер алған уақытында жұрт мойнына түскен жүкті жеңілдетіп тұрған неше жол бар. Осы жеңілдік қазаққа да болсын.
1) Қазақтан үйдегі жалғыз жігіт алынбасын.
2) Бір үйден екі-үш жігіт алынатын болса, бірі үйде қалсын.
3) Тарғын, Таловка қысымында қазақ көп егін салады. Егін алғанша, бұл екі қысым қазағына бостандық болсын.
Мұны естіп генерал Соколовский (бұрын Семейде губернатор болған, белгілі адам) Бақыткерейді жекіп сөйлеген: Университет бітірген адамда өстіп сөйлей ме екен? Орыс баласы соғыс майданында қан төгуде. Қан төккен ерлер мен қазақты жарыстырып болар ма, деген генерал. Бұған Бақыткерей қайырып жауап айтпаған.
Мұндағы хәкім, тілегін бере алмаған соң, астанаға барып жұрт тілегін айтып қаламыз деп, 11-ші шілдеде Ишанғалы, 12-ші шілдеде Батырқайыр, Абдуш, Жұмағали Петроградқа кетеді. Онда бұлардың айтпағы, жоғарыдағы Бақыткерей генералға айтқан жұрт тілегі.
4-ші шілдеде Патша жарлығымен тәмәм қалған орыс қызметке шақырылған еді. 48 жасқа дейінгі еркектің бәрі соғысқа алынса, егін алусыз қалады деп, неше земиствалар сұрап, бұл орыс жігіттері шақырылуы бір айға тоқтады. Жұрт ашықса, соғыс халы кем болатыны анық. Біздің бір сүйенгеніміз немісті ашықтырып аламыз деу. Қазақ орыспен көрші жерде егінді ортаққа салып отыр. Қазақ жұмысқа алынса, мұжық егіні де алусыз қалады. Мұны мұндағы генералдар білмесе де, астана үкіметі білер. Егін туралы сұрағанда қазақ тілегі қабыл болар.
Бөкейлік қазағының земство орнындағы мекемесі, уақытша кеңес. Жұрт тілегін уақытша кеңеске айтқан болатын еді.Бұл мұны істей алатын түрі жоқ. Міне, жоқтығының бір кемшілігі тағы да көзге анық көрінді.
Тәмәм қазақта метрика жоқ. Адам жасы тізімде шатақ. Бұл жұртқа аян. Біздің Бөкейлік Жәңгірхан заманынан бері қарай Орынбор муфтиының қол астында. Бұларда қағаз бетінде метрика бар. Тұрмыста бұлар өзге қазақпен құрдас екен. Қазақтың көбі тізімде жоқ, метрикасында да жоқ.
Міне, Мағау Ілияс ұлы, Таловка қысымының бірінші ұлысының қазағы, жасы 16 да. Туғаннан бері дәптерінде жазусыз. 1914 жылғы тізімде староста 21-де деп жазып қойған, биыл 23-де болады. Староста бұның қалай десе, білмеймін дейді. Мағау сияқты қазақ толып жатыр, талай қазақ осымен әлек. 70-80 жыл Муфтий қол астындағы қазақ метрикасының жайы осы. Мұның ішінде Муфтиыда, жұрты да жарайды. Старостаның түрі анау. Бұларды қалай староста сайлап жүргенін надан жұрт өзі білмейді.
Қыр баласы.
ПЕТРОГРАД ХАТЫ
Оқушыларға белгілі 20-шы шілдеде Гос.Дума таратылды, ол оқырмандарға мәлім.
Мұсылман фракциясы және мұның қасындағы бюро келер уақытта не қылатынын мәжіліске салды. Күзде Гос Дума бірінші қарашада жиылады. Ос жиылысқа мұсылман туралы не даярлау сөз болды. Біздің қазақ тұрмысын білетін Г. Думада депутат жоқ. Г. Думада қазақ үшін сөйлегенде, бұл тұрмыс-ғұмырды білмегеннен зор кемшілік келтіреді. Қуатты дәлелді қуатсыз қылады. Мұны мұсылман депутаттары анық біледі.
Мен мұсылман депутаттарына айттым, сіздердің біріңіз біздің қазақ жерін аралаңыздар, қазақ болмыс-тұрмысымен танысыңыздар. Осы күнгі қымбатшылықта, депутаттарға қазақ жерін өз қаржаттарыңмен арала деген оң болмас. Депутат қазақ жерін араласа, шығынын біз, қазақ болып орнына салармыз дедім. Бұл шығын бола қалса, мұсылман фракциясының бюросына баратын кісі қаражаты деп жиналған ақшадан берілір деп айттым. Менің бұл пікірім жұрт пікіріне қайшы болмас. Бұдан басқа қазақтың ақша тауып беретін орны жоқ қой.
Бірақ қазақ жерін аралауға депутаттар шабан соқты. Сонда да шығарып қолы тисе келіп,соғып өтіп, Түркістан аралайық деп олқы-солқы жауап берген болды.
Табылса, қазақ жерін орыс депутаты араласа, көп пайда болар еді. Бұғанда шығынды біз төлегеніміз оң. Бұл туралы да жұрттармен бөлінбеспін. Бірақ жұрт қай көзбен қарар деп, мен орыс депутатына біздің қазақ даласын арала деп айтқаным жоқ. Алдыңғы бір хатымда жазылған еді. Мұсылман фракциясы, мұжық байлауын шешу заң жобасы қаралғанда, біз Гос.Думаға бұратана шешуі заң жобасын кіргіземіз дегені. Осы заң жобасын мұсылман депутаттары, мұның бюросының кісілері, мүшелеп бөліп алысты. Қазақ байлауын шешу закон жобасы маған қалды. Сібір татарын Сабыр алды. Түркістан сартын Қадыр алды, Қырым ноғайын Сымайыл алды.
Он жылдан бері белгілі Ақмола, Семей, Орынбор мүфтилігіне көмек
1914 жылғы мұсылман съезінде бұл екі облыс пікіріне Орал, Торғай қосылған. Осы съезде Түркістан өз алдына мүфтилік алмақ болған. Ана төрт облыс тілегі осы күз заң жобасы болып, Г. Думаға кіргені жөн дестік. Бөкейлік ішкі ордалық жері қандай күйге түсіп тұрғаны оқырмандарға белгілі.
Бөкейлік жері, біздің өзге қазақ жеріндей емес. Өзге қазақ, жерін өзі қайрат қылып алған. Жұрт Патшаға қарағанда жерімен қараған. Қазақ жері – Патша жері дегенмен (120 статья Степное положение, 270 – ші статья Түркестанское положениесі) қазақтан «Артылған» жерді қазына алады деген. Мұжыққа жер алғанда, «Артық» деп алып отыр. Қазақ жұрты бұған дауласу керек. Маған беретін жерді берде «артығын» ал, деп. Осы «Артықты» оңайладым деп қазаққа «өзің сұранып» 15-ді ал, деп отыр. Біз осыннан өзіміз сұранып отырмыз. Бұл біздің соқырлығымыз.
Бөкейлік жері, қазына жері, қазаққа уақытша берілген – келер уақыттағы жарлыққа шейін. Келер уақыт жарлығы деп Бөкейлік жерін Орал”атты казагына” берген. Келер уақыт жарлығы деп ағаш егуіне алған, енді құм бекітем деп алғалы отыр. Тағы Астрахан «атты казактарына» жер алып бермек. Бүйте берсе, Бөкейлікте түк жер қалатын емес. Жерді ала берсе, бұл жазу ұлы заңға шек емес. Қазына жаңа жарлықпен өз жерін алады.
Бірақ бұл жерде Бөкейлік жүзден аса жыл отыр. Неше ата кір жуып, кіндік кескен, мемлекет болмысында қашан болса, бұл сияқты жер еншісіз, мемлекетінен жер алмай қалған емес. Енді ұйықтап жатпай жұрт болып, 335 мың жан, бізге жер енші белгілеп бөліп, кесіп бер деп, сұратқан оң. Бас Министрге Бөкейліктен Петроградка барған Ғұмар Қарашұлы белгілі қазақ ақыны, қағаз берді. Астрахан «атты казагына» алатын жерді, бізге қазаққа тиісті жер еншісі, бөліп беріп, сосын ал деп. Бұл Ғұмар тілегі аз, Бөкейліктің бір бөлімінің тілегі. Бөкейліктің бар қылатыны осы.
Қазақ жұрты болып мұны қылғанда мұсылман фракциясы, мұның бюросы Бөкейлікке жер берілетін заң жобасы Г. Думаға кірсін десті. Мұны тірі болсам мен жазам. Біз ананы жазамыз, мынаны жаздық десек, біздің қараңғы жұрт мұны іс болды қылып ұғынады. Бұл адасқандық! Заң жобасы жазылғанмен Г. Думаға кіргенмен, неше толғақпен, неше кедергіден өтіп, заңға айналады. Г. Думада көп жақтың аты бәйге алады. Біз көпте де жоқпыз, атымыз да жоқ. Мұны қазақ ұмытпасын! Жақсылыққа оңайлықпен қол жететін көрінбейді.
Бөкейлік қазағы бұл зан жобасы туралы өздерінің тұрмыс-болмысы жайын маған ашық қылғаны жөн болар еді. Мен Бөкейлік қазағын, қалай тұратынын білмеймін. Менің бұл туралы білімім кітап сөзі. Кітап арқылы білген жұрт тұрмысы, шала болады.
Мұны Бөкейлік көзі ашық бауырластарыма жаздым.
«Қазақ» газеті, №191, 1-2-бет, 30 шілде, сенбі.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ПИСЬМО ДЕПУТАТОВ
Старейшина мусульманской фракции К.Тевкелиев и депутат от Кавказа М.Жыпкеров направили Председателю Совета Министров Штруммеру письмо. Оно гласит:
Согласно, изданному Указу царя от 25-го июня, народы населяющие Кавказ, Туркестанские степи, также инородные народы Сибирских, Астраханских степей, в возрасте от 19-ти до 48-ми лет, были призваны для рытья окопов, восстановления дорог, и других работ для военной обороны.
Согласно второму пункту Указа, определение возрастов инородцев призываемых на службу и приведение в соответствие с Положением Военного Совета, Утвержденного Царем 3-го августа 1914 года, и порядка призыва поручается Министру Внутренних дел и Военному Министру.
Мы считаем своим долгом, в качестве представителей инородцев, сказать свое мнение по этим вопросам.
Об Указе мы нечего не можем сказать, потому, что не знали о нем, но мы остановимся на этом свершившемся факте.
Это дело очень значимо, и народ о нем не был извещен заранее, мы не могли даже подготовить людей к такому повороту событий. Мы очень озабочены этим. После того, как закончатся работы по призыву инородцев на военно – строительные и другие работы, будет ли какая – то помощь народу от государства, или все тяготы жизни и быта лягут на его же плечи.
Мы вправе спросить об этом, и требовать ее, потому, что работы по призыву производятся в спешке, и чтобы провести эту работу, властям даны слишком большие вольности и полномочия.
Потому, переживая за народ, какие условия мы можем ставить правительству, и напоминать ему, какие нужно принимать меры.
По нашему мнению, об этих мерах должны позаботиться министр внутренних дел совместно с военным министром.
Мы считаем, что особенно необходимо учесть следующее:
- Принять правила (положение) о работниках призванных на военно-строительные работы, и о службе надсмотрщиков над ними с указанием их прав и обязанностей.
- Так, как сейчас – время уборки урожая (посевных), освободить на это время от призыва необходимое количество людей, для ведения хозяйственных работ. Потому, привлекать инородцев на работы частями, поэтапно.
- Призванным на фронт, на военно-строительные, восстановительные работы инородцам, то есть их семьям, также как и семьям солдат находящихся на войне, из казны выплачивать компенсацию (помощь).
- Определение возраста и освидетельствование здоровья призываемого, требует особого внимания и тщательности.
- Назначать или выбирать начальников над привлеченными рабочими, из числа людей знающих язык этого народа.
- Так, как вопросы решаются местными властями в разных регионах, не давать им самовольничать, направить в регионы полномочных, для контроля работы местных властей.
Кроме сказанного, добавим:
Есть вероятность невыполнения вышеуказанных мер. Если, для решения поднимаемых вопросов, инородным народам, готовых влиться в дело защиты государства, не дадут некоторую свободу, тогда мы думаем, что им вместе с другими народами должна быть представлена свобода в решении своих внутренних вопросов.
Преследуя эти цели, мы думаем о необходимости создания комитетов инородных народов. Они бы стали помощниками и властям. Потому, что в отличие от народов, чьи сыновья привлечены (призваны) к военным работам, в отличие от губерний, чьи люди несут службу на фронтах, у нас нет земств, которые бы позаботились о судьбе жен и детей призванных на службу или военные работы.
Мы не будем обсуждать, – каким должен быть таковой комитет, как он будет работать с властями, какие у него будут полномочия, права, а лишь скажем что, эти комитеты станут тем органом, которые приведут к выправлению некоторых неровностей допускаемых властями на местах.
Решение вопросов по привлечению инородцев к работам, должно проводится с учетом их религии, обычаев, традиций, быта, и это приведет их к «свету». Комитеты должны создаваться в областях. Так, как видные представители народов находятся среди этих народов, комитеты должны стать посредниками между властью и инородцами, также должны стать побудителями выполнения Указа царя с выгодой для народа, должны стать проводником духовной силы.
По вопросу призыва инородцев на восстановительные работы, два депутата – Тевкелиев и Жыпкеров встретились с Министрами Военных и Внутренних дел. Они уточнили некоторые нюансы не раскрытые в Указе царя, изложили свои мнения и приемлемые стороны в вопросе привлечения инородцев на восстоновительные работы. В скором времени эти депутаты намерены встретиться по этому вопросу с Председателем Совета Министров – Штруммером.
БОКЕЙЛИКСКИЙ КАЗАХ
После обнародования Указа от 25-го июня.
С начала июня общество взбудоражено.
Руководители проводили собрания в нескольких местах. В «Ханскую ставку» приезжал губернатор Астрахани, провел совещание со здешним Временным Советом. Казахи встретили генерала хлебом – солью. Хлеб – соль генералу поднес Бакыткерей Кулман. Он был депутатом Гос.Думы первого созыва от казахов Астрахани. На совещании под председательством генерала, Бакыткерей высказал пожелания общественности. Вот, что он сказал: казах – слуга Указам царя. Куда пошлет его царь, туда он и пойдет. Созрел урожай. Сено покошено и лежит в копнах. Не собран в стога. В случае призыва на воинскую службу всех джигитов, пострадает хозяйство. Существуют способы облегчения жизни народов, чьи люди призваны на воинскую службу, с помощью предоставления льгот. И пусть таки льготы будут предоставлены и казахам:
- Единственный сын не должен призываться на службу
- В случае призыва 2-3 юношей с одной семьи, один сын призывного возраста должен остаться в семье.
- В поселениях Таргын, Таловка, у казахов много посевов. Освободить от призыва на службу до окончания уборки урожая, жителей этих поселений.
Услышав это генерал Соколовский (ранее был губернатором в Семипалатинске) сказал с укоризной, Бакыткерею: разве может человек с университетским образованием говорить такое? Русские люди проливают кровь на фронтах. Как можно сравнивать героев, проливающих кровь и казахов? На это Бакыткерей ничего не ответил…
«Если местные власти нечего не могут решить поедем в столицу» – с этими словами, 11-го июля – Ишангали, 12-го июля – Батыркаир, Абдуш, Жумагали выехали в Петроград, для изложения слов Бакыткерея, которые являются требованиями общественности.
4-го июля по Указу царя начали было призыв непризванных на службу русских людей, но после многочисленных прошений земств, о том, что если все мужчины до 48-ми лет уйдут на войну, урожай останется неубранным, призыв был приостановлен на один месяц. Ясно, что если народ будет жить впроголодь – положение на фронтах будет еще хуже. Наша надежда – то, что мы сможем изморить голодом немцев.
Там, где казахи и русские живут по соседству – посевы, урожай в общем котле. Если казахов призовут на работы, мужицкий хлеб останется на полях, неубранным. Об этом, если не знают генералы (местная власть), то столичное правительство наверняка знает. В вопросах посевов, урожая, прошения и желания казахов должны быть удовлетворены.
У казахов Бокейлика, работу земства исполняет Временный Совет. Народные прошения были направлены во Временный Совет. А он никак не может решить этот вопрос. Вот, что значит отсутствие земства. У большинство казахов нет метрик. В регистрационных списках с возрастами – полная неразбериха. Это известно общественности. Наш «Бокейлик» со времен Жангирхана, находится под покровительством Оренбурского муфтия. У нас, по бумагам, есть метрики. В быту мы равны с другими казахами. Многих казахов нет даже в списках, и метрики у них нет.
Вот, например: Магау Ильясулы, житель первого улуса селения Таловка, возраст – 16 лет. Записей о дате рождения нет. В списке 1914 года старшина записал его 21-летним, в этом году по записи ему должно быть 23 года, а ему – то -16 лет.
Спрашивают у старшины, как это понимать?
Он говорит: – Не знаю? Таких как Магау, казахов предостаточно. Многие казахи устали от всего этого, измучились. У казахов которые 70-80 лет были под покровительством Муфтия, дела обстоят именно так. А старшина, что это за старшина? Невежественный народ и сам не знает, как были избраны эти старшины.
«Сын степей»
ПЕТРОГРАДСКОЕ ПИСЬМО V
Нашим читателям известно, что 20-го июня Гос.Дума распустится.
Мусульманская фракция и находящееся при нем Бюро провели совещание по планированию работ в последующее время. Осенью Гос.Дума созовется первого ноября. Что нужно подготовить по вопросам мусульман, к этому созыву? Знающих жизнь и быт казахов, депутатов в Думе нет. Когда в Думе рассматриваются казахские вопросы, это незнание приводит к большим трудностям. Явные доводы в спорах, становятся бездоказательными. Это знают депутаты от мусульман.
Я говорил мусульманским депутатам, чтобы кто-нибудь из них прошелся по казахским землям, познакомился с казахской жизнью, бытом.
При нынешней дороговизне, никто не говорит депутатам, проводить эту работу (знакомство с казахским бытом) за свой счет. Если кто из депутатов решит пройтись по казахским землям, расходы мы можем взять на себя.
Можно эти расходы покрыть за счет тех средств, которые были выделены для представителя от казахов в бюро при фракции мусульман. Это мое мнение не будет идти вразрез с мнением общественности. Других источников финансирования у казахов нет.
В этом деле депутаты оказались нерасторопны. Но все таки решили пройтись по Туркестану, о чем сообщили нам.
Если бы на казахскую жизнь посмотрел изнутри русский депутат, было бы хорошо, было бы больше пользы. И его расходы понесли бы мы, казахи. И в этом мое мнение не будет отличаться от общественного. Подумав о том, как посмотрит на это общественность, я не стал говорить русскому депутату, чтобы он принял участие в этой работе.
В одном из предыдущих писем я писал, что когда рассматривался проект закона о «мужиках», мусульманская фракция обещала, что внесет на рассмотрение в Гос.Думу проект закона по решению вопросов инородных народов.
Этот проект закона, мусульманские депутаты и члены бюро при фракции, разделили на несколько частей. Проект закона по решению казахского вопроса достался мне. Вопрос сибирских татар взял Сабыр, Туркестанских сартов – взял Кадыр, Крымские ногаи остались за Смаилом.
Помощь известным, в течении десяти лет муфтиатам Акмолы, Семипалатинска, Оренбурга.
В 1914 году на съезде мусульман к мнению этих трех областей присоединились Уральск и Тургай.
На этом съезде Туркестан хотел получить отдельный муфтиат. Мы посчитали правильным, если мнения этих пяти областей, этой осенью будут внесены в Гос.Думу, как проект закона. Бокейликская земля, что входит во внутреннюю орду находится в плачевном состоянии. Об этом известно нашим читателям.
Бокейлиие земли, не как другие казахские земли. Эти другие казахские земли, казахи сами сделали ухоженными. Когда народ, перешел под покровительство Царя, он пришел к нему вместе со своей землей. Хоть и говорится, что казахские земли это царские земли (степное положение, 12,-я статья), после распределения земель казахам, «лишние» земли переходят государству. Когда забирают нашу землю для «мужика», говорят, что это «лишние» земли. Казахский народ должен это оспаривать. Надо требовать, чтобы казахские земи сперва выдали казахам, «каждому» свою причитающуюся долю, а потом забирать «излишки». Забирая эти «излишки», говорят «сам напросился» на 15-десятин, возьми свои десятины и все. Да, мы напросились, эта была наша недальновидность.
Бокейликская земля – государственная, казенная земля, она дана казахам во временное пользование, до издания в будущем соответствующего Указа.
Пришло время и прикрываясь Указом,бокейликские земли передают уральским казака бирают земли для лесопосадок, теперь вздумали забирать земли для защиты от песка. И еще намерены выделить земли астраханским «конным казакам». урмльс
Если будет так продолжаться, в Бокейлике никакой земли не останется, можно ее отрезать бесконечно, издавая Указы. Государство, по новому Указу заберет «свои» земли.
Но на этой земле Бокейлик живет более ста лет. Не одно поколение казахов родилась и выросла здесь. И когда бы ни было, казах не оставался без земли. А теперь что?. Без сна и покоя, 335 тысяч душ, просим – «выделите нам нашу долю, нашей же земли».
Известный казахский акын Гумар Карашулы, Бокейликский казах, когда был в Петраграде, подал прошение «Главному» министру: «земли выделяемые для Астраханских «конных казаков» – положенная нам казахам доля, и она должна быть выделена нам».
Это его требование – малая часть требований Бокейликцев. Мы ничего не можем поделать, только просить.
Казахская общественность была взбудоражена, и мусульманская фракция и ее бюро решили внести вопрос выделения земли Бокейликцам в виде проекта закона и должен быть внесен в Гос.Думу. Если буду жив, я разработаю этот проект. Когда мы говорим, что разработали то-то, написали это, наши неграмотные люди принимают их как решенное дело.
Это заблуждение. Хоть и будет написан проект закона, пусть будет даже внесен в Гос.Думу. Он подвергнется многоразовым обсуждениям, рассмотрения, должен пройти многочисленные препятствия, проверки, только потом станет законом. И будет издан. В Гос.Думе, если сказать иначе – «чьих людей много, их лошадь и победит в скачках», а у нас, не то что «много», у нас даже и лошадей – то нет, пусть казах об этом не забывает! Без тяжелых испытаний к лучшей жизни не прийти.
Будет правильно, если Бойкеликские казахи по поводу этого проекта закона, открыто выскажут мне свое мнение, расскажут о своем житие –бытие. Я не знаю Бокейликских казахов , не знаком с их жизнью и бытом.
Я знаком с ними только по книгам. Знания об обществе, его жизнеустройстве, быте, полученные из книг – неполные знания. Это я и написал Бокейликским братьям.
Газета «казах» № 191, стр 1-2, 30 июля, суббота.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











