Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Жаңа қазақтың жаужүрек рухы

admin
2026/08/31
Қажет ақпарат
0
Жаңа қазақтың жаужүрек рухы

Өткенімізде өзекті өртер  өкініш мол. Ойға тежеу, тілге тұсау салған қатал тәртіптің салдарынан ұлтым, елім деген қайраткерлерді «халық жауы» еткен кезеңдер болды, азаматтарымызды бораған оқтың өтіне де аттандырдық, «Қаңғып келген шүрегей елге пана болмайтынын білсек те» ата қоныс билігін басқаға беріп, өз ұлымызды өзекке тептік, босып та кеттік; қара көз, қолаң шаш қыздарымыздың бұрымы кесіліп, күң болғанына да көндік, «Үндістерше қаңғытамын» дегендердің тепкісіне де көндік. Десе де, ұлт болып сақталып қалдық. Ұлан-байтақ далаға, атамекенге қорған бола алдық.

Хакім Абай қара сөздерінің бірінде: «Бірі – ішсем, жесем, қам-қайғысыз өтсем дейтін өмір. Ал енді бірі, нағыз өмір», – деп адам баласының тіршілік жолын екіге жіктейді. Мұндағы нағыз өмір дегені, жалпы адамзаттың қымбат құндылықтарын, азаматтық, кісілік қасиеттерін бағалауға қаратылса керек. Қазақ – зерек, елгезек, тапқыр, батыл халық. Алайда, отаршылдықтың санамызға сіңірген жат қылықтарынан әлі де арыла алмай келе жатқанымыз, «Барға қанағат, жоққа салауат ететін» қанағатшылдығымыз, «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін жеке мүддешілдігіміз, үйге келген қонаққа жалғыз лағын соя салатын жомарттығымыз, тағы басқа  қазіргі жаһанданудың жалынына төтеп бере алмайтын оғаш қылықтарымыз көп жұмысқа кедергі болып келе жатқаны жасырын емес.

Барлап қарасақ, бүгінгі күн кешегі дәуірден өзгеше. Біз геосаяси әлемде өмір сүріп жатырмыз, оның үстіне, тәуелсіз қазақ елінің құраушысы болып отырмыз.  Алайда, осыншама жері бар қазақтың кедейліктен арыла алмауы, киіз үйді жасаған халық ұрпағының кірпіш кұйып, оны қалай алмайтыны, қымыз бен шұбат ашытқан ұлттың  судан сусын шығара алмауы  заманға үйлеспей, намысты өртеп, жігерді кұм етіп жатқаны да шындық.  Соның салдарынан рух солғын тартты: салғырттық, саяси тар өрістілік, өзімізге сенімсіздік, жалтақтық, жақынын жаткөру, жағымпаздық, тағы басқа жат қылықтар жаулап барады.

Қазақстанның  жеткен жетістігіне қызғаныштың «қызыл итін» жүгіртіп жатқандар да жоқ емес. Оның үстіне, қазақ даласы бүкіл әлемдік экономика мен ынтымақтың кіндігіне айналып отыр. Сондықтан әрбір қазақ баласы жолбарыстай жүректі, арыстандай айбатты, «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуы тиіс. Өйтпесе, жаһанданудың жалынына жұтылып кетуіміз анық.

Үміт те жоқ емес. Қазіргі өсіп келе жатқан жастарға сенуге болады. Алайда, оларға өткен өмірді тықпалай бермей, «Еңбек етсең емесің» деген қағиданы үйретіп, ел рухын көтеретін өзіндік байламына жол беретін де кез жеткен сияқты. Өйткені олар – жігері жаншылмаған ұрпақ және тарихтағы қанды қырғынның түйіні болған діндердің басы тоқайласқан даланың ендігі қожайындары. Иә, бізде бәрі бар, тек қазақтың жаужүрек рухы ғана кемшін болып отыр. Әр ұлттың өзіндік қалыптасу, кемелдену барысы болатыны анық. Десе де, біз әлемдік саяси өлшемдерге сай келетін қазақы құндылықтарды негіз еткен мемлекет құрып жатқанымызды ескерсек, қазіргі жастардың жан-дүниесіне терең үңіліп, оның жігері мен сенімін ұштау керек.  Ол сенің де, менің де, сіздің де міндетіміз.

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 24
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz