І
… Біздің ауыл төменгі қонысқа тартты. Қонысымыз қаладан, жолдан аулақ қалың құм. Құмды елдің егіні бар. Егінді алған ел одан ары Балқаштың құмына, сексеуілге сіңіп кетпек. Өрдегі елден жанды қарға жоқ. Сары өзеннің қамысындай пысып қалған тары. Жердің жұзін алған шөл, быдайдай, ашық құрап, құс шоқып, жел шайқап қирап жатыр. Қыстау-қыстаудың бәрі шашылып қалған кереге, кебеже-сандық. жұк аяқ, төсек ағаш, үзік, туырлық сияқты ұй-сайманы, көк соқалар, қоймалар ашылып далада жатыр. Қалада малай қалмаған, барлығыда қашып қырға шыққан. Ондап-жирмалап малай жалдайтын орыс мұжықтарының егіндері, олда шашылып жатыр. Қалаға қатынап жататын тыныштықтағы қазақ жоқ. Қазақтан қалаға шығын қатынаспайды. Қала мен дала барымталы жау секілді. Арғы бетке асуға айналған елдер қолына түскен бұл жақтағы қалған орыс, қазақ малын қымқыра кетіп барады.
Біздің ел төменгі Ақсу бойындағы қомға келді. Осы арада Айтжан деген кісі басына ас беретін болды. Үш Матайға сауын айтып, 300 үй тігіп, Ақсудың бойына жер ошағын қазды. Жапсар Шұбарағаш дуанының Садыр мен он болыс Матай бас қосты.
Дәл осы кезде елдің көңілі ұйқы-тұйқы. Ояз болыс-болысқа алынатын жігіттердің тізімін бер деп жатыр. Болыстар елдің тауқыметінен шыға алмай «береміз» деп ұлыққа айтып, «қайтеміз» деп көпке айтып жұр. Бірақ көп жігіт бермеуге жұмылулы, бермеуінде не боларына, немен тынарына суық сыздың арты неге соғарына көзі жетпейді. Сел соққандай, басқа ұрған балықтай.
Көркем әдебиет бөлімі.
Ілияс.
Жарияланды. Қ. Андас, М. Андас. Қазақ журналистикасының жампозы -Алматы: «Баянжүрек» баспасы. 2019. -347 б. -217-218 б.
ІІ
Жаркент оязындағы Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеде күнбатыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. Көтеріліс туралы сол кезде баяндама жазған Нэдзбецкин деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және қарқара жәрмеңкесіне қатысқан қытай саудагерлері қырғыз-қазақ ішінде орысқа қарсы көтеріліс жсауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.
Жаркент оязы Қытайға шектаес болған соң өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Июнб жарлығы» жарияланғанда Крапченко дегенді бас қылып, Қарқараға оттяд жіберген.
Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы оязындағы Қызылбөріктердік көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нашевкин деген кристьянның дирменін талап (дирмен қазақ жеріне басып салынған) өзін өлтіріп, әйелін байлап, дирменді өртеп жібереді. Одан жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып, екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиес әкетті және сол күні Шелек басына салынған Ново-афон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары сторостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан првпорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарайжүріп, жолдағы орыс қыстауларының, зайымкелерінің барлығын өртеген. Бұл жолда Спецевский деген поселкені отқа жағып, қазақ қолы сол бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.
Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд қазақтың түтінін туман қылды. Бекгтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Крапченконың отряды Қарақарадан, бір жағынан Қырғызстанның казагы – үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды.
Қазақтар мылтыққа шыдай алмай, быт-шыт болып қашып, Кеген, Текес басына кетті. .. көп мал, үй шаруа иесіз шашылып далада қалды. Оны орыс олжа қылды.
Бұл уақытта қырғыздар Қарақолды алуға қам қылды. Қарақолда орыс күші аздық қылды. Сондықтан Қарқарадағы Крапченкоға жылдам Қарақолға жету керек болды. Тамыздың 14-і күні түннен жәрмеңкені тастап, саудагерлер мен орыс отряды Қарақолға үркіп кетісті.
Жаркент оязында қазақ соқтыққан қалалар: Спецевский, Таврический, Владиславский, Красноярский, Ново-Афонский, Ново-Киевский, Меданский, Шолақ, Медет, жалаңаш қалалары. Бұлардан басқа жеке дирмен, займка, хутор, омарталар да көп болды. Бірақ қаланың үйлері өртеліп, үйі таланса да, адам өлуден саябыр болды.
Бұл қаланың адамдары «переселен» қарауылында болып, сол жылы қыстай қазақ малымен асыралды.
Тамыздың 10-і күні сәскеде Қарқара жәрмеңкесіне Санташ жақтан және Жалаңаш жақтан қазақтың қалың қолы көрінді. Осы екі қол келіп, Қарқараның күнбатыс жағындағы жазыққа келіп қосылды.
Берг казак-орысты алып алдын тосуға бұйырылған еді. Ол 30-40 шамалы казак-орысты алып алдын тосты. Оқтың оңтайына келгенде екі-үш рет оқты жаппай жібергенде қазақтар быт-шыт болып қашып кетті. 4 адам оққа ұшып қалды.
Тамыздың 12-сі күні қазақ Қарқараға соқтығуға Иірсудың бойына және құралды 5000 қаралы кісі болды. Қолындағы қаруы – сойыл, бақан, найза, балта еді. Бұған қарсы 25 казак-орыс пен Берг және прапорщик Моргоның ротасы шықты. Бұлар қазақты қамап алмақ болып екіге бөлінді. Бергтің отрядының алдынан жаяу қазақтар оқ атқан соң, Берг отряды атысып кетті. Қазақтар атыса-атыса тауға қашты.
Берг қорыққан қазақты қуайын десе де оған бұйрық болмады. Сөйтсе де түс мезгілінде Берг өз бетімен шауып кетіп, қалық қазақтың сыртқа беттеп үріккен көшіне тиді. Түтінін түтініне қосып шапты. Қазақтар жиналып, біресе тиіп, біресе шегініп ұйқы-тұйқы болды. Берг қазақ қолының ішінде жүрген ақ жалау көтерген күміс ертоқымды көк аттыны дәлдеп атты. Сонда бұл атты қолын бұлғап шауып таудан аса жығылды. Бұл өлген болыс екен. Мойнында ІІІ Александрдың алтын медалі бар екен.
Ту ұстаған өлген соң қазықтың жиналғаны быт-шыт болып қашты. Олардың соңына орыстар түсіп, қозы құйрық қылыштап қырды. Аяғында Берг отряды 10000-нан астам сиырды, 40-50 мыңдай қойды, 40 түйелі мүлікті, бірнеше мылтықты Қарқара жәрмеңкесіне айдап келді.
Тамыздың 13-і күні Қарақол жағындағы жолдан бір топ қол көрінді. Алдынан Берг тағы қарсы шықты. Бұлар 30-дей Қараөолдағы апин кесуге келген қытай, дүңген кедейлері екен. Орыс отряды бұлардың алдынан оқ атып, быт-шытын шығарды. Олар Қарқараны өте қашты. Соңынан тағы орыс түсіп, 11-нен басқасын тегіс қырды. 11-ін қарқараға ұстап келіп, оларды да 14-і күні тәңертең Жаркент жолының үстінде Серікбайлармен бірге атып тастады.
Тамыздың 14-і күні Қарқарадағы барлық отряд саудагерлерімен қоса Қарақолға көшті. Бұларға Санташ асуында қызғыздар және соқтықты. Бірақ қырғыздар бірнешеуі оққа ұшқан соң қайта серпіліп, тауға кіріп кетісті. Бұл соғтығыста қырғыздың 23-і оққа ұшты.
Тамыздың 15-інде осы отряы Жырғалаң суын өтерде және көп қырғыз қамады. Көпір бүлінген еді. Екі жақтан атыс болды. Қырғыздар жедел тиіп жіберсе де, жаппай атылған оқ олардың бетін қайтарып болды. Аяғында көп өлік қалдырып, қызғыздар тауға қашты.
Орыстар бұл қырғыздардан қанмен жазылған бір ту түсіріп алды.
Жаркент оязындағы көтеріліс Албанда болды. Іленің оң жаңында қоныстайтын Суан деген ел Қытай шегіне барып қайта қайтты. Суандар консул арқылы Алматы жандаралынан ұлыөсат алып, жігіт бермек болып, жеріне көшіп келді.
Бірақ бұларда көп шашылды. Жаркент оязында Албан үркіп кетіп, қазақтан қалған Суан барлық алық-салық кеңірдек, ен басты, үй басынан айналдырып ат алды. Ояздағы барлық қалған астықты Суан мен қолына түскен Албанға орғызды. Қыстай неше түрлі шығыннан ел ығыр олды.
Жаркент оязындағы тараншылар да алғашқы уақытта «жұмысшы бермейміз!»деген сөздері болған. Бірақ қазақтай көтеріліп кете алмаған. Соған себеп – олардың отырықшылығы болыңқырады. «бала бермейміз» деген тараншының бірсыпыра ақсақалдарын әкеп Қарқарадағы түрмеге тықты. Мұның бірнешеуі Албан Серікбайлармен бірге Қайқы да атылды.
Жаркент оязынан ауған елдің жайы өте нашар болды. Қытай шегіне барған жерде Қытай шерігі өткізбей, бір жағынан орыс қуып, орасан тарлық көрді. Аяғында тарту-таралғысын беріп жүріп, қашып-пысып Қытайға қараған Құлжа ауданындағы Қызай мен Албан қазағының жеріне барды. Осы жерде адамы сатылып, ауылы тоналды.
ҚР Орталық мемлекеттік архив: қор (ф.) Р-1368; тізбе (о.):І; іс (д):56.) қолжазба араб харпінде.
Жарияланды. Қ. Андас, М. Андас. Қазақ журналистикасының жампозы -Алматы: «Баянжүрек» баспасы. 2019. -347 б. -223-226 б.
Жалғасы бар…
Q-Andas» ақпараттық агенттігі











