Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Жасақбасы – Тайлақ

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Жасақбасы – Тайлақ

Қарқара көтерілісінің саяси басшылары қайтыс болған соң халық көсемсіз қалғандай еді. Қарақолдағы патша жендеттерінің жауыздығы халықты ашындырып, әр ауылдан әскери жасақ құрыла бастады. Ауыл-ауылдан құрылған жасақтар саны күн санап өсе берді. Осы саланы зерттеген ғалым Кеңес Нұрпейісовтың 1991 жылы шыққан «Қарқара айбаты» атты кітабында: «Қарқара көтерілісінің «жұлдызы жанған» кезең тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басына дөп келді. Көтерілісшілер саны 5000 аттыға жетеді. Көтеріліске Монай Ыбырайұлы басшылық етті» – деп жазылған. 1995 жылы шыққан «Қарқара көтерілісі» атты кітапта: «Көтерілісшілер арасында жекелеген жасақ басқарған Тайлақ Бекбасұлы 29 жаста, Мұқан Ұзақбайұлы 30 жаста, Дәркембай Біләлұлы 34 жаста, Жарылқасынұлы Қожеке 30 жаста, Қайыпберді Сімтікұлы 28 жаста, Қабылбек Сауранбайұлы 27 жастағы жас жігіттер болды», – деген мәлімет келтірілген.

Жасақ басшыларының жасаған ерліктері ел аузында қалды. Олардың патша әскерімен соғысын ешкім қағазға түсіріп, жазып отырмаған. Дегенмен, батырлардың кейбіріне арналған дастандар табылады. Соның бірі – көтеріліске бастан-аяқ қатысқан Қабылбек Сауранбайұлының Тайлақ Бекбасұлы жайлы естелік-дастаны. Бүгінгі күнге Жанғабыл Әтекеұлы, Айтбай Дәркембайұлы, Оразай Қожакелдіұлы және Себдайыр Шенішұлы сияқты көзкөрген қарттардың айтуымен жазылған дастанда бұрын айтылмаған тың деректер бар. Мысалы: «…Халық жиналып жатқан кезде оқтай жараған орауыз аты бар, ашық жүзді, орта бойлы бір жігіт аттан түсіп, қол қусырып көпке сәлем берді де Ұзақ Саурықұлының қолын алып, көрісіп, қойнынан бір пәкет суырып алып берді. Ұзақ қасында отырған сол заманның атақты хаткері Сыбанқұл Арғынұлына: «Оқығын!» – деп ұсынды. Сыбанқұл атаулы адамның аты жазылмаған хатты ашып, оқи жөнелді.

«Уәл бари үлкен-кіші бауырларға сәлем!

Суан, Дулат інісі, Албан аға,

Тарайды Ұлы жүзден қанша бала?!

Үш жүздің баласынан кеңес алмай,

Жарлық тығыз ұлықтан, амал бар ма?!

Теңдікті өзге ұлтпен бірдей ет деп,

Біргуар ұсыныңдар ақ патшаға.

Жерге ерікті прауа бірдей болсын,

Қамамай халқымызды тау мен тасқа.

Мектеп ашып оқысын бала-шаға,

Прауа тең келеді сонда ғана.

Болмаса жайылған мал қолында жүр,

Қанша алса қарсылық жоқ патшаға! – деп жазған бауырың Бекболат Әшекейұлы. Тілек бермеген күнде қарулы күреске шақырамын! 1916 жыл, июннің 29-да Жерқоңырда», – деп жазылыпты.

Хатты әкелген жігіт:

– «Руым Албан, оның ішінде Алжан боламын. Ақбас, Шоңбас, Бекбас батырларды естулеріңіз бар шығар?! Сол Бекбастың немересімін, атым – Тайлақ, – деп өзін таныстырып, салт жүрісінің жайын айтады. – Қазіргі келісім Алматыдан. Көкшенеп (Кокченов) байда малай болып жүріп, он бес жыл Сібір айдалып, содан қайтып келе жатып, Дулатта Бекболатқа жолықтым, үйінде болдым. Ол көпшілік сіздерге қаратып, хат жазды. Астыма ат, үстіме киім берді. Сол бетіммен хатты сіздерге алып келдім».

Тайлақ әкесі Тілеуқабылдан жалғыз. Өзінен тұқым қалмаған. Тайлақтың әкесімен бірге туған Ақбастың ұрпағы, Мүсірбайдың балалары Райымбек ауданында, Алматы қаласында тұрады. Ноғайбай деген немересі кезінде Нарынқол ауылында спорт мектебін басқарып, ауылдағы спортты дамытуға күш салған. Оның Тимур деген ұлы Алматыдағы Спорт және туризм академиясында күрестен жаттықтырушы. Ал Шоңбастың Сұлтанбай деген ұлының Қайранбай, Қапар деген балалары Сарыжазда шаруашылықта қызмет жасады. Қайранбай колхозда бөлім меңгерушісі, Қапар кәсіподақ комитетінің председателі болып қызмет етті. Олардың балалары Алматы қаласы мен Райымбек ауданында табысты еңбек етуде.

Мұндай тосын кездесуге халық қуанып, шу ете қалады. Ұзақ батыр: «Ой, бәрекелді! «Асыл пышақ қап түбінде жатпайды» деген емес пе?! – деп сүйінді.

Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Бекболат Әшекеев 73 жасында Верный уезіндегі көтеріліске бас болды. Оның:

…Рас, мен соғысқа шықпақ болдым,

Басыңды жер астына тықпақ болдым.

Рас десең рас сөзімді мен айтайын,

Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым… – деген өлеңі көп жайттан хабар береді. Қарсылығын осылай ашық айтқан Бекболатты 19 тамызда Боралдай маңында патша жендеттері дарға асады.

Қарқарадағы Албандар көтерілісі басшыларының Бекболат батырмен байланыста болғанын Тайлақ әкелген хаттан көріп отырмыз. Хатты оқыған халық: «Патшаға бала бермейтін жалғыз біз емес екенбіз. Біз сияқты қазақтың басқа да рулары бар екен» – деп халық бір сергіп, жігерлене түсті. Тайлақты қасына шақырған Ұзақ батыр жұртқа:

– Кешегі Бекбас батырдың тұқымы екен, атасына тартқан жігіт деп біліңдер. Басқа біреу болса сонау Сібірден осы жерге тірі келе ме?! Халыққа қалмақтан кек әперген, мына жерді қалмақтан босатуға көп еңбегі сіңген Бекбас батырдың баласы Тайлақ батыр осы деп біліңдер! – деп таныстырады.

Жасынан кедей өскен Тайлақ Кокченов деген орысқа малай болып жүргенде екі орыстың бозбаласы жасы егде тартқан бір қазақтың атын тартып алып, өзін сабап жатқанының үстінен түсіп қалады. Орысшаға жетік Тайлақтың: «Қойыңдар!» – дегеніне көңіл аудармай әлгі қазақты қамшымен ұра бастаған екі содырды бір-бір ұрып сұлатып түсіреді. Сонда жағы сынған біреуінің әкесі приставтың жанында жүретін шенеунік екен. Сол жоғарыға: «Мал ұрлады және орыс жігітінің жағын сындырды» – деп арызданып, Тайлақты он жылға Сібірге айдатып жібереді. Онымен бірге 15 жылға кесілген Кокченовтың екі орыс жалшысы да Тайлақпен бірге болған. Сібірден еліне хат жазып тұрған ол бір хатында:

– Тірлігімді білдірем, сәлем айтып халқыма,

Бір әкеден жалғыз ем, бауыр да жоқ артымда.

Сорлы әкем күнің не болар, қайғыменен жатуда.

Мен жүрмін қалың орман арасында,

Ауырсам қасымда жоқ жанашыр да.

Аманат өздеріңе шал мен кемпір,

Жанашыр Аламанның баласына…

Орыстың қасымдағы Сергей, Иван,

Кокченовқа бұлар да малай тұрған.

Бірге туған бауырдай бұл екеуі,

Жылағанда көзімнің жасын тыйған, – деп тебіренеді.

Мерзімін бітіріп, елге оралып келе жатқанда жолай Бекболат Әшекейұлына арнайы барып, амандасады. Ол патшаның июнь жарлығы шыққан кез. Ұзақты білетіндіктен Бекболат батыр Тайлақ арқылы Ұзақ батырға хат берген…

Жәмеңке мен Ұзақтың қайтыс болғанын естіген Тайлақ қайғырып, дереу қол жинайды. Қол жинау әр ауылдан жүріп жатады. Дастанда:

– Айқайлап халыққа Тайлақ енді,

Себебі қисынсыздан сотталған көп.

Сібірде көзім жетті жүрген жерде,

Адам деп қазақ халқын санамайды.

Құралдану керекті онан да енді,

«Жиыл» деп хабар салсаң барлық елге.

Жиылсын құрамымен барлық халық,

Рақым болар деп енді сенбе! – делінген.

Жергілікті халыққа қарағанда айдауда жүріп көпті көрген Тайлақ халыққа ендігі жерде патшаға сенім жоқтығын, қолға қару алып, қарсы шығу керектігін, бостандықтың жолына жетудің бірден-бір жолы қарулы көтеріліс екендігін айтады.

Тайлақ басқарған жасақтар Қарқара жәрмеңкесіне жасалған шабуылда және Үкіршіде патшаның жазалаушы отрядымен болған ұрыс кезінде көзге ерекше түседі. Жәрмеңке үшін үш күнге созылған табан-тірес соғыс кезінде екі жақтан көп шығын болды. Қазақ жасағының табандылықпен ұрысуының нәтижесінде патша жендеттері жәрмеңкені тастап, қашып шығады. Жасақ басшылары ішінде Құдайберсін Жауғашұлы мен Мергенбай Жаманкөзұлының болғаны жайлы мәлімет бар. Мергенбай мен Қожеке кейін қызылдарға қосылып, отряд командирі болған. Алайда Мергенбай қызылдардың істеген озбырлығына қарсылық танытады, өзін ұстайтын болған соң Қытайға өтіп кеткен. Өкінішке қарай, Кеңес өкіметі кезінде оның 1916 жылғы ерліктері айтылмады. Жазушы Баққожа Мұқай «Жалғыз жаяу» атты кітабында Мергенбай жөнінде толық жазды. Ал Қожеке көп жылдар бойы Қақпақ ауылында шаруашылықта қызмет жасап, 1964 жылы 81 жасында қайтыс болды. Райымбек ауданында шаруашылық басқарған немересі Әбікеннің «16 жыл» деген күйі «Мұқағали» журналында жарық көрді. Оның Қарқара көтерілісі жайлы атасының өз аузынан естіген естеліктері «Мұқағали» журналында жарияланды. Мергенбай мен Қожеке жайлы естелік Әбікеннен алынды.

Алматыда 1995 жылы шыққан «Қарқара көтерілісі» атты кітапта тамыздың 10 күні Текес болысының басшылары Тайлақ Бекбасұлы, Қожеке Жарылқасынұлы, Біләл Дәркенбайұлы, Диханбай Жантасұлы, Жақыпберді Сұлтанқұлұлының Қарқара жәрмеңкесінде пристав әскеріне қарсы соғысқа даярланғаны, ертеңінде Қожеке, Біләл қарауындағы екі мыңнан астам жасақпен Сан-Тасқа дейін жүріп өтіп, 16 тамызда Қырғызсайды, 20 күні Сүмбені босатқаны жазылған. Тамыздың 20-сы күні генерал-губернаторға жіберген Фольбаумның телеграммасында: «Атаки восставших были настолько яростными, что, несмотря на пулеметный огонь, они бросились на приступ» – делінген. Көтерілістің үрей туғызғаны соншама, өлке басшысы Куропаткин дабыл соғып, қосымша күш жібереді. Гейцигтің отрядына құрамында 28 солдат, 10 офицер, 4 пулеметі бар бір пулемет командасы, құрамында 63 солдат, 2 офицер, 9 зеңбірек бар күшейтілген батарея аттанады. Сөйтіп, барлығы 630 жуық жауынгер бар күшейтілген әскер көтерілісшілерге қарсы шығады. Бұл мәліметтер Орталық Мемлекеттік Мұрағаттың 46-қоры, 256-істен алынды. Одан бөлек, Фольбаумға жіберген Куропаткин телеграммасында 47 пулемет, 16 зеңбірек, 240 атты солдат барлаушысымен, 25 рота әскер жіберілгені айтылған. Қаруы жоқ қарапайым халыққа осынша қарулы күш жіберген патша үкіметінен не күтуге болады?! Расында мұндай қарулы, дүлей күшке төтеп беру мүмкін емес еді. Қыркүйек айында шегінуіне тура келген көтеріліс басшылары қалған елдің амандығын ойлап, қазан айында бала-шаға мен жасы үлкендерді Қытай асырып әкетуге мәжбүр болады. Тарихта осы жылды «үркіншілік жылы» деп те атайды. Қытай асқандардың көрген қиыншылығы бөлек тақырыпқа жүк. Ондағы аштыққа тап болған халыққа Тайлақ, Қожеке, Монай, Мұқан, Қабылбек сияқты жігіттер жергілікті Қызайлардан азық-түлік жинап, өлімнен құтқарады.

1917 жылы патша өкіметі құлаған соң уақытша өкіметтің басшысы Керенский әскерге адам алу, осы мәселеге байланысты сотталғандар мен ату жазасына кесілгендерді қуғындауға тыйым салды. 6 наурыздағы Қаулыда: «…по поводу распоряжения от 25 июня 1916 года: Привлечение инородческого населения к работам в тылу армии прекратить на всегда, освободить всех заключенных подходящих под действии указа»  делінген. Содан көп ұзамай: «…приостановить приговоров о смертной казни» деген қаулы шығарады. Осы қаулыдан соң Қытайға ауып кеткен көптеген адам кері қайтады. 1917 жылы көктемде Тайлақ та біраз елді ертіп, туған жерге қайта оралады. Елде ақ пен қызыл қақтығысып, аласапыран болып жатқан сол тұста Тайлақ Кеңес өкіметін қолдап, ақ гвардияшылармен соғысады. Сөйтіп, ел мен жердің амандығы үшін басын бәйгеге тіккен батыр 1918 жылы Нарынқолды қорғау кезінде ақтардың қолынан 31 жасында ерлікпен қаза табады.

1916 жылғы Қарқара көтерілісі қазақтардың қиын-қыстау кезеңде «бір жеңнен қол, бір мойыннан бас» шығарып, бірлесе алатынын іс жүзінде дәлелдеп берді. Ел мен жер үшін басын өлімге тіккен Тайлақ, Монай, Мұқан сынды ерлердің есімдері халықтың жадында мәңгі сақталады.

 

Беркін Әкебаев.

Республикалық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 43
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz