Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Әкем туралы естелік

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Әкем туралы естелік

Мен, Дәмебаев Сайлау, әкемнің жалғыз тұяғымын. 1937 жылы 25 қарашада тудым. Мен туғаннан кейін 12 күн өткенде әкемді Талдықорғанға шақыртып, «халық жауы» деп соттап жіберіпті. Бала кезімде, кейініректе де, ақымақ басым, әкем туралы ешқандай мәлімет жинамаппын. Ауыл ақсақалдары мені көргенде: «Әкеңнен аумай қалыпсың, жақсы адам еді, босқа нақақ кетті ғой», – дейтін. Сонда мен оларды ішімнен жақтырмай: «Бұл ақсақалдар неге халық жауын мақтайды, ақымақтар», – деп ойлайтынмын. Советтік патриотизм рухында тәрбиелендім ғой, сондықтан мен де Павлик Морозов сияқты «патриот» едім.

Әкем 1908 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында кедей шаруа отбасында туған. Жас кезінде молдадан білім алып, одан кейін білімін өзінше жалғастырып, латын және орыс алфавиттерін игерген. Ол 18-20 жасқа келгенде кедей отбасының баласы болғандықтан басшылықта отырған шенеуніктер әртүрлі тапсырмалар беріп, лауазымын көтеріп отырған. Ал 1932 жылы әкемді партия қатарына қабылдаған. Комсомол, партия қатарына өту үшін әкем жасына жас қосып, 1905 жылы тудым деп төлқұжат алған.

Әкемді 1932-1934 жылдары қарқынды құрылыс жүріп жатқан Қаратал суландыру жүйесіне (Каратальская оростительная система) парторг қызметіне жібереді. Әкем жанұясымен МОПР жерінде тұрыпты. 1934-1936 жылдары әкем Бөрілітөбе ауданына (ст. Лепсі) ауыстырылып, райземотделдің бастығы етіп тағайындалады. Ол ауданда Лепсі өзенінен үлкен су каналдары қазылып, әкем сол құрылыстарға басшылық етеді. Өйткені оның Қаратал су жүйелері салынғанда алған мол тәжірибесі болса керек.

Канал қазылып болған соң кішігірім той болып, жұмысшыларға ас беріледі. Сол асқа сойылған сиырдың ішінен бұзау шығып, әкемнің тез өскенін көреалмаушы арызқойлардың арыздануына үлкен себеп болады. Олар қолма-қол арыз ұйымдастырып, ақыры әкемді қызметінен босаттырады. Әкем де қайсар, өжет адам болса керек, олармен ымыраға келуге, бас июге бармайды.

Әкем Көпбірлік ауыл Советінің төрағалық қызметіне жіберіледі. Артына түсіп алған арызқойлар әкемді партиядан алдырып, ісін сотқа береді. 1937 жылдың 31 желтоқсанында «тройканың» шешімімен әкем 10 жылға сотталады. 1938 жылдың күзінде айдауда жүргенде қайтыс болды деген хабар ауылға жетеді. Кейін анықталғандай, әкем Свердловск (қазіргі Екатеринбург) облысының Ирбит қаласының маңында 1938 жылы 26 тамызда қайтыс болыпты.

Екі жылдан кейін 25 жасында жесір қалған жесір шешем тұрмысқа шығады. Мені өзімен бірге алып кетпекші болады. Бірақ әжем жылап-сықтап ауыл ақсақалдарының көмегімен мені алып қалып, өз бауырына салады. Мен әжеммен бірге 1939 жылы рабфакты бітіріп, сол Көпбірлікке мұғалім болып келген әкемнің інісі Төлеков Төлтайдың тәрбиесінде ер жеткенше болдым. Ол кісі менің маңдайымнан шертіп көрмеді. Институт бітіріп, үйленгенше қамқорлығын аяған жоқ.

Мен 1954 жылы Үштөбе станициясының №16 мектебін бітіріп, Алматы қаласына жоғары оқуға түсуге бардым. Емтихандарды жақсы тапсырып, деканның жеке қабылдауында болғанымда декан менің әкемнің сотталғанын біліп, институтқа қабылдамай қойды. Сондықтан келесі 1955 жылы мен Ресейге кетіп, Иваново қаласындағы Энергетика институтына түсіп, оны 1960 жылы бітіріп, инженер-теплоэнергетик деген мамандықты алып шықтым. Өзім 1960 жылдан 1998 жылға дейін тек өндіріс саласында жұмыс істедім. Оның 70-80% осы Үштөбе және Қаратал ауданында еңбек еттім.

 

Сайлау ДӘМЕБАЕВ,

Баласы. 2015 жыл, Үштөбе қаласы.

Жарияланды. -Алматы: Қараман Қ. Қаратал ақтаңдағы: тарихи-танымдық кітап. «Тоғанай Т». 2015. -240 б. -142-144 б.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 36
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz