Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Ер Әубәкір

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Ер Әубәкір

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу тарихы жөнінде әлі де белгісіз жайттар да, айтылмай жүрген әңгімелер де баршылық. Солардың бірі – Жетісудың Қарқара жәрмеңкесіндегі албандардың ұлт-азаттық көтерілісі. Оны сөз еткенде, ауызға алдымен батыр Ұзақ, Жәмеңке шешен және ер Әубәкірдің есімдері оралады.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» кітабының бас қаһармандары Жәмеңке мен Ұзақ Қарақолдың азап түрмесінде өлтірілсе, Әубәкір  жаралы күйінде тірі шыққан адамның бірі. Түрмеде атыс болып, көп адам соңғы демдері біткенше қарсыласып, қайрат көрсеткен. «Өлсек, қарсыласып өлейік. Аянатын не қалды енді, ұмтыл! Ұста ана мылтықты» деп, Ұзақ айқай салып жіберіп, есікке қарай тап берді» деп жазады жазушы. Бұдан кейін Әубәкір мен Сыбанқұл да қарап қалмай әрекет еткен. Жаралы болса да камерадағы нардың тақтайын жұлып алып, есікті бұзып, абақтының дуалынан қарғыған. Сыбанқұлға оқ тиіп құлаған. Ұзақ пен Әубәкір жаралы күйде сыртқа шыққан. Жаралы Ұзақ Әубәкірге: «Уһ… біткенім осы ғой… бар енді… қаш… Албан баласына тірі қалсаң сәлем айт… арман жоқ… ел үшін…» – деді де, көзін жұмып қайта талып кетіп бара жатты. Осы кезде жақын маңнан мылтық дауысы естіліп, қуғыншылардың таяп қалғанын сезген Әубәкір кідіруге болмайтынын түсініп, «Қош! Қайран Ұзақ… Жамандығым болса кеш, жарқыным» деп қоштасады.

Ұзақты әрең қиған Әубәкірдің екі тараншы, бір қырғызбен жасырын қашып, бір қораға тығылғандығын Әуезов жазған. Ал бұдан кейін Әубәкірдің өмірі не болды екен деп ойлайсың. Әубәкір өз естелігінде: «Кеш батқаннан кейін түн жамылып, жақын жердегі Қараболден деген тауға жеттім. Әл-дәрменім құрып, таң ата Балпық дегеннің үйіне жетіп, денемдегі үш оқты оташыға алғызып, жаралы жеріне мылтықтың дәрісін құйғыздым. Бір ат тауып мініп, түнделете Сарытаудағы үйіме келдім» дейді. Басшысыз қалған елдің көбі орыстың әскерінен қорқып, Қытайға үріккен. Әубәкір солармен бірге кетіп, бір жылдан соң қайта келген. Ол рас сияқты. Өйткені 1928 жылы елдің ішінде бай мен кедей күресі басталады. Байлар кәмпіскеленіп, мүлкі тәркіленді. Тықыр Әубәкірдің туған-туыстарына, жекжат-жұраттарына да түседі. Алды тұтқындалып, туысқандар арасында әбігер басталғанда інісі «Қилы заман» кітабындағы Жансейіт (атақты қолмерген Жақыпберді) ағасына «Қытайға кетейік» депті. Бірақ ағасы көнбейді. «Ол жаққа да барып көрдік қой. Не тұрақ таптық? Кетем десеңдер, өздерің біліңдер. Ал мен болсам, өз басым ешқайда қозғалмаймын. Маған ренжімеңдер» деп жауап береді.

Кеңес өкіметі түпкілікті орнағаннан кейін 1916 жылғы ақ патшаға қарсы ұлт-азаттық көтерілістің маңыздылығы өкімет тарапынан жария етіледі. Соның ішінде Қарқара жәрмеңкесіндегі Албан көтерілісі де назардан тыс қалмай, оны зерттеп, қаһармандарын дәріптеу, елге жария ету жөнінде нұсқау түседі. 1921 жылдары кеңес өкіметі көтеріліс болған жерлер мен оған қатысқан белсенді күрескерлер жөнінде материалдар жинау мақсатында экспедиция ұйымдастырады. Бұл жұмысқа Ілияс Жансүгіров те қатысқан деген деректер Ілиястың жары Фатима Ғабитованың естеліктерінде кездеседі. «1916 жылдың көтерілісі жайлы көп дәптерлер бар еді. 1921 жылы «Средазбюро» көтеріліс болған Жетісудың жер-жеріне комиссия шығарып, көтеріліс жайлы материал жинатқан. Сол комиссияның хатшысы Ілияс болып, жиналған материалдардан өзіне көшірме қалдырған екен. Біздің үй көші-қон болғандықтан кітаптар да, басқа заттар да әрбір жерде үйіліп-үйіліп жататын» деп жазуы тегін емес. Осыған байланысты шараларды ұйымдастыру ісі де қолға алынады. 1926 жылдың күз айында белгілі мемлекет қайраткерлері Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкінов, Әубәкір Жүнісов, Қалдыбай Абдоллаұлы және басқалардың ұйымдастыруымен Қарқарада жәрмеңке өтіп, Албан көтерілісінің 10 жылдығы аталып өтеді. Жәрмеңкеде азаттық үшін күрескендерді еске алып, дәріптейді. Көтерілістің бас қаһарманының бірі, Қарақол абақтысынан тірі шыққан ер Әубәкір Солтанбекұлына да  құрмет көрсетіледі. Мерекеге Қызылордадан белгілі өнер қайраткерлері Серке Қожамқұлов, Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Иса Байзақов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Зәуре Атабаева, Мәжит Дәулетбаев келіп, халық алдында үш күн өнер көрсетеді. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістің ту көтерілген Айттөбеде елі үшін қан төккен боздақтарға арнап, тас үйіліп белгі қойылады. Тас үйілген төбені осыдан кейін Ереуілтөбе деп аталу туралы ұсыныс қабылдайды. Бұл шара туралы суырыпсалма ақын Иса Байзақов «Еңбекші қазақ» газетіне мақала жариялайды.

Осыдан кейін Қарқарадағы оқиғаны зерттеу мақсатында бұл өңірге Мұхтар Әуезов пен Ілияс Жансүгіров келіп, көтеріліс болған жерлермен жете танысады. Қарқара жәрмеңкесінде болып, көтеріліске қатысқандармен кездесіп, материал жинайды. Жазушы сол сапарында Әубәкірмен кездесіп, әңгімелескен. Себебі, Әубәкір сауатты, әрі сөзге шешен, билікке ерте араласқан адам болған. Көтерілістің қай жерде басталып, оған қалай қатысқандары жөнінде айтып берген. Абақты ішіндегі Жәмеңкенің өлімі, ондағы атыс, өлген адамдар және Ұзақты түрмеден алып шыққандығы Әубәкірдің әңгімелеуі мен жазылған жайттар деп айтуға  толық негіз бар. Оған дәлел – көтеріліске қатысып, Ұзақ батырдың қасында жүрген Қабылбек Сауранбаевтың естелігінде Әуезовпен кездескен оншақты адамның тізімінің ішінде Әубәкірдің де аты аталады.

1975 жылы Кеген ауылында қайтыс болған Есенаман Қосымбаевтың естелігінде мынадай жолдар бар: «Ол кезде Кеген, Қарқара, Шырғанақ елді мекендері бір аймақтық сельсоветке қарайтын. Мен хатшы едім. Сырттан келген адамдар жұмыстарын алдымен бізге айтатын. Біз қажетті жәрдемімізді жасап, жұмысын бітіруге көмек жасайтынбыз. 1927 жылдың шілде айында Алматыдан М. Әуезов келді. Сөйлестік. Келу сапарының маңыздылығын айтты. Біз жәрмеңкедегі халықтың басын қосып бердік.      М. Әуезов халық алдында сөз сөйлеп, ерекше шешендігімен  халықтың ықыласын өзіне бірден баурап алды. Мен Қараштың сазына (Бөлексаз бен Кегеннің ортасындағы жазық жер) екі қазақ үй тіктірдім. Біреуінде келген кісілердің әңгімесін тыңдап, қымыз ішетін, екіншісінде өзі отырып, жазу жазатын. Осылайша бір ай шамасында жатып, «Қилы заман» материалдарын жинаған».

Бұл жерге Әубәкірдің атақонысы тиіп тұр. Жазушы Әубәкірмен оқиға болған жерді бірге аралап, әңгімелескен. Әубәкірдің бұдан кейінгі өмірі оңай болмайды. 1928 жылғы ірі байларды кәмпескелеп, тәркілеу кезінде «шынжырбалақ, шұбартөс, жуан атаның ұрпағы» деген ел арасындағы көз алартудың салқындығы көріне бастайды. Қудалауға ілінген туған-туысқандарына елдегі шолақ белсенділердің әрекеті тыныштық бермейді. Бірақ Әубәкір кеңес өкіметіне сенген. Өкіметтің белгілі адамдарымен араласып сыйласуы да бар, өзінің әйелдері Қалжан мен Күлжанның төркіндерінің өкіметшілдері де болған. Олар: «Әуке, сіз ақ патша өкіметіне қарсы шыққан адамсыз. Кеңес өкіметі еңбегіңізді бағалайды, қамқорлық жасайды. Қазіргі кейбір оғаш істер өкіметтің саясатын дұрыс түсінбеушілердің солақайлығынан болып жатқан уақытша нәрселер. Көп ұзамай бәрі де бір қалыпқа түседі. Сіз ағайынның азғыруына сеніп қобалжымаңыз, ешқайда қозғалмаңыз» деп кеңес береді. Осыдан кейін Әубәкір шекарадан өтуді ойламаған. Алайда ел ішінде Солтанбек тұқымының біразы тәркіленіп, кәмпескеге ұшырайды. Жазаға тартылып, үлкен қауіптің алды көрінеді. Туысқандары қорқып, Қытайға көшуді ойлайды, бірақ олар Әубәкірді жалғыз қалдырғылары келмейді. Ақыры інісі Жақыпбердінің 1916 жылы Әубәкірді Қарақол абақтысына шешесімен іздеп барған баласы Тұрсынбайды өздерімен бірге алып кетуі себепші болып, Әубәкір амалсыз шекара асып, бұрыннан жақсы танысы, әрі сыйласы Дәрубай ақалақшының ауылына қоныстанады. Бұл 1928 жылдың күзі екен. Әубәкір бұл жақта түрмеде үш жерінен тиген оқтың зардабын тартып, 1929 жылдың мамыр айында Құлжа қаласына таяу Аблаш-Ақтам деген жерде 57 жасында дүниеден өтеді. Ағасының өлімі Жақыпбердіге оңай тимеді. Қырқын өткізген күні Жақыпберді ағайын-туысымен ақылдасып, Аблаш-Ақтамдағы қорымға жерленген ағасының басына күмбез орнату үшін мешіт мәзімі Мәмет Тоқтыға бір ат беріп, келісім жасайды. Олар басқа жерге қоныс аударып көшеді. Есіл ердің өмір тарихы осылай аяқталады. Көп жылдар өткеннен кейін, яғни 2010 жылдары жат жерде елеусіз қалған Әубәкірдің басына баласы Бәукей қария құлпытас орнатып, ас берген. Бұл есіл ердің артында жоқтаушысы бар екенін танытады.

Әубәкір Солтанбекұлы 1871 жылы  Алматы облысының Райымбек ауданы (бұрынғы Кеген ауданы) қазіргі Жылысай ауылдық округіне қарасты Қулық тауының күнгей бөктеріндегі ата қонысы Солтанбек сайында дүниеге келген. Әкесі Солтанбектің арғы аталары да  елдің жоқтаушысы, тәуелсіздік үшін күрескендер. Атасы Пұсырман жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан атақты батыр, әкесі Тазабек ақ патшаның отарлау саясатын қолдамай, ел тәуелсіздігін сақтау жолында жанын пида еткен. Ал әкесі Солтанбек  Қарқара өңіріне танымал беделді рубасы, ел ішіндегі дау-дамайға төрелік айтып, әділдікпен шешкен шешен. Елді отырықшылдыққа, егін егуге бейімдеген істерімен жұрттың есінде қалған.

Солтанбек ел арасындағы дауды реттеп, Албан-Бұғының ынтымағын, татулығын сақтауда үлкен жұмыстар атқарған. Оның осы  ісін бағалаған ел Албан-Бұғының ханы деп те атапты. Солтанбек зор денелі, аса көрікті, сөзге шешен кісі екен. Талай рет қырғыз бен албан арасындағы дауға қатысқан шешен бір дауда сөзге жүйрік әдебімен  істі бітіріп, шешімімен жұртты терең иландырған. Сол жолы Солтанбектің ерекше қабілеттілігіне қайран қалыпты. Осыдан кейін қырғыз жағынан көз тиген деген әңгіме айтылады. Енді бір әңгімеде Солтанбек қырғыздың бір атақты манабында қонақта болғанда оның  келісті келбетін көруге көпшілік ынтық болған деседі. Көруге келгендер киіз үйдің жапсарынан сығалапты. Сол сапардан кейін жол-жөнекей қатты ауырып, көп ұзамай көз жұмыпты. Мәйітті жуғандар оның оң жақ саны талаурап қарайып кеткендігін көріпті. Би елуге таянған шағында қайтыс болыпты.

Атақты әулетте өмірге келген Әубәкірдің де аталарына тартып туғандығын оның өмір жолдары айғақтайды. Жастайынан зерек, ұғымтал болып өскен. Әкесі баласының осы қасиетін біліп, мұсылманша оқытып, сауатын ашқан. Қарқараны мекендеген Әлмерек ұрпақтары – Баба, Тоқан және Жәнібекке қарасты Жаркент уезіндегі Меркі болысының болысы болады. Атасы Тазабек өз ұлы Солтанбектен 1871 жылы көзі тірісінде дүниеге келген немересі Әубәкірді жөргегінде танып, ел үшін етінен ет кесерлік жан болатынын болжайды. Атақты шешен Жәмеңке, батыр Ұзақтармен қатар жүріп, Албан-Бұғы және Қытайдағы шекараға қатысты мәселеге қатысады.

Қарқарадағы Албан көтерілісіндегі ірі екі тұлға – Жәмеңке шешен мен Ұзақ батырдан кейін Әубәкірдің есімі аталады. Демек, Әубәкір де  үлкен тұлға. Ел, жер үшін жан қиған азамат. Алайда кеңестік жүйе Әубәкірді бай, болыс болғандығынан атаусыз қалдырды. Енді еліміз тәуелсіздік алғанда оның есімі жаңаруы керек-ақ. Бұл үшін Әубәкірге ескерткіш орнатып, көше мен мектеп аттары  беріліп жатса, оның рухы риза болып, ұрпақ Әуезовтің кейіпкерін танып өсер еді.

Жексен Алпартегінің естелігі,

Алматы қаласы.

Жарияланды. – Талдықорған: «Жетісу» газеті.№98. 2016. -3 б.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 171
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz