Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет кітап

Тарихи жыл

admin
2026/08/30
Қажет кітап
0
Тарихи жыл

Дүние тарихында Еуропа соғысы адам баласы көрмеген қанды оқиға болса, біздің қазақ жұрты үшін өткен 1916-ші жыл, айрықша терең із қалдырған бір тарихи жыл екендігінде дау жоқ.

Қазақ халқының өткен дәуіріне айналып қарасақ, түрлі тарихи зор оқиғалар, өзгерістерді бастан кешіргенін көреміз.

– Қазақ – қалмақтың жауласқан заманы,

– Ақтабан шұбырынды

– Россияға бағынған шағымыз.

– Кенесары заманы,

– Қоқан заманы.

– 1868-шы жылғы жаңа заңның шығуы.

Бұлардың әр тұсы өз тұсында толқынсыз өтпеген болса да, ала бұлттай, бір топ ел жаман болса, екіншісі ала көңіл болып, Үш жүздің баласына тегіс өкімін тигізе алған емес. 1916 жылдың оқиғасы өзгеше.

Елді бөліп, арасын айырып, төрт түлік малына зиян салып, он екі жылда бір айналып, көбінше тегін кетпейтін сұм қоянды аман өткізіп, өткен жаз Қазақтың баласынын белін кеңейтіп, байға жарлы теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше, өзінен бақытты жұртты білмей, рахат ғұмыр өткізіп тып-тыныш жатқанында, өрттей шошынып оянғандай, бір күйге ұшырады.

Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты, жүрегіне найзадай тиді.

«Солдаттыкқа алмайды, жұмысқа шақырады» деушілерді жау көрді, ешкімге сенбеді.

«Бізді сатып жүрген осылар» деп бірлі-жарым болыстарын өлтіріп жібергенде болды.

Ел арасына қысқа күнде қырық түрлі хабар тарады. Қорқыныш күннен күнге ұлғайды. Әулиеге ат айтты, Қорасанға қой айтты. Сауысқан, қарға тойынды. «Солдат алмайтын болыпты деп» өтірік сүйінші сұрағандар олжаға батты. «Сенің де балаң алынады» дегенді естіген шал-кемпірлердің жүрегі жарылып өлгендері де болды.

Жүрт сеңдей соғылды. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды. «Әне келеді, міне келеді» деп өлім жазасына бұйырылған, үкімнің орындалуын  күткен тұтқындай болып тұрды. Патша жарлығы құқ. Бұл сұрапыл соғыста басына ауырлық келген жалғыз біздің қазақ халқы емес. Жұрт ұйлығып, дағдарып, ойға-қырға шабуылдап жүргенде, 25-ші маусым жарлығы орындалып, жұрттың көбі ерікті-еріксіз көніп, балаларын әскерге бере бастады.

Осындай бүліншілік себепті Түркістан уәлаятына « аскери тартiп » жарияланып, көп адам әскери сотқа берілді. Бірсыпыралары асылды, бір сыпыралары атылды. Мұндай күйге ұшыраған Түркістан халқының бақытына қарай, генерал Куропаткин Түркістанға генарал-губернатор болып сайланып, әділдікпен іс етіп, бүліншілік басылуына себепкер болды. Бұл күнде Жетісу жаңжалы басылды дерлік.

Қазақ облыстарының кейбір уездерінде, Жетісудай болмаса да, шет бұшпақтап көңілсіз оқиғалар  болды. Егін-пішен орусыз, жиюсыз, мал бағусыз қалды. Ит пен құсқа жем болды.

Міне, қазақтың басына осындай қаза күн туған заманда айтуға ауыз бармайтын, жазуға қалам жүрмейтін, нашар істер пайда болды. Бақытсыздығымызға қарай бұл жамандықты, басқадан бетер, өзімізден көрдік. Жұрт бөлініп, босып, қырылып, көзінен қанды жас ағызып тұрған кезде, өзіміздің қазақтан, өртеніп жатқан үйдің жасауын ұрлағандай, өлгелі жатқан адамның киімін тонағандай, халықтың дағдаруынан пайдаланып, «Кәсіпке» кірушілер болды. Бұлар тағы да бақытсыздығымызға қарай оқығандарынан, ел билеген жақсыларынан шықты.

25-ші маусым жарлығын бетке ұстап, дағдарған елді олжалау, ескі кекті қоздырып, партиялықты қолға алып, өтірік шағыммен бірін бірі жаптыру, шаптыру, тініттіру, әр жерде, әр елде бола бастады. Мұны істеушілер – қарапайым адамдар емес, «Бас» адамдарымыздан болуы, қазақ халқының жаман жағын көрсеткендей, сүйегімізден кетпес қара таңба болды. Ғұмырында халықтың басына келмеген апаттың кезінде «Жақсы» дегендеріміз мұндай хайуандық қалыпта көрінуі және жиі көрінуі жұрт қатарына, біздің, қосылсақ та, барып-барып қосыларымызды көрсетеді. Бұл жаман белгі. Алла қайырын берсін.

«Ізденушілердің» бәрі болмаса да, көбі таза ниетпен емес, Хайуаны нәпсімен шабуылдады. Олардың  сырлары бұл күндері халыққа анық білінді. Олардың қандай «Қамқор» екенін, көңілінде сәулесі бар қазақ сезді.

Халықтың берекесін кетіргендер әскерге алу кезінде «Алып қаламын, құтқарамын» деп қамқорсыған, қырда атқа мінгендер, қалада орысша оқығандар. Бұлардың олжасында есеп жоқ.

Енді соңғы кезде, кеткен жігіттердің хал-жайын біліп қайтуды сылтау қылып, «Кәсіпке» кіріскендер барлығы білініп тұр.

Қазақты қазақтан басқа жем қылғандарды қазір сөз қыларлық емес.

Қазақ халқының осынша бүліншілікке ұшырауының бас себебі – надандық. Әскер қызметіне – солдат болсын, жұмысшы болсын, бірте-бірте бойы үйреніп, көп жылдар көндігіп барып алынбағандығы. Мұнан өзге себеп жоқ. Патшаға қарсылықтан емес, яки, қазақ жайын білмейтін кей біреулер ойлағанша, басқа халықтардың құтыртуынан да емес.

 

Бұл күнде майдан жумыстарына алынар жігіт алынды. Күйзелер шаруа күйзелді. Құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмаған имансыздар қазақты тойғанынша жем қылды. Ақырында олардан халық опа көрмеді. Ұл жиылып жайына, қыз жиылып байына кетті. Енді – келешегімізді ойлау ғана қалды. Өткен жыл бізге ұмытпастай сабақ берді. Сырымызды ашты. Бұл күйде тұра берсек, бұдан кейінгі заманда, тағы да осындай оқиғалар болмасына ешкім кепіл емес. Сондай заманға даярланып, тағы да осындай надандықтан бүліншілікке ұшырамас жағымызды ойлап, көрінгенге жем болмасымызға қам қылу керек. Күні кеше бүліншілікке ұшырап, айырылуға қимаған аяулы балаларың, осы күні жұмысқа алынып, орыстың тілін, ғылымын білмегеннен кемшілік көріп жүргені анау.

Ендігі істейтін іс: «Ізденуші», «Құтқарушы»-ларға бұдан кейін күніміз түспейтін күйге жету үшін, былайғы жасты оқыту. Өткен жылдың оқиғасы, оқудың керектігін енді еске түсірмесе, қазақ халқы жұрттықтан кеткені. Бұрын «біл, оқы» деген сөздер құрғақ насихат болып, желге кетуші еді. Қазақ баласы енді оянбасаң, мәңгіге шын ұйқың ашылмай, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткенің.

 

МЫҢ СОМДЫҚ ЖЕДЕЛХАТ – Қызылжар уезіне қараған Құсмұрын, Қараоба ұлыстарынан, екі ауылнай, керейдің 19-31 арасындағы жастарын қазына жүгін тасуға қалдыру үшін ізденеміз деп, сол ауылдың Сауытбай, Жақсылық деген ақсақалдары елінен 1200 сом жинап алып, 200 сомын п-ке беріп, мың сомды бойларына сіңіру үшін, жеделхатпен ізденеміз деп Қостанайга барып, онда 2-3 күн қонып, елге қайтты. Ақша аллау акпар!

Тілші.

 

БЕРЕКЕҢНІҢ НӘПСІСІ – Ақтөбе уезі, Қараторғай ұлысының қазағы Бірмұхамет (Бірикеш) Түркин, осы елдің жігіттерін соғыс майданына апарып салуға 2 мыңды бір алып еді. Енді жаңадан тағы да 2 мың сұрап тұр. «Балалардың амандығын біліп қайтамын» деп. Берекеңнің «Балажандығы» қымбатқа түсетінін білген соң, жұрт тәтті сөзіне онша іштері елжірейтінi көрінбейді.

М.

 

АҚШАСЫН СҰРАЙДЫ – Омбы уезі, Қызылқақ ұлысынан қызметке алынған жігіті Ғазалдин Сиреңұлы жазады:

«Құрметті Закуле биге салем. Көңіліңізге келсе де айтайын, сіздің үлкен аузыңызға (құжат туралы) бізден түсіп кеткен 100 сом ақшаны қайтарсаңыз екен. Айтқаныңыз болса, не сұрар едім, не сұрамас едім. Бұл күнде мен Рига шаһарында жұмыстамын. Тар жерде жатырмын. Маған қаражат керек. Мұнда нанның қадкасы- 56 тиын, ет- 1 сом, май- 3 сом. Құдайдан қорықсаңыз төменгі мекен-жай бойынша ақшамды жіберіңіз.

Действующая Армия, 12 – полевая почтовая Контора, Лагерь – У, 3-й реквизор,Инородная Партия, 4 отряд, 5 сотня.

Джумату Шанину.

Қазақша Ғазалдин Сиреңұлына.

«Қазақ» газеті, №212, 2-3- беттер.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

 

 

ИСТОРИЧЕСКИЙ ГОД

 

Не подлежит спору, то, что если европейская война – кровопролитная война, каких не знало человечество, то для казахского народа 1916-ый год,- исторический год, остававший особенно глубокий след.

Если взглянем на прошлое казахского народа, то увидим какие потрясения выпали на его долю:

-Период казахско – джунгарской вражды

-Годы великого бедствия

-Времена под Царской Россией

-Времена Кенесары

-Времена Кокандского Ханства

-Новый закон 1868-го года

Каждый из этих периодов не прошел без народных волнений, без потрясений, но не был всеохватным для всех трех жузов казахского народа.

Однако, 1916 год – это особенный год.

Разделили единый народ, посеяли смуту среди них, неисчислимые захваты скота, грабеж, погромы, переселение с насиженных мест, присвоение и передача казахских земель, бесконечные гонения, истребление.

Держали народ в кулаке, скомкали широкую душу казаха.

Тех, кто говорил, что не будут призывать на воинскую службу, а призовут для работ – считали врагами, подвергали гонениям, судили.

Были случаи убийства волостных под предлогом предательства.

В день распространялось несколько различных сообщений среди народа. Страх с каждым днем усиливался. Были распространители лживых сообщений, о том, что «призывать на службу не будут».

Народ устал. Не мог спокойно спать ночью, радостно смеяться днем.

Народ стал похож на арестанта, приговоренного к смертной казни, и ожидающего каждый день, скорого исполнения приговора. Царский Указ – исполняется. Во время этой жестокой войны тяготы испытывает не только казахский народ.

Народ, будучи в страхе и растерянности, все –таки смирился с Указом от 25-го июня, волей-неволей исполняет его, отправляет своих сыновей на воинскую службу, прифронтовые и другие работы.

Причиной смуты в Туркестане было введение военного положения, много людей были осуждены военным судом. Некоторые были повешены, большинство расстреляны.

К счастью для Туркестанского народа, генерал-губернатором Туркестана был назначен генерал Куропаткин, он своими справедливыми поступками и делами, сумел успокоить народ, возмущения поубавились.

А в эти дни Семиреченский бунт заканчивался.

В некоторых уездах казахских областей, хоть и не было Семиреченского масштаба, но были народные волнения. Урожаи остались неубранными, скот – неухоженным, без присмотра, стал добычей зверей, разбрелся.

Вот, в такое время, когда казахский народ испытывал невыносимые тяготы, происходят такие дела, о которых «сказать, – язык не поворачивается, написать – перо ломается».

К нашему несчастью «дельцами» здесь являются не другие, а свои же – казахи.

Народ разорен, истребляется, из глаз его текут не слезы, а кровь. Нашлись люди, которые пользуясь таким положением, промышляют «воруя кирпичи горящего дома, крадя одежду умирающего человека».

И они, опять же, к нашему несчастью, грамотные, имеющие власть люди, которых мы уважали, верили им.

Ссылаясь на Указ от 25-го июня, в разных местах начались: -обман и присвоение скота, имущество итак разоренного народа; вспоминали старые  грехи, лживыми доносами, арестовывали, обыскивали, наказывали.

Все это – дела не простых людей, а людей облаченных некоторой властью. И это показывает плохую сторону казахского народа, которая несмываемым пятном лежит на совести казахов.

Люди которым мы верили, показали свое звериное нутро в это великобедственное время, которого не испытывал казахский народ. Думаем, что если мы и будем в одном ряду наравне с другими народами, то это будет нескоро. Это – плохая примета.

Да благословит нас Аллах.

«Заботу» дельцов, хоть и не всех, но большинства, казахи испытали на себе.

Во время призыва на службу «заботливые», имеющие вес и власть «дельцы» обещаниями «спасти от призыва» обсасывали свой же народ. А их «прибыли» от такой деятельности нет счета.

А в последнее время, в дело включились и такие, которые под предлогом «съездить, узнать положение дел, житье – бытье отправленных джигитов»,  собирали деньги и таковых немало.

Когда казаха грабит сам же казах, о других грабителях не стоит и говорить.

Главной причиной приведшей казахский народ к такому разорению, является невежество.

А то, что казахов долгое время не  брали на воинскую службу – хоть солдатом, хоть рабочим, – не от сопротивления казахов, не от несвоевременного принятия решений по казахам, не от прихоти других, а от обыкновенного невежества самих казахов.

В эти дни казахские джигиты отправлены на службу. Казахское хозяйство – в полной разрухе.

Не имеющие бога в груди, незнающие совести, грабили казахский народ, пока не насытились. Все же, казахский народ не умер. Сыновья возвращаются, дочери выходят замуж, устраивают свою жизнь. Теперь единственное –  осталось подумать о будущем. Прошлый год дал нам незабываемый, жестокий урок. Открыл нам глаза на происходящее. Если мы и дальше будем находится в таком состоянии, никто не может поручиться, что такой ужас не повторится в будущем. Мы должны быть готовы ко всему, чтобы не стать жертвой собственного невежества. Чтобы нас не мог грабить всяк кому не лень. Нужно обо всем этом позаботится.

Вы подверглись разорению, но сохранили своих сыновей, которых отправили на воинскую службу, т.е работы. Сегодня они вдали от вас, не зная русского языка, не зная грамоты испытывают большие трудности.

Наша следующая задача: дабы не стать в будущем жертвами всяких «дельцов» и не заглядывать им в рот, нужно обучать своих детей грамоте. О необходимости знаний, грамоты – показали прошлогодние ужасы. Если мы, казахи, не поймем этого, то считайте, что мы исчезающий народ. Раньше слова «знание, учеба» были сухой пропагандой, и пропускались мимо ушей. Казах, если ты теперь не проснешься, то будешь спать вечно, в темноте, рабстве, ты будешь «у кусающего в зубах, у хватающего в руках».

 

ТЕЛЕГРАММА ЗА ТЫСЯЧУ РУБЛЕЙ

 

Двое волостных из волостей Кусмурын и Караоба Кызылжарского уезда, под предлогом ходатайства за джигитов 19-31-го года, освободить их от службы и оставить на государственных работах по перевозке гос.имущества, в аулах аксакалов Сауытбай и Жаксылык, собрали у людей 1200 рублей. 200 рублей отдали полковнику, а 1000 рублей положили в карман, якобы для отправки телеграммы поехали в Костанай. Пробыв там 2-3 дня вернулись ни с чем.

Денег нет.

Корреспондент.

 

Забота Берикеша.

Один казах, из Караторгайского улуса Актюбинского уезда, Бирмухамет (Берикеш) Туркин, для доставки местных джигитов до места назначения т.е до фронта, собрал у людей 2 тысячи рублей, теперь опять хочет 2000 рублей, якобы, «узнать положение джигитов, их благополучие». Чувствуя что, «забота о сыновьях» дорого обходится людям, они не так  уж верят словам Берикеша.

М.

Верните мои деньги.

Призванный на воинскую службу из улуса Кызылкак, Омского уезда, Газалдин Сиренулы пишет: «Уважаемый Закуле би. В ваш ненасытный  рот попали мои  деньги (по вопросу удостоверения),  в сумме 100 рублей. Прошу их вернуть мне. Если бы решили вопрос – не просил бы.

В эти дни я нахожусь в городе Рига на работах. Живу в тесноте. Мне нужны  деньги. Здесь цена кадки хлеба стоит 56 копеек, мясо – 1 рубль, масло – 3 рубля. Побойтесь бога и вышлите деньги по адресу: Действующая Армия, 12-ая полевая почтовая контора, лагерь У, 3-ий реквизор, Инородная партия.4-ый отряд, 5-ая сотня, Джумату Шанину по казахский Газалдину Сиренулы.

 

Газета «казах» №212, стр.2-3.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 37
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР
Қажет кітап

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026
«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек
Қажет кітап

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026
Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ
Қажет кітап

Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ

October 8, 2026
«Сайын даланың Сайболаттары»
Қажет кітап

«Сайын даланың Сайболаттары»

October 5, 2026
Парасат жолы өнегелі өмір естелігі
Қажет кітап

Парасат жолы өнегелі өмір естелігі

September 30, 2026
Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды
Қажет кітап

Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды

September 24, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz