Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Майданға ұшақ ұшырған Есжан Берлікожанов

admin
2026/08/30
Тұлғатану
0
Майданға ұшақ ұшырған Есжан Берлікожанов

Әке өмiрi туралы кітаптан, я болмаса газеттен оқығанда, ерекше бір сезiмге, қуанышқа беленеді екенсің. Әсіресе, әкеңмен бірге болған, бiрге жүрген, бір сөзбен айтқанда ол кісі туралы бес саусақтай білетіндермен кездессең, шіркін! Әкемнiң өмiрi жайлы таныстырған жалғыз кiсi – халкымыздың сүйiктi жазушыларының бiрi және үлкен дарын иесі – Ғабдол Сланов еді. Жазушы Ғабдол аға, менің әкемнiн өмiрi туралы газетке талай мақала жазған. 1951 жылы басылып шыққан «Ден аскан», «Бес жылдықтың ерендері» кітабында менің әкем және сол әке ауылындағы тұрғындардың соғыс жылдарындағы (1941 – 1945 жылдар) жағдайын баяндайды. 1943 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Сарыбұлақ күнделігі» деген тақырыптағы өзі және менің әкем туралы былай жазады: «Талдықорған өлкесінде өкілшімін. Ауыр операциядан жана гана көтерілген бетім. «Шұбар даласы», «Қаратал», «Шажа тау», «Текелі», «Сарыбұлақ», «Мыңжылқы» жайлауын аралаудамыз. «Сарыбұлақ» ұжымшарының бастығы елуден асқан Есжан Берліқожаұлы. Ұжымшарда елу үй бар. Адамдары да тамаша» деп баяндай келiп, Есжан ауылы «Сарыбұлакты» былай деп еленге қосып жырлайды.

Сарыбұлактын жерi де әдемi.

Жер көрдім Шұбар дала өлкесінде,

Аскар тау күн қонактар өркешіне.

Сыбырлап қыз бұрымдай күмiс бұлақ,

Толкиды мың бұралып ден өлкемде.

Көксу мен Қараталды шыр айналып,

Бұлактай желе, жортып бұлан кағып.

Өлкенің биігіне шыққан кезде,

Бiр ауыл көзге түстi қарандалып.

Айдадым астымдағы атты тепеңдетіп

Алдымда бел тұрған соң шұбарланып.

Сол уакыт кең кұшағы кимай тартып,

Шұбардан Сарыбұлақты таптым барып.

Пейілі кен өлкенiн қойнауындай,

«Сарыбұлак» көңілге шырақ жағып.

Қойып кеттім ауылымның төсегіне,

Рахат, астым мамык, алдым жарық.

Сарыбұлак шығарамын неғып естен.

Мен мұнда азап шегіп, арып кеткен.

Мейман дос, пейiлi кең, кайран ауылым.

Бақыт қой өміріме өзек етсем.

Аға бар Ешекендей данқы жеткен.

Шаруасын Сарыбұлақтың дүрілдеткен.

Ана бар Қазинадай қасиеттi.

Ұлым деп көздiн жасын мөлдіреткен.

Ару бар Әйнекештей абзал адам.

Сарғайып майдангердiң хатын күткен.

Кеш, Есжан үйiндемiз. Күләш жеңгей төсек салды. Жастыққа сүйендiк.«Сарыбұлақ» ауыл шаруашылығы жайлы әңгiме шерттік. Мен калғып барамын. Түсiмде ұзын өлкенi жарып аққан ағынды өзен толқиды көз  алдымда.

 

Есжан ата мен Күләш апа балалары Маркс (Мәкен), Қошақан,

Қанатқан, Гүлбану, Қасымханмен бірге.

 

Жазушы Ғабдол ага 1951 жылы жазған «Бес жылдықтың орендері» атты кітабында менің әкеммен бірге сол «Сарыбұлақ» ауылының ауылшаруашылығымен танысып жүрген кезiн былай деп баян етеді. Есжан ағаның кiндiк кескен жерi Жартасты. Оны да көрдік. Үштөбеден Шұбар даласын бөлiп жатқан төбе-төбе таулардың шығыс жақ тармағындағы үлкен сайдың бірі Жартасты деп аталады. Торқасқасын тебініп қойып, қамшысын iлгерi бiр сiлтеп:

– Жартасты дегенiмiз осы жер, – деді Еcекең. Өзі айтпаса да оның көзiнде: «Сол тасыңда талай ойнақтап асыр салған бiз едiк» деген жазу тұрды. Жартастының айналасы, асылы осынау, төбе-төбе таулардың бәрін де атам заманғы талай белгi, талай-талай бейне бар.

Қызыл қырман «Сарыбұлақ».

«Сарыбұлақта» казына мол. Мың жылқының етегiн алып екi мыңға тарта ақтылы қой, жүзге тарта жылқысы, қырықтан аса түйесi, үш жүзден аса сиыры жатыр. «Сарыбұлақтың» алабында тоқырап. Келер жылдың басында қорада болуы тиiстi мал басы осы күннiң өзiнде артығымен орындалуда. Малшаруашылығын басқаратын Нұрбек қарт миығынан күлүде. Екi өркеші бала құнанша iнгендерді баптап жайып, шұбатын кумпiлдетiп Ақымбеқ қария отыр. Қара судын тепсеңiнде қымызын сапырып Ізбасар жатыр.

Соғыс басталғанда өз босағасынан 150 пұт бидай, 200 мын сом ақша ұшақ колонасының қорына барып қосылды. «Есжанда бар, елдiкi, елден аяр нем болсын, тек ел сау болсын» дейтiн ол кiсi.  Өз тiлiмен айтқанда. Есекең сол жылдар заемға да жыл сайын «Елу мын сом құйыпты». «Сарыбұлақтың» бидайы да «Отаным» деп құйылды. «Отан» деген сөз айтылса болғаны «Сарыбұлақтың» суына дейін «Отан, Отан» деп тау жанғыртып жатқандай болады. Елге сөзiн тыңдатып, тiлiн алдыруга келгенде, отыншы қария Есекең жол беретiн жан емес. Елуге келіп, шашына ак кiрген. Өмiрдiн берген сабактарын оймен терiп келедi.

Әкемнiн бейнесі күні-бүгінге дейін көз алдымнан еміс-еміс көлбендейдi. Бiрақ ол кiсi туралы жора-жолдастарынаң, көз көрген ауылдастарынаң естiген әңгiмелер жүрегiмде мәңгiлiк жазылып калғандай. Өте жомарт кiсi едi. Үйiне мал сойылған күні бүкіл ауылды шақыратын. Өзi жетiм өсiп, жоқшылықты көргендіктен, елдiң бәрiне жаны ашып, қолындағысын бөліп беруге әрқашанда дайын тұрушы едi. Ол кiсiнiң айналып кеткен жомарттығы туралы аңызға айналып кеткен  әңгімелер өте көп. Сонын бiрi мынандай:

Соғыс жылдарында бiр жас жiгiт үйленіпті. Шешемiз тойға келе жатып бiз кұры алакан келе жатырмыз, «ұят болды-ау» дегенде әкем арбаның үстiндегi кiлемді көрсетіп, «Сыйлығымыз мынау» деп жауап беріпті. Сөйтсе, ол кiсi үйдегі ілүлі тұрған жалғыз калы кiлемдi тойға деп артып әкеле жатыр екен.

Тағы бiрде көп жылдардан берi перзент сүйе алмай жүрген арғынның бiр кiсiсi келіп: «Бала көрмедiм, тақсыр, бiр перiштеңiздi маған беріңіз» – деп келгенде емшектегi жас баласын сол кiсiге құндақтаулы күйiнде беріп жiберіпті. Ол кезде әйелдер ерiнiң айтқанынан шықпайды емес пе, шешемiз жылай-жылай қала беріпті.

Бiр ақсақал астындағы тұлпарын сұрап келгенде қабақ шытпай астындағы жануарды ер-тоұымымен бере салған екен. Палуан денелi кiсi едi. Жiлiктi екi жағынан орамалмен тартып отырып бырт еткiзiп сындырып жіберетін. Заманында сол өңірдегі атақты аңшының бірі болған. Тұйғын атты тазысы аншылықтан тек бірінші орын алатын атақты тазы еді. Әрдәйім әкемнің жанында жүретін. Тамақты да бірге қатарласып отырып жейтiн түқымы текті хайуан еді. 1943 жылы аңшылықтан жиған-тергенiн үйiндегi жеке малын түгел салып 3000 мың сомға Алматыға келiп, ұшак сатып алған да Мәскеуге жiберген. Ұшақтың екі қанатында Есжан Берлiкожанов деп жазылыпты. Артынан Сталиннiң телеграммасы келдi. Бес жұлдыздың шыныға түскен белгiсiн коса берiп жiберiптi. Әкемнiң жiберген ұшағын Украинадан көрген майдандас досымен бертінге дейін хабарласып тұрдым. Бүгінде ол кiсi де кайтыс болып кетті. Әкем кайтыс болғанда мен небәрі 5 жаста болатынмын. Еміс-еміс есiмде қалған бiрер көрiнiстер әлi де көз алдымда тұрады. Есiмде, әкем төрде шай iшiп отырған. Мен оның алдында тұрып, жиюлы төсектiн шетінен мықтап ұстап алып, бір сағат бойы аяғыммен жер тепкілеп биледім-ай десеңші? Әкем менiң бұл қылығыма масайып «Менiң ұлым бишi болады» деп рахаттана күледі. Мен одан сайын екiленiп билеп жатырмын. Терлеп кеткенмiн. Әкемнiң маған қарап мәз болғанына шабыттанып кетсем керек.

Жарықтық асаудың құлағында ойнайтын еді. Айғырдың аузын кесiп жаткан, өлі сүлiкті тазартып жатқан көрінісі әлі есімде қалыпты. Күндіз-түні шапқылататын ұжымшардың  шаруасы жеткілікті. Жұмыстан шаршап келiп, үйде демалғысы келеді. Ал, бiз болсак әкемiздi ат қылып мініп ойнайтынбыз. Мұртына да тыным бермей тартқылап, қызық қөреміз. Мүмкін ашұланатын шығар. Бірақ білдірмейтін. Әсте, бiздiң балаша ойнағанымызды ұнататын болуы керек. 1960 жылы 66 жасында әкем кайтыс болды. Ақтық жауып жерлегені бүгінге дейін жадымла  қалыпты. Ол кезде анам кенжесiне аяғы ауыр еді. Шешемнің бөле сіңілісі Әлипа апаның айтканы «Әкең, сені ерекше жақсы көретін, балаларының ішінде ең акылдысы осы Касымханы болады», – деп кішкентай кезімде айтушы еді. Ол кісі де марқұм болып кетті. Атақты биші әнші болған өнерлі кісі еді жарықтық.

Мен әкемнiң осы бір сөзi үшiн атыма лайықты азамат болуға тырыстым. Әкемнiң көзiн көрген дос-жарандарымен үзбей араласып тұрдым. Замандасы Нұрыш ағам айтып отырушы едi. Есекең, өте ұқыпты, көпшіл адам. Ерiнудi бiлмейтiн. Ертеден кешке дейiн ауылды аралап, жұмысшылармен бiрге жұмыска шығатын. Қатарлас жаткан «Абай» ауылынын ұжым басшысы  болған Мұратбек қарияның айткан бір әңгімесі бар: Ашаршылық кезi болатын. Сол жылдары егістік керемет шыққан болатын. Келер жылға су тапшы болып, əкемнен жәрдем сурап келіпті. Сонда сөзге келмей жүз пұт тұкымдык бидай бере салған екен. Бұл Әкемнің жомарттығы едi. Иван  Бузиникий ауылдың пошташысы болған кісі. Мен соғыстан оралғанда үйім де, күйім де жок едi. Киерге киімім, ішерге асым болмады. Сосын ауыл пресседателі Есекеңе келдім. Ол кісі мені, үйленіп, үй-күйлі, болуыма жағдай жасады. Сол ауылдың соғыс ардагері Куантай ақсақал жағдайын айтып көмек сұрапты. Сөйтсе әкеміз үйіміздегі бес екшкіні берген екен.  Куантай ақсакал бізді корген сайын куаныштан Есжан ұлдары деуші еді. Тазабеков Күмiсбек қазiр 92 жастан асып отырған қария. Ол кiсi  жасырақ кезінде ауылға ұзташы болды. Сосын звено басшысы болып көтерiлгенге дейiн оқуга жiберiптi. Қазiр зейнеткер, демалыста, запастағы полковник. Құдайға шүкір, әкемiздiн халық алдында атқарған ерен еңбегі үкiмет тарапынан ескерусiз калган жок. Көзi тiрiсiнде еңбегi мемлекет тарапынан бағаланса, дүниеден өткенде Еркін ауылындағы қазақ мектебiмен, бiр көшеге әкемiздiн аты берiлдi. Соғыс ардагері, ұстаздык қызмет жасаған Зекен  Есетов аксакал әкемiзге көше атын бергенде өз ризашылығын бiлдiрдi.

– Есекеңе көше ғана емес, ауыл атын берсе де артық болмас еді, – деген едi.

Ол кісінің ұлағатты iстерi өте көп. Соғыстан кейін ауылда бала оқытатын мектеп болмаған. Майданнан оралған ұстаз жiгiттер Әбiл Тұңғатов, Бекмырза Жексембеков, Зекен Есетов, Бұхарбек Рахимов, Ирина Горбова, Иван Шабалин, Сәуле Байысова, Асылбек Сортов, Әзия Тәшмұхамбеткызы, Фатих, Ырыскелді Әмірбеков бала оқытайын десе мектеп болмады. Содан Есекең өз үйінің 3 бөлмесін босатып беріпті. Кейiн мектеп салуғ үлес косып, ұйымдастырған. Мектепте балаларға бір мезгіл тамақ беретiн аспазшы да ұстаған екен.

Отан соғысына қатысқан ауылымыздың азаматтары көп еді. Солардың бiрi Өтеулі Темірбеков және маған аталас туысым болып келетiн Акболат, Бекболат Акажанұлдары. Еркін аулынан бір үйден 4 бірдей ұл соғысқа аттанып, бірде-бірі тiрi оралмаған Мерекеновтердің аты ұмыт калмасын деп көше атын беруге мұрындық болдық. Әкем кайтыс болғаннан кейiн де алыс-жақын жерден көп достары келіп, үйімізге конып кететiн. Бiр қызығы, орыстар көп келетiн. Анам Күләш келген кiсiге қабақ шытпай, құрметтейтін. Келген кiсiлер әкемiздiн қандай адам болғанын айтып отыратын. Солардың бірі қазақ ССР-на еңбегі сіңген зоотехник Степан Дмитривич Пономарёв әкем турды көп естерліктер айтатын. «Есжан керемет шыншыл, адал адам еді. Ондай адам жүз жылда бір рет туады» деп отыратын. Әкем Есжен мен шешем Күләш 7 перзент сүйдi.

Есжан Брліқожаұлы 1894-960 жылдары қазіргі Жетісу облысы, Талдықорған әуежайы жанында орналасқан Сарыбұлақ ұжымшарының бастығы болып қызмет аткарған.  ҰОС жылдары өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында ұжымшар мүшелерімен бірге 200.000 сом ақша, 150 пут бидай өткізіп, бір ұшақ сыйлаған. Ұшақтың екі қанатында Есжан Берліқожанов деген жазу болған. Осы жөніндегі мақала «Правда» газетінде 1943 жылы 10 ақпанда жарыққа шыкты. Қол басшы И. Сталин құттықтау телеграммасын жіберді. Оның түпнұскасы сақтаулы. Есжан Берлiкожаұлының еңбек майданында жетістіктерге жеткен еңбегі үшін екі медаль, екі орден иегері болды.

Тұңғыш ұлы Маркс (Мәкен) 1940 – 2021 жылдары,  Жетісу облысы, Eселді ауданы, Қарабұлақ тұтынушылар сауда бірлестігінің автодүкен меңгерушісі болып ұзақ жылдар  бойы мінсіз қызмет атқарған.  Қыс қыстауда, жаз жайлауда малшыларды  күнделікті кажетті азық-түлікпен және өте керекті заттармен қамтамасыз еткені үшін бірнеше Алғыс хат, 1970 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық слетте Құрмет белгісін омырауына тағып келді.

Берлiқожа Касымқан Есжанұлы 1955 жылы туған. Еңбек жолын Еркін ауылынан бастаған. 1979 жылы Алматыдағы Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтының күндізгі бөлімі орман факультетін бітірген. 1984 жылы жолдамамен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан лесхозында орман шаруашылығының  бөлімше басты қызметін  атқарған. 1987 жылы Еркін ауылында ауыл шаруашлылық өнімдерін сұрыптап, өткізушісі болды. Қазақтар Жота, орыстар Бугор деп атап келген атаусыз елді мекеннің атауын «Көтал» деп өзгертіп, Еркін ауылындағы 25 көшені қазақша аталуына, сондай-ақ, Сарыбұлақ, Кемеращы, Қазақстан ауылдарының тарихи атауын қайта қайтаруға үлкен үлесі сіңген.

Сол жылы Еркін ауылдық кеңесінің орынбасары және халық қалаулысы болды. Талдықорған мұнай қоймасының бөлім бастығы. 2022 жылы  Алматы «Есенжол» кілем орталығының директоры. Ардагерлер энциклопедиасына өмір баяны еңгізілді. Қазіргі таңда Алматы қаласы, Алатау ауданы, Боралдай шағын кентінде ақсакалдар кенесiнің мүшесі, құрметті зейнеткер.

Мырзахан Есжанұлы 1949 жылы туған.  Талдықорған қалалық білім беру бірлестігінің тапсырмасымен  ұйымдасқан үш айлық курста оқыған. Қант қызылшасының әр гектарынан 800-950 центнерден өнім жинап, үздік диқан атанып, медаль алды.

Гүлбану Есжанқызы 1953  жылы туды. Өнер институтын бітіргеннен қазіргі күнге дейін өнер саласында әртіс, актриса.  2021 жылы Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтан Алғыс хат және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері деген медалін алған.

Немересі Берліқожа Ержан Қасымханұлы 1981 жылы туды. Ұлттық Ұлан әскери қызметкері, үш дүркін медаль иегері.

КР Ұлттык Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының ардагерлер кеңесі Есжан келіні Берліқожа Сәулеге «Отан қорғаушысының анасына» Алғыс хаты мен медалін берген.

Есжан шөбересі Маркс Мұратхан Қайратханұлы ішкі істер бөлімінде ұзак жыл қызмет істегені үшін медаль алды.

Шөбересі Есжанов Айдос Қайратханұлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздік қызмет атқарған үшін медаль алды.

Немересі Берліқожа Рауан Төлегенұлы 1981 жылғы ішкі істер бөлімінде үздік қызмет атқарғаны  үшін медаль алды.

Берліқожа Төлеген Есжанұлы 1957 жылы туды. Ішкі істерде запастағы  полковник. Жуырда үздік (адвокат) тергеуші деген медаль алды.

Есжан немересі Болатхан Максұлы 1961 жылы туды. Спорт жолындағы бірінші жетістігі 1977 жылы Қазақстан біріншілігінде күміс медаль алып, СССР спорт шебері деген атағын иеленді.

Сол жылы Мәскеудегі ашық чемпионатта бас жүлде иегері атанды.1978 жылғы СССР Білім министірлігінің біріншілігінде  бас жүлдеге ие болды. Сол жылы СССР Ауыл шаруашалық спортшылары арасында күміс медаль алды. 1982 жылы Молдава Республикасында  XVI спортық ойындарда Орта Азия-Қазақстан кубігінде бас жүлде алды. Сонымен қатар, бірнеше дүркін бүкіл одақтың бас жүлдесін ұтып алды. Осы жөнінде 2022 жылы желтоқсан айында шыққан Жалайыр  «Мырза» ататек шежіресі кітабының 1308 бетінде көрсетілген.

Есжан шөбересі  Есжанов Әділхайыр Болатханұлы ішкі істер бөлімінде мінсіз қызмет атқарғаны үшін медаль алды.

Айырмас Мұрат Кенжебекұлы 1984 жылғы Еркін ауылында туды. Үздік бокс шебері, 2005 жылы Қазакстан Республикасының халықаралық спорт шебері дәрежесін алды. Мәскеуде өткен әлем кубігінде қола жүлдегер атанды. Бүгінде Талдықорған қаласының бокс федерациясының бас бапкері болып қызмет етеді.

   

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

Дереккөз: Қ. Андас. Өткені ерен, келешегі кенен Еркін. Талдықорған: «Офсет» баспаханасы.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 72
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz