Петербурдағы бүкіл Россия мұсылмандарының тарапынан, орыс тілінде шығатын газеттің 15, 16-шы нөмірлерінде осы соғыс басталардың алдында ғана ескі үкімет Россиядағы әскерлік қызметінен азат халықтардан әскер алу мәселесін қарағанда, шығарған құпия қаулысы басылып шықты. Біз қазақ жайынан айтқан жерін ғана алып басамыз.
Бұрын қазақтан не үшін солдат алынбағанын және ескі үкімет қазаққа қандай көзбен қарағандығы осы мақаладан айқын көрінсе керек.
Әскерлік мәселесі біздің қазақ халқының аса құлақ түріп тыңдайтын және бұдан кейінгі заманда да майданға шықпай қалмайтын мәселе болғандықтан, оқырмандарымыз бұған айрықша назар салып, өткенге де, келешекке де ой жіберіп, жете түсініп оқуларын үміт етеміз.
Үкімет баяндамасы
Әскерлік қызметінен азат халықтардың ең көбі қазақ. Қазақтардың көбі – Астрахан, Ставрополь губерняларында және Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарында, Түркістан уәлаятында. Бұл облыстарда 2 жарым миллионнан артық еркек бар. Туысы жақын болғандықтан жоғарғы есепке Закаспй облысындағы және Ставропол губерниясындағы түрікмендер де қосылды.
Сібір және дала уалаяттарының қазақтарын әскери қызметке алу жөнінде 1900 жылы мынадай мағлұматтар жиналды:
Бұл уалаяттағы қазақтардың әскерлік мәселесіндегі көзқарасы бірдей. Торғай кеңесінің (Торғай облысы хакімдерінің кеңесі) айтуынша, қазақтар надандығы мен тәртіпке үйренбегендігі себепті, тұрмыстарын өзгертуге өте теріс қарайды. Әскерлік мәселесін аса жек көреді, жандары түршігеді. Омск кеңесінің де жіберген жауабы осындай. Ол жақтың қазағы да әскер мәселесін жаратпайды дейді. Қазақтардың айтуынша, Россия мемлекетіне оқ атпай, қылыш тартпай, бағынғанымыз үшін бұрынғы патшалар Анна Ионовна, Екатерина ІІ, Николай І қазақ халқын ғұмырлыққа әскер қызметінен азат қылған деседі.
Бұл патшалардың жарлығы қазақ халқы рекруттық қызметінен ғұмырлық азат болсын деген. Жалпы әскерлік қызметінен ғұмырлыққа азат болсын деген емес. Қазақ халқы Россияға қан төкпей, қарсылық қылмай бағындық деген дәлелді емес, қазақ халқы Россияға 1780 жылдан бермен қарай бағына бастады. Бұл бағынулары 100 жылға созылды. Алғашқы орыс елшілерін өлтіре жаздады. Тұтқын қылып ұстап тұрды. Одан кейін де неше жағдай қазақтың салхандары, қара халық, Россияға неше рет қыр көрсетіп, дұшпандығын білдіріп, орыс жеріне шабуыл жасап, барымта алып, тыныштықты кетірді. 1847 жылы ғана өлген Кенесары Қасымұлы 19-шы ғасырдың 10-шы жылдарында қазақ халқын өз алдына бөліп әкету үшін әскер жинап, қарсылық қылып, қазақ даласын толқындырды. Бірақ қазақ халқы қолынан келмегендіктен ғана қалды. Қазақ халқының Россияға тыныш бағынғаны 19-шы ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдары Самарқан, Қоқан, Бұқара және Хиуа хандықтары алынғаннан кейін, бағынбаймын деген қазақтардың, орыс үкіметінен шығып кететін жері жоқ болды. Сондықтан амалсыз қалды.
Бұл уақытта Сібір және Торғай облысында қазақ жерінің артығы орыс адамдарынан алынып жатыр. Және де, бұратаналарды билеу ісі және сот өзгертіліп, жер алғандары отырықшы болғанға есептеп жатыр. Жаңа өзгерісті қара халық жек көретін емес. Бірақ байлары және басшылары бұған қарсы. Ал жер мәселесіне келгенде, қазақ үкіметке сенбейді. Жері алынуды жаратпайды. Осы күнгі мал бағып отырған жерлерін өз иелігі, атамекені деп біледі. Жері алынғанға амалсыздан ғана көнеді. Әсіресе, қазақ жері алынғанды жек көретін байлар. Олар барлық жақсы жерді өздері пайдаланып, кедейлерді қысып үйреніп қалған.
Торғай облысында жер телімін кесіп беру ісі тыныш өтіп келеді. Қазақтар бұған құдай салған соң амалсыз көнгендей. Бірақ кезі келгенде мұңдарын шаға жүреді. Наразылық білдіргендер болып жүреді. Мысалы, 1909-шы жылы маусым айында губернатор Торғай уезіне барғанда, ақсақалдар – біздің уезге келімсектер жібермеңіз деп өтініш айтқан. Сол жылы Қостанай уезі Сарыой ұлысының қазақтары губернаторға жеделхат беріп, енді жер кесуді тоқтатсаңыз екен, әйтпесе бүліншілік шығады деп қоқан лоқы қылған.
Жер мәселесі туралы Ақмола облысының қазақтарының пікірі осындай уайымға қалып, күндердің күнінде халымыз не болады дегенге қалып тұр.
Сөздің қысқасы, Оміскідегі кеңестің қаулысына қарағанда қазақтардың түрі жаман, жер мәселесі туралы өте сақ, әдіс қылу керек.
Торғай кеңесінің пікірінше, қазақтар орыс патшасының сенімді бұқарасы деуге болмайды. Дұшпан көзімен қарайды. Сондықтан 20-30 жылдың ішінде де қазақтар мемлекет ұлы болар деп сенуге болатын емес. Жалғыз-ақ бұларды түзу жолға түсіру үшін дәріс оқу, жақсы орыс оқытушыларды және орыс тәртібін кіргізу керек. Сонда ғана бірнеше заман өткенде Россияға дұшпандығын жоғалтып, қазақтар өздерін шын Россия Патшасының қарашысы деп санар. Сондықтан қазақ әскерлікке алуға сенімсіз халық, әскерлік қызметіне олар әлі жетіскен жоқ.
БОСҚЫН ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗДАР
Жетісудағы босқын қазақ-қырғыздың жайы «Қазақта» жазылып келеді. Соңғы кезде «Қазақ» басқармасына келген тілшілер хатынан тағы да мынадай оқиғаларды алып басамыз.
«Қашқарлық сарт, дүңген, қытай шеріктерінің қолынан босқын қазақ-қырғыздың қыз-қатындары алынып жатыр. Бұл бейшараларды жоғарғы хаюандар пайдаланып, бір қолдан бір қолға сатып, сауда-саттыққа айналдырған. 50 сомға, 70-80 сомға, ең қымбатын 100 сомға сатылған қыз, қатындар көп. Бұлардың бірсыпырасы аштан өліп бара жатқан соң, қазақ-қырғыздың өздері де сатты. Жоғарғы «Саудагерлер» біз адасып жүргенде тауып алдық, әкелерінен сатып алдық деп жауап береді. Қазақ-қырғыз қыздарын бір-екі ай қатынданып, бес-он сом пайдасына екінші, үшінші кісіге сатып жібергендер де көп.
Бұл оқиғаларды көрмеген кісіге мұның бәрі ертегі сияқты, көзі көрген, ішінде болған адамның бұған дәті шыдар емес. Қазақ-қырғыздың баласы 20-шы ғасырда осындай құлдыққа, қорлыққа ұшырар, мал орнына сатылар деп кім ойлаған..»дейді тілші.
Жаркент уезіне қараған Мерке, Торайғыр, Баянқол, Иванов, Адамбек ұлыстарының бас адамдары мынадай хат жазды: «Жаркент уезіне қараған 14 ұлыс елдің көбі Іле жеріне босып бардық. Мал-мүліктерімізді қытай, қалмақ талап алды. Көбімізді атып өлтірді. Аштан, суықтан қырылдық. Жоқ нәрсені сылтау қылып қытай, қалмақтар дүре соғатын болды. Қатын, қыздарымызды көрінген қытай тартып алады. Біз Қытайды ел деп барсақ, қытайдан даладағы аң мен хайуан артық екен. Бостандық болғаннан кейін тірі қалғанымыз елге қарай шұбырдық. Жолда қаншамыз қырғын таптық. Ұл әкеден, қыз анадан айырылды. Мысалы Мерке ұлысында 1000 үй бар еді, соның осы күні 310 үйі ғана бар. Өзгесінің қайда екенін білмейміз. Әрине, қырылды ғой. Ел болған соң арамызда шалқыған, мың жылқы айдаған байларымызда көп еді. Ең кедей дегеннің күн көргіштігі бар еді. Бұл күнде барымызды бердік, бес-он ағаштан басын құрап, қара құрым кизден жауып лашық қылып отырмыз. Кіруге үй, киуге киім, ішуге тамақ жоқ. Тірі қалған балаларымыз аштықтан, жалаңаштықтан шырылдап, әйелдеріміздің денесі көрініп, жалаң аяқ, жалаң бас, шаштары дудырап, табандары ойылып, жақын жердегі орыс қалаларына барып тіленшілік қылып жүр. Құдай басымызға мұндай қиындықты қалай салды. Қашан ел, жұрт боламыз! Міне, ызғарлы қыс таянып келеді.
Енді, қайтеміз! Қырыламыз да! Осы уақытта дүние жүзінде біздей қор болған ел жоқ шығар.
Алты Алаштың азаматы! Бізді қырғыннан құтқарасыңдар ма? Бастарың аман, малдарың түгел ғой. Бәрімізде мыңды айдаған кісілердің бірі едік. Алла тағала бұл күнде мұндай күйге ұшыратты. Адам баласының көндікпейтін ісі болмайды екен. Құдай салды, біз көндік. Надандықтың сазайын тарттық. Тіл алмадық, өкінішке қалдық. Ендігі тілегіміз, Құдай тағала жұрт іргесін бүтін қылсын!
Енді, біз Мерке, Торайғыр, Баянқол, Иванов, Адамбек ұлыстарының елі болып, бүтін қазақ бауырларымыздан жәрдем күтіп тұрмыз. Бізге тез жәрдем қылыңыздар. Күніміз қаран. Ақшалай жәрдем еткендер «Қазақ» газетіне жіберсе де болады. Бірақ поштамен жаңа-ескі, көнетоз болса да, киім-кешек жіберушілер болса, тіпті жақсы болар еді. Киім-кешек жіберердей азаматтар болса, мына мекен-жайы бойынша жіберсін.
СТ. Подгорная, Джаркент, у. Семирич,об, Врачу Джаксылыкову.
«Қазақ» газеті, жұма, 3 караша, 2017 жыл. 2-3-4 беттер.
Түп нұсқа араб харпінде.
Аударған Қажет Андас.
ВОПРОСЫ ВОИНСКОЙ СЛУЖБЫ КАЗАХОВ.
(Почему старое правительство не призывало на воинскую службу казахов?).
В №15,16 газеты, выпускаемой комитетом мусульман России на русском языке в Петербурге, перед самым началом войны было опубликовано секретное Постановление старого Правительства. касающееся призыва на воинскую службу инородных народов, освобожденных от воинской службы. Мы приводим лишь те места постановления, где затрагиваются вопросы казахов. Почему раньше казахов не призывали на воинскую службу? Ответ вы получите из этой статьи и узнаете как относилось старо правительство к казахом.
Так как вопрос призыва казахов на воинскую службу не раз поднимался и ранее, также будет рассматриваться и в будущем, мы надеемся, что читатели с особой внимательностью ознакомятся о этой статьей, посмотрят на свое прошлое и подумают о будущем.
Доклад правительства.
Среди народов России освобожденных от воинской службы, самый многочисленный – казахский народ.
Большинство казахов проживают в Астраханской и Ставропольской губерниях, в Уральской, Тургайской, Акмолинской, Семипалатинской областях и Туркестанском крае. В этих областях проживают более 2,5 миллионов мужчин. Так как наши народы являются родственными к указанным областям добавлены и туркмены Закаспийской области и Ставропольской губернии.
В 1900 году по вопросу призыва на службу казахов Сибири и Степного края, были такие данные.
Мнение казахов этих краев по вопросу их воинской службы одинаково.
На Тургайском совете (совещание в Тургайской области) было сказано:
«Казахи, в силу своей невежественности не желают менять свой уклад жизни и смотрят на это крайне отрицательно.Ненавидят воинскую службу. Решение Омского Совета такое же. Омские казахи отрицательно относятся к воинской службе. По мнению казахов, за то, что казахи добровольно, без кровопролития и сопротивления присоединились к Российскому государству, Цари России – Анна Иоановна, Екатерина ІІ, Николай І, навсегда освободили казахский народ от воинской службы».
Указы Царей освобождают казахский народ от рекрутской службы, а не от всеобщей воинской службы. А утверждение, что казахи без сопротивления подчинились России и это является залогом их освобождения от воинской службы навсегда, неверно казахский народ начал подчиняться России лишь с 1780 года.
Это подчинение (присоединение) длилось 100 лет. Первых русских послов казахи чуть не убили. Содержали как арестантов.
Далее, невежественный народ не раз показывал свое враждебное отношение к Росси, не раз совершал набеги на русские земли, грабил. Кенесары Касымулы умерший 1847 году, в 10-ых годах 19-го века собрав войска принес много беспокойств, стараясь отделить казахский народ от России, оказывал сильное сопротивление. Подчинение казахского народа к России можно считать с шестидесятых семидесятых годов 19-го века.
После взятия русскими, Самарканда, Коканда, Бухары, Хивы, казахам не подчинявшимся России, и думавшем от отделении, просто некуда было деваться.
В настоящии время в Сибири и Тургайской области «лишние» казахские земли изымаются в пользу русских переселенцев. Также ведутся работы по управлению инародцами, пересматривается судопроизводство, получивших земли казахов записывают как оседлое насление.
К Нововведениям простой люд относится терпимо. Но багачи этому противятся. А по земельным вопросам народ не доверяет правительству. Народ против того, чтобы у него изьмали земли. Лишние они или не лишние. Земли и постбища на которых казахи до сегодняшнего дня пасли свой скот, считают своими, считают землей отцов – Родиной. Особенное несогласие по изьятию и передаче земель выражают баи (багачи). Ведь все хорошие земли были у них. В Тургайской области распределение земельных участков проходит относительно спокойно.
Казахи Тургая, считая это волей всевышнего, относятся к этому терпимо. Но иногда высказывают свое недовольство. Например, в 1909 –ом году в июле месяце губернатор посетил Тургайский уезд, аксакалы просили его не присылать в уезд переселенцев. В том же году, казахи волости Сарыой Кустанайского уезда прислали губернатору телеграмму с предупреждением, о том, что если не прекратить раздачу их земель, может возникнуть восстание.
По вопросам земли настрой казахов таков, они обеспокоены за будущее.
Коротко говоря, по сравнению с постановлением Омского совета, здешние казахи настроены очень агрессивно, негативно относятся к нашим решениям земельных вопросов, нужно принимать меры.
По мнению Тургайского Совета, нельзя сказать, что казахи действительно верны присяге русскому Царю. Поэтому нельзя думать и верить в то, что казахи в течение 15-30 лет станут верным народом государства российского. Чтобы поставить их на верный путь нужно учить их грамоте, нужны хорошие учителя и нужно устанавливать русский порядок. Только по прошествии многих лет, казахи перестанут относиться к России враждебно, и будут считать себя поддаными русского Царя.
Поэтому казахи являются ненадежным народом для воинской службы, они еще не готовы к службе во имя России».
КИРГИЗ – КАЗАХСКИЕ БЕЖЕНЦЫ
О положении Семиреченских киргиз – казахских беженцев не раз говорилась на страницах газеты «Казах». В последнее время в редакцию приходят сообщения от наших корреспондентов. Публикуем некоторые из них.
«Из рук приграничных служб,кашгарских сартов, дунган, китайцев,-женщины киргиз – казахских беженцев продаются в жены. Этих женщин названные звери попользовавшись, перепродают из рук в руки, самое дорогое – 100 рублей. Некоторых из них перед лицом голодной смерти продали сами беженцы.
Эти так называемые «торгаши» оправдывались тем, что мол нашли их заблудившимися или говорили, что купили у родителей. Попользовавшись женщинами некоторое время, за ненадобностью, продавали их за 5-10 рублей другим, третьим лицам.
Для не видевших такое, все это кажется выдумкой, а для тех кто видел это своими глазами, был среди них – это настоящий ужас. Кто мог подумать, что в 20-ом веке, киргиз – казахи будут в положении рабов, бесправными, униженными, станут продаваться и покупаться как вещи, как скот…» пишет наш корреспондент.
Люди из волостей Мерке, Торайгыр, Баянколь, Иваново и Адамбек, Жаркентского уезда прислали нам письмо: Большинство жителей 14-ти волостей Жаркентского уезда бежали от гонений на территорию Или. Подверглись разграблению со стороны киайцев, калмыков. Многих расстреляли. Народ начал умирать от голода, холода. Китайцы, калмыки всегда находят причину для обвинения и грабят.
Китайцы запросто забирают наших девочек и женщин. Мы то думали, что китайцы – люди, мы ошиблись китайцы хуже голодных зверей.
С обретением свободы на своей земле, возвращаемся обратно. По пути домой было очень много смертей. Сын лишился отца, дочь-матери. Например в Меркенской волости было 1000 домов, сейчас осталось только 310 домов. Где остальные, мы не знаем. Конечно умерли, убиты. Среди нас был много богатых людей, имеющих по 1000 и более лошадей.
Даже у самых бедных было несколько голов скота, было на что жить. А сейчас, все разграблено, из латанной –перелетанной кошмы соорудив подобие палатки, мерзнем.
У нас нет домов, в которые можно войти, нет одежды которую можно одеть, нет продуктов из которых можно приготовить еду.
Оставшиеся в живых дети плачут- хотят есть, женщины идут в близлежащие русские города – попрошайничать.
Господь бог послал нам очень жестокое испытание. Когда же мы станем народом. Вот и наступает зима. Что делать? Наверное умирать. На всем белом свете, наверное нет такого народа, которому выпали такие страдания как нам.
Братья наши казахи! Спасите нас от вымирания. Вы живы, здоровы. Мы тоже были таковыми. А теперь в ужасном положении, человек не может противиться судьбе. Из-за своего невежества, мы полностью испили чашу страдания. Не оглядываясь, не слушая никого, бежали от гонений русских. Очень сожалеем.
А теперь наше пожелание,-пусть наш народ всегда будет един.
Мы народ Мерке, Торайгыра, Баянколя, Иваново, Адамбека с надежной ждем помощи от братьев наших – казахов. Дела наши очень плачевны. Денежную помощь можно отправлять в газету «Казах». Было бы очень кстати помощь в виде старой, новой, любой одежды.
Посылки можно отправлять по адресу: ст. Подгорная , Жаркентский уезд, Семиреченская область, Врачу Жаксылыкову».
Газета «Казах» стр 2,3,4, пятница, 3 ноября 1917 год.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











